Инструкция по проектированию противорадиационных укрытий енгізілген күні 2001. 10. 01 Кiрiспе 1 жасалған «Азаматтұрғынжоба»



бет2/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#124489
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8

2.5 Санитарлық желілерге қойылатын талаптар ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 сәйкес қабылданады. Кәсіпорындар мен тұрғын үй аудандарындағы РҚТ арналған едендік шанақтардың (дәретшанақтардың), кесепшанақтар мен қолжуғыштардың саны ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 4-кестеге сәйкес қабылдануға тиісті.

Орташа және жеңіл дәрежедегі аурулары мен медициналық және қызмет көрсетуші қызметкерлері бар денсаулық мекемелерінің РҚТ үшін 2-кестенің екінші бағанының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген нормаларды 1,5 есе кішірейтіп алу керек, ал 2-кестедегі 3 және 4-тармақтарда көрсетілгендерді үшінші баған ретінде алу керек.

РҚТ санитарлық желілер адамдардың 50 %-ін қамтамасыз ету есебімен жобалануға тиіс. Қалған адамдар үшін санитарлық құралдармен пайдалану көрші таса бөлмелерден қарастырылуға тиіс.

Шығыңқы ыдыс үшін бөлменің аумағы 1 м2 аспайтындай етіп алынуға тиіс.

Санитарлық желілердегі санитарлық құралдардың саны 2-кестеге сәйкес қабылданады.

Шығыңқы ыдысы бар санитарлық желілер аз сыйымдылықтағы (20 адамға дейін) тасалар үшін ғана қарастырылады. Мұндай тасаларда шығыңқы ыдысты (толық және бос) сақтау үшін аумағы 1 шаршы метрден артық емес арнайы шұраланған бөлмелер қарастырылады. Сыйымдылығы 5-10 адамдық тасаларда шығыңқы ыдысты пердемен бөлінген орындарда сақтауға рұқсат етіледі.


2 кесте


рет


Санитарлық құралдар

Тасалардағы бір санитарлық құралға келетін адам саны

Ауысымдық жұмыс істеушілер мен халық үшін

Емдеу мекемелері үшін

1

Әйелдер әжетханасындағы едендік шанақ (дәретшанақ)

75

50

2

Ерлер әжетханаларындағы едендік шанақ (дәретшанақ) қосымша бір несепшанақ (немесе 0,6 м науалық несепшанақ), (екі құрал)

150

100

3

Медициналық және қызметкөрсетуші қызметкерлерге арналған санитарлық құрал

-

20

4

Санитар желілері жанындағы қолжуғыштар (әр санитарлық желіге біреуден кем емес)

200

100


2.6 300 адамнан артық РҚТ-да мөлшері жабдық габариттерімен анықталатын желдеткіш бөлмелері және оның қызмет етуіне қажетті алаң қарастырылады.

Сыйымдылығы 300 адам және одан кем РҚТ-да желдеткіш жабдығын тікелей адамдарға арналған бөлмелерде ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001 талаптарына сәйкес орнатуға рұқсат етіледі.

Соққы толқындар аймағынан тыс орналасқан РҚТ-да желдеткіш жабдықтың бір бөлігін таса бөлмелерден тыс жерде орналастыруға рұқсат етіледі.

Желдеткіш жабдыққа арналған бөлме бөлінген кезде, ең алдымен қолда бар немесе жобада қарастырылған желдеткіш жабдықты орнатуға арналған желдеткіш бөлмелер пайдаланылғаны жөн. Бұл жағдайда қолдағы бар (жобаланған) желдеткіш бөлмелер РҚТ бөлмелерінің құрамына кіру қажет. Желдеткіш жабдық көрші таса бар бөлмелерде орналасқан болса, бұл бөлмелердің және оларға өту жолдарының радиоактивті тұнбалар тасасынан зарарланудың алдын алу жөнінде шаралар қарастырылу қажет. Қызмет көрсетуші жұмыскердің көрсетілген бөлмелерге тұрақты келіп тұруына рұқсат етілмейді.



2.7 Ластанған сырт киімді сақтауға арналған орындар кірер есіктің бірінің жанынан қарастырылады және адамдарға арналған жайдан отқа төзімділігі 1 сағат шегіндегі жанбайтын арақабырғалармен бөлінуге тиіс. Олардың жалпы көлемі бір адамға 0,07 шаршы метрден аспайтын есеппен анықталады.

Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі РҚТ-да лас киімге арналған орындардың орнына кіреберісте пердемен бөлінген киімілгіш жанында құрылым қарастырылуға тиіс.

Негізгі бөлмелерді радиоактивтік тұнбалармен ластану мүмкіндіктерін болғызбау үшін лас киімді сақтау үшін бөлме қарастырылады.

РҚТ орналасқан ғимаратқа (имаратқа) кірер алдында лас киімді алдын ала активсіздендіру үшін мақсатқа сай орын қарастыру керек.

Бірінші қабатта орналасқан және жерастыларындағы РҚТ-да лас киімді сақтауға арналған бөлмелердің орналасу үлгілері 1 және 2-суреттерде келтірілген. Лас киімді сақтауға арналған бөлмелердің астынан тасаның негізгі бөлмесімен салыстырғанда иондалған сәулелерден қорғанудың мейлінше төмен деңгейіндегі ғимаратқа кіретін жапсарлас бөлмелер орналастыруға рұқсат беріледі.

2.8 РҚТ-ға кірер есіктер санын сыйымдылығына қарай ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002-ге сәйкес, бірақ ені 0,8 м болатын екі есіктен кем болмайтындай қарастырылуға тиіс.

Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі тасада бір кіру есігін орнатуға рұқсат беріледі, бұл жағдайда эвакуациялық шығу есігі 0,6 х 0,8 м көлемдегі тіке сатымен қақпақ арқылы рұқсат етіледі.



1-сурет - Бірінші қабатта орналасқан РҚТ-да лас киімді сақтауға арналған бөлменің орналасу үлгісі:
1 - кірер есік; 2 - перде; 3 - лас киімді сақтауға арналған бөлме; 4 - адамдарды орналастыруға арналған бөлме; 5 - сыртқы және аяқ киімдерді алдын ала активсіздендіруге арналған алаңша.


2-сурет - Жерасты қабатында орналасқан

РҚТ-да лас киімді сақтауға арналған бөлменің орналасу үлгісі:


1 - кірер есік; 2 - перде; 3 - лас киімді сақтауға арналған бөлме; 4 - адамдарды орналастыруға арналған жай; 5 - сыртқы және аяқ киімдерді алдын ала активсіздендіруге арналған алаңша

РҚТ бейімделген бөлмелерде бейбіт уақыт үшін кірер есіктің жалпы енін бөлмелерде жұмыс істейтін 100 адамға 0,6 метрден кем болмайтындай, бірақ әр есіктің ені 0,8 м кем болмайтындай етіп алынуы керек.

РҚТ-ға кірер есіктердің қажетті өткізу қабілеттілігі болу керек және адамдардың иондалған сәулелерден қорғануын қамтамасыз ету керек. Олар тасаның қарама-қарсы жақтарында адамдардың көпшілік бөлігінің қозғалыс бағытын ескере отырып орналастырылуға тиісті.

Кірер есік саны ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002-ге сәйкес қабылданады.

Жеке үйлердің еденастыларында, үйасты қабаттары мен жерастыларында жабдықталған сыйымдылығы аз (5-10 адам) РҚТ-да кірер есік үшін таса люктерін, ал түсу үшін саты-баспалдақтар пайдалануға рұқсат етіледі.
Құрылымдық шешімдер
2.9 РҚТ-ның сыртқы қоршау құрылымдары адамдарды ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002-ге сәйкес жергілікті радиоактивті зарарлану кезінде иондалған сәулелендіруден және соққы толқындардың әсерінен қорғауды қамтамасыз етуге тиісті.

Адамдарды жергілікті радиоактивті зарарлану кезінде иондалған сәулелендіруден қорғау деңгейі РҚТ жобалау тапсырмасында көрсетілген қорғау коэффицентіне сәйкес анықталу керек. РҚТ бейімделген бөлмелердің құрылымдық сұлбасы бейбіт уақытта экономика объектілерінің қажеттіліктері үшін, ал соғыс кезінде паналау мақсаттары үшін бөлмелерді қолдану жөніндегі талаптарға жауап беретіндей болу керек. Тасаның құрылымдық сұлбасын іріктеу кезінде өзі орналасып отырған жердегі ғимараттың (имараттың) құрылымдық сұлбасы негізге алынуы керек.

Ғимараттың жерүсті құрылымдары мен жерүсті бөлігіне апаратын ішкі және сыртқы қабырғалары мен бағандарының айыру осьтері сәйкес келуге тиіс. Жерасты бөлмелерінде (ғимараттың жерүсті бөлігінің құрылымдары арасындағы қабылданған арақашықтықтары шегінде) таса құрылымының есептеу аралығын азайтатын қосымша тіреулер қоюға рұқсат беріледі.

РҚТ бейімделген ғимараттың (имараттың) құрылымдық шешімдерін әзірлеу кезінде өндірістік және тұрғын үй-азаматтық құрылыста қолданылып жүрген бірнеше рет қолдану құрылымдарын пайдалану қажет. Монолитті темір бетонды немесе жеке дайындалған құрама элементтерді қолдану экономикалық жағынан тиімсіз.

Іргетастардың, қабырғалар мен бағаналардың, арақабырғалар мен аражабындардың құрылымдары ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Құрылымдар қоршаған соққы толқынының әсерінен тыс орналасқан РҚТ-да иондалған сәулеленудің ықпалына қарай, соққы толқыны әрекетінің аймағында иондалған сәулелендірудің және соққы толқынының ықпалына қарай есептелуге тиіс.

Жаңа құрылыс кезінде тасаның қоршаған құрылымдарының иондалған сәулелендіру ықпалынан қорғау қасиеттерін ұлғайту үлкен көлемдік массадағы материалдардан орындалған бірнеше рет қолданудың құрылымдарын іріктеу жолымен жүргізіледі.

Қолданыстағы ғимараттар мен имараттарда тасалардың қоршаған құрылымдарының иондалған сәулелендіру ықпалынан қорғау қасиеттерін ұлғайту топырақпен үйіп жабу немесе топырақ толтырылған қапшықтарды қаластыру арқылы жүзеге асырылады. Жеке құрылымдарды кезінде бетон маркасын ұлғайтуға және құрылымдардың қалып мөлшерлерін сақтай отырып арматуралауды күшейтуге рұқсат беріледі. Арматураларды күшейту жұмыс арматурасының жоғарылатылған тығыздық сипаттамасы бар және қиылысу аумағы ұлғайтылған болаттарды қолдану арқылы жүргізіледі.



2.10 Сыртқы қоршау құрылымдарында тасаға кіру немесе одан шығу үшін қолданылмайтын ойықтар жайларды таса режиміне көшіру уақытында (), ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 шартының сақталуын есепке ала отырып, бітелуге тиіс.

1 шаршы метр бітеудің массасы қоршау құрылымдарының ұқсас массасына сәйкес келуге тиіс немесе таса қоршауының берілген коэффицентін есепке алғандағы сәулеленудің азаюы бойынша есеппен анықталған шамалардан кем болмауы керек.



2.11 Соққы толқындарының ықпалының және РҚТ бейімделген аймақтарының шегінде орналасқан жерүсті бөлмелерінің терезелері еден белгісінен 1,7 м биіктіктен кем болмайтындай бекітілуі керек. Терезенің (ойықтың) жоғарғы бөлігінде 0,2 метрден кем емес жатуға арналған орынды орналастыру үшін биіктігі 0,3 м жарық тесігін қалдыруға рұқсат етіледі.

Тасалардың қоршау құрылымдарындағы ойықтарды бекіту радиоактивті зарарланған жердің гамма-сәулелендіру ықпалын жеткілікті дәрежеде төмендетуге қабілетті материалдармен жүргізілуге тиісті. Әдетте бекіту үшін топырақ (құм), кірпіш қолданылады. Ойықтарды бекітуге арналған бетондарды немесе темірбетонды тақталар мен арқалықтардың да қолдану мүмкіндігі естен шығарылмағаны жөн. Бекіту материалдарының гамма-сәулеленуді төмендету деңгейін (тиісті қалыңдықта) қабырғаның сәулеленуін төмендету еселігі жақын болуы маңызды. Ойықтарды әр түрлі материалдармен бітеудің үлгілері 3-суретте келтірілген.

Терезе ойықтарын бітеуді жобалау кезінде терезе білеулері туралы мәселені шешіп алу қажет. Шынылау гамма-сәулеленуден қорғаудың сенімді тәсілі болып табылмайды. Сонымен бірге, шыны соққы толқынында немесе терезе ойықтарын бекіту кезінде сынып кетуі мүмкін. Бекітер алдында терезе білеулерінің алынатын бөліктерін жинап алған пайдалы.

3-сурет - Терезе ойықтарын бекіту.

а) топырақпен; б) топырақ салынған қапшықтармен; в) кірпішті құрғақ қалау


1 - ағаш білеу; 2 - бекіту биіктігіне ағаш қалқан; 3 - топырақ; 4 - жарық тесігі; 5 - терезелік блок; 6 - шиыршық сымдар; 7 - топырақ салынған қапшықтар; 8 - торды бекітуге арналған білеу; 9 - тор; 10 - кірпішті құрғақ қалау.

Ойықтарды бекітудің ең төмен биіктігінің 1,7 м болып алынуы адамдарға жоғарыдағы және еденде тұрған сәкілердің ойықтары арқылы тіке сәулелердің түспеу шарттарынан туындаған. Екі және үш ярусты сәкілерде ойықтарды бітеу биіктігі жоғарғы сәкілердің орналасу биіктігінен 20 см-ге жоғары артуы тиіс.



2.12 РҚТ негізгі бөлмелерінің радиоактивті тұнбаларымен зарарланудың алдын алу үшін терезлердің бекітілмеген бөліктеріне перделер орнату қарастырлады.

РҚТ-да жапсарлас тасаы бар жайлардың терезелерінде радиоактивті тұнбалардың түсуіне мүмкіндік бермейтін перделер ілуге арналған құрал-жабдықтар немес жеңіл аспалы қалқандар орнату үшін құрылғы қарастырылады.

Көп қабатты ғимараттардың бірінші қабатында РҚТ орналастыру кезінде көрсетілген бөлмелердің терезелеріне радиоактивті тұнбалардың түсуіне мүмкіндік бермейтін перделер, шымылдықтар мен қалқандар орнатады.

Радиоактивті тұнбалардың бөлмеге түсуінен қорғау үшін жарықмаскировка үшін қолданылатын перделер, немесе жеңіл материалдардан (тақтайлардан, фанерлерден, қаңылтырлардан, басқа да синтетикалық материалдардан) жасалған аспалы қалқандар қызмет етеді. Терезелер мен қалқандарды орнату кезінде олардың қоршау құрылымдарына жату ыңғайының тығыздығына және сенімді бекуіне назар аударылу қажет. Перделер мен қалқандар ыңғайлы болу үшін ойықтың ішкі жағынан орнатылады.



2.13 Жерастыларында, еденастыларында, жерүсті тұрғын үй, қоғамдық және басқа да ғимараттар мен имараттарда орналастырылған РҚТ қорғау қасиеттерін көтеру төмендегі жолдармен қарастырылады:

- тастан немесе кірпіштен, топырақ салынған қапшықтармен қалау және т.б. жерүсті бөлмелерінің сыртқы қабырғасында еден белгісінен 1,7 м биіктікте жасалған қабырға экрандарының құрылымы;

- жерасты (еденасты) қабырғаларының шығыңқы бөліктерін толық биіктікте құлату;

- аражабындарда топырақтың қосымша қабатын қалау және осыған байланысты тіреуші сырғауылдар (арқалықтар) мен бағандарды орнату;

- кіру есіктеріндегі қабырға-экрандарының құрылымы мен қоршау құрылымдарындағы артық ойықтарды бекіту.

Барлық атап өтілген шаралар жайларды таса режиміне көшіру кезеңінде жүргізіледі.

Қолданыстағы ғимараттар мен имараттардағы жеңіл бетондардан немесе жеңілдетілген түрде кірпішпен қаланған бірінші және шығыңқы ірге қабаттарының қабырғаларында иондалған сәулелену ықпалынан қорғау қасиеттері жеткіліксіз болып есептеледі.

РҚТ бірінші қабатта орналастыру кезінде қабырғалардың қорғау қасиеттерін күшейту тастан, кірпіштен, топырақ салынған қапшықтардан жасалған экрандар құрылымымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда экран биіктігі тасалардың еденінде тұрған және жоғарғы қабаттағы сәкіде жатқан адамдарды қорғауды қамтамасыз ету шартынан алынуға тиіс. Экрандар құрылымының үлгілері 4, 5-суреттерде келтірілген.

РҚТ орналастыруында жер учаскелерінің жоғары бетінен шығатын үйасты қабаты мен шығыңқы іргелі қабаттың қабырғаларын және аражабынды топырақты себу жолымен қорғау қасиеттерін күшейту жүргізіледі (6-сурет).

2.14 РҚТ кіреберістерінде ашық жағдайдағы есік тақталарын ұстау үшін жай кіреберіс есіктерін құралдарымен орналастыру керек.

мына шартты сақтай отырып, РҚТ кіреберістеріндегі екпінді толқын әсерінен аймақта орналасқан есіктер ашық болуы тиіс. Бұдан таса ішіне екпінді толқындар ағысы өтуге жіберіледі. Екпінді толқын әсер еткеннен кейін есік жабылады. Есік тақтасының периметрі бойынша (есік қалыбына тиіп тұратын орында) тығыздалған аратөсемді салу ұсынылады.

2.15 Ғимараттың бірінші қабатында немесе тереңдетілген имараттарда автокөлік кіреберісі бар РҚТ кіреберісін қорғау үшін экран-қабырғаларын қарастыру керек. Массасы 1 м2-қа тең экран сыртқы қабырғаларының салмағының 1 м2-ынан кем болмауы немесе сәуле шығаруынан әлсіздігі есебінен анықталуы тиіс.

Экран қабырғаларын орнату орны көшіру шарттарымен белгіленіп, немесе қақпа орнатқан кезде есік тақталарының ені 0,6 м артық болуы керек.



2.16 Иондалған сәуле шығаруынан жабылған қорғаныс есік арқылы өтетін жабдықты іске асыру үшін есікке қарсы орналасқан, қабырғаның қалыңдығы бұрылысы 90 оС-тан есебімен алынып жіберіледі. Кәдімгі есіктер қорғанысты гаммадан радиоактивті сәуле шығару оқталған жері қамтамасыз ете алмайды.

Экран қабырғаның кіре берістегі (7, 8-сурет) құрылысы немесе кіре беріс бұрылыстары 90 оС-қа тең (9-сурет).


4-сурет - Қабырғалардың қорғау қасиеттерін күшейту:

а) топырақпен; б) топырақ салынған қапшықтармен
1 - бағандар; 2 - тақтайлар ойықты топырақпен толтыру мөлшерінде орнатылады); 3 - шиыршық сымдар; 4 - керме; 5 - білеушелер; 6 - топырақ; 7 - металл құбыр (бұрыш); 8 - тор; 9 - топырақ салынған қапшықтар.

5-сурет - Терезе ойықтарын орналастыру орындарындағы сыртқы қабырғаларды күшейту:

а - топырақпен, б - қапшықтағы топырақ
1 - тіреулер; 2 - тақталар; 3 - қиыршық сым ; 4 - керме; 5 - терезе блогы; 6 - тор; 7 - металл құбыры (бұрыш); 8 - қапшықтағы топырақ; 9 - топырақ; 10 - торды бекітетін білеушелер

6-сурет - Шығыңқы ірге қабатты үйлердің қабырғасының жоғары қабатын күшейту:

а - қапшықтағы топырақ; б - топырақпен


1 - топырақ; 2 - қапшықтағы топырақ; 3 - терезе ойығын жабатын ағаштан жасалған қалқан.
Экран-қабырғаның өлшемі жоспарда жабылған ғимаратқа кіреберістен сәуле шығаруын әлсірету және азғантай түсіру белгіленіп көрсетілген.

Экран-қабырғаның биіктігі еденнен белгіленгенде 1,7 м аспай қолданылады. Экран-қабырға жабдығына жергілікті нәрселер жіберіледі.



7-сурет - Экран кіреберісіндегі бөлшектер

а - кірпіш қалауынан, б - топырақтан


1 - кірпіш қалауы, 2 - ғимаратқа кіретін, 3 - бағандар, 4 - тақтайлай (топырақтың себуіне орналасатын), 5 - ағаштан жасалған тақта, 6 - топырақ.

8-сурет - Экран қабырғаның ішкі бөлмесінің орналасуының ұстанымды сызбасы.
1- тасаның орналасулары үшін орыны.

2- артық заттарды қоятын бөлме.



9-сурет - 90 оС бұрыш, кіре беріс
1 - таса, 2 - кіреберіс, 3 - қабырға учаскесі есеппен алынған қалыңдығы.
3 ҚҰРЫЛЫМДАР ЕСЕБІ
Жүктемелер
3.1 РҚТ құрылымдарының негізгі қорғаны міндетті түрде ерекше жүктемелерге сүйеніп, уақытша, тұрақты жүктемелер мен санақты жүктемелер, балама динамикалық жүктеме әсеріне екпінді толқындар (балама санақты жүктемелер) ескерілуі керек.

РҚТ құрылымы тек ерекше жүктемелерге аймақтардың екпінді толқындардың әсерінен есепке алынған. Екпінді толқыннан терілген жүктемелер тұрақты, уақытша ұзаққа және балама санақтағы жүктемелерді құрайды. Тұрақты жүктемелерге құрастырулардың басым көпшілігі кіреді, сонымен қатар, топырақтың салмағы, қысымы және ғимарат бөлігінің салмағы немесе құралдар жатады. Уақытша ұзақ жасалатын жүктемелерге - материалдар мен бұйымдардан құралатын стационарлық жабдықтар салмағы, сондай-ақ уақытша бөліктер мен қабырғалар, 75 кгс/м2 өлшемдегі тасаға берілген материалдар.

РҚТ екпінді толқын жүктемесі әсер еткенде,тау- тассыз топырақтардан салынған негіздердің деформацияларының шамасы имараттың пайдалануышылық жарамдылығына әсері болмайды, ал, таулы-тасты негізі бар жағдайда ерекше жүктемелер болады. Сондықтан РҚТ міндеттемелерді жүктеу, балама статистикалық екпінді толқындар әсерінен есепке алынбайды.

3.2 Есептеген кезде, уақытша, тұрақты міндеттемелер мен санақты жүктемелер, балама динамикалық жүктеме 1-ге тең деп қолдану керек.

РҚТ құрастыруы есеп айырғанда шамадан тыс жүктемелердің шамасын санап, ҚНжЕ 2.01.07-85 келісіміне сәйкес коэффициенті төмендетіледі, жүктемелердің ерекше үйлесуіне арналған тексеру есебінде үйлесу коэффициенті бірдей бірлікте саналады.



3.3 Балама статистикалық жүктемелер РҚТ құрастыруында ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 басшылыққа алып қолданылады.

ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 нұсқағандай міндеттемелерді орындағанда, мына шартты сақтау керек:



,

мұндағы f - сыртқы тасаның ойығы мен тесігінің ауданы.

V - таса бөлменің көлемі.

Бұл шартты орындай алмаған жағдайда, жабуға арналған жүктеме мынаған тең деп алынып, қолданылады: 0,15 кгс/см2, 1-қосымша, ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002.

Екпінді толқын әсері РҚТ құрастыру элементін деформациялық созылатын екпінді толық әсерінен динамикалық жүктеме пайда болатын балама санақ жүктемелеріне ауыстырып пайдаланылады.

ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 бойынша келтірілген жүктемелерге тек қана РҚТ құрылымын жүргізушілер қолданады.

Ғимарат пен имарат құрылымы элементін РҚТ-да белгіленген екпінді толқын әсерінен пайда болған балама статистикалық жүктемелер есепке алынбайды, сол сияқты ғимарат ішінде немесе имаратта тез өтіп жатқан қысымдар нәтижесінде есік және терезе арқылы ауадағы толқын әсер етеді.
Бетонды және темірбетонды құрылымдар
3.4 Темір бетонды құрастыруда ең ақырғы 1б жағдайының болмауын қамтамасыз етеді. Ең ақырғы 1б жағдайы есеп айырғанда темір бетонды РҚТ темірбетон құрастыру 1б шекті жағдайы бойынша рұқсат етіледі.

Аймақтағы екпінді толқын әсерін РҚТ тасаын алғанда қысқа мерзімді жүктемелер біртіндеп уақытқа байланысты өсіп, нәтижесінде ауадағы екпінді толқын ойықтары арқылы көп қабаттыларға әсер етеді (10-сурет). Бізге белгілі болғанындай, оның динамикалық уақыты ұлғайған сайын (мұндай жүктеменің әрекеті статистикалық жүктемеге сәйкес келеді) жоғарғы мәнді уақыттың РҚТ тасаы осындай параметрмен салыстырғанда, динамикалық салынған тасалардың әр түрлі класына байланысты және құрастырудың жеке тербеліс кезеңіне қатысты салыстырылады. Есеп жүктемелерінің әртүрлі шамаларын, темір бетонды таса құрастырудан алшақтау РҚТ тасаны салып жатқан серпінді пластикалық жағдай ең ақырғы (1а жағдайында) мен арматура жұмысының серпінді жағдайы бойынша көрсетіледі (1б жағдайын ескермегенде). РҚТ темір бетонды таса жасағанда, есеп айырған кезде, тек қана серпінді жағдайды ескерген жөн (ең ақырғы 1б жағдайы), себебі пластикалық қайта құрылуында экономикалық тиімділік бермейді.



3.5 РҚТ аймағындағы екпінді толқын әсерінен үйлердің үйасты қабаты мен іргелі қабатты үйлердің жайларын пайдаланып қабырғалары кірпіштен қаланған және бетон блоктан қорғау құрастыруларын орындап жүретіндер; ал асып түсу - құрама темірбетонды құрылымдар.

10-сурет - Жүктің динамикалық уақыт

өзгерісіндегі заңы.


Қабырғалары кірпіштен қаланған және блоктан салынған әдістеме есебі 3.9-тармағында келтірілген.

2-қосымшада темірбетонды элементтердің көтеруші қабілеттерін тексеру есептерінің мысалдары келтірілген.


Тастардан және басқа материалдардан жасаған РҚТ есебі
3.6 Есеп кезінде қарсылық көрсететін тастан қаланған нәрселер құрылымдарда ҚНжЕ ІІ.22-81 келісіп, Ку = 1,2 бекітілген динамикалық коэффициентіне көбейтіліп, бірдей есебіндегідей пайдалану керек.

3.7 Құрылымдардағы беттік және пішіндік илемді алу үшін есептік қарсылығы ҚР ҚНжЕ 5.04-23-2002 сәйкес көбейтілген динамикалық коэффициент Ку = 1,4 және жұмыс шартының коэффициенті γс =1,1 бойынша есептік қарсылығына тең қолданылады.

Болат құрылымдарын дәнекерлеуші есебінде динамикалық коэффициент Ку.св. 1-ге тең деп есепте қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет