«Алтын күз» Күз дегенің ақындардың дастаны



Дата07.03.2024
өлшемі15.45 Kb.
#494671
Алтын күз


«Алтын күз»
Күз дегенің ақындардың дастаны
Қандай ғажап бейбіт күннің аспаны
Бізбен бірге болыңыздар бәріңіз
Алтын күздің той думаны басталды.
Ортаға ересек топ бүлдіршіндерін шақырамыз, сонымен қатар кіші топ бүлдіршіндерін шақырамыз, қошеметпен қарсы алайық.
Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар және бүлдіршіндер. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.
Алтын күз жаңбырлы күз жомарт күз
Суығына шыдайтын сұлулығына көз тоймайтын
Тойында алтын күздің деп құттықтау сөзді балабақшамыздың меңгерушісі Хатира Арубайқызына береміз.
1.Шаршауды біз білмейміз
Көңілді би билейміз
Әсем сазды ән салып
Би билеуге дайынбыз – деп келген кішкентай ғана бүлдіршіндерімізді «Шөжелер» биімен қарсы алыңыздар.
2.Балалар қандай керемет әуен.
Балалар бізге қонақ болып «Күз ханшайымы» келе жатыр екен қане қошеметтеп қарсы алайық.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Күз ханшайымы.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдерме балалар
Уа, халайық дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсан тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын
Мен күзгі ханшайым сендерді көргеніме қуаныштымын.
Жүргізуші: Төрлетіңіз балалардың өнерін тамашалаңыз.
3.Жүргізуші: Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды
4.Жүргізуші: Ендігі кезекте орыс тіліндегі тақпақтарды қарсы алыңыздар.
Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Менің Қазақстаным» атты хор қарсы алыңыздар.
5.Жүргізуші: Ерте ерте ертеде
Бау-бақшасы көп өлкеде
Көкөністер жиналып
Керемет би билепті
Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Жемісте мен көкөністер» биін тамашалаңыздар.
6.Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік ойнайық
Ортада қыздарымызды «Гүлдер» биімен қарсы алыңыздар.
7.Жүргізуші: Мерейлі күз, мырза күз
Сыйлығыңа ырзамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз
Қарлығаш тобының қыздарын «Құлпынай» биімен қарсы алыңыздар.
8.Жүргізуші: Келесі кезекте Махат Қанат ұлдарыңыздың орындауында «Жау жау жаңбыр» әнімен қарсы алыңыздар.
9.Жүргізуші: Келесі кезекте кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауында хор.
«Топ топ балақан».
Қабыл алыңыздар.
10.Жүргізуші: Жемістерді тердіңбе
Мұндай жеміс көрдің бе
Жемістердің өнерін
Ал көрейік кел бірге –дей отырып бүлдіршіндерімізді «Жемістер мен көкөністер» биімен ортаға шақырамыз.
Күз ханшайымы : ЖАРАЙСЫҢДАР балалар өнерлерің тамаша екен. Менің көңіл күйім көтеріліп қалды.
Жүргізуші: Берекелі бақ дәулет
Арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар
Келгенше күз айналып.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет