жұмысқа, ісәрекетке байланысты:белгілі бір көзқарас бойынша жұмыс пен қойылатын талап сапалары; іс-әрекеттің еркіндік деңгейі, жұмыс қалай іске асып жатыр екенін бақылау; оны зерттеуге жұмсалатын уақыт; тәжірибе мен білім деңгейі;
адамға қатысты:білім барысында және тәжірибе іс-әрекетінде ашылатын адамның қабілеттілігі;
әлеуметтік құрылыс:әдеттер мен тәжірибе, кәсіподақтар келіссөзі, енбекті Реттеуге байланысты енбектің немесе жұмысбастылықтың кейбір түрлеріне басылатын таңба. Мұның бәрі ақы мен статустың жіктелген нормаларын шақырады. Әдетте істің ресми біліктілігінде бейнеленеді: «білікті», «жартылай білікті», «төмен білікті»;
кең әлеуметтік мағынада:әлеуметтік факторлардың ең жалпы кабілеттіліктері мен кұзіреттілігі, яғни әлеуметтік өмірге араласу әрқашан «білікті орындау» болып табылады.
Шығармашылық — пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет тәсілінің компоненті бола тура, ол шеберлік пен инициативаның міндетті шарты ретінде шығармашылық іс-әрекеті деңгейіне дейін көтереді.
Ықпал — индивидтің немесе әлеуметтік топтың басқа адамдардың мінез-құлығын, олардың ұстанымын, бағамын және беталысын өзгерту процесі және нәтижесі. Бағытталған ықпалдың механизміболып сендіру және иландыру табылады. Бағытталған ықпалдың механизмі еліктеу және еліту. Ықпал тура және жанама болуы мүмкін.
Ұстаздың беделі — окушыларға әсерін анықтайын, шешімдер қабылдауға, баға және ақыл беруге құқың беретін ерекше кәсіптік позиция. Нағыз ұстаздың беделі жас ерекшелігі мен қызметіне негізделмей, оның жоғары тұлғалық және кәсіптік қасиеттеріне негізделеді: «тәрбиеленушілермен ынтымақтастық демократиялық стилі, эмпатия, ашық әңгіме жүргізу, ұстаздың позитивтік конценциясы оның үнемі дамуға ұмтылысы, жан — жақтылығы, әділеттілігі мен кеңпейілділігі, эрудициясы, кұзырлығы жалпы мәдениеттілігіне негізделген.[
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы Қ.Н.Сарыбекова, М.С.Чанчарова Түйіндеме Мақалада бастауыш мектептің пәндерін оқытуда интербелсенді оқытудың әдістері мен формаларын қолданудың жолдары көрсетілген. Мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге, пәнге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек ету жолдарын анықтап берген. Кілт сөздер: инновация, интербелсенді оқыту, оқыту технологиясы, оқыту принциптері, оқытудың жаңартылған әдістері Аннотация В статье представлены способы применения методов и форм интерактивного обучения при изучении предметов начальной школы. Внедрение инновационных методов и приемов учителя в учебно-воспитательный процесс, способствовало повышению интереса, стремления каждого обучающегося к знаниям, предмету, самоопределению, творческой деятельности. Ключевые слова: инновации, интерактивное обучение, технология обучения, принципы обучения, обновленные методы обучения Resume The article describes ways to use methods and forms of interactive learning in teaching primary school subjects. "I don't know," he said, " but I'm not sure if I'm going to be able to help you." Keywords: innovation, interactive learning, learning technology, learning principles, updated learning methods Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас жаңаша ойлау қалыптасуда. Қазір дәстүрлі білім беруде оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгеруге ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр. Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбиесі үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушының әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады. Интерактивті әдіс кезінде: -сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды; -ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені тал-қылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады; -онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға уйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі: 1)мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде); 2)өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде); 3)шағын топтармен (топпен жұмыс істеген кезде); 4)белгілі бір топпен, аудиториямен (сауалнама алғанда) 5)кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.). Интерактивті әдістің ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады[1.54]. Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді: 1) олар мол мағлұмат алып, өздері айт-қан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады; 2) өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады; 3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады; 4)бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады; 5)шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады; Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады: 1)фактілерді еске алу; 2)ойлану; 3)алған білімін жаңа жағдайға пайдалану; 4)талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру); 5)баға беру (сапасын анықтау). Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін технологияландыру (озық техникаларды мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны, электронды оқулықтарды т.б. пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің субьектісі ретінде дамуын қаматамасыз ету керек. Олардың оқу әрекеттерін ынталандыруда барлығының көзқарастарына көңіл бөлу керек, пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып, келісуі оларды белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға, жоққа шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек. Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек: -тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек; -тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек; -оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек; -педагогикалық қолдау көрсету. Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі – сабақта оқытудың интерактивті әдісін қолдану болып табылады. Сонымен, интербелсенді оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген процесс [2.74]. Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы алынған. Оның мазмұнына: 1) оқытудың жалпы мақсатын қою; 2) жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу; 3) студенттердің білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау; 4) оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс); 5) нәтижені бағалау енеді. Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін – есту, көру, қимыл және т.б. ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар ар-қылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарымқатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы. Интерактивті оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті сабақта жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды. Егерде сабақ үстінде оқушылар мен оқытушылардың арасында тығыз қарымқатынас байқалса бұлайша оқытуды біз интерактивті деп атаймыз. Әдетте мұндай қарымқатынас оқушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Бұл жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі солоқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таратуға үйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі: оқытушымен (оқушылар оқытушының сұрағына жауап берген кезде); шақырылған адамдармен (немесе топ оқушыларының өздері әлдебір ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін); өзге оқушылармен (бірігіп жұмыс істеу барысында); шағын топтармен (3-5 оқушымен); оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, топ болып әлдебір мәселені талқылау барысында); оқушылардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді); кейбір техника түрлерімен (мысалға компьютермен) [3.12]. Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзара қарым-қатынастың сапасын айқындамайды. «Өзара қарым-қатынас» әдісінің ерекшелігі- оқушы өзгелермен араласу барысында ашыла түсетін болады. Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы * тұлғаның қызығушылығын туғызады; * әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді; * әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады; * оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді; * тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді; * тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады; * мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі. Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді. Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы. Мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге, пәнге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасаумызға болады: - білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты; - жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады; Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірденбір шарты оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Қорыта келгенде, интербелсенді әдістермен оқтудың негізгі, басты міндеттері мынадай: - әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекетін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; - білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу; - өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; - аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Мұхаметжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә., Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. -Алматы, 2008. 2. Иманбаева А., Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру технологиялары. Қазақстан мектебі, №2, 2000. 3. Әлімбекова А.С. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру тәжірибесінен //БілімОбразование.// №2(8), 2012 .
Библиографическое описание: Жайлауова, М. К. Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері / М. К. Жайлауова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.2 (88.2). — С. 25-27. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17452/ (дата обращения: 29.09.2021). Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады. Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі мақсаты мен негізгі мазмұнын сақтайды. Интербелсенді оқыту бірқатар міндеттерді шешеді: - коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалдық дағдыларды дамытады, олардың арасында эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі; - ақпараттық міндеттерді шешеді, себебі оқушыларды бірлескен әрекетті онсыз жүзеге асыруға болмайтын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді; - жалпы оқу біліктері мен дағдыларын дамытады (талдау, жинақтау, мақсаттар қою және т.б.), яғни білім беру міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді; - командада жұмыс істеуге, басқаның пікіріне құлақ түруге үйрететін болғандықтан, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді. Интербелсенді оқыту тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол жүйке жүйесінің жүктемесін азайтуға, зейінді басқа нәрсеге аударуға, әрекет формаларын ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді. Интербелсенді оқыту технологиялары мыналар: 1. Жұппен жұмыс. 2. Ауыспалы үштіктер. 3. Әткеншек. 4. Шағын топтардағы жұмыс. 5. Аквариум. 6. Аяқталмаған сөйлем. 7. Миға шабуыл. 8. Шешімдер ағашы. 9. Рольдік (іскерлік) ойындар 10. Пікірталас. 11. Дебаттар[1]. Оқытудың интербелсенді әдістерін 4 топқа бөлуге болады: - топтық оқыту; - фронтальдық оқыту; - ойын барысында оқыту; - пікірталас барысында оқыту. Топтық оқу әрекеті - оқытуды шағын топтарда ұйымдастыру формасы. Мұндай оқыту оқушылар үшін өз құрбыларымен ынтымақтастық жасауға, әр адамның қарым-қатынасқа табиғи ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Топтық оқытуға жұппен жұмыс, шағын топтағы жұмыс, аквариум жатады. Фронтальдық интербелсенді әдістерге бүкіл сыныптың бір мезгілдегі бірлескен жұмысын қамтитын әдістерді жатқызуға болады: «Микрофон», «Аяқталмаған сөйлемдер», «Миға шабуыл», «Оқи отырып, үйренемін». Ойын барысында оқыту әдістеріне рольдік ойындар, драматизациялау жатады.Пікірталасқа оқыту әдісі оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық әрекетінің маңызды тәсілі, өйткені пікірталас – даулы мәселені көпшілік алдында кеңінен талқылау. Бұндай әдістерге «Ток-шоу», «Пресс» әдісі, «Бағытыңды таңда» әдістері жатады. Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын жан-жақты жоспарлауы тиіс: - бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың иетербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді пайдалану; - оқушылар үшін тақырыпты игерудің «кілті» болатын интербелсенді жаттығуларды іріктеу; - әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның қабілеттерін есепке алу; - бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін қолдану. Интербелсенді оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылған сабақ сегіз кезеңнен тұрады: 1.Мотивация. Бұл кезеңді ұйымдастыру барысында бір сабақтан екінші сабаққа өткен кезде мотивация тәсілдерін өзгерту қажет. 2.Мақсат қою. Оқушыларға мақсаттарды хабарлау әрекетті мақсатты бағытталған етуге мүмкіндік береді.Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын қоюды үйретеді. 3.Жаңа ақпарат беру. Бұл кезең оқушылар нені білетінін, ненің таныс емес және түсініксіз екенін таңдап алуға мүмкіндік береді.Бұл кезеңді миға шабуылдан бастау ұсынылады: «Бұл сөз Сізде қандай ассоциация тудырады?», «Бұл сөзбен қандай ұғымдар байланысты?». Интербелсенді жаттығулар. Интербелсенді жаттығулар ретінде шағын топтардағы жұмыс ұсынылады. Әрбір топ қысқа және неғұрлым ақпаратты түрде сөйлеуі тиіс. 1. Жаңа өнім. Оқушылар игерген ақпараттың көлемін есепке ала отырып, олардың өз қорытындылырын жасауына және көзқарасын білдіруіне мүмкіндік жасалады. 2. Рефлексия кезеңінде оқушылар жасаған әрекеттің қорытындыларын шығару көзделеді. Бұл кезең оқушыларға жаңа игерілген білімдерді бөліп көрсетуге және қандай жағдайда қолдануға болатынын анықтауға мүмкіндік береді.Рефлексия кезінде төмендегі сұрақтарды қоюға болады: - Не қатты ұнады? - Нені үйрендіңдер? - Келешекте бұл білімдер қандай пайдаға асады? - Бүгінгі сабақ бойынша қандай қорытынды жасауға болады? Қойылған сұрақтар оқушыларға сабақта болған нәрсенің ең бастысын, жаңасын бөліп көрсетуге, бұл білімдердің қайда, қалай және қандай мақсатта қолданылуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі. 1. Бағалау. Бұл интербелсенді режимде жұмыс істейтін мұғалім үшін күрделі мәселе болып табылады. Бағалау оқушылардың келесі сабақтағы жұмысын ынталандыруы тиіс. Бағалауда мынадай қатынасты қолдануға болады: топтың әрбір мүшесі әрқайсысын бағалайды, яғни әр жолдасына бағалау парағына баға қояды. Мұғалім парақтарды жинап алып, орташа баллды есептеп шығарады. Оқушылар жұмысын өзіндік бағалауды да қолдануға болады. 2. Үй тапсырмасы. Оқытудың интербелсенді әдістерін пайдаланып, өтілген сабақтардан кейін игерілген материалды шығармашылықпен қайта қайта қарауға мүмкіндік жасайтын тапсырмалар беріледі: шығарма жазу, қарастырылып отырған мәселе бойынша өз көзқарасын білдіру және т.б. [2]. Интербелсенді сабақта мұғалім оқушылар әрекетін сабақ мақсаттарына жетуге бағыттап отырады. Диалогқа қатысу тыңдай білуді ғана емес, ести білуді де, сөйлей білуді ғана емес, түсінікті бола білуді де талап етеді. Интербелсенді әдістер оқушылардың өз күштерін, өз қабілетін сезінуге мүмкіндік береді. Оқушылардың өзіндік бағалауы, өзіндік сенімі артады.Өзара сыйластықты, айналасындағы адамдардың пікірлері мен мінезқұлықтарына төзімділікті тәрбиелеу маңызды. Интербелсенді оқытуды жұптық жұмыстан бастаған жөн. Жұптық жұмыс - ынтымақтастық пен өзара көмек үшін таптырмас форма. Жұпта оқушылар бірін- бірі тексере алады, жаңа материалды бекіте, өтілген материалды қайталай алады. Қазақ тілі сабақтарында төмендегі тапсырмалардың түрлерін пайдалануға болады: Ауызша жұмыс. 1. «Интервью-таныстық» ойынын 3-сыныптағы алғашқы сабақтардың бірінде өткізген дұрыс.Әр оқушы өзінің парта бойынша көршісімен әңгімелеседі, содан соң ол жайлы бүкіл сыныпқа айтып береді (немен айналысқанды жақсы көреді, нені оқығанды жақсы көреді). Ойын сыныптың портретін жасауға, оқушылардың коммуникативтік біліктерінің қалыптасқандық деңгейінің бастапқы диагностикасын өткізуге көмектеседі. 2. Ережені өзара тексеруді жүзеге асыру (ауызша сұрау). Оқушы парта бойынша көршісіне ережені айтып береді, мысал келтіреді, оларды түсіндіреді. Содан соң оқушылар рөлдерін алмастырады, бірін-бірі бағалайды. Мұғалім кез келген жұптан сұрай алады. Жазбаша жұмыс 1. «Көршіге арналған сөздік диктант». Үйде балалар өткен ережеге сәйкес сөздік диктант құрастырады (жекелеген карточкаға). Жоғарғы жағына «Құрастырған…» деп жазады. Содан соң оқушылар сабақта карточка алмасады, тапсырманы орындайды, төменге «Орындаған…» деп жазады. Күні бұрын мұғалім қанша сөз болуы керек екенін айтады. 2. Балаларға үйде орындау үшін шығармашылық сипаттағы тапсырма беріледі (эссе, шығарма, ертегі жазу). 3. Сабақтың басында немесе аяғында сөздік диктанттарды, үйге берілген жаттығуларды өзара тексеруді ұйымдастыруға болады. Сабақтың алғашқы бес минутында дәптерде жіберілген қателердің ізімен өзара диктант өткізген дұрыс.Балаларға жұппен жұмыс істеген қатты ұнайтынын атап өткен жөн[3]. Сонымен, интербелсенді оқытуды пайдалану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рольдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесе шешуді көздейді. Әдебиеттер: 1. Бесова, М.А. Познавательные игры для младших школьников от А до - Иркутск, 2004. -272 с. 2. Загурская, Е.Л. Использование активных форм и методов обучения в работе с младшими школьниками -Мозырь, 2006. – 58 с. 3. Кашлев, С.С. Интерактивные методы обучения педагогике. - Минск., 2004.
Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату:
Жайлауова, М. К. Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері / М. К. Жайлауова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.2 (88.2). — С. 25-27. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17452/ (дата обращения: 29.09.2021).
Достарыңызбен бөлісу: |