Ынтымақты отбасы



Дата29.11.2023
өлшемі18.29 Kb.
#484864
4 сынып2023


Ынтымақты отбасы
Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау.Ән-би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ата-аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздерінің суреттері, Отан, отбасы, ынтымақ-бірлік туралы мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, қолөнердің үлгілері.
Барысы:
Мұғалім: Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар» дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.Отбасы- бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі , жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты .
Бүгінгі «Ынтымақты отбасы» сайысына 6 отбасы балаларымен қатысады. Олар үш – үштен екі топқа бөлінеді.
І топтың аты - Бірлік
ІІ топтың аты – Ынтымақ
Ортаға отбасылары шығып өздерін таныстырады. Құрамы 5 адамнан тұратын әділқазылар алқасы сайланады. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
І бөлім. Сұрақтарға жауап беру, яғни жан-жақты білім деңгейін, сөйлеу мәдениеті мен ұллтық тәрбиені меңгеруін байқау.
ІІ бөлім: Жаңылтпаш, күлдіргі жұмбақтар сайысы
ІІІ бөлім: «Көңілді аспаздар» ойыны.
2 отбасы картоп тазалау бойынша жарысады.
ІҮ бөлім: «Өнерпаздар» сайысы . Әр отбасының мүшелерін ән айту , күй тарту, тоқу т.б. өз өнерін көрсетуі керек. Сайыс шартына сәйкес әр отбасы өзін таныстырады. Өз қалауы бойынша не өлеңмен, не сөзбен айтады. Бұдан кейін әр отбасы карточка бойынша сұрағын алып, сұраққа 1 минут дайындалып жауап береді.
Ү Қорытынды бөлім:
І бөлім:
1-тапсырма: (жеке карточка) сұрақтарға жауап беру:
1.Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?
2. Сәлемдесу, жөн сұрасудың өз- өзіндік дәстүрі бар. Осы жайында не айтасыз?
3. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болғанға дейін жасалатын салт- жораның түрлері қандай?
4.Ұлағаттың ырым-тыйымдардың тәрбиелік мәні неде?
5.Жеті ғалам дегеніміз не?
6. Жеті қазынаны атаңыз.
7. Жеті атаны таратыңыз.
8. Мына мақалдың мәнін айтып беріңіз.
Қалауыңыз болсын)
а) "Тұлпар тайдан өседі"
ә) "Ана-балаға жастық, әке-көрпе"
б) "Отбасына қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі"
9. Білімдіден шыққан қай сөзді ұстанасыз?
10. "Ұлым-қызым, саған айтам" дегендей, балаңызға аманат етіп, ғибрат етіп не айтар едіңіз?
2-тапсырма: "Мақал айтсаң-жол көрсеттің, мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың" - демекші, ал енді балаларыңызбен бірігіп мына үзік-үзік сөздерден мақал құрасырыңдар. ( жеке карточка)
1. Ұяда ... үшқанда... (Ұяда не көрсең, үшқандасоны ілесің)
2. Ата... бала...(Ата-бәйтерек, бала - балжапырақ)
3. Ер... ез... (Ер бір өледі, ез мың өледі)
4. Өле... бөле...(Өле жегенше бөле же)
5. Таяқ...сөз...(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)
6. Мал... жер...(мал баққандікі, жер жыртқандікі)
7. Тентек... ақыл...(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді)
8. Сүйіндіреді... күйіндіреді... ( Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.
9. Мысық... тышқан... (Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек)
10. Мектеп... білім... ( Мектеп- кеме, білім-теңіз)
3-жалпы сұрақ: Қай топ тез жауап береді?
1-топқа: Мал аласы...
Адам аласы...
2-топқа: Адамның қасиеті...
Елдің қасиеті...
4-Кім жылдам?
1-топқа: Не істеуге болмайды?
Оқушының бірі"Жалғастыр" ойыны арқылы шапшаң үн қату үлгісін көрсетеді.
а) Үлкендерге...
ә) бейуақытта...
б) ауызды...
в) есікті...
г) қатты дауыс...
2-топқа: Не істеу керек?
Бір оқушы жылдам жауап берді.
а) Үлкенге...
ә) Аналар мен қыздарды...
б) қателігіңді...
в) досқа...
г) үлкендердің...
ІІ Бөлім
Жаңылтпаш, күлдіргі жұмбақ арқылы 2-топты жарыстыру:
1- жаңылтпаштар:
1. Шөмеленбеген шөпті кім шөмелейді
Шөмелемей, кім шөмелейді?
2. Былдыр, былдыр білдір, бүлдіршін,
Бұл бір білгір бүлдіршін.
Білгір бұл бүлдіршін,
Білгірлігін білдірсін.
3. Шөжем деп шешесі бәйек,
Шешем деп шөжесі бәйек.
Шешесі шөжем жесін дейді,
Шөжесі шешем жесін дейді.
4. Аршабек аршам деп шыршаны,
Шыршабек шырша деп аршаны.
Шатасты күлдіріп баршаны,
Шырша деп, арша деп шаршады.
5. Бұлбұл қиқылдамайды,
Қырғи қиқылдайды.
Бұл қырда
Ылғи қырғи қиқылдайды.
Бір қырғи қиқылдаса,
Мың қырғи қиқылдайды.
6. Бұл алқаптағы егінді
Кім ора алар?
-Омар ора алар.
Омар ора алмаса,
Орал ора алар.
Жалпы сұрақ көрерменге: «Мақал – сөз атасы» дегендей бәріңізді мақал-мәтел сайысына шақырамыз
1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар)
2. Инемен құдық қазуға бола ма? ( Білім инемен құдық қазғандай).
3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)
4. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық).
5. Қарғыстың ең жаманы не? (Өзің білме, білгеннің тілін алма).
6. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз-қорқақ, қол- батыр).
7. Етіктің қонышынан басып киюге болама? (Қолыңнан келсе қонышыңнан бас).
8. Үлкен көз, үлкен сөз болама? (Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен).
9. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді).
10. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман).
2-Күлдіргі жұмбақ:
1. Кім барлық тілді сөйлейді? Жауабы: жаңғырық
2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? Жауабы: мысық
3. Дүниедегі шапшаң нәрсе не? Жауабы: Ой-қиял
4. Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме? Жауап: Жоқ – бұл түн мезгілі.
5. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? Жауабы: Аспан суреті суға көрінген кезде.
6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? Жауабы: Іші толы бөшкеге.
7. Үш түйе құс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? Жауап: түйеқұстар ұшпайды.
8. Қосарлап жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12км жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді? Жауап: 12км жол жүреді.
9. қандай үш санның көбейтіндісі оның қосындысына тең?
Жауап: 1х2х3=6, 1+2+3=67
10. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенің өзіңнен гөрі басқалар атайды? Жауап: сенің есімің.
ІІІ бөлім: «Көңілді аспаздар» ойыны.
2 отбасы картоп тазалау бойынша жарысады.
ІҮ бөлім: «Өнерпаздар мен қол өнер» сайысы . Әр отбасының мүшелерін ән айту , күй тарту, тоқу т.б. өз өнерін көрсетуі керек. Сайыс шартына сәйкес әр отбасы өзін таныстырады. Өз қалауы бойынша не өлеңмен, не сөзбен айтады. Бұдан кейін әр отбасы мүмкіндігінше жасаған «Қол өнерін» жарнамалар ретінде көрсетіп таныстыру.
Ү Қорытынды бөлім: «Ынтымақты отбасы»-ның жеңімпаздарын жариялау, отбасыларын марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет