«Ішкі тыныштық – үйлесімді даму»



Дата05.11.2019
өлшемі140.65 Kb.
#447385
ішкі тыныштық

библиотека
материалов

Тайынша ауданы

№2 Чкалов орта мектебінің

«Өзін-өзі тану»пәнінің мұғалімі

Мукатаева Айгуль Салимовнаның

«Ішкі тыныштық – үйлесімді даму»

тақырыбында жазған РЕФЕРАТЫ

Жоспар:

І. Кіріспе бөлімі





    1. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік.

ІІ. Негізгі бөлімі

2.1. Жалпыадамзаттық құндылықтар ішіндегі ішкі тыныштық орны.

2.2. Оқу үдерісіндегі ішкі тыныштық.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

І.Кіріспе

1.1.Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік.

Өмір деген бір тұңғыйық мұхит тәрізді. Адам өмірінің мәнді де мағыналы болуы тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» мәні болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өміріндегі құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Адамның адам болып қалыптасуына құндылықтардың мәні зор. Құндылықтардың өмірдегі мәні жайлы сонау ерте заманнан бері айтылған пікірлер мен құнды сөздердің өз мағынасын жоғалтпауы соған дәлел. Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Өкінішке орай, атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз - өзіне қол салу, т. б. толып жатыр.Осы кеселдердің соңғы ғасырда қарыштап белең алуы, тоқтаусыз бір жұқпалы аурулар сияқты өршіп бара жатқанын өзі шошындырады. Осынша адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?- деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден - бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – мектеп мұғалімі.  Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану»  сабағы. Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл -  ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы  дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка, әдеп сабақтарында беріледі. Шыны керек, мектептің негізгі сабағы деп, сапаны көрсету керек деген желеумен адамгершілік тәрбие шектеліп қалып жатыр. Дегенмен бала тәрбиесінде  жалпыадамзаттық құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырамай, керісінше адамзат өмірінде маңызды орнын жоғалтпауы керек. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызады. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.

Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден  тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен  нормалар  қызметін өзіне бағындырады және реттейді.  Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Олар бізге  бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.  Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әрт түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Атақты ойшыл Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсалюттік. Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар.  Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында  тумысынан болады. Әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене жоқ.  Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.

ІІ. Негізгі бөлімі

2.1. Жалпыадамзаттық құндылықтар ішіндегі ішкі тыныштық орны.

Мектеп жасындағы оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру жалғыз бір өзін-өзі тану пән мұғаліміне жүктелмеген. Әр мұғалім өз сабақтарында адамгершілік қасиеті мен мәнің баса назар аудартып ескеріп қана қоймай соған жетелейтін нақты мысалдар арқылы бала жүрегіне әсер етуі тиіс. Мектеп әр оқушының өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыруы тиіс. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни жалпыадамзаттық құндылықтардың негізі болып табылады.



Жалпыадамзаттық құндылықтардың негізі бірден жоқ жерден пайда болмайды, коғам, коршаған орта, достар, ата-ана, мектеп және тұлғаның өзін-өзі тәрбиелей алуы – үйлесімді, жоғары рухани тұлғаның қалыптасуына әсер етеніні шындық. Ендеше құндылықтарды бойға сіңіру, үнемі оған негізгі өмір заңы деп қарау, өзіне және басқа біреуден соны талап ету- тұлғаның толық адами тұрғыдан қалыптасуына негіз болмақ. Адам өзіне өзі неге қас дұшпан екен? Осындай сұрақты қою себебім айналаға қарасақ, толып жатқан материалдық байлыққа ұмтылу, тек пайдасы бар, қалталы адамдарға жақын болу, жағымпаздық деген қате бір сыңаржақ, біркүндік әрекеттер бой алдыруда. Бүгінгі бала - ертеңгі ірі маман иесі, сол баланы тек сөзбен ғана емес, нақты мысалдармен, жасап жатқан әрекеттермен тәрбиелеп жатқанымызды неге ұмытып қаламыз. Соның бәрін көріп өскен бала ертеңгі күні қалайша біреуге қол ұшын береді, рухани кедей, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірмеген жай ғана биологиялық адам болып қала береді. Осыдан барып ұлттың, халықтың жойылуына әрине қауіп төнуде. Егер де «біз кімбіз?», «қайдан пайда болдық?», «бұл өмірге не үшін келдік?» және «қайда барамыз?» – деген терең философиялық сауалдар төңірегінде мәселе қозғасақ – ол өзіміздің көзқарасымызды, өзіміздің ішкі «Менімізді» адамгершілік жағына қарай өзгертуге жасаған алғашқы қадамымыз болғаны…». Әлемдік кеңістік аясындағы адам өмірі дегеніміз не? Бір ғана сәт, қас-қағым уақыт қана. Бізге берілген осындай ғана ғұмырды өзіміз үшін және өзгелер үшін ешқандай қиындықсыз өткізу маңызды емес пе?! Жас ұрпақты өкінбейтіндей етіп, қателіксіз, уайым-қайғысыз, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге, өмірлері қуаныш пен шаттыққа толы болуға үйрету – біздің қасиетті парызымыз. Нағыз ұстаз бейнесін Әбу Насыр Әл-Фараби сөзі соған дәлел: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді». Осындай ұстазға тән мінез-құлық ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің төрінен орын алған жағдайда жас ұрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған, елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз. Жас ұрпақ отбасында, ұжымда, қоғамда бірлесе өмір сүру жайында үлкендер әлемінен лайықты өнеге алады. Мұндай өнегеге нелер жатады? Ең алдымен, адамның өз-өзімен және қоршаған ортамен, атап айтсақ, Әлеммен, өзге тіршілік иелерімен, өз пейілдерімен, сезімдерімен және іс-әрекеттерімен жарастықта өмір сүруі, өзінің өмірдегі орнын таба білуі болып табылады. Сократ философиясы бойынша басты объект - адам, осы тұрғыдан алғанда, оны адам туралы қазіргі заманғы ғылым, философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Сократ философиясының мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!»,  «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген  қағидаларының негізгі мазмұны да осы.

2.2. Оқу үдерісіндегі ішкі тыныштық.

Адамның өмірге келуі, адамша өмір сүруі, қалай дегенмен қоғаммен және өзін-өзі тәрбиелей, шындай алуымен тікелей байланысты. Қаласын мейлі, қаламасын ол қоғам заңына бағынуы тиіс. Табиғаттың берген сыйы – ол өз өмірімен үйлесімді өмір сүру үшін әрине ол мағыналы да мәнді өмір сүру керек, яғни дұрыс әрекеттенуі тиіс. Оның барлық басқан қадамы өзіне, басқа біреуге жылылық пен сүйіспеншілік сыйлау керек, қиянат келтірмеу керек.

Абай атамыз айтқандай адам өз өзіне күніне бір рет, немесе айында , жылында бір рет есеп беруі керек. Ал ол не үшін керек? Әрине ішкі жан дүниемен үйлесімді өмір сүру үшін, ішкі тыныштыққа бөлену үшін.

Ішкі тыныштық пен қуаныш осы өмірдің бөлінбейтін бөлшегі емес, ішкі тыныштық пен қуаныш бұл біздің шынайы ішкі табиғатымыз. Жан тыныштығы терең мұхитқа ұқсайды. Мұхиттың жан тыныштығы өзінің тереңінде. Әрбір бала бұл мұхит. Адам ақиқатты сезініп сүйіспеншілікпен дұрыс қадам жасаса, онда оның көңілі мен ішкі жан тыныштығы хош иісті гүлдей бал-бұл жайнайды.

Адам өмірінде ішкі тыныштықты ерекше атап өтуіміз әрине бекерден бекер емес. Себебі, ішкі тыныштық адамды шыңдап қана түспей оны тереңнен тәрбиелейді. Сондай-ақ ішкі тыныштық ол шын сөйлеу, өзгені сынамау, мазақ етпеу, сүйіспеншілікпен ілтипатпен сөйлеу, өзгеге зиян келтірмеу, қоғам заңына сай әрекет ету, ұят істер жасамау, барлығына қолынан келгенше көмек беру, дұрыс әрекет жасау. Осылардың барлығы үйлесім тапқан кезде, бір негізгі принципке айналғанда адам өз –өзімен ішкі тыныштықта өмір сүреді. Осының барлығы не үшін керек? деген сұрақ туындайды. әрине ол ең бірінші кезекте адами құндылықты жоғары ұстау, екіншіден басқа біреумен, қоғамда өз орнын алу, үшіншіден өзінін мінез құлқын қадағалау мен шынайы мейірімділік пен бақытқа кенелу үшін. Осының бәрі ішкі жан дүниенің, яғни жүректегі табиғи рухани шынайы болмысын жасау.

Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. «Адамның кемелдігі неде?» деген сұраққа жауап іздесек. «Балық су үшін жаралған, құс ұшу үшін, ал, адам бақыт үшін жаралған» дейміз. «Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Білім мен мінез- құлық арқылы» дейді шығыстың атақты ойшылы Әбу Насыр Әл Фараби. «Ол білімнің мәні қандай?  Бақытқа апаратын мінез- құлық қандай?» деген сұраққа «ізгілікті мінез-құлық, рухани білім» дейді. «Оған қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Оған: ізденіс, тәрбиелеу өнері және оқу арқылы жетуге болады.» деген жауап айтқан.

Ішкі тыныштықты үйлесімді тәрбиелеу ол бір күндік шаруа емес. Ана құрсағынан бастау алған қазақи тәрбие сол құндылықтың негізі. Отбасынан бастау алған осы бағыттағы тәрбие мектеп партасында да өз жалғасын табуы керек. Осы мақсаттағы жұмыстар жүйелі түрде іске асырылуы керек деп ойлаймын. Себебі мұғалімнің бала тәрбиесінде алар орны ерекше маңызды екендігі баршаға аян. Ендеше сабақ барысында алдымызда отырған оқушының ішкі жан дүниесінің, ішкі тыныштығын үйлесімді тәрбиелеу жолдарына түрлі, мағынасы мол аңыздар мен әңгімелер, мысалдар мен өлеңдер, оларды талдау арқылы негізгі түйін идеясын алу сияқты жұмыстардың берері мол. Мысалы осыдан 1-2 жыл бұрын мен өзім сабаққа тек бір мақсатты шешу ретінде ғана қарайтынмын, ал бүгінгі таңда мен үшін әр сабақ оқушы бойына адамгершілік құндылықты сіңіру болып табылады. Әрине ол өз кезегінде өте күрделі педагогикалық әрекет. Алдымызда отырған барлық оқушылар бірдей емес, барлығынын жүрегіне жол табу, ішкі тыныштыққа бағыттау, дұрыс әрекетке үйрету мұғалім тарапынан шеберлік пен шығармашылықты талап етеді. Өзімнің педагогикалық тәжірибемді талдаған кезде, өзіме өзім есеп берер болсам, мен көптеген әрекеттерімді басқаша жасар едім. Себебі рухани құндылықтардың мазмұны туралы тек бүгінгі күні тереңінен таныс болып отырмын. Осылардың барлығы маған үлкен міндет арттырады, себебі оқушыға үйретпес бұрын, өзім соған лайық әрекеттер жасауым керек деп түйіндеймін.

Мен өзімнің педагогикалық іс-әрекетімде оқушылардан талап ету қажеттілігін үнемі ескеріп отырамын, сонымен қатар талабым оқушыны тығырыққа тіремей, өзін жайлы сезінуіне мүмкіндік беруге тырысамын. Әр сабақта баланы жас ерекшелігімен, тұлғалық ерекшелігіне көңіл бөліп отыруға тырысамын. Себебі осы жағдайды ескере отырсақ, білім дағдыларын игеру жолдары екі жақ үшін жеңіл болары сөзсіз. Мына жылдап дамып бара әлемде күн талабына сай білім беріп, алда отырған оқушыны жалықтырмай оған қызықты болатында сұрыптауға тырысамын. Әр сабақта тақырыпқа сай бейнефильм, өлең жолдары мен әңгімелер, аңыздар сай болу керек деген қағиданы қатты ұстанамын. Шығармашылық жұмыстар мен түрлі ойындар, жағдаяттардың үйлесімді жоспарлануы менің сабағымның табысты болуының кепілі. Әр сыныптың өзгешелігі әрине өз алдында, мінездері тым ашық, немесе тұйық оқушылар болады. Осындай оқушылармен жұмысты ұйымдастырған кезде менің алдымда тұрған басты қағида ол оқушыларды қалайда ішкі жан дүниесінің тыныштығына, әдемі үйлесім табатын әрекеттерге баулу мақсаты басты назарда болады. Мінезі тұйық оқушыға өзіне деген сенімін молайту, өз ойын ашық, қымсынбай жеткізуге үйрету, өзіне сенімін молайту үшін түрлі тартымды аңыздармен жағдаяттардын талдаудын маңызы зор. Басқа біреудің мінез әрекетін, жасаған қылығын, айтқан сөзін сараптай келе оқушы психологиялық тұрғыда өзін сол орынға қойып отырады, сол арқылы мінезін шындайды, өзін тәрбиелеп ішкі тыныштықтағы үйлесімге жетеді.

Күнделікті сабақ барысында жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару  ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп  көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады. Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.  Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -  бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.  Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.

Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан  өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі, яғни уақытша екенін, сезіне бермейді. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады. Яғни, шынайы жан тыныштығы жүректің нұрымен келеді. Адамның дұрыс жасаған әрбір ісі оны кемелдендіріп қана қоймай, оның ішкі жан дүниесінің тыныштығына баурайды.

Адам қиындыққа тап болған кезде ғана ойланады, қиналады. Қиналған кезде оның жаны тазарады.  Адам баласы ақыл мен жүрек қосылғанда  ғана эмоцияға берілмей, өз сезімін бағындыра алады. Сөйтіп саналы түрде жақсы мен жаманды ажырата алатын деңгейге жетеді. Сосын ар - ұжданына сүйеніп, шабытпен, интуиция арқылы ең жоғарғы, рухани деңгейге жете алады. Ішкі жан дүниесіне тыныштық орната білген адам, рухани адамгершілік құндылықтың ең жоғарғы деңгейіне жетері сөзсіз. Адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуетті көтеру болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз.

Тыныштық - ақиқат пен дұрыс әрекеттің сәулесі. Ақиқат пен дұрыс әрекет жолындағы адам тыныштықта - ішкі тыныштықта болады. Ойында тыныштық жоқ адам үнемі қиындыққа тап болады. Тыныштықта адам - ол бақытты, оның өмірінде ешқандай қиындық жоқ! Тыныштық - кез-келген сыртқы жағдайда ақыл-ойдың тазалығын сақтау. Жан тыныштығы - ол адамға кез-келген жағдайдан шығуға көмектесетін күш. Жан тыныштығы - таза жүректе орнайды. Ақылдың міндеті - сезімді бақылау. Сезімді бақылау, ашуға салынбай, әрбір сөзді ойланып айту т.с.с әрекеттер арқылы ішкі тыныштықты бойға сіңірудің табысты жолы.

ІІІ. Қорытынды

Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін - өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан - жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз  тілін, өз  отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз. «Ақыл-кілт, Жүрек-құлып. Адамның жақсы өмірінің негізінде билігі бәріне жүретін үш қасиет жатыр: адал еңбек, ар-ожданды ақыл-ой, шынайы жүрек. Бұларсыз өмірде тыныштық пен келісім табылмайды»,- деп атақты Ш.Құдайбердіұлы айтқандай Тыныштық - жүректің әні, Тыныштық - бақыттың таңы. Тыныштық - көңілдің сәні, Тыныштық - өмірдің мәні. Тыныштық - ашуды жеңер, Тыныштық - ол нағыз шебер, «Тыныштық!»- ұраның болсын, Рухани байлығын артып, Арманың сені іздеп келер, Шаңырақ шаттыққа жетер Адамзат риза болып өтер демекші адамның жарқыраған жан дүниесі ол - Ақиқат, Дұрыс әрекет, Сүйіспеншілік, Тыныштықтың бұлағы. Бұл төрт сапа болғанда ішкі тыныштық сақталады. Адамда ішкі тыныштық орнағанда ғана оның өмір жасы ұзақ болады.

Өз сабақтарымда рухани-адамгершілік құндылықтарды тани, қоршаған ортадағы өзара сыйластықты, адам деген атқа лайық өмір сүруді пайымдай отырып үйреткенмен, өз бойымдағы асыл қасиеттердің қалыптасуына, өз көңіл - күйімді басқара білуге, өзімді сыни тұрғыдан бағалай алуына, өз сөзім мен ісімді жауапкершілікпен қатынас жасауына, мәдениетті меңгеріп, қолданып жүрмін.

Қорыта келе, тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасына сүйенсек, өзiн-өзi танып білу - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы. Бұл ұмтылыс арқылы тұлға жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыт беретін ортақ рухани-адамгершілік, тәрбиелік идеяға бағдар көрсететін «Өзіңді-өзің таны!» деген әлеуметтену шыңына жетеді. 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Абай Кунанбаев.Слова назидания.-Алматы:Жазушы,1970

2.Амонашвили Ш.А. «Основы гуманной педагогики»

3.Аль-Фараби.Социально-этические трактаты-Алма-Ата:Наука,1973

4.Құдайбердиев Ш.Шығармалары/Құрастырған М.Жармұхаметов, С.Дәутов.- Алматы,1988

5.Мұқажанова Р.А. Омарова Ғ.А. Методика преподования дисциплины

«Самопознание в школе» Алматы 2013ж

6.Маслоу А.Г.Дальные пределы человеческой психики

7.Назарбаева С.А. «Өмір әдебі» кітабы Алматы 2001ж

8.Омарова Г.А.,Мукажанова Р.А.Методическое пособие для учителей

9.ПетраковаТ.И.Духовные основынравственного воспитания.- М.:Импето,1995.-111с



10.Самопознание.Учебная программа для общеобразовательных школ/Алматы:ННПООЦ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет