Ішкі тәртіп ережесі


Оқушылардыңсабақтағытәртібі



бет2/4
Дата11.05.2024
өлшемі27.47 Kb.
#500884
түріСабақ
1   2   3   4
тәртіп, ережелер

Оқушылардыңсабақтағытәртібі

1. Оқушылар міндетті түрде сабаққа үй тапсырмасын орындап алып келеді.


2.Мұғалім сыныпқа кірген уақытта оқушылар тұрып амандасады.
3. Мұғалім оқушыны жауап беруге шақырған кезде, ол тақта алдына шығып, сабақ айтуы тиіс.
4.Мұғалім ғана орнынан тұрмай жауап беруге рұқсатын бере алады.
5.Оқушы жауап берген кезде қатты дауысын шығарып, түсінікті, асықпай, өз ойын дұрыс жеткізуіне тырысуы қажет.
6.Сабақ кезінде көшіру және сыбырлар айтуға болмайды, ол оқу материалын дұрыс меңгеруіне бөгет болады.
7.Жауап беремін деген оқушылар қолын көтерулері міндетті. Басқа қылықтармен өзіне назар аудартуға болмайды.
8 Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін және жолдастарының жауаптарын мұқият тыңдап, шуламай, сөйлемей, басқа нәрселермен айналыспай, бөгет жасамаулары тиіс.
9.Сабақ барысын бұзған әрекет дөрекі тәртіп бұзушылыққа жатады. Оған кінәлілер мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіптік жазаға ұшырайды.
10. Өз әректімен сабаққа бөгет жасайтын оқушыны мұғалім сәйкесінше жұмыс өткізу үшін кезекші әкімшіліккее жібереді. Мектеп әкімшілігіне міндетті түрде барулары тиіс. 
11.Сабақтан өз еркімен кетуге тыйым салынған. Сыныптан шығуға тек қана мұғалім рұқсат бере алады, оның өзі сабақ басталғаннан кейін 20 минут өткен соң, бірақ қоңырауға бес минут қалғанда емес.
12.Оқушылар белгіленген кабинеттерде Еңбек қорғау ережелерін біліп, сақтаулары тиіс.
13.Өз денсаулығын сақтау мақсатында партадағы өзінің отырысына, бас еңкішіне назар аударуы тиіс. 
14. Ауыздағы сағыз – дөрекі әдеттің белгісі, сабақ кезінде оны қолдануға болмайды.
15.Сабақ аяқталғаны туралы қоңырау мұғалім үшін арналған. Тек мұғалім ғана сабақтың аяқталуы жайында хабарлап, сыныптан кетуге рұқсат бере алады. Сыныптан кеткен кезде өзінен кейін оқу орнын ретіне келтіреді
Оқушылардың қоңыраудағы тәртібі

1.Кабинетті желдету үшін оқушылар үзіліс кезінде дәлізге шығулары тиіс. 


2.Оқушылар мектептегі тәртіпті сақтау бойынша өз міндетін атқаратын кезекші мұғалімдерінің, мектеп бойынша кезекшілерінің және мектеп қызметкерлерінің талаптарына бағынуы тиіс (кезекшілік ережесін қарау).
3.Жарақатқа және мүлікті бұзуға әкелетін, сонымен қатар басқаларға демалуға бөгет жасайтын әрекеттер жасауға болмайды.
4.Оқушы үзіліс кезінде өз жұмыс орнын тазалап, сыныптан шығып кетуі тиіс.
5.Сынып бойынша кезекші мұғалімге келесі сабаққа кабинетті дайындайды.
6.Оқушыларға үзіліс кезінде баспалдақтар мен қабаттарда жүгіруге болмайды; еденде және терезе алды тақтайына отыруға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет