28
Ерекше және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту кезінде
баланың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес Үлгілік оқу, арнайы, жеке/бейімделген
білім беру бағдарламалары [14] қолданылады.
Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес
мектепалды даярлық тобы /сыныбының толықтырылуы (5 жастан бастап) - 25
баладан артық емес. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 8-бабының
нормасына [9] сәйкес мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың мектепалды
сыныптарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын
педагогтердің айлық
жалақысын есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 24 сағатты
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: