Б алабақшадағы таңертеңгілік жаттығулардың маңызы



бет1/3
Дата12.05.2024
өлшемі1.02 Mb.
#500941
  1   2   3
тангы жаттыгу










Б алабақшадағы таңертеңгілік жаттығулардың маңызы


ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға сай дені сау, ой өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Дені сау ұрпақ- еліміздің болашағы. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-анаың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бүлдіршін, балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жқмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады. Балабақшада дене жаттығулары мынандай түрге бөлінеді: таң ертеңгі жаттығу, қимылды ойындар, спорттық жаттығулар, қарапайым туризм.Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл- ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және кұні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы ұқрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушылар да ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, қабілеттілігі артады. Балаларды тәртіптендіреді.Сөйтіп таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Баланың бақытты болуы үщін, дененің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезкеңде қалыптасады. Бала организмінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. 3-5 жас аралығында баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты, себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүкіртіп, ағза қоегін арттырады.
Т аңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді.Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бір қалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. Мұның бәрі балардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі оқу іс-әрекетке даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды бірден ұйқыдан кеін емес бір шама уақыт өткен сқң жасағанда оың тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес қйымдастырушы сәті болады, балардың бір тәртіпке, жинақылыққа үйретеді. Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртәппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі комплекс деп аталады.Бір ғана комплекстің өзі екі апта бойы қайталанылады. Егер комлекстің жекелеген жаттығулары тым қарапайым болса, балаларды қызықтырмаса немесе жалықтырмаса онда ол тәрбиешінің өалауына қарай күреленуі мүмкін. Таңертеңгілік жаттығулар арнайы бәр уақытта таңғы асқа дейін жүргізіледі, жаттығуға қатысу үшін, ата-аналар балаларын балабақшаға кешіктірмей алып келуі абзал. Таңертеңгілік жаттығуды балабақша тәрбиешісі дене шынықтырушы жүргізеді. Таңертеңгілік жаттығулар өткізілетін бөлмелерді балалар келер алдында, алдын-ала бірнеше минут бұрын желдетіп алуыңыз абзал. Жаттығу кешендерін таңдап алу кезінде, көп балалаы топтарының қызығушылығы туралы ұмытпау керек. Күнделікті 2 апта бойы бір жаттығуды орындағаннан балалардың жаттығуға деген қызығушылығын төмендетуі мүмкін. Таңдалған жаттығу кешендерңн жаңа жаттығулармен алмастырып отыру керек. Жаттығуларды қысқа және түсінікті етіп түсіндіріңіз. Жаттығуларды көрсету және оны түсіндіруді алдын ала ойластыру керек. Балалрды мектепке дайындығын арттыру үшін , даярлық топқа баратын балалар болса, онда оларға түсіндіру бойынша тапсырмаарды беру керек. Жаттығуларды балалрдың дұрыс орындауын қадағалаңыздар.
Б алабақшада таңертеңгілік жаттығулар балалрдың сапқа тұруымен басталады. Бұл сапқа тұрғызу тез өтеді. Балалрды топтың ауданына бірдей орналастыру үшін маңызы зор.Содан балалрдың зейінін аударып, жүруден және жеңіл жүруден бастауыңцзға болады. Бұл уақытта реакциялық жаттығуды өткізудің маңызы зор; Мысалыға тәрбиешінің шапалағына, балалар жүруді тоқтатпай қол шапалағымен жауап береді. Балабақшаларға таңертеңгілік жаттығуларды таңдаған уақытта барлық бұлшық ет топтарын шынықтыратын; Иық буыны, аяқ,табан,кеуденің көлденең орналасқан және арқа бұлшық еттеріне, іш бұлшықеттерін шынықтыратын жаттығуларға назар аудару керек. Әрение, жаттығудың түрлілігі бөлменің ауданына тәуелді. Егер бөлменің ауданы үлкен болса, онда жүкіру және секіру жаттығуларын қосуға болады.
ІІ кіші топтарда күнделікті таңертеңгілік жаттығулар ұйымдастырылады. Таңертеңгілік жаттығулар жиыны ай сайын ауыстырылады. Жиынға енген таңертеңгі жаттығулар дене шынықтыру ұйымдастырылған қимыл әрекеттерде мотивациялық бөлімінде пысықтау мақсатымен қайталанады. Әр топтама өзгертілмей, бір ай бойы, жылдың жылы мерзімінде таза ауауда, салқын мерзімде өткізіледі. Таңертеңгілік жаттығуларды балалрға толық мақсатымен жаттығулар түрлі жан-жануарларға еліктеу әдісімен ұйымдастырылады.
Таңертеңгілік жаттығулар арнайы жүйемен орындалады. Жаттығуларды орындау үшін, сәби жасындағы балаларды шеңбер бойынша тұрғызу қолайлырақ. Орындалатын әрбір жаттығуды 4-5 қайталауға болады. Жаттығулардыорындауалдында балалрды денесінің икемділігін дайындау үшін, шеңбер бойлап түрлі қалыпта жүру, жүгіру жаттығулары орындалады. Жаттығулар:
Б ірінші: бас, мойын, иық, қол бұлшық еттеріне.
Екінші: бел, кеуде бұлшық еттеріне.
Үшінші: бөксе, сан, тізе бұлшық еттеріне жасалады. Жаттыулардан соң,көңілді, қызықты, қимылды ойын ұйымдастырылады.
Ортаңғы топтарда күнделікті таңертеңгі жаттығулар ұйымдастырылады. Таңертеңгі жаттығулар әр айда екі рет ауыстырылады. Бұл жаттығулардан кейін негізгі қимылды дамытатын жаттығулар ұйымдастырылады. Орындалатын жаттығулар- рет қайталанылады. Ең соңында жаттығулардан кейін көңілді ,қызықты, қимылды ойын ұйымдастырылады.
Ересектер топтарында таңертеңгілік жаттығулар алдыңғы топтағыдай арнайы жүйемен орындалады. Орындалатын әрбір жаттығулар 5-6 рет қайталанылады.
Даярлық топтың таңертеңгілік жаттығуының ұзақтығы 10-12 минут жүргізіледі. Жаттығуды алдымен бас жаттығуынан бастап, содан кейін қолға, иыққа, белге, аяққа жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет