Миға шабуыл. Бәсекеге қабілетті деген тіркесті қалай түсінесіздер?
РР таныстырылымы бойынша ой-пікірлерін жинақтау.
Қай мағынасы оқыту үдерісінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға анықтама бола алады?
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты да экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру деп көрсетілгені де мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқу мақсаты басымдылығының өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңартудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндеттер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап етері сөзсіз.
Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие береміз деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Оның үдерісінен шығу – біздің міндетіміз. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануы – білім саласын жаңарту туралы бастамалардың бірі. Оның мақсаты – алған білімді өмірде тиімді қолдана білуге үйрету. Нәтижесінде тәжірибелік бағыттылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдар педагогтардың практикасына табысты енгізілуде. Белсенді оқыту формасында ортақ талқылау мен тәжірибелік тапсырмалар тереңірек игертуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыруға қол жеткізу міндеті іске асырылуда.
Бәсекеге қабілеттілікті дамыту жолдары. Топта жұптасып жұмыс жүргізеді.
Ой талқы. Болашақта бәсекеге қабілетті бола білетін тұлғаны, яғни оң бағытты «Мен» тұжырымдамасын қалай қалыптастыруға болады?
Қабілеттерді қалай дамытуға болады? mp4 бейнематериалы.
Достарыңызбен бөлісу: |