Сабақ бөлімінің кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар, көрнекіліктер
|
Кіріспе
|
2 минут
|
Топқа бөлу
|
Ұялы байланыс түрлерімен 6 оқушыдан 3 топқа бөлінеді. «Activ», «Вeeline», «Tele 2»
|
|
Брошуралар
|
2 минут
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
|
Шеңбер болып тұрып, бір-бірлеріне лебіздер тілеу арқылы жағымды ахуал қалыптасады.
|
|
|
5 минут
|
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпа байланысты сұрақтар қою. (стикерлерге байланысты)
Жазбаша жазып келген эсселерін оқытып, өзара бағалату.
|
Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы диалогтық қарым-қатынасқа түседі.
|
Сыныптасын критериалды бағалау.
Ұялы байланыс түрлерімен формативті бағалау.
|
Бағалау прақшасы, ұялы байланыс түрлері
|
Жаңа сабақтың таныстырылымы
|
15 минут
|
Жаңа тақырыпқа сәйкес «Топтастыру» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жасату. Зат алмасудың негізгі қызметтерінің бірі — клетканы энергиямен қамтамасыз ету. Өлі табиғатта энергия алуан түрлі болып кездеседі: жылу, электр, күн сәулесі, химиялық жанармай және т.б. Ал тірі организмдегі жағдай басқаша. Организмдер негізінен катаболизм кезінде бөлініп шыққан энергияны пайдаланады. Демек, ыдырау реакциясы кезінде бөлініп шыққан энергия заттарды белсенді тасымалдауға, синтез реакциясына, қозғалуға, бұлшық еттің жұмысына, клетканың бөлінуіне және т.б. тіршілік әрекеттеріне жұмсалады.Өсімдіктекті және жануартекті қорекпен қоректенетін организмдер сыртқы ортадан энергиясы мол органикалық заттарды — глюкоза, аминқышқылдарды, витаминдер және т.б. түрінде қабылдайды. Бұлардан қабылданған энергия бір түрден екінші түрге айналады. Энергияның өзгеруі термодинамика заңдарына бағынады.
|
Митоздың биологиялық мәні туралы топта ақылдасып, ортақ бір шешімге келіп, постер жасайды. Әр топ жасаған постерлерін дәлелдейді.
|
Сыныптасын критериалды бағалау.
Ұялы байланыс түрлерімен формативті бағалау.
|
Бағалау прақшасы, ұялы байланыс түрлері
|
Жаңа сабақты қолдану
|
7 минут
|
«Тікелей радиоэфирге қоңырау шалу» әдісі бойынша диалогтық оқытуды орнату.
|
Топтан бір оқушы шығып жүргізуші болады, топтың қалған мүшелері сұрақ қояды. Бір-бірлерімен диалогтық қарым-қатынасқа түседі.
|
Сыныптасын критериалды бағалау.
Ұялы байланыс түрлерімен формативті бағалау.
|
Бағалау прақшасы, ұялы байланыс түрлері, ұялы телефон.
|
|