Бүйрекүсті безі — бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі
Бүйрекүсті безі — бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі.
Біреуінің салмағы 6-7 грамм, екеуін қосқанда салмағы шашамен 12-14 грамм. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үшбұрыш, сол жақтағы пішіні - жарты ай тәрізді. Бездердіңсыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасын 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртыс қабаты 90%-ын алып жатыр. Бүйрекүсті бездерінен көптеген гормон түзіледі. Қыртысты қабат гормондарына: глюкокортикостероидтар, жыныс гормондары Минералокортикостероидтар жатады. Кортизол, ағзаның метаболиттік және энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Адреналин аденилатциклазды жүйе арқылы әсер етеді.
Бүйрекүсті бездерінің милы қабатында синтезделіп бөлінеді. Адреналин және норадреналин тиреиодты гормондар сияқты тирозиннен синтезделеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ж. Н. Нұрғалиев, С.Т Төлеуханов «Эндокриналогия» Алматы 2002ж 40б
Қ.С Рымжанов, И.М Төленбек «Адам және жануар физиологиясы» Алматы 2000ж