Инструктивно-методическое письмо по организации воспитательно-образовательного процесса в дошкольных организациях и предшкольных классах



Pdf көрінісі
бет20/42
Дата31.01.2024
өлшемі1.78 Mb.
#490322
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
imp kz 1509

нұсқаулық» 
 
Нұсқаулығын 
келесі 
сілтеме:
http://irrd.kz/sites/irrd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/2022/MR_1.p
df
 бойынша пайдалану ұсынылады. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту 
Жас кезеңдері мынадай: 
1) бөбек жасы – 0 (жаңа туған балалар ) – 2 жастағы балалар; 
2) мектепке дейінгі жас – 3-5 жастағы балалар. 
Жас топтары балалардың күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере 
отырып, оқу жылының басында жасақталады: 
ерте жас тобы – 1 жастағы балалар;
кіші топ – 2 жастағы балалар; 
ортаңғы топ – 3 жастағы балалар;
ересек топ – 4 жастағы балалар; 
мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып 
– 5 жастағы балалар. 
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жалпы 
білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында оқу - тәрбиелеу 
процесі 1 қыркүйектен бастап 31 мамырға дейін жүзеге асырылады (Үлгілік 
бағдарламасының мазмұнын меңгеру кезеңі). 

Мектептердің (лицей, гимназия) ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес оқу 
жылы бойы каникул күндері белгіленеді. 
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттерінің бірі – болашақ бірінші 
сынып оқушысының мектепте оқуға қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру 
болып табылады. 
Осы міндетті іске асыру мақсатында жалпы білім беретін мектептер 
жанынан жазғы кезеңде мектеп жасына жеткен, бірақ мектепке дейінгі 
ұйымдарға, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптарына бармаған балалар 
үшін қысқа мерзімді (2 аптадан 1 айға дейін) мектепалды даярлық курстары 
өткізіледі. 
Қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – бастауыш 
мектепте оқуға балалардың зияткерлік, мотивациялық, эмоционалдық-еріктік 
дайындығына ықпал ететін және мектеп жағдайларына табысты бейімделуін 


26 
қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру. 
Курстардың мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік 
бағдарламасының негізінде әзірленген (
www.irrd.kz
) және балалар әрекетінің 
түрлерін кіріктіру арқылы іске асырылады. 
Курс балаларда мектепке психологиялық дайындықтың қажетті деңгейін 
қалыптастыруға, құрдастарымен және педагогтермен қарым-қатынас жасауға 
бағытталған белгілі бір логикаға құрылған өзара байланысты кіріктірілген 
сабақтар жүйесін ұсынады. Әрекетті ұйымдастырудың негізгі түрі – ойын- 
сабақтар. Барлық сабақтар балаларға қызықты саяхат ретінде (мысалы, квест, 
логикалық ойындар, саяхат сабақ т. б.) өткізіледі, олардың барысында бала оқу 
міндеттерін қолжетімді тәсілдермен шешуге үйренеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет