Ірі қара малды қолдан ұРЫҚтандыру бойынша ұРЫҚтандырушы-техниктерге арналған оқУ ҚҰралы астана 2011 ббк 46. 0


ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР



бет2/4
Дата07.07.2016
өлшемі12.31 Mb.
#183621
1   2   3   4

4. ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР
Қолдан ұрықтандыруды жүргізуге қажетті құрал-саймандар (сурет 2):

  1. Дьюар ыдысы – ауыл шаруашылық малдарының ұрықтарын ұзақ уақыт бойы сұйық азотта сақтауға арналған.

  2. Қысқыш (пинцет) – пайеттерді ыдыстан алып шығуға арналған.

  3. Пайеттерді еріткіш – пайеттердегі ұрықтарды ерітуге арналған.

  4. Салфеткалар – пайеттерді сүртуге арналған.

  5. Пайеттерді кескіш немесе қайшыларпайеттің жабық шетін кесуге арналған.

  6. Шприц - катетер – пайеттерді ұрықпен толықтыруға және жатырдың денесіне ұрықты еңгізуге арналған.

  7. Чехолдар сиырдың жыныс жүйесінің кілегей қабығын темір шприц-катетермен зақымдаудан сақтап қалуға арналған.

  8. Бір рет пайдаланылатын қолқаптар – малдарды ұрықтандыру кезінде гигиеналық-қорғауыш құрал ретінде пайдаланылады.

  9. Майлауыш-гель – бір рет пайдаланылатын қолқаптарды майлауға арналған.




Сурет 2 - Қолдан ұрықтандыруға арналған құрал-саймандар

5. ҰРЫҚТЫҢ ТІРШІЛІККЕ БЕЙІМДІЛІГІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Өндіруші бұқаның ұрығымен жұмыс істеу кезінде ұрықтын тіршілікке бейімділігіне төмендегідей факторлар әсер ететіндігін естен шығармау қажет:

- жарық – күн сәулелері ұрықтардың өлуіне әкеп соғады, сол себепті ұрықтарды күн сәулесі түспейтін, қаранғы жерде сақтау қажет, ал ұрықтармен күн сәулесі батқан уақытта немесе электр жарығымен жұмыс істеу керек. Ұрықпен жұмыс істеуге қажетті столды жарық тура түспейтін орынға орналастыру қажет;

- температура – ұрықтарды 42°С-ге дейін қыздыру және минус 1°С-ге дейін мұздату қауіпті болып саналады. Сол себепті ұрықтарды температураның күрт төмендеуін немесе күрт жоғарлауына жол бермей, белгіленген бір тұрақты температурада сақтау қажет, ал ұрықтармен жұмысты ұрықтандыру пункттерінде, бөлмелік температурада істеу қажет.

- су – ұрықтарды бірден өлімге ұшыратады, сол себепті ішінде ұрықтары бар пайеттерді ішіне су кіріп кетпейтіндей етіп салфеткамен әбден құрғатып сүрту қажет;

- спирт - ұрықтын өлуіне әкеп соғады, сол себепті құрал-саймандармен ыдысты спиртпен зарарсыздандырғаннан кейін натрийдің бикарбонатының 1 %-дық стерилді ерітіндісімен немесе натрийдің лимонқышқылды 2,9%-дық ерітіндісімен қайта жуу қажет.

Малдарды қолдан ұрықтандыру бекеттерінде пайдалануға қарастырылмаған дәрі-дәрмектер мен зарарсыздандыруға арналған заттарды пайдалануға тыйым салынады.

Ұрықтар сақталатын ғимаратта темекі шегуге тыйым салынады.


6. ПАЙЕТТЕРДІ ЕРІТУ ЖӘНЕ КАТЕТЕРГЕ ЕҢГІЗУ ТӘРТІБІ
Ішінде ұрығы бар пайеттерді төмендегідей ретпен еріту қажет: технолог сол қолымен ыдыстын қақпағын ашып, қақпақты ыдыстын жанына қойып, ішінде ұрығы бар стаканды ыдыстың мойынының түбіне дейін көтереді. Оң қолымен қысқышты алып, оның шеттерін сұйық азоттын қайнауы тоқтағанша суытады.

Суытылған қысқышпен бір пайетті алып шығып, жылдам түрде ерітуші құралға салады. Ішінде қалған пайеттері бар стаканды ыдыстын түбіне түсіріп, жылдам қақпақты жауып тастайды.

Пайеттерді, ерітуші құралда судың температурасын 34-36°С-ға жеткізіп, 30 секунд аралығында еріту қажет. Содан соң, пайеттерді ерітуші құралдың ішінен алып шығып, стерилді салфеткамен құрғатып сүртіп, жабық шеттерін пайет кескішпен немесе өткір қайшымен кесіліп тасталады(сурет 3, 4).



Сурет 3 – Пайеттерді еріту режимі Сурет 4 – Пайеттің жабық шетін пайет

кескішпен немесе өткір

қайшымен кесіліп тасталады
Пайеттерді мақтаның ұшымен шприц-катетердің ішіне кіргізеді, содан соң шприц-катетерге тірелгенше чехол кигізеді (сурет 5, 6). Егерде 10-15 минут аралығында пайеттерді жылдам қолдануға мүмкіндік болса, онда бір уақытта 2 пайетті ерітуге болады. Ұрықтын сапасы жалпы әдіс бойынша анықталады.



Сурет 5-Пайетті катетерге кіргізеді Сурет 6 – Катетерге чехол кигізіледі

Ұрықпен жұмыс істеу кезінде төмендегі ережелерді сақтау қажет:

- ішінде ұрығы бар пайеттерді алдын-ала ерітуге және қайта қатыруға жол берілмейді. Ішінде ұрығы бар пайеттерді стационарлық сақтау орындарынан Дьюардың тасымалдаушы ыдысына ауыстыру немесе бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстыру кезінде температураны аз уақытқа ғана жоғарлату ұрықтың сапасына кері әсерін тигізеді. Ішінде ұрықтары бар пайеттерді пайдаланғанға дейін міндетті түрде әрдайым сұйық азотта сақтау қажет;

- ұрықтарды ерітпес бұрын пайеттерді ерітуге және сиырлар мен қашарларды ұрықтандыруға арналған құрал-саймандар мен құрал-жабдықтарды алдын-ала дайындап алу қажет.



7. ЕРІТКЕННЕН КЕЙІН ҰРЫҚТЫН САПАСЫН БАҒАЛАУ
Ұрықтың сапасын тексеру үшін жылытылған заттық және жабындық шыныларды пайдалану қажет, олар жұмыс істеу кезінде микроскоптың жылытылатын Морозов столының үстінде тұруы қажет. Қатып тұрған ұрықтардың сапасын ерігеннен кейін ғана бағалайды.

Зерттеуге сынама (проба) алу үшін ішінде ұрығы бар шприц-катетерді алып, катетердің поршеніне басу арқылы заттық шынының бетіне бір тамшы ұрық тамызады, ұрық тамшысының үстін жабындық шынымен жауып, микроскоптың зат қоятын столының үстіне орналастырады. Содан соң, микроскоптың объективін 80-280 есе үлкейтіп (окулярды үлкейту еселігін объективті үлкейту еселігіне көбейтеді) ұрықтардың көп қозғалысы байқалған жерге бекітеді. Ұрықтардың сапасын анықтау кезінде микроскоптың УМ-401 П (окулярдың үлкейту еселігі 10;20 бірлікті, ал объективтің үлкейту еселігі 8; 20 бірлікті құрайды) және «Биолам» (окулярдың үлкейту еселігі 7;16 бірлікті, ал объективтің үлкейту еселігі 8; 20; 40 бірлікті құрайды) маркаларын пайдалануға болады.

Шәуітшілердің жылжымалығын он балдық шкаламен көзбен қарап бағалайды. Ең жоғарғы бағаны (10 балл) шәуітшілерінің барлығы тура сызықпен үдемелі ілгері ғана жылжитын шәуітке қойылады. 9 балды шәуітшелерінің қозғалысы 90%-ды құрайтын шәуітке, 8 балды шәуітшелерінің қозғалысы 80%-ды құрайтын шәуітке, ал 7 балды шәуітшелерінің қозғалысы 70%-ды құрайтын шәуітке қояды. Көзбен қарап бағалаудың туралығы субъективті екендігін ойдан шығармау қажет.



А Б В

Сурет 7 Өндіруші бұқаның ұрығы

А – қою; Б – орташа; В – сұйық.

ГОСТ 26030-83 (Өзгерістер № 1) «Бұқалардың қатырылған ұрығы» стандартына сәйкес өндіруші бұқалардың төменде көрсетілген сипаттарға ие шәуіттерді пайдалануға болады:

- шәуітшілердің жылжымалы болуы, балы (%), 4 (40) балдан кем емес;

- тура сызықпен үдемелі ілгері ғана жылжитын шәуітшелерінің саны бір дозада 15 млн-нан кем болмауы қажет;

- дозаныі көлемі 0,1-1,0 см³;

- шәуітшілердің 38°С-та өмір сүргіштігі 5 сағаттан кем емес;

- колититр теріс шамалы;

8. СИЫРДЫ ҰРЫҚТАНДЫРУ ПРОЦЕСІ
Ірі қара малды ұдайы өсіру биологиясында аналық малдың жыныс жолдарына ұрықты еңгізудің үш әдісі бар: ректоцервикалды, маноцервикалды және визоцервикалды.

Мал шаруашылығымен айналысудың қазіргі шарттарында бүкіл дүние жүзінде сиырлар мен қашарларды ректоцервикалды әдіспен ұрықтандыру кеңінен пайдаланылады, себебі бұл әдіс бүгінгі таңда ең ұтымды және үдемелі дамып келе жатырған әдіс болып саналады.

Зарарсызданған, бір рет пайдалануға арналған құрал-саймандардың көмегімен ұрықты сиырдың жатырының денесіне, тік ішек арқылы жатырды қолмен басып тұрып енгізеді. Сиырлар мен қашарлардың жемісті ұрықтанып кетуіне жыныс органдарына массаж жасау өзінің жақсы әсерін тигізеді. Массаждан кейін сиырдың жыныс жолдарына құрал-саймандар жеңіл әрі жылдам кіреді және сиырдың жатырының моторикасы жақсарып, ол оз тарапынан шәуітшелердің жұмыртқа жолына қозғалуын жақсартып және овуляцияның басталуына септігін тигізеді (сурет 8).




Сурет 8 - Ұрықтандырудың алдында аналық малдың жыныстық мүшелеріне массаж жасалады

Ұрықтандырушы – техник катетерді енгізу үшін қолына бір рет пайдаланатын қолқап киіп, оны арнайы гельмен майлап, тік ішекке сұғып, жыныс ернінің жоғары бөлігін созып өзіне қарай тартады, сонда жыныстық ерні ашылынқырағанда екінші қолмен катетерді қынапқа енгізеді. (сурет 9, 10).






Сурет 9 - Ұрықтандырушы-техник катетерді енгізу үшін жыныс ернінің жоғары бөлігін созып тартады




Сурет 10-Ұрықтандырушы-техник катетерді қынапқа енгізеді

Қуықтың саңылауына түсіп кетпеу үшін, катетерді бірінші кынап кіреберісінің төменгі жағынан 10-15 см-ге жылжытып, содан соң 45°-қа жоғары қаратып әрі қарай жылжытады, содан соң катетерді туралап жатырдың мойынына толығымен кіргенше жылжытады. Содан кейін ұрықтандырушы-техник қолымен жатырдың мойынын ұстап тұрып, катетерді жатыр мойынының каналына жақындатып, кішкене саусақтын көмегімен катетерді алдыға қарай бағыттайды (сурет 11, 12, 13).






Сурет 11- Катетерді төменнен жоғары қарай 45°-қа жоғары жоғары қаратып жылжытады




Сурет 12- Ұрықтандырушы-техник қолымен жатырдың мойының ұстап тұрып, қынаптың қыртыстарын жазады.




Сурет 13 Ұрықтандырушы-техник катетерді жатыр мойынының каналына жақындатып, кішкене саусақтын көмегімен катетерді алдыға қарай бағыттайды

Катетер жатыр мойынының каналына кіргеніне көз жеткізгеннен кейін, жатыр мойының алақанмен қысып ұстап аздап көтеріп, абайлап айналмалы қозғалыс жасап катетерге қарай жылжытады. Катетер жатыр мойынына кірген соң сұқ саусақпен бақылап тұрып катетерді жатырдың денесіне 0,5-1 см-ге жылжытып, катетердің поршеніне қысым жасау арқылы катетердің ішіндегі ұрықты ағызады. (сурет 14, 15, 16). Содан кейін, катетерді жыныс жолдарынан, ал қолды малдың тік ішегінен абайлап алып шығу қажет.






Сурет 14 – Ұрықтандырушы-техник абайлап айналмалы қозғалыс жасай отырып жатырдың мойынын катетерге қарай жылжытады




Сурет 15 - Сұқ саусақтын бақылауымен ұрықтандырушы-техник катетерді жатырдың денесіне 0,5-1 см-ге жылжытады




а б

Сурет 16 - Катетердің поршеніне қысым жасау арқылы катетердің ішіндегі ұрықты жатырдың денесіне (а, б)
Сиырлар мен қашарлардың аналық жұмыртқасын ұрықтандыру жұмысы нәтижелі болу үшін, оларды екі рет ұрықтандырады: бірінші рет – күйіті келген малды анықтағаннан 12 сағат өткен соң және екінші рет – 10-12 сағаттан соң.

  1. ҰРЫҚТАНДЫРУ КЕЗІНДЕ ЖІБЕРІЛЕТІН НЕГІЗГІ ҚАТЕЛІКТЕР

Ұрықтандыру кезінде жиі жіберілетін қателіктер:

1. Катетерді жатырға көлденең немесе аздап жоғарырақ қаратып енгізгенде катетердің ұшы соқыр ішекке кіріп кетуі мүмкін (сурет 17), бұндай жағдайда жатыр мойынын қолмен құрсақ қуысына көтеріп, катетердің ұшын аздап төмен түсіріп, содан соң ғана катетерді жатыр мойынына жылжыту қажет.




Сурет 17 – Катетердің соқыр ішекке кіріп кетуі

2. Қынапқа катетерді төмен қаратып кіргізгенде, ол қуықтың саңылауына кіріп кетуі мүмкін (сурет 18), ондай жағдайды болдырмау үшін катетерді қынапқа 45 0-қа жоғары қаратып сұғып, содан соң ғана алдыға қарай итеру қажет.


Сурет 18- Катетерді қуықтың саңылауына кіргізу

3. Жатыр мойынын қынап жағынан немесе жатыр денесінің артынан өте алыс ұстаған жағдайда, жатыр мойынының артқы бөлігі төмен түсіп тұрады, бұндай жағдайда жатыр мойынына катетерді еңгізуге мүмкіндік болмайды, катетерді еңгізу үшін жатыр мойының алақанмен толығымен қысып ұстап, кішкене саусақтың көмегімен катетерді жатыр мойынына бағыттау қажет (сурет19).





а




б


Сурет - 19 Жатыр мойынын қынап жағынан немесе жатыр мойынының артқы жағынан ұстау (а, б)
4. Буаз сиырды ұрықтандыру (сурет 20). Сиырларда буаздығының 4 – 4,5 айлығында кейбір физиологиялық қасиеттеріне байланысты жыныстық күйіттің белгілеріне ұқсас белгілер байқалады (жалған күйіт). Егер сиырлардың буаздығын анықтау бойынша зерттеу уақытылы жүргізілмесе, онда жалған күйітті табиғи күйітпен шатастырып, буаз сиырды қайта ұрықтандырып қоюға болады, бұндай жағдайда сиыр түсік тастайды.




Сурет 20 -Буаз сиырды ұрықтандыру

10. ҰРЫҚТАНДЫРУШЫ-ТЕХНИКТІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Ұрықтандырушы-техник қызметін зооветмамандары, сондай-ақ орта білімі бар, мал шаруашылығында жұмыс тәжірибесі бар, арнайы курстарда дайындықтан өткен және қолдан ұрықтандыру әдісі бойынша сынақтан өткен, осы бағытта жұмыс істеуге құқық беретін аттестаты бар мамандар атқара алады.

Ұрықтандырушы-техник міндетті:

- сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қолданылатын инструкцияға сай жұмыс істу;

- пунктерді таза ұстау, айына 3 рет дезинфекция жүргізу;

- шәуітті қабылдап алу және оларды сақтау ережелерін бұзбау;

- Дьюар ыдысындағы сұйық азоттың деңгейін бақылап отыру;

- шәуітті шаруашылықтың селекциялы-асылтұқымдық жоспарына сәйкес пайдалану;

- шәуіттің сапасын әр алған сайын және сиырлар мен қашарларды ұрықтандырудың алдында микроскоппен қарап тексеру;

- күйіті келген сиырлар мен қашарларды анықтау жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, бірнеше ұрықтандырылған сиырлар жайлы шаруашылықтың ветеринарына мағлұмат беру;

- күйіті келген сиырлар мен қашарларды уақытылы ұрықтандырып отыру;

- ұрықтандыру, суалту және төлдеу жорналында немесе арнайы карточкада ұрықтандырылатын сиыр бойынша мәліметтерді толтыру, сондай-ақ өндіруші бұқаның шәуітін пайдалану бойынша, сиырлардың буаздығын анықтауға жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін, сиырлар мен қашарлардың төлдеу мағлұматтарын уақытылы толтырып отыру;

- құрал-саймандар мен құрал-жабдықтар сатып алуға сұраныс білдіру;

- ай сайын шаруашылықтың бас маманына малдарды қолдан ұрықтандыру бойынша есеп беріп отыру;

- әрдайым өзінің біліктілігін жоғарлатып отыру;

Ұрықтандырушы-техник ферманың жұмыскерлеріне күйіті келген сиырлар мен қашарларды анықтау, малдарды ұрықтандыру бекеттеріне айдап алып келу және малдарды ұрықтандырудың алдында және ұрықтандырудан кейін күтіп-бағу жұмыстары бойынша тапсырмалар беруге құқылы.


11. ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ ПУНКТЕРІНДЕГІ

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР

Тамбурдың кіреберісін дезалашашы бар дезбарьермен жабдықтайды, оған ащы улы натр ерітіндісін құйып отырады.

Ұрықтандырушы-техник арнайы киімде, алдына белдемше тағып, резенке етік киіп жұмыс істеуі қажет.

Жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін ұрықтандырушы-техник төмендегідей ережелерді орындауға міндетті:

- ұрықтандырудың алдында және ұрықтандырып болған соң немесе әр бір сиырды тексергеннен кейін міндетті түрде қолды сабынмен жуып, содан соң 70%-дық спірт сіңген мақтадан жасалған тампонмен сүрту қажет;

- малдарды ұрықтандыру жұмысына зарарсызданған құрал-саймандарды пайдалану қажет;

- резенке етіктер мен белдемшелерді жұмыстан кейін және әрі фермаға барар алдында жуып, зарарсыздандыру қажет;

- бір шаруашылықтың ішіндегі бір фермадан келесі бір фермаға көшу кезінде және бірнеше пунктерге жолай қызмет көрсеткенде ұрықтандырушы-техник өзімен бірге сұйық азотқа салынған, ішінде ұрығы бар Дьюар ыдысын (5-20 л) ғана тасып жүруге тиіс.

Сиырларды ұрықтандыруға арналған құрал-саймандар мен басқа да материалдар әр ұрықтандыру пунктінде болу қажет.

Құрал-саймандарды қайнатып, құрғақ ыстықпен, фламбировать етіп және химиялық заттармен өңдеу қажет.

Металл құрал-саймандарды ыстық суда 20 минуттай қайнатып зарарсыздандырады. Құрал-саймандар зарарсыздандырылған судың қалдығын стерильденген салфеткамен сүртеді.

Зарарсызданған құрал-саймандарды шыныланған шкафтарда немесе столдың үстіндегі бактерицидтік және электр лампаларымен жабдықталған витрина-жәшікте сақтау қажет.

Далалық шарттарда қайшы мен басқа да құрал-саймандарды олардың сыртын жорыққа арналған газ плитаның, спиртовканың, примустың немесе 96%-дық спіртке ылғалданған тампонның от алауына қызыдыру арқылы зарарсыздандыруға болады.

Пайдаланылатын 70%-дық спірт ерітіндісін 73 мл 96%-дық ректифика-спіртке 27 мл тазартылған су құю арқылы дайындайды. Дайындалған ерітіндінің дұрыстығын спиртометр құралымен тексереді.

Жайылымдарда пайдалануға арналған құрал-саймандарды, зарарсыздандырғаннан кейін стерильді мәрліден жасалған салфеткаларға, оның сыртын полиэтилен пленкаға орап, сөмкеге салып қою қажет. Құрал-сайман салатын сөмкені әр апта сайын ыстық сода ерітіндісімен жуып, ыстық сумен шаю қажет. Малдарынан жұқпалы ауру шыққан шаруашылықтардан келген соң, құрал-саймандарды арнайы бөлінген жерде шұғыл түрде зарарсыздандыру қажет.

    


12. ЕТТІ ІРІ ҚАРА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Етті ірі қара мал шаруашылығында сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру жоғарыда тоқталып өткен принциптерге негізделген, бірақ өзіне тән ерекшіліктері де бар. Етті малдарды маусымдық ұрықтандырады, көптеген шаруашылықтар малдарын жаз маусымында ұрықтандырады. Әдетте, фермалар мен мал табындарын өз ара алшақ қашықтықта орналастырады. Бұндай шарттарда ұрық жинау бекетіне бекітілген бұқаларды уақытылы әкеліп тұру, күйіті келген малдарды анықтап, оларды ұрықтандыру өте маңызды. Ол үшін қыс мерзімінде әр ферманы қолдан ұрықтандыру бекетімен жабдықтау қажет, ал жазда фермаларды жазғы жылжымалы бекетпен жабдықтап, оларды жайылымның қырлы жеріне орналастырады. Бұндай бекеттер мал бөлетін орынға жанасып орналасуы қажет.



Етті ірі қара мал шаруашылығында маусымдық төлдеуді ұйымдастыру кезінде малдардың жыныстық күйітін үйлестіру (синхронизация) өте өзекті мәселе болып саналады, ол үшін міндетті түрде сиырлар мен қашарларды гормондық өңдеуден өткізу қажет.

Малдарды ұрықтандыру үшін таңертен және кешке белгіленген бір уақытта, күн тәртібіне сәйкес, малшы күйіті келген сиырлар мен қашарларды нөмірлері бойынша іріктеп алады. Ол үшін мал табындарын бекетке жақындатып айдап әкеліп, қашаларға кіргізіп, сонда күйіті келген сиырлар мен қашарларды бөліп алады. Күйіті келген малдарды іріктеп алған соң, оларды бекеттің мал бөлетін орнында ұрықтандырып, ал табында қалған малдарды жайылымға айдап жібереді.


12.1 ЖЫНЫСТЫҚ КҮЙІТКЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ (сТИМУЛЯЦИЯ) ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ КҮЙІТТІ ҮЙЛЕСТІРУ (СИНХРОНИЗАЦИЯ)
Етті ірі қара мал шаруашылығында малдардың маусымдық төлдеуін ұйымдастыру үшін, олардың жыныстық күйітін бір уақытқа үйлестіру өте өзекті тақырып болып саналады, ол үшін сиырлар мен қашарларды гормондық өңдеуден өткізеді. Малдардың жыныстық күйітін үйлестіру жұмыстарына байланысты көптеген мал басын бір уақытта қолдан ұрықтандырып, бір уақытта төл алуға мүмкіндік туғызады. Малдардың күйіті белгілі бір уақытта келуіне байланысты, күйіті келген сиырлар мен қашарларды анықтау және оларды қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді.

Малдардың жыныстық циклдарын гормондармен үйлестіруді простагландин Ф-2 альфа (ПГФ2α) (клопростенол (эстрофан, броэстрофан, эстровет, просольвин т.б.) препараттарын егу арқылы жүзеге асыруға болады. Сақа малды 500 мкг клопростенол препаратымен немесе 2 мл. дайын ерітіндімен егуге болады.



Назар аударыңыз! Сиырлар мен қашарларды алдымен буаздыққа тексеріп алмай ПГФ2α препаратымен еккенде, малдар буаздығының

бірінші жартысында түсік тастауы мүмкін.

Төменде, төлдеуді қажетті уақытқа жоспарлау мақсатымен үлкен топтардағы малдардың күйітін жаппай және жылдам үйлестіру жүйесі көрсетілген.

Сиырлар мен қашарлардың жыныстық циклына қарамастан барлығын ПГФ2α препаратымен егеді, ол 0 тәулік болып есептеліп, осы күнге байланысты күйіті келген сиырлар мен қашарларды ұрықтандыру күні және ПГФ2α препаратымен қайта егу күні есептеледі.



1. Сиырлар мен қашарлардың күйітін үйлестірудің классикалық жүйесі. Дүниежүзілік тәжірибеде сиырлар мен қашарлардың жыныстық күйітін үйлестірудің классикалық жүйесі ұсынылады (сурет 21). Ұрықтандырылатын, бір топ малдың жыныстық күйітін бір уақытқа жақындату үшін препаратпен, арасына 10-11 күн салып екі рет егеді. Бұл жағдайда, сиырлар мен қашарлардың сол уақыттағы жыныстық циклының қай кезен екендігіне қарамастан, бірінші инъекция сары денешіктері бар малдардың жартысынын үйлестіреді (жыныстық циклдың лютеалды фазасы). Препаратпен 10-11 ші күндері екінші рет еккенде, қозғалмай қалған екінші жартысына әсер етеді, осылайша малдарды екі рет еккеннен кейін 70-90% сиырдың күйіті келеді. Бұл жүйе шалғай жазғы өрісте жүрген сиырлар мен қашарларды ұрықтандыру үшін өте ыңғайлы.



Сурет 21 – Сиырлар мен қашарлардың күйңтңн үйлестірудің классикалық жүйесі

Жыныстық күйіттері осы жүйе бойынша үйлестірілген бір топ малды бір маусымда ұрықтандыру үшін, олардың күйіті келу уақытын анықтамай қоюға болады. Малдарды 72 және 96 сағаттан кейін жаппай ұрықтандырады, яғни ПГФ2α препаратын қайталап еккеннен кейін 3-4 тәуліктен соң.

2. Екі этапты іріктеу ПГФ2α (сурет 22) препаратымен әр еккен сайын күйіті келген малдарды анықтауды және қолдан ұрықтандыруды қарастырады. Алдын-ала іріктеу жұмысын жүргізбей, препаратпен бірінші рет еккенде, жобамен малдардың жартысының күйіті келеді, сол уақытта оларды міндетті түрде ұрықтандыру қажет. Содан соң, 10-11 күннен кейін препаратпен бірінші рет еккеннен кейін күйіті келмеген немесе күйіті келу белгілері байқалмаған сиырлар мен қашарларды ПГФ2α препаратымен қайта егу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет