Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы



Дата23.02.2016
өлшемі230.57 Kb.


Инвестицияларды мемлекеттiк

қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы «Инвестициялар туралы» Заңының 19-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) инвестициялық преференцияларды беруiне өтiнiм нысаны;

2) инвестициялық жоба немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөнiндегi нұсқаулық бекітілсін.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті Төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п «Инвестициялар мемлекеттiк қолдауының кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығы (2003 жылғы 27 наурыздағы № 2222 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің Бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 23-24, 850 б.);

2) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 шілдедегі № 54-п «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті Төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығы (2006 жылғы 3 тамыздағы № 4330 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген, 2006 жылғы 18 тамыздағы № 151 (1131) «Юридическая газета» газетінде жарияланған);

3) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті Төрағасының 2006 жылғы 3 қарашадағы № 83-п «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті Төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п «Инвестициялар мемлекеттiк қолдауының кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығы (2006 жылғы 11 қарашадағы № 4451 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген).

3. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитеті (Серіков А.Ж.) заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министріне А.П. Рауға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшiне енедi.

Министр Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасының

Индустрия және жаңа технологиялар

министрінің 2012 жылғы

«___»________№___бұйрығымен

бекітілген


нысан
Инвестициялық преференцияларды алуға арналған

өтiнiм


  1. Инвестор туралы мәлiметтер

1

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы




2

Заңды тұлғаны алғашқы мемлекеттiк тiркеу күнi және нөмiрi




3

Заңды тұлға қайта тiркеуден өтуі туралы ақпарат (күні, негізі)




4

Орналасқан жері:




4.1

заңды мекен-жайы




4.2

нақты орналасқан жерi




5

БИН




6

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бiрiншi басшысы

___________________________________________ (лауазымы, аты-жөні)

___________________________________________



(телефон, факс және электрондық поштасы)

7

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтерi

___________________________________________

(аты-жөні)

___________________________________________



(телефон, факс және электрондық поштасы)

8

Инвестициялық жоба менеджерi

___________________________________________

(аты-жөні)

___________________________________________



(телефон, факс және электрондық поштасы)

  1. Инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жоба туралы мәлiметтер

9

Инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаның атауы

___________________________________________
___________________________________________

**Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесіне қосу туралы мәліметтер



10

Инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру орны




11

Инвестициялау үшiн таңдалған қызметтiң басым түрi (экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейінде)




12

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерге инвестициялардың көлемi (ағымдағы және келешектегі инвестициялар есепке алынады)

___________________________________________

(теңге)

13

Жобаны қаржыландыру көздерi*:

  • меншiк

  • заемдық қаражаттар

___________________________________________

(меншік қаражаттарының болуын растайтын құжат)

___________________________________________



(жобаны қаржыландыру көздері мен қаржыландыру кепілдіктерін бекітетін құжат)

  1. Жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi инвестициялық преференциялар *

14

1) технологиялық жабдық, оның жинақтауыштары;

2) технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату



1)_________________________________________

(жеңілдік сома)

2)_________________________________________



(жеңілдік сома)

15

Мемлекеттік заттай грант

___________________________________________ (алдын ала келісімді растайтын құжат)

16

Жер салығы бойынша жеңілдіктер**

___________________________________________

(жеңілдік сома)

17

Мүлікке салық бойынша жеңілдіктер**




18

Өнеркәсіптік жеңілдіктер**:

1) газ;


2) электр энергиясы;

3) жер учаскесін сатып алу;

4) ғимараттарды, құрылғыларды (құрылыстар) сатып алу


___________________________________________

(шығын түрлері)

_____________________

*керек еместi сызып тастау;

**инвестициялық стратегиялық жобаларға арналған.

4. Инвестор өтiнiм және қоса берiлген құжаттарда көрсетiлген ақпараттың дұрыстығын (растығын) мәлімдейді және кепiлдiк бередi, ұсынылған ақпарат үшін жауапты болады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген инвестициялық келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзу шарттарымен таныс.

5._______________________________________ жобасы бойынша жұмыс бағдарламас

(инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық)
1 бөлім: тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге

Шығын баптары

растайтын құжаттар

Тіркелген активтерді пайдалануға беру күні

күнтізбелік жыл

Барлығы

контрагент



күні

1 жартыжылдық

2 жартыжылдық

Жыл бойынша жиыны























































1 бөлім бойынша жиыны:
























2 бөлім: Технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат және материалдар импорты, саны



Шығын баптары

растайтын құжаттар

өлшем бірлігі

игеру мерзімі

Барлығы

контрагент



күні

1 жартыжылдық

2 жартыжылдық

Жыл бойынша жиыны

1. Қосалқы бөлшектер, оның ішінде:




















































2. Шикізат, материалдар, оның ішінде:




















































1 бөлім бойынша жиыны:

























Барлығы:
























6. Өтiнiмге қосымшалар:

1) кеден баждарын салудан босатылатын импортталатын жабдық пен оның жиынтықтауыштарының, қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың тiзiмi және көлемi;

2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;

3) заңды тұлға жарғысының нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;

4) инвестициялық жоба немесе инвестициялық стратегиялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;

5) инвестициялық жоба немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, қосалқы бөлшектер, шикізат және материалдарды сатып алуға арналған шығындарды негiздейтiн, тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілетін құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi;

6) инвестициялық жоба немесе инвестициялық стратегиялық жобаны қаржыландырудың көздерi мен кепiлдiктерiн белгiлейтiн, құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi. Инвестициялық жоба немесе инвестициялық стратегиялық жобаны өз қаражаты есебiнен қаржыландырған жағдайда олардың бар екендiгi туралы жазбаша растама қағазы қоса берiледi;

7) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар;

8) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамасы.



________________________________________

______________________

(Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бiрiншi басшысының аты-жөнi)

(қолы, мөрi және күнi)

Қазақстан Республикасының

Индустрия және жаңа технологиялар

министрінің 2012 жылғы

«___»________№___бұйрығымен

бекітілген


Инвестициялық жоба немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөніндегі нұсқаулық
1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңының 19-бабы негізінде әзірленген және инвестициялық жоба немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау тәртібін анықтайды.

Инвестициялық жоба немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын дайындағаннан кейін Инвестор инвестициялық преференциялар алуға Өтінімге қоса тіркелген бизнес-жоспарды инвестициялар бойынша уәкілетті органға тікелей немесе ескертумен пошта арқылы жібереді.

Инвестициялық жоба немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспары келесі мәліметтерді, оның ішінде көрнекі құралдарды (схемалар, сызбалар, нобайлар, жарнамалық проспектілер) қамтуы тиіс:
1. Инвестордың қысқа сипаттамасы
2. Заңды тұлғаның атауы.

3. Заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, мемлекеттiк тiркеуге (қайта тiркеуге) тұрған күнi.

4. Заңды тұлғаның басшысы (лауазымы, аты-жөні).

5. Заңды тұлғаның мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық поштасы.

6. Заңды тұлғаның қызметінің негiзгi бағыттарының қысқаша сипаттамасы, негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштерi, көрсетiлген салада инвестициялық Келiсiм-шарт жасасу бойынша жоспарланатын жұмыс тәжiрибесi. Соңғы есеп беру мерзiмi үшiн мекеменің қаржы-шаруашылық қызмет туралы қысқша есебі.
2. Инвестициялық жоба немесе инвестициялық стратегиялық жобаның қысқаша сипаттамасы
7. Инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаның атауы.

8. Инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаның негiзгi мақсаттары.

9. Инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаның тiкелей қатысушылары.

10. Инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру орыны (облыс, аудан)

11. Қысқаша мазмұны:

1) шығаруға ұсынылатын өнiм, болуы мүмкiн түрленген шоғырын көрсете отырып тауар немесе қызмет көрсетудің қысқаша сипаттамасы, мәні мен қолдану саласы;

2) болжанатын инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаның сипаты: жаңадан құру, қолданыстағы кәсiпорынды қайта құру немесе кеңейту;

3) инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жоба бойынша техникалық құжаттаманың болуы (техника-экономикалық негiздеме, жобалау-сметалық құжаттамасы, құрылыс-монтаж жұмыстары және құрал-жабдықты жеткiзуге келiсiмдер мен келiсiм-шарттардың көшiрмелерi; жер телiмiне құқықтарды растайтын құжаттардың көшiрмелерi; ғимараттар, құрылғыларды жалдауға келiсiмдердiң көшiрмелерi мен басқа да құжаттар);

4) жоба бойынша iске асыру және шектеудiң ерекше шарттары: лицензиялардың (егер қызмет түрi лицензиялауға жататын болса), патенттердiң, рұқсаттардың, экспорттық және импорттық квоталардың, өткiзу рыногы және шикiзат, су-, энергиямен қамтамасыз ету, көлiк, байланыс, қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шектеулер мен ұсыныстар, шетелдiк жұмыс күшiне қажеттiлiктер, технологиялық процестердiң экологиялық тазалығына талаптардың болуы.

12. Инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру құны, қаржыландыру көздерi:

1) меншiк қаражаты;

2) қарыздық қаражаттар (несиелер немесе шаруашылық субъектiлердiң қаражаттарын тарту) және/немесе грант.

13. Жобаны iске асыру мерзiмi - инвестицияларды жүзеге асыру сәтiнен __ ай (жыл).
3. Техникалық бөлiм
14. Инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы.

15. Технологиялық шешiмдi таңдаудың негiздемесi:

1) орналасу жерiн және мөлшерiн (масштаб), жобасын (жеткiзушiлер мен нарықтар үшiн орналасу қолайлығы) таңдаудың негiздемесi:

iлеспе инфрақұрылым және көлiк мүмкiндiктерi;

қолда бар жайларды пайдалану және қайта құрылымдау мүмкiндiктерi;

инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жоба бойынша тауарларды (қызмет көрсетулердi) өндiрудiң көлемiн айқындайтын факторлар;

2) техникалық және құндық сипаттамасы бойынша балама шешiмдердi (ұқсастармен салыстырудағы өндiрiс үшiн ұсынылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң техникалық деңгейi мен құны, ақпарат көзiне сiлтемелер) салыстырмалы талдау:


Көрсеткiштердiң атауы

Көрсеткiштердiң мәнi

ұсынылатын үлгi

ұқсастықтар

1.







2.






3) шикiзат ресурстарын қолданудың ұтымдылық деңгейi:

шикiзатты өңдеудiң деңгейi;

өндiрiстiң қайта бөлiнуi (қалдықтарды қайта өңдеу);

жергiлiктi шикiзатты қолдану;

4) жобаны iске асыру кестесi:




Жұмыстардың

атауы


Күнтізбелік жыл

Күнтізбелік жыл

Жалпы

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Тiркелген активтерге инвестициялар (теңге)

1.




























2.




























3.




























Шикізат және материалдарға инвестициялар (теңге)

1.




























2.




























3.




























Жобалық қуаттарды

игеру





























Құрылатын және/немесе

сақталатын жұмыс

орындардың саны






























4. Коммерциялық бөлiм
16. Шикiзат, материалдар және құрал-жабдықтың жеткiзiлiмдерi:

1) шикiзат және материалдар нарығын талдау (отандық және импорттық):

пайдаланатын шикiзат түрлерiнiң тiзбесi;

көлiктiк шығыстарды есепке алғандағы бағаның арзандығы және деңгейi;

2) қолданылған шикізат және материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, дайын өнім бірлігінің өндірісіне шикізат және материал шығындарының нормасы;

3) шикізатты есептен шығару әдісі (ҚР заңды тұлғасының есептік саясаты);

4) құрал-жабдықты өндiрушiлердiң/жеткiзушiлердiң таңдауы:

қажеттi құрал-жабдықтардың тiзбесi және оларға негiзгi техникалық талаптар;

құрал-жабдық жаңалығы мен әлемдiк және жергiлiктi нарықтағы технологиялар;

көлiктiк шығыстар, монтаж және қосушы-реттеушi жұмыстарды есепке алағандағы құрал-жабдықтардың құны;

жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда);

қосалқы бөлшектер немесе шығыс материалдармен қамтамасыз ету көздерi.

17. Маркетинг:

1) шығарылатын тауарлар немесе көрсетілетін қызмет түрлерi мен көлемiнiң тiзбесi:



Тауарлардың (қызмет) атауы

Өндірістің құндық көріністегі көлемі (теңге)

Өндірістің заттай көріністегі көлемі

Өнімнің белгілері

Ескерту













1.



















2.




























































2) қолданыстағы шектеулердi (квоталар, лицензиялар және т.б.) - (нарық сиымдылығын) есепке алғандағы өткiзу нарығын болжау: iшкi және сыртқы нарықтағы әлеуеттi төлем қабiлетi бар сұраным, қазiргi уақыттағы оны қанағаттандыру деңгейi:

өткiзiм арналары: қандай өңiрлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегi қай елдерге жеткiзiлiм болжанатыны көрсетiлсiн; рынокта ұқсас, өзара алмасатын, өзара толықтырылатын тауарлар, қызмет көрсетулердiң орын алуы, болашақтағы олардың өндiрiсiн бағалау, соңғы бiрнеше жыл iшiнде тауарлардың экспорты және/немесе импортының динамикасы, көлемi мен бағалары, негiзгi бәсекелестер және олардың нарықтағы үлес салмағы; әлеуметтiк-экономикалық жағдайының өзгеру мүмкiндiктерi нәтижелерiнде рынокты болжау;

3) өткiзу мүмкiндiгiн растайтын құжаттар: тауарлардың жеткiзiлiмiне келiсiм-шарттардың немесе ниеттер туралы хаттамалардың нотариалды дәлелденген көшiрмелерi;

4) тауарларға немесе қызмет көрсетулерге бағалар деңгейiн болжамды бағалау;

5) коммерциялық тәуекел факторлары мен негiзгi маркетингтiк iс-шаралар.

Жобаны қаржыландырудың айырбас валюта бағамы мен қолданыстағы салық базасының өзгеруiне әсер етудi бағалау.
5. Ұйымдастыру бөлiмi
18. Тартылатын ұйымдар:

1) жобаны құрушы;

2) құрал-жабдықты өндiрушiлер;

3) құрал-жабдықты жеткiзушiлер;

4) қаржыланатын ұйым;

5) делдалдар.

19. Жобаны iске асыру процесiнде қатысушылар арасында мiндеттер мен жауапкершiлiктердi бөлу.

20. Ұйымдастыру құрылымы және тауарлардың/қызмет көрсетулердiң менеджментi мен сапасын бақылау жүйелері.


6. Әлеуметтiк бөлiм
21. Жобаның еңбек ресурстарындағы қажеттiлiгi (қажеттi саны мен бiлiктiлiгi):

1) қажеттi бiлiктiлiгi бар кадрлардың болуы;

2) импортты қоса алғанда бiлiктi мамандар көмегiн тарту қажеттiлiгi.

22. Жобаның халықты жұмыспен қамтамасыз ету және бiлiм деңгейiне әсерi.


7. Қаржы бөлiмi
23. Инвестицияларды бағалау:

1) толық инвестициялық шығындар (негiзгi және айналым капиталға инвестициялар);

2) жобаны қаржыландыру мен инвестициялардың құрылымы (инвестициялардың жалпы көлемiн бағалау: жобаны iске асыру үшiн қаржының жеткiлiктiгi, инвестициялардың құрылымы, қаржыландырудың схемасы мен шарттары, түсiмнiң болжамды қолданылуы).

24. Тәуекелдердi бағалау:

1) тәуекелдердiң түрлерi;

2) тәуекелдiң деңгейi (дисконт мөлшерлемесі).

25. Қаржылық талдау:

1) жобаның қаржылық үлгiсi: инвестициялық преференцияларды есептемей және сәйкес инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып үлгiлердi есептеу.

2) жобаның өмiрлiк кезеңi iшiндегi таза дисконттық табысы (NPV);

3) жобаның өмiрлiк кезеңi iшiндегi табыстылықтың iшкi нормасы (IRR);

4) жобаның өтімділік мерзімі (қарапайым және дисконттық);

5) жоба өмiрiнiң әр жылына табыстың қарапайым мөлшері (рентабельдiгi);

6) түрлер бойынша бюджетке төленетiн салықтар, кеден баждары мен төлемдерi;

7) төленетiн салықтардың барлық түрлерi бойынша бюджеттiк тиiмдiлiктiң жиынтық есебi анықталсын.


8. Экологиялық бөлiм
26. Жоба технологиясының қоршаған ортаға әсерi бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестiгi.

9. Экономикалық бөлiм
27. Жобаның мемлекет экономикасының қажеттiлiктерiне (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына, даму бағдарламаларына, басқа құжаттарға) сәйкестiгi:

1) халық тұтынатын азық-түлiк тауарлары және азық-түлiктік емес тауарларын шығаруды ұлғайту;

2) импорт алмастыру (импорт алмастырудың қабылданған бағдарламаларына сәйкестiгi);

3) экспортты ұлғайту;

4) жаңа жұмыс орындарын құру;

5) халықтың бiлiмi мен бiлiктiлiк деңгейiн көтеру;

6) озық технологияларды игеру, "ноу-хау";

7) жобаны iске асырудан мультипликатор тиiмдiлiгi;

8) сапаның халықаралық стандарттар жүйесіне сәйкес өндiрiстi ұйымдастыру.

10. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық әсер етуді талдау.*
28. Инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарында Инвестормен қосымша көрсетіледі:

1) жоспарланған жоғары технологиялық өнім өндірісінің номенклатурасы, оның ішінде:

қайта өңдеу саласының дамуы;

инфрақұрылымның дамуы;

бәсекеқабілетті ортаның қалыптасуы;

жоғары қосылған құны бар өндірісті құру;

2) қолданыстағы қазіргі технологиялар, оның ішінде:

озық инновацияларды қолдану;

тәжірибе және білім тасымалы;

жаңа ойларды, ғылыми білімдерді, технологияларды және ғылымды көп қажетсінетін және жоғары технологиялы экспортқа бағытталған өндірісті құру түрлерін енгізу;

3) қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру;

4) қоршаған ортаны қорғау, оның ішінде: 

сапаның халықаралық стандарттарға сәйкестігі;

елді мекенде және өңірде экологиялық жағдайды жақсарту;

5) елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде:

әлеуметтік тұрақтылықтың күшейтілуі;

тұрғын үймен қамтамасыз ету;

білім беру және медициналық қызметтерге қол жетімділік;

Қазақстандағы өмір сүру деңгейін көтеру;

әлеуметтік тәуекелдерді төмендету;

жұмыссыздықты азайту;

әлеуметтік қызмет көрсету саласын кеңейту.


* инвестициялық стратегиялық жобалар үшін толтырылады.


Каталог: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына анықтама-негіздеме «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Шығындары 2015 жылы республикалық бюджеттен субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы «Мемлекеттік мүлік туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет