Инструкция по проектированию противорадиационных укрытий енгізілген күні 2001. 10. 01 Кiрiспе 1 жасалған «Азаматтұрғынжоба»



бет8/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#124489
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8


Ескерту - Қабырғаның қалыңдығы ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002-ге сәйкес жаңа талаптарына сәйкес түзетіледі және сыртқы ауаның есептеу температурасының өзгерісі “Құрылыс климатологиясы” ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001-ге сәйкес жүргізіледі.

7-қосымша
БӨЛМЕЛЕРДІ РҚТ-ҒА АУДАРУ ҚҰЖАТТАРЫН ЖИЫНТЫҚТАУ ЖӘНЕ

РЕСІМДЕУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1 Бөлмелерді РҚТ-ға аударудың жоспарлық құжаттарын жиынтықтау және ресімдеу тәртібі негізгі ережелермен белгіленеді.

Аталған құжаттама ғимаратты (бөлмені) РҚТ-ға жабдықтауға тиісті жобалардың құрамында әзірленеді.



2 Құрылыс кезеңінде іске асырылатын ғимаратты (бөлмені) РҚТ-ға жабдықтауға арналған жобалық шешімдер және ғимаратты РҚТ-ға пайдалану үшін аудару кезеңіндегі құжаттама азаматтық қорғаныстың қорғаныс бөлмесін жобалауға арналған қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленуі қажет.

Ескертулер:

а) Бөлмелерді РҚТ-ға жабдықтау - құрылыс кезеңінде де (қажет болған жағдайда), сондай-ақ жабдықталған бөлмелерді РҚТ-ға пайдалану үшін белгіленген мерзімге ауыстыру кезеңінде іске асырылатын іс-шаралар кешені.

б) Бөлмелерді РҚТ-ға пайдалану үшін ауыстыру - жабдықталған бөлмелерді белгіленген мерзімде тиісті уақытында шаруашылық пайдалану режимінен РҚТ режиміне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар жүйесі.

3 Бөлмелерді РҚТ-ға ауыстыру жөніндегі мәліметтер мен нұсқаулары бар жобалық құжаттама құрылыстың нақты шарттарын ескере отырып, байламға және жобаланған объекті пайдалануға жатады және аудару кезеңінде қолдануға тағайындалған.

4 Бөлмелерді РҚТ-ға жабдықтауға арналған жобалық құжаттаманың құрамы 2-тармақта және тиісті директивтік нұсқамаларда көрсетілген нормативтік құжаттардың талаптарына және оның қолданылу шарттарымен белгіленеді.

5 Бөлмелерді РҚТ-ға пайдалану үшін ауыстыруға арналған жобалық құжаттамада тақырыптық және кесте материалдары түрінде, оңтайлы көлемде орындалған және ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 тарауына сәйкес нормативтік мерзімде бөлмелерді РҚТ режиміне ауыстырудың тәжірибелік мүмкіндігін қамтамасыз ететін қажетті мәліметтер мен нақты нұсқамалар ғана бар.

Ескерту - Қорғау есебінің материалдары бөлмелерді РҚТ-ға жабдықтауға арналған жобалық құжаттамалардың құрамына енгізілмейді және жобалық ұйымның мұрағатында - жоба авторында тапсырыс берушіде сақталады.

6 Бөлмелерді РҚТ-ға жабдықтау үшін мүлік және қарапайым жабдық дайындау қажеттілігі туындағанда құжаттама құрамына ауыстыру кезеңіне оны дайындау үшін сызбаларды енгізу қажет.

Сызбалар бар кезде, оларды РҚТ жобасының байлау сатысындағы жинақтауы көрсетіліп, оларға сілтемелер жасауға жол беріледі.



7 Бөлмелерді РҚТ-ға жабдықтауға ауыстыру жөніндегі жұмыстардың құны ауыстыру кезеңінде объектінің құрылысына арналған сметаның құрамына енгізілмейді.

8 Ауыстыру кезеңінде пайдалануға тағайындалған жобалық құжаттама құрылыс уақытында іске асырылатын жобалық материалдардан кейінгі кезекті реттік нөмірмен жоба құрамына кіретін жеке альбомда жинақталуы тиіс.

9 Бөлмелерді РҚТ-ға жабдықтауға арналған жобалық құжаттаманың атауы мен шифрдың алғашқы үш нөмірін бекітетін инстанция береді және ТЖжА келісімі бойынша ғимаратта жобалауға көрсетіледі.

10 Бөлмелерді РҚТ-ға жабдықтауға арналған жобалық құжаттамаға жеке төлқұжат жасалады, онда:

а) Бөлмелерді РҚТ-ға жабдықталатын ғимараттың тәсімдік жоспарында (қажет болған жағдайда) қорғау элементтерін көрсету және олардың шарттық мағыналарын келтіру қажет;

б) “Материалдар шығыны”, “Сметалық құны”, “Еңбек шығындары” және “Пайдалану көрсеткіштері” тарауында негізгі материалдардағы қажеттілігі, құны, еңбекті көп қажетсіну және тиісті кезеңде бөлмелерді РҚТ-ға жабдықтау жөніндегі жұмыстардың жалғасын табуы, сондай-ақ РҚТ режиміндегі жабдықталатын орны-жайларға су, жылу және қажетті электрэнергиясының қуатының шығыны жүргізіледі;

в) “Инженерлік жабдықтар” тарауында РҚТ режиміндегі жабдықталатын бөлмелерді инженерлік жабдықтау туралы мәліметтер жүргізіледі.



11 Құрамында бөлмелерді РҚТ-ға жабдықтаудың нұсқасы әзірленген ғимараттар мен имараттардың төлқұжаттарында “Негізгі көрсеткіштер” дербес мақсатқа сәйкес жүргізіледі.
8-қосымша
СІЛТЕМЕ БЕРІЛГЕН НОРМАТИВТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ

НТҚ белгіленуі




НТҚ атауы

ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002

Азаматтық қорғаныстың қорғану имараттары

ҚНжЕ ІІ-22-81

Тас және арматуратасты құрылымдар.

ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001

Жылыту, желдету және ауа баптау

ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002

Құрылыс жылу техникасы.

ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001

Құрылыс климатологиясы.

ҚНжЕ 2.04.02.-85*

Ғимараттың ішкі су құбыры және канализациясы

ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001

Сумен жабдықтау, сыртқы желілер мен имараттар

ҚНжЕ 2.04.03.-85

Канализация, сыртқы желілер мен имараттар

ҚР ҚНжЕ А.2.2-1-2000

Кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттардың құрылысына арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту және құрамы туралы нұсқау.

ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002

Ғимараттың және имараттың өрт қауіпсіздігі

ҚНжЕ 2.01.07-85*

Жүктемелер мен әсер ету.

ҚНжЕ ІІ-25-80

Ағаш құрылымдар

ҚР ҚНжЕ 5.04-23-2002

Болат құрылымдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет