«Қырғыздарды (қазақтарды – Т. Ж.) жерге орналастыруды емес, қырғыз даласы (қазақ даласы – Т. Ж.) туралы ойлау керек, тұтастың мүддесі бөлшектердің мүдделерінен маңыздырақ



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі496.5 Kb.
#20141
1   2   3

«Таптық және тектік (сословиелік) алауыздық пен бөлінудің жоқтығы, тұрмыс пен шаруашылықтың бір формасы қазақ халқын біріктіре түсті, сана-сезімі ояна бастаған халық жалпыұлттық мұрат-мүдделерді талдауға ұмтылды. Жалпыұлттық мәселелердің ішіндегі ең маңыздысы ұлттық мемлекеттік дербестік мәселесі еді. Бұл мәселенің күн тәртібіне өткір қойылуына ықпал еткен мына жағдайлар болатын:

1. Қазақ халқы өзінің ұлттық тәуелсіздігі мен дербестігін әлі ұмыта қойған жоқ еді, қазақтардың орыс бодандығына толық өтуі өткен ғасырдың 80-жылдарында, яғни, бұдан 50 жылдай бұрын ғана аяқталды.

2. Бастан кешіріп отырған патша өкіметі отарлау саясатының қорлығы мен езгісі.

Міне, сондықтан да 1905-1906 жылдардағы революция кезінде, қазіргі кезде де қазақ халқы ең алдымен ұлттық дербестік пен тәуелсіздікті талап етті, дербестік Қазақ өлкесін автономиялық жолмен басқару арқылы көрінуі керек.

Революцияның басында қазақ халқы ұлттық автономияны Құрылтай жиналысы арқылы да алмақ болды, бірақ, кейінгі Октябрь ревоюциясы мен елдегі азамат соғысы қазақтардың көзін ашты. Бостандықтың құны қымбат, сондықтан да билік басындағылар бостандықты оңай бере қоймайды. Тәуелсіздік пен бостандыққа тек ұйымдасқан күрес арқылы ғана жетуге болады. Күрес нәтижелі болу үшін қоршаған қоғамдық ортадағы әртүрлі саяси ағымдарға бейімделе білудің және күрес жолында сенімді одақтастарды таңдай білудің де үлкен маңызы бар.

Осы алғы шарттарды айта отырып, қазақтардың саяси ұйымдармен, қазақ халқының ұлттық тәуелсіздігі жолындағы күрестегі партия ұйымдарының міндетімен, күрес әдістерімен таныстыруды мақсат еттік»,– деп баға бермес еді.
Ххххххххххххххххххххх

Өйткені: 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында өткен Орал қазақтарының І құрылтайында Халел Досмұхамедов:



«Біздің мақсатымыз ел билігін халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта өз тағдырын өз қолына алуы тиіс. Біз тапқа, жікке бөлінбейміз, біртұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз. Жайық өңірін мекендеген басқа ұлттармен достық одақ құрып, олардың өзара араздасуына жол бермеуіміз керек, өйткені бұл заман тудырған біздің тағдырымыз. Қазір желбіреп тұрған бостандықтың жасыл туы бәрімізді бірлікке, бауырластыққа шақырады. Қазақтың қара шаңырағы бәріне де пана бола алады. Сондықтан да саяси арандатушылардың жолын бөгейік, қан төгіске жол бермейік. Елдің берекесінің кетуіне түпкілікті себеп қазақтарды жік-жікке бөліп, оларды бірін-біріне қарсы қойып, қан қақсатқан саясат. Бізге береке-бірлік әперетін тек қана Әділдік. Қалың халықты тонаушылар, момындарды жылатушылар бізге жолдас бола алмайды. Қазақты, басқа халықтарды аяусыз қанаған патша орынынан түсті. Қазақты елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетін қайраткер ғана басқаратын болады. Сол себептен де біз қалай да Ресейден автономия алуға тиістіміз», деп сөйлегенде төрде тұрған «Құран» аяты жазылған жасыл Ту – осы Ту еді.
ххххххххххххххххххххххххххххххх
Досмұхамедов (жалғасы): 6). Сұраққа жауап: ұйымның саяси және экономикалық бағдарламасына келетін болсақ, бізге жалпыға ортақ сайлау құқығына негізделген Халықтық Ұлттық Демократиялық Республика керек деп есептедік. Мемлекеттік өкілетті заңды орган Парламент болуы тиіс. Президенттік басқару мәселесі талқыланған жоқ. Ауыл шаруашылық мәселесіне келетін болсақ, онда міндетті түрде реформа жүргізілуі тиіс. Біз: жерге міндетті түрде мемлекеттік меншік орнауы тиіс, жерге жеке меншік жойылуы керек. Егерде жер билігі мемлекеттің қолыңда болса, онда байлар мен феодалдарды қысып ұстауға болады. Оның есесіне біз европалықтардың жерге қоныстануына қарсы болдық. Жерді ең алдымен еңбек шартымен жергілікті халыққа бөліп беру керек. Қашан қазақтар шаруашылыққа бейімделіп, жерді өзара толықтай игергеннен соң ғана қоныс аударушыларға телімге рұқсат етуге қол жеткізуге болады. Мал шаруашылығы саласында қалыптасқан шаруашылық үрдісін сақтау, қуаң және жартылай қуаң жерлерді суландыру, су реформасын жүргізу, өнеркәсіпті дамыту мәселелері алға міндет етіп қойылды. Ұйымның бағдарламасын мен, Жаһанша Досмұхамедов және Тынышбаев жасады. Бағдарлама кімде сақталғаны есімде жоқ, Әділевте ме, жоқ, Жәленовте ме, білмеймін».

Ххххххххххххххххххххххххххххххххххх

З.Валидов: «Жадитшілдер» мен социалистік «Ерік», қазақтардың «Алаш» партияларымен бірігіп мен ұсынған жеті тармақтан тұратын Ортақ бағдарлама қабылдадық: 1. Тәуелсіздікке жету; 2. Демократиялық мемлекет орнату; 3. Ұлттық армия құру; 4. Экономикалық басқару құрылымын орталықтандыру: темір жолдар мен қазба арналарды (каналдар) Түркістанның ұлттық меншігі деп жариялау; 5. Оқу-ағартуды жүйесін жаңарту және орыстардың ықпалынсыз батыс мәдениетімен тікелей байланыс жасау. 6. Ұлт мәселесі жөнінде: мектептерді және мемлекеттің табиғи байлығын мемлекеттегі ұлттардың үлес салмағына сәйкестендіре бөлу; 7. Толық діни еркіндік, дін істерін мемлекет ісімен араластырмау. Қазақтар Діншені өкіл етіп қалдырып, елдеріне қайтқан соң, соңынан келген «Жадитшілдер» мен «Ерік» партияларының жеке-жеке бағдарламалары қабылданды. Бұл – Бұқарада бас қосуымыздың негізгі нәтижесі еді...».

Х.Досмұхамедов (жалғасы): Ұйымның басты құрылымы екі жағдайды ескере отырып қарастырылды: бірінші, кеңес өкіметі құлаған жағдайда, екінші Әнуар паша жеңілген жағдайда не істеу керектігі басты назарға алынды. Бірінші жағдайда – кеңес өкіметі құлаған жағдайда Қазақстан демократиялық-федеративтік республика дәрежесінде Түркістанның негізгі бір құрылымы ретінде өмір сүреді. Ал екінші жағдайда: Қазақстан Түркістанның құрамына кірмейді, ССРО-ның құрамына дербес республика ретінде кіретін болады, деп ұсыныс жасалды. Біз ол кезде сіздердің федерация туралы шешімдеріңізді білмейтін едік, ол кезде Түркістанды өзбек басшылар билеп-төстейтін, жобаны жасаған да солар болатын. Қазақтардың өзбектермен аралас тұратынына қарамастан, біз өзбектердің бұл ұсынысына мүлдем қарсы болдық. Өйткені біздің басты мақсатымыз – барлық қазақтың басын қосу болатын. Біз тіпті қытайдағы қазақтарды да қосып алудың жолын қарастырдық. Әрине, олар өздері мекендеп отырған территориясымен қазақтың құрамына кіру керек деп есептедік. Бұл жоспар сол қиял күйінде қалды, іс жүзінде еш нәрсе де атқарылған жоқ. Бұған қазақстандық қазақтардың қалай қарайтыны маған белгісіз. Жат жердегілердің жағдайы өте ауыр күйде, өмір сүру дәрежесі төмен, сондықтан да бірігуге қарсы бола қоймас деп ойладық.

М.Тынышбаев (жалғасы): «…Ұйымның саяси-экономикалық бағытына келетін болсақ мынадай ұсыныс жасалды. Бірінші: Қазақстан Ұлттық Демокаратиялық республика болуы тиіс. Қазақстан географиялық және тарихи тұрғыдан Ресеймен де, Орта Азиямен де тікелей байланысты. Орта Азия федерациясының құрамына Өзбек, Түркімен, Қарақалпақ және басқа да ұлттар кіреді».

Хххххххххххххххххххххххххх

Х.Досмұхамедов (жалғасы): «Жер мәселесі туралы нақты ешнәрсе айта алмаймын. Бұл мәселемен мүлдем таныс емеспін. Ал жастармен Жәленов пен Әділев тікелей жұмыс істеді. Олардың нақты міндеттері болды. 25-жылға дейін комсомол ұйымы құрылғанша жұмыс істеді...



13). ...Сәдуақасов пен сәдуақасовшыларға біз іштарта қарадық, әсіресе, жер мен ауыл мәселесі жөніндегі көзқарасы бізге барынша жақын болды. Шындығында мен бұл мәселелер жөнінде онымен пікір бөліскемін жоқ, бірақ та сөйлеген сөздері мен газеттегі мақалаларынан білуге болатын. Біз ол кезде Ташкентте болғандықтан да істің жайынан тыс қалдық. Сәдуақасовшылармен және Сәдуақасовпен ешқандай байланысымыз болмады. Ол кісімен Ермеков, Байтасов, Байтұрсынов, Дулатов, Ғаббасов жақсы таныс болатын, әр тақырыпта пікір бөлісетін. Сәдуақасов солардың ықпалында болды деп ойлаймын».
Х.Досмұхамедов «іштарта қараған» С.Сәдуақасовтың сол жылдары мерзімді баспасөз арқылы білдірген:

«Бүгінгі таңда ұлттық шет аймақтардағы жер саясаты саласындағы нақты міндет 1) Қоныс аударушы байырғы тұрғындармен қоса жергілікті халықты да жерге түпкілікті орналастыру. 2) Жаппай жерге орналастыру (бұған өз еркімен келгендерді жерге орналастыру да, халықтың табиғи өсімін ескере отырып, жер қорын белгілеу және т.б. кіреді) жөніндегі жұмысты қызу қарқынмен жүргізу, осының нәтижесінде артық жер бар болса, анықтау»;

Хххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Териотри:

Х.Досмұхамедов (жалғасы): «Ташкенттен қоныс аударғанда Қожановпен, Рысқұловпен бір рет кездестім. Баспахананы Ташкентте қалдыруға Қожановты көндірдім. Ол өтінішім орындалды ма, жоқ па, білмеймін. Мен астананы Ташкентке көшіру туралы пікірді жақтадым. Көпшілік адамдар қалыптасқан дәстүрі бар, мәдениеті жоғары Семей қаласын астана ету керек десті. Шымкент қаласы да ұсынылды. Ходжаев (Түркістанның үкімет басшысы, өзбек – Т.Ж.) астананы ауыстыруға келісті. Оның алдында Ходжаев: Қазақтар мен өзбектер бітеқайнасып араласып кетті. Оларды бөлудің қажеті жоқ, халқы да, территориясы да Өзбекстанның құрамында қала берсін, деп жүрген болатын. Қазақстанмен олардың байланысы шамалы болатын. Ол: Түркістанның құрамындағы Жетісу автономиясын құрайық, деп ұсыныс жасаған еді. Ақырында Түркістанның құрамындағы «Қазақстанды» үлкен Қазақстанмен біріктіруге келісті. Оны үгіттеп көндірдім деп айта алмаймын, бірақ та әкімшілік бөліс кезінде ол белсенді түрде араласты. Үкімет өкілі ретінде мәдени құндылықтардың қайда қалатыны туралы пікір-таласқа қатысып, мәлімдеме жасадым. Соның нәтижесінде мәдени мұралардың біразы Қазақстанға берілді. Бұл мәселе жөнінде Қожанов дұрыс пікір ұстанды. Бөлінуге, мысалы Төреқұлов қатты қарсылық жасады. Ол ақыры өзінің пікірінен қайтпады. Бұл туралы Рысқұлов пен Әділев, Тынышбаев 1922-23 жылдары пікір алысып, тапсырма алған болуы тиіс. 1922-23-24 жылдары астыртын ұйымда бұл мәселелер қызу талқыланды. Кіші Қазақстанды үлкен Қазақстанға қосуды қолдау керек, сол бағытта: халық арасына үгіт-насихат жұмысын жүргізу, халық ішінде қарсылық пікір туғызу, олардың намысын ояту керек, – деп шештік. Ұйым мүшелері үкіметтің алдына: «Бөліну мәселесіне бізді де қатыстырып, ұсынысымызды айтуға мүмкіндік беріңдер», деп мәселе қойдық. Бұл ретте мені Қожамқұлов пен Қожанов қостады. Ұйымның өзге мүшелері де осындай тілек білдірді. Олардың кімдермен сөйлескенін анық білмеймін.

Хххххххххххххххххххххххххххххххххххх

Х.Досмұхамедов (жалғасы): «20). «Тұтқындалғанға дейін «Алашорданың» мүддесі үшін қандай іс-әркет жасадыңыз?», деген сұраққа айтарым мынау: Ташкенттегі № 2 баспахананы Орынборға ауыстыруға қарсы болдым. Баспаханың Ташкентте қалуы пайдалы екендігіне көздерін жеткіздім. Жалпы алғанда мен Орынбордың астана ретінде қабылдануына қарсы болатынмын. Сонымен баспахана Ташкентте қалдырылды. Бұл ұлттық бағыттағы кітаптарды өзіміздің бақылауымызға алып, басып шығаруға мүмкіндік берді. Сондықтан да мен жоғарғы оқу орындарына арналған ғылыми кітаптарды шығаруға және баспахананы техникалық тұрғыдан жабдықтауға жан-тәніммен кірістім. Қазақстанның өзіндік дербес оқу жүйесі болуына бар жігерімді жұмсадым.



21). Араб әліпбиін қалдыруға мен ешқашан қарсы болған емеспін. Араб қаріпімен қоса латын әрпін қатар пайдалану мүмкін емес деп есептеймін. Төреқұловтың: «Бұл мәселені революциялық жолмен шешеміз, араб әліпбиі мен ұйымның көзін жойып, коммунизмге барамыз», – дегені бар. Мұны естіп мен барлық жұмыстан бас тарттым. Ол туралы: «Азған адамның тозған ісі», – деген пікір білдірдім.

22). «Егерде төңкеріс бола қалған жағдайда, онда біздің ұйымның дәргейімен жалпыға ортақ әскери міндетті енгізу керек», - деген ұсыныс жасалды».

Ххххххххххххх



Біздің барлық мақсатымыз: Кеңес өкіметі еркін партия құруға, жеке бағыт ұстануға мүмкіндік бере ме, жоқ па, ондай болған жағдайда бұқаралықтар Кеңес өкіметі жағына шыға ма? деген мәселені білу еді. Сол мақсатпен Бірімжановты Бұқараға жіберуді ұйғардық. Ол бас тартқандықтан да, бұл мәселе нәтижесіз қалды. Өтегенов Садықты кімнің жібергені белгісіз. Біз оған күдікпен қарадық. Ақылды, беделді болғандықтан да ... баруға үгіттедік. Біздің басты бағытымыз мынау еді: Қазақстан жағырапиялық жағынан біртұтас мемлекет ретінде басқарылуы тиіс. Барлық жоғарғы лауазымдар сайланып қойылуы керек. Егерде Кеңес өкіметі саяси еркіндік жариялап, еркін партия құруға мүмкіндік берсе, оларға да осы талапты қою керек дестік. Бұл бағдарламаға Тынышбаев екеуміз қандай үлес қоссақ, Жаһанша Досмұхамедов те сондай дәрежеде белсене қатысты. Ол ұйымның құрылымы мен бағытына қарсы болды ма, жоқ па, есімде қалмапты. Қалайда өзара пікір таласы болғаны анық. Қалайда кеңес үкіметінің халық соттары халық ішінен сайланып қойылуы тиіс дестік. «Тәуелсіз Халық Республикасы жарияланады», деген лақап рас болса, бұл әбден мүмкін жайт еді.

Хххххххххххххххх



И.Қашқынбаев (жалғасы): «Болашақ үкіметтің құрамы туралы. Бұл мәселе бірде-бір рет талқыланған емес. 1924-жылғы жер межелеу кезінде өзбек ұйымының өкілдері Мінауар қари Әбдірашидовпен, Ғұбайдолла Ходжаевпен және Миржалиловпен бірінші және соңғы рет бас қостық. Мәжіліске Тынышбаев және мен қатыстым. Ол кезде біздің ұйымымыз таралып кеткен, оны мойындауға өзбектердің алдында батылымыз бармады. Мінауар қари бізге Қазақстан туралы мәліметтерді беруді ұсынды, ал олар шетелдіктермен парсы елшілігі арқылы байланыс жасап отыр екен. Біз мағлұматтарды беруге келістік, ал өзбектерге қаржылай көмек көрсетуден бас тарттық, ешқандай қаржымыздың жоқтығын айттық. Әрине, кейін оларға ешқандай мағлұмат берілген жоқ (маған солай сияқты). Аталған үшеуінен басқа өзбек ұйымының мүшелерінің ешқайсысын білмеймін. Біздің ұйымда ешқандай қаражат болған емес. Бірақ Әділев пен Бірімжановтың Бұқараға барғандағы жол қаражатынан басқа шығын да болған емес. Бірімжанов арнайы іссапардың қаражатын пайдалануы мүмкін, ал Әділев ешқайда жұмыс істемегендіктен де, жолақыны қайдан алғанынан мағлұматым аз.

Біздің отырыстарымызда қандай мәселелердің талқыланғанын еске түсіру қиын. 1921 жылдан бастап 1922 жылдың аяғына дейінгі отырыстар қыста өткізілді. Жазда бәрі жан-жаққа тарқап кететін. Негізгі тақырып: кеңес өкіметі мен ақ эмигранттарға көзқарас, жер реформасы туралы болатын. Алғашқы мәселе жөніндегі бастапқы пікірлеріміз бірдей болатын: Кеңес өкіметінің күні санаулы, мәңгілік отырмайды, ерте ме, кеш пе, әйтеуір соғыс басталады, ол СССР-дің жеңілісімен аяқталады, – дестік. Біздің мақсатымыз – ұлттың негізгі ұйытқысын қырғынға ұшыратпай, аман сақтап қалу. Айтпақшы, төңкеріс бола қалған жағдайда, орыс шовинистері бізді қырып тастамас үшін қырға шығып кету керек – дегенге келістік. Кеңес өкіметіне ашық қарсы тұрудан бас тарттық. Бұл шешім жағдайдың өзгеруіне байланысты, бірде – алай, бірде – былай ауытқып отырды. Заки Валидов саясат сахнасына шыққанда олармен байланысқа шығып, дипломатиялық амалдау бағыты ұсталды. Ешқандай белсенді әрекетке бармау керектігі айтылды. Заки Валидов оған қанағаттанбай, нақты көмек көрсетуді талап етті. Егерде біздің ұйым оған көмектеспесе, не көмектескісі келмесе, онда қазақ халқына басқаша жол табатынын жариялады. Бұл біздің ұйымның мүшелерінің көпшілігін сескендірді, белсенді түрде араласуға уәде етісті. Бәрі де сөз жүзінде қалды. Не қаражат жоқ, не күш жоқ. Валидовті түстікпен қамтамасыз етуге тура келді. Валидовке нақты қолдау көрсетілмеді. Кейіннен бізге, әсіресе, Досмұхамедовке келісімді бұзғаны үшін қатты-қатты сөздер айтты.

Мынадай сөздер: кеңес өкіметі қазақ халқының мәдениетін дамытуды қолға алып жатыр, кеңестік платформаны сөзсіз мойындау қажет, мүмкіндігі барлар партияға өтіп алуы керек, – деген сөздер жиі айтылып жүрді. Бұл мәселе бірнеше рет талқыланды. Кейіннен партияға өтуден бас тарту ұйғарылды. Тек біздің халқымыздың игілі үшін жасалған шараларды ғана белсенді түрде қолдау міндеттелді.

Кеңес өкіметінің Жетісудағы жер реформасын толықтай қолдады (бұл: ұлтаралық қарым-қатынастың шиеленісуіне алып келуі мүмкін – дегендер де болды). Бұл салада қызмет істегендер қорыққаннан емес, ар-ожданымен жұмыс істеді».

Хххххххххххххххххххххх

Ә.Ермеков (Естеліктен): «Москваға келгеннен кейін В.И.Ленин төрағалық еткен комиссияның отырысында мен Қазақстандағы жағдай туралы баяндама жасадым. Маған дейін Түркістан республикасындағы жағдай туралы «Түрккомиссиясының» мүшесі жолд. Сафаров сөйледі. Аса қуатты жігерге ие бұл адам отарланған аудандардағы бұратана халықтың аса ауыр жағдайы мен Столыпин реформасынан кейін қоныс аударушылардың кесірінен туындаған қиыншылықтарды сон дай бір сенімді де нақты дәлелдермен жеткізе білген тиянақты баян дама жасады. Ол: өзінің ата қонысынан айырылған және келімсек-кулактардың аяусыз теркісіне ұшыраған қазақ батырақтарының бишаралығы мен көрген қорлығын ашына айтты. Ол: «Шұғыл түрде жер реформасын жүргізіп, барлық кулактардың жерін тартып алып, олардан алынған жерді бұрынғы иесіне қайтарып беруді талап етті. «Сонда ғана бұратана халық бостандықты сезіне алады, ұлы қазан төңкерісінің жемісін көре алады», – деді. Владимир Ильич оның көзқарасын қолдады және содан біраз уақыт өткен соң Ораз Жандосовтың т.б. қатысуымен Түркістанда жер реформасы жүргізілді».

12 тамыз күні Лениннің төрағалығымен өткен мәжілісте Ә.Ермеков негізінен қазақ автономиясының шекаралық аудан мәселесіне баса назар аударды.



Ә.Ермеков (Естеліктен): « Мен өзімнің баяндамама кіріспей тұрып, Ұлы Октябрь революциясы көсемінің алдында қатты толқыдым. Бірақ оның қарапайымдылығы, мейрімділігі, кіші халықтарға деген ерекше қамқорлығы маған жаймашуақ әсер етті. Баяндама кезінде мені оның ширақтығы, ойының өткірлігі, аз халықтың баяндама жасаған өкілін әділ де батыл қолдауы бей-жай қалдырмады.

Көтерілген барлық мәселелерді талдауы мен ондағы қойылған мәселелердің барлығынан хабардар болуы және оған бойлай енуі таңқаларлық еді. Ол менің баяндамама да катысты қызығушылық пиғыл көрсетті: мұқият тыңдады, мүмкін болатын қателіктерден сақтандырды, ал әділ шешімді талап ететін қажетті шараларды батыл қолдады. Владимир Ильич тек тыңдап, талдап қана қоймай, әрі қызына пікір айтып, бүкіл баяндаманың басынан бастап аяғына дейін белсене қатысып отырды. Сөйтіп, адамзаттың ұлы данышпаны маған ұмытылмас әсер қалдырды. Осынау ұлы ойшыл-революционердің рухы алдында басымды иіп тағзым етемін.

Енді Владимир Ильичтің баяндамадағы шиеленіскен мәселелерді дұрыс шешуге катысып, берген көмегі туралы, елу жылдан кейін де есімде қалған жеке-жеке эпизодтарға тоқталайын.

Мен өзімнің баяндамамда, негізінен, Қазақстанның шекарасын анықтауда үлкен маңызы бар күрделі де шиеленіскен жер мәселесіне тоқталдым (Бұл мәселелер Лениннің көзі тірісінде шешілген болатұғын, сондықтан да қазір тарихи-анықтамалық қана сипат алады.

Патшалық Россия кезінде сол кездегі қолданыстағы заң ережелерін бұза отырып, қазақ жұртының иелігіндегі өзен, көл жағалауын, орман алқабын, саяжай орналасқан тоғайларды, қара топырақты жерлерді, жасыл алқаптарды тартып алған болатын. Ал бұл «белдеулердің» Ертіс бойындағы көлемі әуеліде ені 10 десятинадан бастап ұзындығы 70 десятинаға дейін жетті, ал Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы әйгілі «миллиондық қор» деп аталатын аса ірі атырау мал өндірісімен айналысушылардан тартып алынып, шіркеуге, қазыналық қарашығын деп аталатын салғырттың есебіне және қазынаның жеке билігіне берілді.

Қазақтардың пайдалануындағы жерлерді тартып алатын мұндай әпербақандық – Ресейдің ішіндегі аса ірі жер иелері мен помещиктердің помещиктердің құлқын жоқтайтын столыпиндік реформадан кейін тіпті өрістеп кетті. Ол Мемлекеттік Дума мінбесінен: «Қазақ даласы мен Түркістандағы ұйымдасқан кулактардың қожалығы жергілікті тұрғындардың мүддесін секермеуі тиіс, керісінше ол – патша режимнің тірегі болуы тиіс», деп ұран тастап, патшалық саясаттың тірегіне айналды. Сөйтіп жергілікті тұрғындарды ойламай, Қазақстан мен Түркстанда қулактардың иелігіндегі шаруашылықтың қанат жаюына бар күшін салған еді. Онда (мәжілісте – Т.Ж.) Каспий жағалауы туралы мәселелер өткір пікірталас тудырды. Ал жергілікті тұрғындардың жер туралы мәселесі, тіпті, қаралған да жоқ болатын. Ертістің он шақырым сол жақ беті 1904 жылғы орыс-жапон соғысы алдында сенат үкіметінің қаулысымен Сібір казактарының иелігіне берілген. Ал қазақ елі өзінің ата-бабасының жерінен айырылып қана қоймай, оның үстіне осы жайылымдыққа малын бағу үшін орыс кулактарына орасан зор қаржы төлеп, тез арада кедейлікке ұшырады. Сөйтіп олар әрбір казак семьясына қызмет ететін үй шаруасындағы жұмысшы ретінде батырақтарға айналды. Қазақ өлген кісісін жерлеу үшін зират орынына алтын ақша есебімен 18-20 сом төлегені туралы деректер архив құжаттарынан белгілі.

Мен баяндамамның соңында: осы он шақырымдық жерді қазақ халқы ежелден иеленіп келгендіктен де, өздеріне қайтарып беру туралы ұсыныс жасадым.

Ал Каспий теңізінің солтүстік жағалауы – салық жинайтын жер болып жарияланғанымен, патша үкіметі қазақ тұрғындарын иеленген жерлерінен көшіре алмады. Себебі, Каспийдің солтүстік жағына карай «Рың (Нарын – ? – Т.Ж.) құмдары» деп аталатын құм бұйраттары созылып жатыр. Экономиканың қатал заңы тұрғындарды Каспий теңізі жағалауына қуды. Онда олар балық аулаумен шұғылданып, кемеде жұмысшы болып істеп, күн көріс мүмкіндігіне ие болды.

Баяндамамның соңында: қазақтардың бұрын иеленіп келген жерлері өздеріне қайтарылсын және жергілікті қазақ пен отырықшылданған орыс тұрғындары қашан орнығып біткенше Россиядан қоныс аударуды тоқтатқан жөн, – деген ұсыныс жасадым. Осы жерде Владимир Ильич менің сөзімді бөліп: «Қызық екен, орталықтағы жолдас, біздің ЦК-ның мүшесі Сафаров: Түркістаннан барлық кулак шаруашылығын көшіріп жіберу керек, – десе, сіз: тек жергілікті қазақтар мен отырықшылданған орыстар орын тепкенше қоныс аударуды тоқтату керек, - дейсіз. Бұл қалай? Мен мұндай пікірді күтпеп едім?», – деп бір сәт күмілжи қарады. Мен: «Сафаровтың Түркістанның жағдайын жақсы білетінін, ол сол жерде ұзақ уақыт қызмет істегенін айта келіп, ал Қазақстанның жағдайында ондай ұсыныстан бас тарту керек», – дедім. Және де өз ұсынысыма негіз ретінде солтүстік аймақтардағы қазақ пен орыс тұрғындарының сан жағынан арақатынасы жайлы статистикалык мәліметтерді келтірдім. «Орыс тұрғындарын көшіріп жібереміз деген шешімнің орындалу мүмкіндігіне сенбеймін, себебі, ұлттар арасында алауыздық туу қаупі бар», – дедім. Сонда Владимир Ильич: «Ендеше ойлану керек», – деді.

Бұдан кейін: «он шақырымдық кесімді жер» мен жерге орналастыру мен ауыл шаруашылығын ұйымдасиыру туралы барынша қамти айтқаныма қарамастан, Владимир Ильич: «Тағы да қосымша айтарыңыз бар ма?», – деп сұрады. Сонда мен жастардың атынан (ол кезде 29 жаста едім): жерді өңдеуге және шөп шабуға арналған ауыл шаруашылығы машиналарымен қамтамасыз етсе, сөйтіп ауыл шаруашылығы коммуналарын ұйымдастырсақ, – деген тілек айттым. Владимир Ильич қолын сермеп: «Керегі жоқ, керегі жоқ. Біз ауыл шаруашылығы коммуналары жайлы, тіпті, Орталық Россияда да әлі ойластырғамыз жоқ», – деді. Владимир Ильичтің тарапынан айтылған мұндай сілтеме қсынысқа мен қатты абыржып қалдым.

Коммиссияның мәжілісінде, жасаған баяндамамның біздің республикамыздың территориясын анықтау туралы тұсында: Каспий теңізінің солтүстік жағалауының – Астрахань губерниясынан Қазақстанға қайтарылғаны тиімді екендігі жөніндегі жоғарыдағы ұсынысымдықайталап айттым. Менің бұл ұсынысыма көптеген адамдар мүлдем қарсы болды. Ірі басшылар, әсіресе Астрахань губерниялық атқару комитетінің председателі (фамилиясы есімде жоқ), Лежава, Брюханов секілді басшылар: Каспийдің балығымен Москва жұртшылығын асырап отырмыз, еліміз азық-түлік қиындығын бастан кешіп отыр, – деген сылтауды алдыға тартты. Сөйлеушілердің бұл мәселеге теріс көзқарасын байқаған Владимир Ильич маған бұрылып: «Біздің экономистер жан-жақты талдап, батыл айтқан секілді, ұялмаңыз, өзіңіздің ойыңызды еркін айта беріңіз, енді сөз сізге беріледі», – деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет