Фармакокинетикасы
Тері астына енгізгеннен кейін октреотид жылдам және толық сіңеді. Препарат плазмадағы ең жоғары концентрациясына 30 минут ішінде жетеді. Плазма ақуыздарымен байланысуы 65% құрайды. Октреотидтің қан жасушаларымен байланысуы тіптен мардымсыз. Таралу көлемі – 0,27 л/кг. Жалпы клиренсі 160 мл/минут құрайды. Тері астылық инъекциядан кейін препараттың жартылай шығарылу кезеңі – 100 минут. Көктамыр ішіне енгізілгеннен кейін препарат, тиісінше, 10 және 90 минуттық жартылай шығарылу кезеңдерімен екі фазада жүзеге асады. Пептидтің енгізілген дозасының үлкен бөлігі нәжіспен шығарылады, шамамен 32%-ы өзгеріссіз күйде несеппен шығарылады. Бүйрек қызметінің бұзылуы тері астына енгізілген октреотидтің жалпы экспозициясына («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) әсер етпейді. Бауыр циррозымен науқастарда бөліп шығару қабілеті азаяды.
Қолданылуы
ұйқы безіне жасалған операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу
Қолдану тәсілі және дозалары
Ұйқы безіне жасалатын операциялардан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін препарат операция жасалған күннен бастап, келесі 7 күн бойына тәулігіне 3 рет 0,1 мг т/а енгізіледі (лапаротомияға дейінгі 1 сағаттан кешікпей).
Жағымсыз әсерлері
- диарея, іштің ауыруы, жүрек айну, холелитиаз
- бас ауыру
- гипергликемия
-енгізген жердегі ауыру (қызарып және ісініп кететін теріастылық инъекция орнындағы ауырсыну немесе жедел ауыру, шаншу немесе ашыту сезімінің 15 минуттан ұзаққа созылуы сирек. Егер инъекцияның алдында ерітіндіні бөлме температурасына дейін жылытса немесе көбірек концентрацияланған ерітіндінің аз көлемін енгізсе, жергілікті жайсыздықты азайтуға болады).
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- - октреотидке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
Панкреатин
Саудалық атауы
Панкреатин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 25 ӘБ
Достарыңызбен бөлісу: |