Қу жебе оқ шанышқан.
Оң келгенін оң атқан.
Сол келгенін сол атқан.
Солақай тартып бек атқан.
Құланды қақтан қайырған.
Ерегескен күнде хандардың,
Талайын тақтан тайдырған, - деген. Бұған қарағанда Өтеміс батыл, өр жігіт болғаны анық. Билеуші топпен тайсалмай күреске шыққан. Ел аузында Өтемістің батылдығы, қайсарлығы туралы аңыз - әңгімелер баршылық.
Мақамбеттің ақындық, күйшілік қабілетінің өсуіне өзі өскен орта, ауылдар, қалың ел әсер еткен. Ұлы Отан соғысынан бұрын біз Жаңақала ауданымен көрші Тайпақ, Фурманов, Казталов, Орда аудандарында болғанбыз. Мәселен, Жаңақала ауданының тұрғындарының ерекшелігі - әр үйде бірнеше домбыра болады. Халық өлеңге, әнге, қалжың, қуақы (күлкілі) сөзге шебер келеді. Бір жанұяда әкесінен бастап бәрі домбыра ұстап, жиналып отыра қалып ән салып, күй тарту, айтысу – олардың тән қасиеті. Міне осы ортадан Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей шығуы тегін емес және өнерпаздықтың кең өріс алуына сөзсіз бұлардың да әсері болды.
Өтеміс кезіндегі қоғамдағы саяси жағдай жөнінде. Байұлы тайпасы ауылдарының Кіші жүзден Нарынға көшуінің тағы бір басты себебі – саяси өмірдің тұрақсыздығы, яғни Орал әскері мен хан, сұлтандардың бейбіт ауылдарды талауымен қатар феодалдардың өзара қырқысуы, барымта мен қарақшылық еді. Қара шаруа амалсыз өзі қорғануға мәжбүр болып, жаугершілік заманындай жауынгерлікке, ерлік іске жасынан дайындалған. Ер адам әрі зергер, әрі батыр, жырау, домбырашы т.б. қабілетті игергені тарихи әдебиеттен белгілі. Сондайдың бірі – Өтеміс өз ағайынан ерек шыққан: ділмар, би, батыр. Бұндай қабілет балаларына да дарыған. Би болуы батырлығымен ділмарлығына болар, кәриялар Өтемісті өз заманында алғыр, от ауызды, орақ тісті әрі би, әрі батыр, әрі домбырашы дейтін. Бұл пікірді жазушы Әнес Сарайда құптап, “Өтеміс Беріштің 19 биінің бірі, …аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, орақ ауызды шешен, би болған”, - дейді ( :86). Ішкі тарапты басқарған Сығай сұлтан губернаторға жазған бір жолдамасында Өтемісті Беріштің Жайық бөлімінің атақты биі (старшина) депті. Бұл лауазым кейін баласына да билердің сайлауымен берілгендігін де жазады.
Біз жоғарыда Өтеміс және оның ұлдары туралы мұрағаттардан тапқан жаңалықтарымызбен қысқаша таныстырдық. Енді сол құжаттардың кейбірімен оқырманды, ғылыми ортаны толығырақ, кеңірек таныстырмақпыз. Соңғы жылдары Республикада Жәңгір ханды дәріптеу шектен шықты. Жалған мәлімет, өтірік айту көбейді. Сондайдың бірін Бөкей ханның шөпшегі Шолпанай Аманжолова Мақамбетті кемсіту үшін М.Құлкеновтің кітабынан Жәңгірдің Мақамбетке: біз ұзақ жылдар қатар тең болып келісімді жүрдік. Енді мені, менің аталарымды сыртымнан балағаттайсың. Сенің әкең аштықтан мойны сорайып, беті торғайдай, көзі шалапатай бозарып, Бөкей алдына келген. Кім оны үйлендірді, мал берді - депті мыс. (19:3). Осылай қазақ, өлке тарихын білмейтін қаламгер, өтірік айтуға бейім. Өтемістің үлкен ұлы 1795 ж.ж. шамасы дүниеге келген секілді, яғни Бөкей ел билігіне араласпас бұрын Өтеміс үйленген. Екіншіден, Өтеміс өзінің алғырлығы, батырлығы сөзге ділмарлығы арқасында жасынан би болған, 1804ж. наурызда өз ауылын басқарып Нарыннан көшіп, Жайыққа өтпекші болғаны оқырманға белгілі. Бұл жөнінде Орынбор губернаторы Г.С.Волконский Үкіметке: Беріш руының старшыны Ө.Құлмалин 1804ж. Жайықтан өтпек болды – деп хабарлаған. Үшіншіден біз Қазақстан мемлекеттік мұрағатынан 1808ж. қарашада Беріш руының Жайық бөлімінің старшынасы Өтеміс Құлмалинге Жайықтан өтіп, Нарынға баруына берілген билет – ұлықсат қағаз тапқанбыз. Онда Өтеміс қарауындағы 374 адаммен және өзінің, қарауындағылардың 43710 бас талмен Гребенщиков тұсынан 7-ші желтоқсанға дейін өтіп болуға тиіс болған. Бұған қоса Өтеміс пен бірге өткендердің тізімін Бөкей сұлтан ОШК-на тапсырған. Ішінде ағасы Шыбынтай, інісі Қобдабай, 5 Өмірзақовтар, ересек, балаларымен, Тілеміс, Елеміс Құлмалиндер т.б. бар. Бұл құжат жоғарыдағы авторлардың өтірігін әшкерелемей ме?
1811ж. Өтеміс Борсан мекені жағында жүр. Бөкей сұлтан және Орал әскерінің атаманы генерал Д.Бородинмен жоғалған бір қора қой жөнінде хат жазысып жүр. Бұның бәрі Сығай жазғандай Өтемісті “атақты старшина” екендігін көрсетеді. Бізге Өтеміс туралы 3 құжатты табудың сәті түсті. Оның бірі: 1816ж. тамызда Беріш руының басқарушысы Сүйінішқали Жанашев сұлтан, Бабағали би, Исатай Тайманов т.б. көп кісімен келіп Өтеміс қашқын татарды жасырып отыр деп айыптап, ауылын талауы туралы Өтеміс тарихи деректердің мәлімдеуінше Абдолла деген татар мен қашып үлгірген. Өтеміс ауылы ол кезде жайлауда “Ақжонас” деген тұрақта екен. Сұлтан С.Жаналиев Өтемістің 59 бас жылқысын, 140 бас қойын айдап, қымбат дүние – мүліктерін әкеткен. Өтеміс кейін таланған мал-мүлкін 20 мың сомға бағалаған. Бұл бассыздық әрісін айтпағанда. Айшуақ ханның Жантөре, Серғазы, Баймағанбеттің елді бағындырудағы негізгі тәсілі еді. Бөкей сұлтан бұндай талауға барды деп айталмайды. Сығай, Жәңгір Ішкі тарапты билегенде бұл тәсіл жандана берді. “Әлімжеттік” жасауды кейінгі билерде қолданған. Жергілікті патша әкімшілігі бұндай сорақылыққа тиым салмаған. Сонда да Өтеміс әуелі Аштархан губернаторына болған оқиғаны баяндап, шағым етіп еді, нәтиже шықпады. Сосын Орынбор шекара комиссиясына шағынды, бұларда ежелгі салтына салып, үнсіз қалды. Өтеміс амалсыздан 1817 жылы тамызда бір керуенге ілесіп, Орынборға барып арызданды. Бұны Сүйінішқали сұлтан Өтеміс үстінен арыз жазғызып, оған Жүз батырдан бастап 15 шақты би байлар қол қояды, - дедік Орынбор бұған мән беріп, Өтемісті ұстап (аманат үйі) дегенге қамап, тергей бастайды. Бұл жолы тергеу жылдам жүрсе керек, сол жазда Бабағали сұлтанмен И.Тайманов т.б. Сарайшық бекінісіне шақыртып, жауаптап, Өтеміс ауылынан тонаған мал мүлікті қайыруды талап етеді. Ноғай – қазақ биі Шомбал Ниязов өзі қымқырған бір жылқыны қайтарып, айыбына бір шапан төлейді. Осылай басқаларыда “бүлінгеннен бүлдіргі алма” деген қазақтың қарапайым қағидасын бұзғаны үшін біртіндеп алғандарын қайтырады. Соңғы мәліметтер архивтін басқа бір іс қағазында хаттаулы екен, олда әрең табылды. Таланған дүниенің қайтарымды ұзап кетеді. Бұл айтылғандардан Өтеміс бейқабар болса керек.
Құсадан ба екен. Өтеміс 1817ж. 2-қарашада оқыс опат болады. Бұл оқиғаның жалғасын іздеп жүріп, біз архивтен Өтемістің балалары Тоқтамыс пен Бекмұқамбет (Бекмағанбет деп те жазылады), әкесінің ізін қуып, орыс тіліне жетік Мақамбетте Орынборға келді дегенбіз. Архив ісінде Мақаңның екі ағасы жазылған, олар әкесін тергеу ісін аяқтатып көзін шұқымай” олар кешікпей босатылады. Сұлтан Жаналиевтер биліктен аластатылады. Сөйтіп, сол кезде шешілмейтін тартыс, дау жәбірленушінің пайдасына шешілгенін дәлелдегенбіз. Әке жолын қуған Тоқтамыстың би болып сайланғаны жөнінде жаңадан архив ісі табылғанын, сосын Тоқтамыстың кенеттен өлгендігі туралы архив ісіне кезіккенімізді жоғарыда жаздық. Бірақ оны біреулер дәлелсіз бұрмалайды.
Өтеміс әулеті жаз жайлауы Ақжонаста, қыстауы Бекетайда тұра берген. Жазушы Ә.Сарай Тоқтамыс 1825-1826 ж.ж. дейін жасады депті. Бұл дерексіз, бос әңгіме. Архивте қайтыс болған Тоқтамыс бидің мөрін Орынборға қайтару жөнінде 1822 жылғы дерек бар. Осындай “өзімбілемдікке” салып, бұрмалау тыйылар емес. Біз деректі әңгімені қайталауға мәжбүрміз.
1819ж. қарашада Сығай тарапта 13762 шаңырақ, 110736 бас түйе, 650765 жылқы, 235856 мүйізді мал, 3.985707 бас қой, 127442 бас ешкі болғанын мәлімдейді. (20:4). Бұл ішкі тараптың ең байыған шағы еді. 4.8 млн. бас.
Мақамбет қайда оқыды? Ол сауатты, арабша жазуы әдемі, орысша да бірер сөз жазғаны архивте сақталған. Кіші жүзде оқыту мәселесінің басын ашып алатын уақыт жетті. Қалың оқырман, тіпті тарихшыларда хан Жәңгірдің Ресейге барып, мен елімде тұңғыш мектеп (училище) аштым дегеніне сеніп жүр. Патша чиновниктері ханның бұл өтірігін естірте мақтаса, біз кей журналистер, өлкетанушылар, тіпті тарихшылар тексерместен лепірте мақтап, қазақтың тұңғыш мектебі” дегенге дейін барып жүр. Бұл жөнінде біз өлке тарихын зерттеуші бірден-бір маман болғандықтан оқырманға тарихи шындықты айту міндетіміз деп түсініп, бірнеше мақала, кітап жазып, жариялағанбыз. Бірақ консервативті ұғымдағы жерлестеріміз түсінер емес. Сондықтан біз әлі де оқырманға адал қызмет істей отырып, шынайы мәліметті ұсынамыз. Өйткені біздің ағайын қазақта 1918 жылға дейін жазуы (алфавиті) болмағанында білмейді-ау деймін. Жазуы жоқ елде қазақша оқу, не мектебі бола ма? Қазақта оқу ісі болған, онсыз қоғам болмайды. Бабаларымыз – ұлан ғайыр түркі елі ерте кезде дамыған ел болған. Содан қалған асыл мұраның бірі – түркі жазуы, түркі тілі. Бізде тарих ғылымы қысталаңда болып, тиісінше дамымаған. Бұл отаршыларға қажет-еді, өздерін мәдениетті, дамыған ел деп көрсетіп, солардан үйренуге, оқуға, соларша тұруға мәжбүр етті. Әуелі арабтар келіп, дінді уағыздап, араб жазуын таратты да, түркішені ысыра берді. Онымен қатар парсы хожалары (хауза) келді, өз мәдениетін, тілін таратып, саудасын жасап, ақшасын (манет) қолданып, рухани бағындыра отырып, түркішені ысыра берді. Сонда да түркіше бізде ХІХ-ға дейін келді. Кіші жүздің ХІХ-ғы әйгілі ақыны Әбубәкір кердері түркі ғылымы, жазуы туралы былай депті: “Он бір мен он екіде түркі білдім,
Ғалымдық зерек жанның мүлкі білдім.
Шығарған мусаннафтар назым қылып,
Түркіні тәмім тілдің көркі білдім”, - дегеніне
(21:384) біз әлі мән бермей келеміз. Мақамбет жазбаларында бірен-саран болса да түркі сөздері кездеседі. Отаршылар басып алған елді толық бағындыру үшін оны рухани тәуелді етуге тырысатыны белгілі. Ресейде сол жолмен кетті. Кіші жүзді толық басы байлы жасау үшін патша Екатерин – 2-ші жергілікті патша әкімшілігінен бұратана елде идеология мәселесіне баса назар аударуды талап етті. Ол үшін патшайым Кіші жүз қазақтарын Орта азиядағы ислям діні ықпалынан аластау қажет, мешіттер салып, мектеп ашуды міндеттеп 1786ж. 12 қарашада жарлық береді де (22:73), оларға Ресей дайындаған, саяси сенімді молдаларды тағайындауды жүктеді. Ол молдалар өз уағызында Ресейдің қуатымен жарқылын (блеск) түсіндіріп, бұқараны патша өкіметіне шын берілген, бағынышты рухта тәрбиелеуге тиісті болды. (Сонда) Орынбор әкімшілігі бұны шұғыл қолға алған. Тіпті Орта жүз ханы Қасымұлы Уәли 1799ж. Орынбор губернаторына, өз ауылында Орынбордан келген татар молда жұмыс істейтінін жазып, енді көрші ауылға сондай татар молдасын жіберуін сұраған. Ол өтініші орындалады, 1800 ж. ол ауылға да молда келген. Кіші жүзде өкімет үгітімен хан, сұлтандар, билер, саудагерлер, кей ауқаттылар өз үйінде жеке мектеп ашып, Орынбордан татар, башқұрт молдаларын шақырған. Олар араб, парсы тілдерін, ислам дінінің қағидаларын, татар, орыс тілін оқытқан. Кешікпей жас сұлтандар, билер т.б. 3-4 тілді, жазуды біліп, кейбіреуі орысшадан сөйлейтін болған. Кейбіреулері әскери атақта алған. Абай айтқандай: “мәз болады болысың, арқаға ұлық қаққанға”, жалтыратып орысың шенді шекпен жапқанға” – дегені болды. Ішкі тарапта да оқу ісі осылай жүргізілген. Орынбор молданы дайындап, өзі тағайындап, оған “указной молда деген атақ беріп, насихатымен қатар тыңшылық істе жүктелген. Міне осындай молда Байт Кабунов Бөкей, Шығай үйінде болған. Ал Т.Шығаевта Якуп Ямангулов тұрып бала оқытқан. ( :167) Оған Жәңгір, оның балалары үйінде оқыған. 1835ж. Жәңгірдің 11 жасар ұлы Зұлқарнай Исатай мен хат жазысып жүр, архивте сақталған. Жауап хатты Исатайұлы Жақия деген ұлы жазуы анық, қиналмай оқуға болады. Сонда, Жәңгірдің 1840ж. ашылған мектебін Қазақстандағы тұңғыш қазақ мектебі деуге бола ма? Бұл мектепте де сол 4 тіл, (араб парсы, татар, орыс) Ислям қағидалары оқытылған. (22:56) 1840ж. Ішкі тарапта болған Я.Ханыков бұнда 20-дан астам мұсылман мектебі бар деп жазған. Ішкі тарапта Ресейден қашқан татарлар, орыстар, тіпті француздарда болған Үкімет бұларды ұстап, тапсыруды талап етеді. Ал бұны орындамағандар қатаң жазаға ұшырайды. Сонда да қазақ әлгі бишараларды паналатқан. Ал Балқы, Шомбал, т.б. билер байлар әлгі бишараларды ұрлыққа, барымтаға пайдаланған. Ал сауаттыларын Өтеміс сияқтылар бала оқытқан. 1816ж. тамызда рубасы С.Жалиев Өтеміске қашқын татарды жасырдың деп айыптаған. Шынында да Өтеміс үйінде қашқын молда Абдолла деген кісі бала оқытқан. Жазалаушылар ауылын шапқанда Абдолламен Өтеміс жасырынып қашып кетіп, қолға түспеген. Міне осы молда да Өтеміс балалары түгелге жуық оқыған. Бекмағанбет, Мақамбет, Тоқтамыс т.б. 4 тілді білгені, жазбалары архивтен көрінеді. Сондықтан Ішкі тарап жастары ХІХ-ғ-ң 1-ші ширегінде осындай сауатты болыпты. Бірақ бұндай сауаттылықты пайдаланудың әлеуметтік шеңбері тым тар болған. Қалың бұқара сауатсыз қала берген. Тоқтамыс орысша білгені архив материалынан көрінеді. Бекмұқамбет (Бекмағанбет) шекарадағы орыстармен даулы мәселелерде “депутат” (өкіл) ретінде жұмыс атқарған, яғни орысша білген. Арапшада жазғаны бар. Өтемістің Қожақмет, Ибрайым, Қасен т.б. сауаттылығы жөнінде куә құжаттар кездеседі. Мақамбет бір толғауында: “Атадан туған көп ұлдың, мырзасы болсам деп едім” дегені өмірінің болашақ негізгі мақсаты болар.
Сонымен Мақамбет өмірі мен қызметін зерттеуде тарихшылар, әдебиетшілер, жанашыр қауым, батырдың туыстары ХХ-ғ-да өз әлдерінше бірталай жұмыс атқарғанын көрдік. Соның өзінде көп мәселе анықталмай келеді. Соңғы 35-40 жылда ешкім тарихи зерттеу жұмысымен айналыспады. Осы жолдың авторы өз әлінше өз бетімен Мақамбеттің өмірі мен қызметін жан-жақты зерттеуге тырысқанын жоғарыда айттық. Біз түйіндей келе, Ленинградтағы тарихи архивтегі Өтемістің ауылымен 1804ж. жазғытұрым Жайықтан өтпек болғаны жөніндегі материалмен қатар оның балалары туралы да білдік. ( 2) Алғаш рет біз Өтемістің 1808ж. қарашада 374 адамды басқарып, 35000 бас малды айдап өткені туралы құжаттар тауып, жария еттік. Сосын 1811ж. Өтеміс ауылымен “Борсан” тұрағы жағында тұрғанын мәлімдедік. Төртіншіден, Өтеміс 1816 ж, жазда С.Жаналиев сұлтан бастаған шапқынға ұшырағанын тұңғыш жарияладық. Бұдан (5: ) кейін, таланған мал, дүниесін қузалап Орынборға барған Өтемісті қашқын татарды жасырды деген жаламен 1817ж. абақтыға жабылғаны, сонда дүниеден озғаны жөнінде алғаш тауып, жария еттік. Алтыншыдан, 1818ж. көктемде Өтемістің үлкен ұлдары Тоқтамыс, Бекмұқамбет Орынборға барып, әкесін жаладан ақтап алғаны туралы да алғаш құжат тауып, оқырманды таныстырдық. Жетіншіден, 1818ж. жазда Тоқтамыс әкесінің орнына старшына (би) болып сайланып, бұл лауазымға бекітіп, “старшына” атағын беру жөніндегі материалға кезігіп, оқырманға олжа жасадық. Сегізіншіден, жанашыр қауым Тоқтамыстың орысша білетіндігі мен, оның 1820 ж. дүниеден озғаны жөніндегі материалмен алғаш танысты. Бұған қоса біз дүниеден өткен Тоқтамыстың мөрін 1822ж. Орынборға кері қайтару жөніндегі жазысқан материалмен ізденушілерді таныстырдық.
Тоғызыншыдан, әкесінің орнына сайланған Бекмағанбетті хан мен Орынбор старшына деп бекітпегенін оны “Тыныс” ауылына би қойғанымен алғаш мәлімет тауып, ғылымға жария жасадық. Оныншыдан, оқырманға тұңғыш рет Мақамбет 1832ж. 20 тамызда әйелі үшін Әжмамбет Досалиевке қалың малын төлеп болғандығы туралы ханның ОШК-на берген мәліметті жария еттік. Енді Әжмәмбет Досалиев деген кім, руы, мекені, әлеуметтік хәлі, ұрпағы т.б. іздейік.
Он біріншіден, Мақамбеттің Жәңгірдің ұлы Зұлқорнаймен Орынборға барған жылын анықтаудың бізге сәті түсті. Бұдан басқа да тарих ғылымына қосқан жаңа мәліметтеріміз бар, тізе беріп болмас. Бәрі дерлік мерзімді баспасөз бетінде жарияланды дедік. Ел аралап, Мақамбет ізімен жүріп, материал жинауым өз алдына ұзақ әңгіме. Ірілі-ұсақты жаңалықтар көп болды, қарияларға мың рақмет. Он екіншіден, Кіші жүзде мұсылман мектебін ашуға империя мүдделі болып, күш салғанын, Қазақстанда оқу ісі тарихы ғылымына бұрын елеусіз келген мәліметті жария жасадық.
Мал мүлкін 20 мың сомға бағалаған. Бұл бассыздық әрісін айтпағанда. Айшуақ ханның, Жантөре, Серғазы, Баймағанбеттің елді бағындырудағы негізгі тәсілі еді. Бөкей сұлтан бұндай талауға барды деп айта алмайды. Сығай, Жәңгір Ішкі тарапты билегенде бұл тәсіл жандана берді. “Әлімжеттік” жасауды кейінгі билерде қолданған. Жергілікті патша әкімшілігі бұндай сорақылыққа тиым салмаған. Сонда да Өтеміс әуелі Аштархан губернаторына болған оқиғаны баяндап, шағым етіп еді, нәтиже шықпады. Сосын Орынбор шекара комиссиясына шағынды, бұларда ежелгі салтына салып, үнсіз қалды. Өтеміс амалсыздан 1817ж. жылы тамызда бір керуенге ілесіп, Орынборға барып арызданады. Бұны Сүйінішқали сұлтан Өтеміс үстінен арыз жазғызып, оған Жүз батырдан бастап 10 шақты би, байлар қол қояды дедік. Орынбор бұған мән беріп, Өтемісті ұстап “аманат үйі” дегенге қамап, тергей бастайды. Бұл жолы тергеу жылдам жүрсе керек, сол жазда Бабағали сұлтанмен И.Тайманов т.б. Сарайшық бекінісіне шақыртып, жауаптап, Өтеміс ауылынан тонаған мал, мүлікті қайруды талап етеді. Ноғай – қазақ биі Шомбол Ниязов өзі қымқырған бір жылқыны қайтарып, айыбына бір шапан төлейді. Осылай басқалары да “бүлінгеннен бүлдіргі алма” деген қазақтың қарапайым қағидасын бұзғаны үшін біртіндеп алғандарын қайырады. Соңғы мәліметтер архивтін басқа бір іс қағазында хаттаулы екен, олда әрең табылды. Таланған дүниенің қайтарылуы ұзап кетеді. Бұл айтылғандардан Өтеміс бейқабар болса керек. Құсадан ба екен, Өтеміс 1817ж. 2 – қарашада оқыс опат болады. Бұл оқиғаның жалғасын іздеп жүріп біз архивтен Өтемістің балалары Тоқтамыс пен Бекмұқамбет (Бекмағанбет депте жазылады). Әкесінің ізін қуып, ісін жалғастыру үшін 1818ж. көктемде Орынборға келеді. Аңызда ағаларына ілесіп әр тілде жазуға ұқыпты, орыс тіліне жетік Мақамбетте Орынборға келді депті. Архив ісінде екі ағасы жазылған, олар әкесін тергеу ісін аяқтап ол жаладан өлді деген түйінге келтіріп, ақтаған. С.Жанғалиев т.б. ұсталады. Бірақ, қарға қарғаның көзін шұқымай”, олар кешікпей босатылады. Сұлтан Жаналиевтер биліктен аластатылады. Сөйтіп, сол кезде шешілмейтін тартыс, дау жәбірленушінің пайдасына шешілген. Әке жолын қуған Тоқтамыстың би болып сайланғаны жөнінде жаңадан архив ісі тобылғанын, сосын Тоқтамыстың кенеттен өлгендігі жайлы архив ісіне кезіккенімізді жоғарыда жаздық. Өтеміс әулеті жаз жаулауы Ақжонаста, қыстауы Бекетайда тұра берге Н. Жазушы Ә.Сарай Тоқтамыс 1825-1826 ж.ж. дейін жасады депті. Бұл дерексіз бос әңгіме. Архивте 1822ж. қайтыс болған Тоқтамыс бидің мөрін Орынборға қайтару жөнінде дерек бар.
Он екінші, 1819ж. қарашада Сығай тарапта 13762 шаңырақ, 110736 бас түйе, 650.765 жылқы, 235.856 мүйізді мал, 3.985.707. бас қой, 127.442 бас ешкі болған.
( :4) Бұл ішкі тараптың ең байыған шағы еді, 4.8 млн. Анық болса адам саны 70 мың болған. Бұл да жаңалық.
Біз жоғарыда Өтеміс, оның ұлдары туралы мұрағаттардан тапқан жаңалықтарымызбен қысқаша таныстырдық. Енді сол құжаттардың кейбірімен оқырманды, ғылыми ортаны толығырақ, кеңірек таныстырмақпыз. Соңғы жылдары Республикада Жәңгір ханды дәріптеу шектен шықты. Жалған мәлімет, өтірік айту көбейді. Сондайдың бірін Бөкей ханның шөпшегі Шолпанай Аманжолова Мақамбетті кемсіту үшін М.Құлкеновтің кітабынан Жәңгірдің Мақамбетке: біз ұзақ жылдар қатар тең болып, келісімді жүрдік. Енді мені, менің аталарымды балағаттайсың сыртынан. Сенің әкең аштықтан мойны сорайып, беті торғайдай, көзі шалаптай бозарып, Бөкей алдына келген. Кім оны үйлендірді, мал берді? – депті. мыс. (24:3) Осылай қазақ өлке тарихын білмейтін қаламгер өтірік айтуға бейім. Өтемістің үлкен ұлы 1795ж. ж. шамасы дүниеге келген секілді, яғни Бөкей ел билігіне араласпас бұрын Өтеміс үйленген. Екіншіден, Өтеміс өзінің алғырлығы, батырлығы, сөз ділмарлығы арқасында жасынан би болған, 1804 ж. наурызда өз ауылын басқарып Нарыннан көшіп, Жайық өтпекші болғаны оқырманға белгілі. Бұл жөнінде Орынбор губернаторы Г.С.Волконский Үкміетке: Беріш руының старшыны Ө.Құлмалин 1804ж. Жайықтан өтпек болды – деп хабарлаған. 3-ден, біз Қазақстан мемлекеттік мұрағатынан 1808 ж. қарашада Беріш руының Жайық бөлімінің старшинасы Өтеміс Құлмалинге Жайықтан өтіп, Нарынға баруына берілген билет – ұлықсат қағаз тапқанбыз, - дедік. Оның бірінде Өтеміс қарауындағы 374 адаммен және өзінің, қарауындағылардағы 43710 бас малмен, 2-шісінде 137000 бас малмен Гребенщиков тұсынан 7-ші желтоқсанға дейін өтіп болуға тиіс болған. Бұған қоса Өтеміс пен бірге өткендердің тізімін Бөкей сұлтан тапсырған. Ішінде ағасы Шыбынтай, інісі Қобдабай, 5 Өмірзақовтар, ересек баларымен, Тілеміс, Елеміс Құлмалиндер т.б. бар. Бұл окумент жоғарыдағы авторлар өтірігін әшкерлемей ме?
1811ж. Өтеміс “Борсан” жағында жүр. Бөкей сұлтан және Орал әскерінің атаманы генерал Д.Бородинмен жоғалған бір қора қой жөнінде хат жазысып жүр. Бұның бәрі Сығай жазғандай Өтемісті атақты старшына екендігін көрсетеді. Бізге Өтеміс туралы 3 документті табудың сәті. 1816ж. тамызда Беріш руының басқарушысы Сүйіншқали Жаналиев сұлтан, Бабағали, би Исатай Тайманов, т.б. көп кісімен келіп, Өтеміс қашқын татарды жасырып отыр деп айыптап, ауылын талайды. Өтеміс, тарихи деректердің мәлімдеуінше. Абдолла деген татар мен қашып үлгірген. Өтеміс ауылы олл кезде жайлауда “Ақжонас” деген тұрақты екен. Сұлтан С.Жаналиев Өтемістің 52 бас жылқысын, 140 бас қойын айдап, қымбат дүние-мүліктерін әкеткен. Өтеміс кейін таланған.
* * *
Мақамбет Өтемісұлы 1803 жылы бұрынғы халық “Ішкі тарап” деп, отаршылар кейін “Ішкі, Бөкей ордасы” деп атаған, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында Бекетай құмында дүниеге келген. Қазақ ССР-ң қысқаша энциклопедиясы (А. 1987ж.) қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданында 1804 ж. туған – деп, Қазақ Совет энциклопедиясынан қате материалды көшіріпті. (24:530) Мақамбет Бөкей ордасында жасырынып жүргенде Жәңгір хан 40 кісі жіберіп, ұстап Калмыков түрмесінде 2 апта жатқасын, Орынборға айдатады – деген жалған мәліметте баршылық. Бұндай жаңсақ пікірлер басқа басылымдарда да жазылып, оқырманды шатастырып, Мақамбетке деген ықалысты, қызығушылықты кемітуде. Жаңадан шыққан Батыс Қазақстан энциклопедиясы Мақамбетке қарсы болған адамдарды мақтауға толы, ал батырдың өмірбаяны қысқа, әрі жаңсақ мәлімет мол, оның қоғамдық-саяси қызметі тарихи ғылыми тұрғыдан жазбағаны өкінішті. Өйткені авторлардың Бөкей ордасы тарихын білмейтіні көрінеді. Ол түсінікті де, арнайы зерттеу жүргізу тым қиын. Мақамбет қазақ халқы тарихындағы аса бір ауыр кезеңде - өз баласын асырай алмай аштан өлетін болғасын 50 сомға сатқан, не жанұясымен амалсыз орыс казак әскеріне жазылып, христиан дінін қабылдап орыс болған дәуірде дүниеге келіп, өсіп, ер жетіп, “қорлықта жүрген халқына” адал қызмет істеді.
Мақамбеттің жастық шағын, оның әнші, домбырашы болып, ел аралап, кемелденуін жазушы Әнес Сарай біркелкі нанымды етіп өз кітабында жазыпты. Қазақ өнерпазы, батырлық пішіні, зергерлік, тігінші, үйші т.б. кәсіби қабілеті ежелден ел ішінде көріп, білуден, еліктеуден, үлкендерден үйренуден басталатыны белгілі. Бұл процесс Кіші жүзбен оның Ішкі тарабында Асанқайғымен Қазтуған кезінен де күрделі, аса қиын саяси, экономикалық, әлеуметтік азып-тозу заманында өткенін біздің жазушыларымыз (Ә.Әлімжанов, Ә.Сарай, М.Тәжімұратов, Н.Әбуталипов т.б.) нақтап, әрі толық жазбай, әлі жетпей күрделі қоғамдық құбылысты, рухани, мәдени қожырауды айналып өте береді. Жетіру тайпасының ХІХ-ғ. басындағы аға биі Тіленші Бөкенбай ұлы жазғандай: Кіші жүз жұрты екі оттың ортасында болды: бір жағынан елді басқара алмай, әлі жеткенді тонап, талаған хан, сұлтандар, екіншіден-жергілікті патша әкімшілігі, олардың Орынбор, Орал әскерлері. Бұл қыспақтан Байұлы тайпасының ауылдары Нарынға өтіп еді, онда да орыс помещиктері, Орал әскері т.б. қысым жасай бастады. Бұдан бас сауғалап Өтеміс пен Жүз батыр Беріш руы ауылын бастап, бесіктегі нәресте Мақамбетті түйеге теңдеп 1804ж. көкек айында Жайықтан Тайсойғанға өтпек болғанда, Калмыковтың казак әскері тойтарыс берді. Ауыл қайта оралып Дендер тұсынан өтіпті. Жайықта үш кешу бар деген кәриялар біреуі-Қалмақ өткел. Солардан түнде бірдірмей өтсе керек. Оған жету тіптен қиын. Ауылдар ебін тауып Дендерге қарай өте берді, құм Нарынға жібермегесін қаша берді. Нарын жағында жұрт күрт азайды. Бұл патша өкіметінің есебін жаңылдырды. Империяға Орталыққа жақын мал, мал өнімін т.б. арзанға сатып алатын, өз өнеркәсіп товарын сататын рынок керек. Бөкей сұлтан, орыс купецтері дабыл қақты. Содан патша үкіметі 1806ж. 19 мамырда қазақ елін билеу, Бөкей Ордасы жөнінде Ережесін шығарып, қазақтардың Жайықтан әрлі-берлі өтуінің тәртібін көрсетті. Енді қазақтар өз руы, не ру бөлімінің старшыны басқаруымен, жан басын тізімдеп, мал басын санап, Бақсай мен Гребенщиков форпостылары тұсынан, арнайы постыдан бақылаумен өтетін болды. Өз жерімен суынан қазағым айырыла береді. Ол аз болса өз қара басының билігіде ада болды. “Ереже” бойынша кедей қазақтар балаларын тек ресейліктерге құлдыққа сатуы тиіс еді. Билеуші топ пен орыс казак әскерінің шабындысы тоқтамады, бір талауда, не жұтта бүкіл ауыл малсыз, дүниесіз қалып қайыршы болып шыға келді. Байғұстар саны өсе берді. Байғұс дегенге Ә.Сарай кітабында түсініктеме бермепті де, олар Орал әскери мекендерге орыстармен бірге тұрады депті. Бұл қате мәлімет. Байғұс деген қалмақ сөзі көрінеді, мағынасы – тақыр кедей. Орыс басылымында кедей қазақ күнелтіс үшін Орал, Орынбор әскери қоныстары қасына келіп, ең соңында тағанын, не мосыны сатып қайыршы болады, әскери мекен сыртында, қашықта жолым үйлерін, күркелерін тігіп, сонда тұрады. Бір орында тұра берсен үй айнала шөптен арылып тақырланып, шаң көтеріледі. Амал жоқ 50-60 қадам жерге байғұс күркесін көшіреді. Бұны түсінбеген орыс-қазақты көшпелі, байғұс болса да көшуді елестетіп, азғантай үй жабдығын арқалап, көше береді деп жазған. Байғұстардың пайда болуы – қоғамдағы саяси-әлеуметтік дағдарыстың тереңдігін көрсетеді. Байғұстарды әскери қоныстар тегін жұмысқа пайдаланған, не үгіттеп христиан дініне, орал казак әскеріне кіргізген. Балаларын арзанға сатып алып, дініне кіргізіп, аты, жөнін өзгертіп, қызметіне пайдаланып, еліне қайырмаған. Бұндай адам жанын тітіркендіретін фактылар оқулықтарда жазылмайды, лекцияларда айтылмайды. Аталарымыз көрген азаппен қорлықты қазіргі ұрпақ толық біліп, тағылым алуы тиіс. Сонда аталарымыз тіршілік көзін іздеп, отырған атамекенін тастап, қатерлі Жайық шөбінен әрлі-берлі тозып неге өте бергенін түсінер. Қазақта тіршілік көзі болып мал қалды, қолөнер мен өнеркәсіпті дамытуға, балық аулап талшық өтуге, тұз өндіріп, аң аулап табыс табуға Орал әскері жол бермеді. Амал жоқ, қара шаруа мал өсірумен айналысты, бірақ оны өсіруге жайылым керек, мал бір жерде ұзақ тұра алмайды. Міне осыдан келіп қазағым, Өтеміс 1808ж. күзде Жайықтан қайта өтіп, Нарынға 5 жасар Мақамбетті тұлыпқа орап, Бекетай құмына барады. Осы жерде туып, өскен Шүкірғали Абдешұлы (руы Масқар, 1899 жылы туған, сауатты) білікті кісі екен, 1972ж. 28-шілдеде Миялы ойда (Орда ауданы) тұрғанында барып сөйлескенімде: Бекетай деген “бесқасқа беріш, өзі де, ұрпағыда осы өңірді әлсін әлі келіп жайлаған. Бұны Әжікен Исқақұлы (руы Беріш, 1913ж. туған сауатты, Орда ауданы) қайталады, беріштің Бөдене деген сәуегені осы жерді көріп, ұрпағына Бекетайға мұра етіпті. Әжекеңде патриот кісі екен, білгені көп. Атасы Тұтқыш Байқұрманұлы Исатайды 1837ж. Жайықтан өтерде қорғаймын деп тосқауыл болып, қуғыннан құтылуына көмектесіп, өзі өлімші жаралы болып, тал арасына қашып одан қашып, Кердері Мұқаш дегеннің үйінде бір жыл жасырынып, емделген. Бұлардың сөзін Демесін Шерниязов (1887ж.т., Беріш, сауатты) растап, одан әрі нақтылап, өрбітті. Бекетай тегі “бесқасқа беріш – дейді кәрия. Баяғыда Үйсіннен 5 жігіт қашып келіпті, 4-2 еліне оралғанда, Түсіп дегені қалады. Одан бес ұл болған: Айтпай, Байқошқар, Бекетай, қараша дейді. Бес жігіт алғыр, батыл, өрен болғасын “бесқасқа” деп ел мадақтап атапты. Бұлардың 2-і Дендер жағында қалып, 3-і Бекетай құмына орнығыпты. Ол Жаңақаланың батысында 90 км-дей, ұзындығы 9-10 км-дей, оңтүстікке көлбеп жатыр. Ауасы жылы, қысы аз, шөбі мол аумақ "Айтпай бесқасқа құмы", “Қараша бесқасқа құмы” “бекетай” болып тағы бөлінеді. Біздің үйіміз Бекетайдың шығыс-терістік жиегінде еді – дейді атай. “Айтпай құмы” ойпаңда, көк шөп көп өседі, “Көктөбе” деген осында, айналасы үсті көгал. Бекетайдың батысында “Тас төбе” деген жер бар, оның терістігінде “Тасбұйрат” деген құм арқылы жол Жасқұсқа кетеді. Бұл жерлер Мақамбеттің туған өскен, тұрған жері болғасын тақықтап отырмыз. Демесін атай Әжікен т.б. сөздерін қайталап, арғы Көктөбе деген бар. Мақамбеттің Бекетайда “тас үйі” (саман) болған, Жәңгір т.б. Өтемісті, кейін оның балаларын ысырып шығарған. Бекетайға Қарауыл хожа Бабажанов келіп, “Кілке” деген жерге ағаш үй салған. Бұл “ала құйын” біздің үйден 3 км-дей жерде еді – дейді. Демесін Хожа патшаға жағынып, медаль алған, хорунжий әскери атағы бар, Жайықтан 1809 ж. өтіп осы жерге қыстырылып, алауыздық пен жерге таласты ала келді, - дейді кәриялар. Оның Қиғаш өзені жағында т.б. алапта жері болған. Бекетай құмында “Қамау, Қамал шағыл” бар, сонда Мақамбет жасында болған, кейін 1837ж. сол жерде үлкен шайқас болған – дейді. 80-дегі Қалила әжей 1972ж. Жаңақалада. Ол кісі ауданның жер бетінің бәрін біліп отыр, Бекетайда туып, өскен бесқасқа. Бұл айтылған кәриялар мәліметін тексеруге шықтым. Ол үшін әуелі Еспентай Тасмағанбетовке (Байбақты – бұғанай, 1890ж.т., сауатты Орда ауд. Теректі құмында туып, өскен) жолықтым. Тым білгір екен, алдымды орап, сөйлетпеді. Жоғарыда айтылған. Бекетай алқабы туралы әңгімелерді біледі екен. Шеркеш Жақсыбаев – дейді Еспентай атай, Жәңгірмен бірге Мәскеуге барып, алтын медаль алып, қайтарда Хан Үфі (Уфа) қаласына барып, Нұралы хан бейітінде болып: “Қара қазақ-ай, атамды қаңғытып өлтірдің-ау, - деп азуын қайрайды, Шеркеш екеуі ұрысып қалады. Елге келгесін хан Шеркешті қудалаумен болады, - дейді кәрия. Бекетай құмы, тұрғындары жоғарыдағы мәліметтерді Жаңақалада Ғазиз Үмбетияров, Сейтім Тәкеев, Аманғали Қанатов, Қабдолла Құбиев, Қ.Сейтов, Атырауда Тілекқабыл Шамшиденов, Қаппар Бижанов, т.б. растады.
Алматыда экономист Жақыбалиев ағай (Байбақты - Шекеу) коллективтендіру кезінде біз ығысып “Мақамбеттің Көктөбесі” деген жерде тұрдық деген. Д.Шерниязов т.б. кәриялар бұны растады және “Мақамбеттің арғымақ байлаған жері” дегенде бар, - деді. Мақамбет жасында сол Көктөбенің басына келіп, жастармен өлең айтып, кешкісін ән салып, домбыра тартып, тіпті ойын сауықта өткізетін болыпты. Бұған үлкендерде келіп қызықтап, өздері білетін өлең, жырларды айтып, жаттатып, жастарға “Қазтуған”, “Ел айырған” т.б. күйлерді, Шалгез, Доспамбет т.б. жырларын, Жиренше шешен, Сыпыра жырау әңгімелерін айтатын болыпты”, - дейді кәриялар.
Достарыңызбен бөлісу: |