ІІІ Қорытынды.
1. Бағзыдан жеткен – баба жыр.
«Манас» тарихи заманнан таулы Азия қыратында ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан қызықты жыр, қырғыз халқының мұрасы. «Манас» жырының қайта түлеп, жаңғыра көркеюіне жоңғарлардың шапқыншылық оқиғасы себепкер болғанын зерттеушілер көптен аңғарған.
Сонымен қатар эпоста қырғыз халқының одан көп бұрынғы эпикалық дәстүрінің ізі де байқалатыны анық. Соның бір көрінісі-қырғыздардың қатынас, мүдделес түрік халықтарының, бірінші кезекте қазақ халқының құрамына кірген, VІІ-VІІІ ғасырда-ақ жеке ел, мемлекет сипатында жүрген ірі тайпалармен бейбіт күнде тату ағайын, соғыс кездерінде одақтас болып, бір қосылып, бір ыдырап отырған шағының ақиқаты елес беруінде жатыр.
Жалпы түрік елдерінің ортақ мұқтажын түсініп, сыртқы жаулармен айқасқа шығуын, осы жолда жеңіске жетуін көрсетуі, жырдың аса мықты идеяларының бірі. Ерте заманның жыршысы неге қырғыз, қазақ, ноғай, өзбек, қарақалпақ, алтайлық бірлігін серпінді түрде толғаған деп күдіктенудің ешбір негізі жоқ. Тіпті қайсібір кезеңде ондай бірлік болмағандығының өзі эпостың нұрлы мұратын теріске шығара алмайды.
Жырдың қаһарманы «отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын болуы» бір қарағанда нанымсыз секілденгенімен, халық бәрібір сондай алыптардың болуын арман еткен, сондай мүмкіндікке сенгісі келген. Ықылым заманаларға куә болған, талай ұрпақтың тілін атын, талай ұрпақтың көзін жұмдырған, мың жасап, миллиондардың көкірегінде тұнған жырдың Тынық мұхиты - «Манас» аты ата дастанның әлі күнге құлағымызды елітіп, көңілімізді еліктіріп, жүрегімізді еріте жөнелетіндей ерекше сиқыры бар. «Манас» жырының адамзат баласы үшін берер құндылығы өте мол.
Сондай-ақ қырғызға жақын, тілі де, діні де, тегі де туыс елдер өкілдері эпоста Манас төңірегінде шоғырланып жүрсе, ол да замандар бойында ыдыраңқылықтан, бірлестік аздықтан, түрінің қуатты бірлігін қажет еткендікке де байланысты болар.
Қалай болған күнде де бүгінде тәуелсіз мемлекеттер достығы туы астында бір бағытта күш біріктіріп, өзара қарым – қатынас жасап, алдына ұлттық демократиялық мұрат қойып отырған қазақ, қырғыз, өзбек секілді туысқан ұлттардың көне кезеңдеріндегі достыққа, бірлікке жасаған қадамын көрсетуі «Манас» жырының мәңгілік өшпес мәнін, нұрлы аңсарын арттыра түсетін тұстарының бірі. Түркі халықтар жарастығының тамырлары анық, дерегі көп, тілектестігі түйісетін сәттерде мол болғанын халық даналығы өзі куәландырып отырса, бұған тек мақтаныш сезімнен қарау керек. Фольклордың қайталанбас қамба, нағыз демократиялық сипатының бір көрінісі осы болар. Ресми тарихтарда жазылып қалғандығы ауыз әдебиеті шығармалары өзіне ғана тән көркемдік тәсілмен куәландырады дейтін М.Горький пікірі қаншалықты терең екенін қырғыз эпопеясы «Манас» жарқыратып дәлелдей алады.
«Қырғыз халқының «Манас» жыры» (қазақ әдебиетінде зерттелуі) тақырыбындағы диплом жұмысымызда қарастырылған жәйттерді қорытындылай келіп, мынадай түйінді тұжырымдар жасауға болады. «Манас» жыры тек қырғыз халқының рухани мұрасы емес, күлкі түркі әлемінің әдеби қазынасы. Осынау ғажайып мұраны зерттеу ісіне қазақ ғылымдары да өлшеусіз қосты. Мұны дипломдық жұмысымыздың «Манас» жырының әлемдік және түркілік деңгейде зерттелуі» деген тарауында нақты ғылыми еңбектер мен зерттеулерден сілтеме, мысалдар, эпопеядан үзінді келтіру арқылы дәлелдік. «Манас» трилогиясының негізгі идеясын, мазмұнын, ерекшелігін өз тұрғымыздан талдадық.
Біздің пікірімзше, бұл трилогияның композициялық, идеялық тұтастығы жалаң генеалогиялық циклизацияға емес, көркем образ, картиналардың өзара тығыз байланыстылығында.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
-
Ақаев Асқар, Қырғыз мемелекеттігі және «Манас» халық эпосы. Астана: Күлтегін 2003.
-
Адамзаттың «Манасы» (Қазақ зерттеушісі ғалымдары «Манас» туралы) Жауап шығ. – Ыбыраев Ш., Рауан, 1995.
-
Алпысбаев Қ., Уәлиханов – фольклортанушы., Алматы: Ғылым, 2001 – 124 б.
-
Қазақ фольклорының поэтикасы / әдебиет және өнер институты; ж./ред.Бердібай Р. Алматы 2001.
-
Манас, Қырғыз халқының батырлық дастаны, 4 кітап, Алматы 1961, 62 ж.
-
Қазақ фольклорының тарихтылығы., Алматы 1993.
-
Ш.Айтматов. Ұстаз туралы сөз. «Біздің Мұхтар», 1976,72 – бет.
-
М.Әуезов, Әдебиет тарихы, қолжазба. Ленинград, 1925, № 185.
-
М.Әуезов, Уақыт және әдебиет. Алматы 62, 191 – бет.
-
Ә.Марғұлан., «Ежелгі жыр, аңыздар», «Жазушы», 1985, 95 – бет.
-
Ә.Марғұлан., Шоқан және «Манас», алматы 71, 36 –бет.
-
Қ.Салғарин., «Алтын тамыр», 1986, 103 – бет.
-
Ш.Уәлиханов «Жоңғар очерктері», 1985 жыл, 137 –бет.
-
С.Мұхтарұлы., Шоқан және өнер., Алматы 85, 197 – бет.
-
Манас, І том, «Щиңжаң ел баспасы», 1984 жыл, 109 – бет.
-
«Қазақ әдебиеті» газеті, 1936 ж, 30 қаңтар.
-
Б.Смирнов. В степях Туркестана, м., 1914, стр 33 – 38.
-
В.М.Жирмунский. новые материалы о Киргизском эпосе «Манас» Изв.АН СССР 1960 № 2, стр 152 – 155.
-
П.М.Мелиоранский. о составе и общем характере киргизских былин. Тургайская газета. 1896 № 68, стр 2 – 4.
-
Ф.Е.Корш. Древнейший народный стих.тур.племен., Записки ВОРАО Т ХІХ.
-
Қазақ Университеті ғылыми кітапханасы, қолжазбалар бөлімі, №31.
-
Архив А.Н.Кыргызстана – ІІІ том, 1952 г. 679 стр.
-
Ә.Молдаханов, Мұхтар Әуезов – Фольклортанушы. Алматы 97, 56 – бет.
-
Сейдін Байзақов, Түбі бір түркілер. Аламты 2000 ж. 27 бет.
-
Литература народов СССР, 2 часть. 407-бет.м., 73.
-
Ә.Кекілбаев «Бағзыдан жеткен баба жыр». 543 -559.
-
Н.И.Веселовский. Отрывок из поэмы Манас: «Смерть Кукотай хана и его поминки». В переводе Ч.Ч.Валиханова. 3ВОХV, вып 1, стр VІІ – ХV.
-
В.В.Бартольт. Киргизы.Фрунзе. 1927, стр 50.
-
Краткая литературная энциклопедия. М., 75. гл.редактор А.А.Сурков.
-
Литература народов СССР, В.А.Шошин. М., «Провещение» 1982.
-
«Жұлдыз» //Р.Бердібаев, «Шоқан Уәлиханов және қырғыз ауыз әдебиеті», 43 -50 б.
Достарыңызбен бөлісу: |