Ірі қара малды қолдан ұРЫҚтандыру бойынша ұРЫҚтандырушы-техниктерге арналған оқУ ҚҰралы астана 2011 ббк 46. 0


Сурет 22 – Күйіті келген сиырлар мен қашарларды екі этапты ірктеуден өткізу және оларды қолдан ұрықтандыру



бет3/4
Дата07.07.2016
өлшемі12.31 Mb.
#183621
1   2   3   4

Сурет 22 – Күйіті келген сиырлар мен қашарларды екі этапты ірктеуден өткізу және оларды қолдан ұрықтандыру
Осындай өңдеудің екі циклынан кейін қолдан ұрықтандырылған малдардың саны бастапқы мал басының 90-100 %-ын құрайды.

Малдардың күйітін үйлестірудің бұл жүйесі мал басының саны аз мал табындарында қолдануға тиімді болып саналады, себебі екі инъекциямен 100% мал басын қолдан ұрықтандыруға болады.

Егерде көбірек мал басын қолдан ұрықтандыру қажет болса, онда топтап гормоналдық үйлестіру жүйесін қолдану қажет.

3. Малдардың күйітін топтап үйлестіру кезінде үлкен топтардағы малдарды өз ішінде бірнеше кіші топтарға бөледі, бір топтағы малдардың саны 50 бастан аспауы қажет, топқа бөлу кезінде ұрықтандырушы техниктің тәжірибесін ескерген жөн (сурет 23).


Сурет 23 – Күйітті топтар бойынша үйлестіру

Осылайша, малдарды қолдан ұрықтандыратын маманның арсеналында сиырлар мен қашарлардың күйітін үйлестірудің бірнеше әдісі мен бірнеше жүйесі бар деп айта алуға болады. Осы әдістер мен жүйелердің әр қайсысын қандайда бір тура өндірістік шарттарда және ұрықтандыру мерзімдерінде уақытылы пайдалану өте тиімді.



13. ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ ПУНКТІНДЕ ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ
Ұрықтандырушы-техник төмендегідей есептер жүргізуі қажет:

- сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру және төлдеу жорналына, сиырлар мен қашарларды қашыру және төлдету күнін жазу (форма № 10-сүт) (қосымша 1);

- сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыруды және бұзаулауды бақылауға алу бойынша талдау жасау (ерікті форма);

- аталықтардың ұрыққа қажеттілігін анықтап, аслт ұқымдық

кәсіпорындарға мәлімдеме жіберу (ерікті форма);

- ферманың бригадирімен бірлесе отырып қолдан ұрықтандыру әдісі бойынша алынған төлдерді қабылдап алу актын құру (ерікті форма);

- қолдан ұрықтандыру жорналына тік ішек арқылы жасалған зерттеудің нәтижелерін жазу (форма № 10-сүт);

- әр ай сайын сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру бойынша есеп беру (ерікті форма).



14. ДЬЮАР ЫДЫСЫМЕН ЖӘНЕ СҰЙЫҚ АЗОТПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

Азот – бұл, сыртқы түрі бойынша суға ұқсас, түссіз сұйықтық. Сұйық азоттын қайнау температурасы минус 196°С, үлес салмағы 0,804 кг/л.

Сұйық азот инертті және дағдылы шарттарда ешқандай заттармен де реакцияға түспейді. Бірақ, дененің ашық жерлеріне тисе теріні күйдіреді, сондықтан азотпен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасын қатан сақтау қажет.

Дьюар ыдысын азотпен толықтыру кезінде шлангтың жанында тұруға болмайды, себебі, азот басты айналдырып, бас ауруын тудырып, естен тандыруы мүмкін екендігін естен шығармау қажет.

Сұйық азотты жылы (температурасы қоршаған ортаның температурасы сияқты) Дьюар ыдысына қайнап кетпейтіндей және азот ыдыстың мойнынан шығып кетпейтіндей етіп, абайлап құю қажет.

Сұйық азотты Дьюар ыдысына құю кезінде ыдыстын мойнына қарауға қатан тыйым салынады.

Дьюар ыдысын күн сәулесі тікелей түсетін жерге және жылыту құралдарының маңайына қоюға болмайды. Азот жанатын және майлайтын материалдарға тиіп кеткенде жарылыс туғызуы мүмкін.



Сурет. 21 Дьюар ыдысының құрылысы

1 – қақпақ; 2 – тығынды; 3 – мойны;

4 – клапан; 5 – ішкі сосуд; 6 - канистрлер;

7 – құлағы; 8 – изоляция; 9 – тірек; 10 – қаптама.

Дьюар ыдысының ішіне ауа кіріп кеткенде ыдыстын сыртын қырау басады. Бұндай жағдай туындағанда ұрықтарды сақтап қалу үшін шара қабылдау қажет, ол үшін ішінде ұрығы бар канистрді басқа ыдысқа салу қажет немесе ең жақын жерде орналасқан қолдан ұрықтандыру бекетіне апару қажет.



Дьюар ыдысының мойнын өте тығыз жабуға тыйым салынады, соған қарамастан Дьюар ыдысын тасымалдау кезінде осындай жағдай жиі кездеседі. Ыдыстын ішіндегі азот сыртқы ортадағы ауамен байланыста болу қажет, қоршаған ортадан жылудың Дьюар ыдысының ішіне кіруі сұйық азоттың булануына әкеп соғады, бұл процес қалыпты жағдай болып саналады. Буланған азот ыдыстан сыртқы ортаға дұрыс шықпай қалған жағдайда ыдыстың ішіндегі қысым жоғарлап, оның бүтіндігі бұзылып жарылыс болуы мүмкін.

Қосымша 1
СИЫРЛАР МЕН ҰРЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ҚАШАРЛАРДЫ ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ, СУАЛТУ ЖӘНЕ ТӨЛДЕУ Ж О Р Н А Л Ы

р/р

Лақап аты,

жеке №

Код: с – сиыр,

ббс – бірінші рет бұзаулаған сиыр,

қ – қашар.

Туған жылы

Өткен жылы жүргізілген жұмыстын

соңғы күн

Ағымдық жылда күтілетін төлдеу

Айлар бойынша ұрықтандыру

жоспар бойынша

фактылы

төлдеу

Бұзаулағаннан кейін басталған, бірақ ағымдық жылы жалғастырылған ұрықтандыру

фактылы




негізгілерге бекітілген бұқаның лақап аты мен нөмірі

төлдегеннен бірінші ұрықтандырғанға дейінгі күн

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

ұрықтандыру күні және бұқаның номірі

Бұзаулағаннан бірінші ұрықтандырғанға дейінгі күн

Бұзаулағаннан кейін саны бойынша нешінші

ай

ауыстырылатындарға

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16



























































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет