Инструктивно-методическое письмо по организации воспитательно-образовательного процесса в дошкольных организациях и предшкольных классах



Pdf көрінісі
бет16/42
Дата31.01.2024
өлшемі1.78 Mb.
#490322
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
imp kz 1509

 
 
 
ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-
білім 
беру процесін : 
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 
тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі 
орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, 
мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының 
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға 
және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларының
1-қосымшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 
№29329 болып тіркелген) (бұдан әрі –Үлгілік қағидалар) [15]; 
2) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарты
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 
тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі Стандарт) [2]; 
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 
желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8275 тіркелді) (бұдан әрі – Үлгілік оқу 
жоспарлары) [3]; 
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін 
атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына 
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып 
тіркелген) (бұдан әрі –Үлгілік оқу бағдарламасы) [4]; 
5) Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде әзірленген білім беру 
бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. 
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және мектептердің мектепалды 
сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін дамытушы 
заттық-кеңістіктік ортаны ұйымдастыру ұсынылады . 
Дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны - балалардың заттар мен 
ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және күні бойы немен айналысатынын өз 
бетінше таңдауын, өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, 
олардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта.  
Дамытушы заттық-кеңістіктік ортаға қойылатын жалпы талаптар: 
- қауіпсіз (заттардың қауіпсіздігі мен жиһаздардың орнықты орналасуы); 


21 
- мазмұнды (заттар мен ойыншықтар, кітаптар, материалдар, құралдардың 
балалардың жасына және Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес болуы); 
- бай болуы (барлық тәрбиеленушілердің ойын, шығармашылық, зерттеу, 
танымдық әрекеттері мен қимыл белсенділігін соның ішінде ірі және ұсақ 
моториканы дамытуға, қимылды ойындарды ұйымдастыруға, балаларға 
қолжетімді материалдармен соның ішінде құммен, сумен эксперимент жасауға 
жабдықтардың (топта, дәлізде, ойын алаңында да) болуы);
- қолжетімді (барлық балалар соның ішінде ерекше білімді қажет ететін 
балалар үшін білім беру әрекеті жүзеге асырылатын барлық топ бөлмесі, 
кабинеттер, дәліздердегі ойындар, ойыншықтар, материалдар, құралдардың қол 
жетімділігі); 
- вариативті (ойын әрекеті, шығармашылық әрекетке, оңаша болуға және 
басқаларға аймақтардың болуы, сондай-ақ түрлі материалдардың, ойындар,
ойыншықтардың және жабдықтардың болуы); 
- көп 
атқарымды 
(балалар 
жиһаздарын, 
жұмсақ 
модулдерді, 
театрландырылған қойылымдарға арналған шымылдық және басқаларды 
түрліше қолдану мүмкіндігі, топта балалардың түрлі әркеттерінде қолдануға 
болатын табиғи материалдардың, ойындарда қолданатын алмастырушы 
заттардың болуы); 
- өзгермелі (балалардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне және 
тәрбиелеу-білім беру процесінің мазмұнына сәйкес ортаны өзгерту мүмкіндігі). 
Дамытушы заттық-кеңістіктік орта;
- Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етуі; 
- балалардың жастарына сәйкес болуы; 
- тәрбиеленушілер, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
балалар үшін қол жетімді болуы; 
- эмоционалды қолайлық пен баланың жеке басын дамытуға жағдай 
жасауды (демалыс немесе балалардың оңаша ойнауына арналған орынды және 
т. б. жабдықтау) қамтамасыз етуі; 
- түрлі материалдарға бай, сондай-ақ ересек пен баланың бірге әрекет 
етуіне және баланың өздігінен әрекет етуіне ыңғайлы болуы тиіс. [24]
Заттық-кеңістіктік дамыту ортасын жақсарту үшін Үлгілік бағдарламаның 
нұсқаулығын пайдалану ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет