Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын



бет2/5
Дата24.02.2016
өлшемі0.71 Mb.
#12493
1   2   3   4   5

29

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бизнес-климатты жақсарту және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында сараптамалық кеңес жұмысын ұйымдастыру

Аудан әкімдігіне ақпарат

«САКӨжТБ» ММ

2011-2015

Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес отырысы қажеттілігіне қарай айына бір өткізіліп отыр. Кеңес отырысында аудан әкімдігінің кәсіпкерлік мәселесіне қатысты қабылданатын нормативтік акті жобаларының кәсіпкерлік мүддесіне қайшы келетіндігі немесе қайшы келмейтіндігі қаралуда.

30

Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Аудан әкімдігіне ақпарат

«САКӨжТБ» ММ

2011-2015

Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес отырысы қажеттілігіне қарай айына бір өткізіліп отыр. Кеңес отырысында аудан әкімдігінің кәсіпкерлік мәселесіне қатысты қабылданатын нормативтік акті жобаларының кәсіпкерлік мүддесіне қайшы келетіндігі немесе қайшы келмейтіндігі қаралуда. 2014 жылы сараптамалық кеңес отырысында 5 аудан әкімдігінің қаулылары қаралып, облыстық кәсіпкерлік ассоциациясына жіберілді. Облыстық кәсіпкерлік ассоциациясынан оң қорытынды алынды.

31

Бөлшек саудадағы азық-түлік өнімдерінің негізге түрлеріне баға мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету

Аудан әкімдігіне мәлімет

"СААШБ" ММ

«САКӨжТБ» ММ



2011-2015

Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларын тұрақтандлыру жөнінде аудан әкімінің өкімімен комиссия құрылыған. Аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан азық-түлік бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп келеді.

32

Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру мақсатында азық-түлік тауарларын көтерме және бөлшек сату, қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың басшыларымен Меморандумға қол қоюды ұйымдастыру

Меморандумға қол қою

"СААШБ" ММ

«САКӨжТБ» ММ



2011-2015

Әлеуметтік маңызды тауарларды сататын базар бар. Осы сауда орынның басшысы оператор етіп белгіленіп облыстағы тұрақтандыру қорынан бақша-көкөніс өнімдерін және әлеуметтік ұндарды алып халыққа үкімет белгілеген бағамен сатып жатыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудан әкімдігімен, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм» бөлімі, аудандық ауыл шаруашылғы» бөлімі және жеке кәсіпкерлер арасындағы өз ара әріптестік келісім туралы меморандум жасалды.

33

Коммуналдық сауда алаңын, «әлеуметтік» сауда орындарын ашуды қамтамасыз ету

Аудан әкімдігіне мәлімет

"СААШБ" ММ

«САКӨжТБ» ММ



2011-2015

Сырдария ауданында 1 базар тіркелген.

«Арзан» жабық базары, орналасқан жері Тереңөзек кенті,. Бұл базарда киім-кешек пен тұрмысқа қажетті заттар сатылады. Жаңа санитарлық нормаларға сай салынған.



Инновация и инвестициялар

Мақсат: Жұмыс жасап тұрған өндірістерде жаңа заманауи технологияларды қолдану арқылы жаңарту және кеңейту, қолданыстағы инновациялық өндірістерді сақтау және жаңаларын құру жолымен инвестициялық климатты жақсарту

Міндет: Инвестициялық қолайлы климат құру, ынтымақтастықты нығайту және дамыту, қаржы салу үшін жағдай жасау

Шаралар:

34

Ауданда жаңа өндіріс орындарын құруға арналған инвестициялық жобаларды, кәсіпорындарды жетілдіру және қайта жарақтандыруды іске асыруға ықпал ету мәселелерін қарау

"ҚОКжӨБ" ММ және аудан әкімдігіне ақпарат

«САКӨжТБ» ММ

2011-2015

Үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту жөніндегі бағдарламасына сәйкес 2014-2015 жылдары жалпы құны 15,3 млрд.теңге болатын 5 жоба іске асырылатын болады. Аталған жобалардың ішінде мұнай компанияларының жобалары қамтылған. Бұл «Оcean Energy Company» ЖШС-нің «Кеңлік» кең орнында ілеспе мұнай газын тиімді пайдалану мақсатында электроэнергия шығару өндірісі жобасы» жоба құны 14 млрд 200 млн теңге және «Экотехникс» ЖШС-нің «Мұнай қалдықтарын қайта өңдеу» жобасы. Құны 200,0 млн.теңге. Бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары арқылы Қызылорда – Жезказған автотрассасы жанынан 10 га жер телімі табысталды.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай»халықаралық транзиттік дәлізі бойында Сырдария ауданы шекарасынан өтетін бөлігінен 2 сервистік кешен салу жоспарлануда. «В» санаты бойынша жеке кәсіпкер «Жунусованың» және «Ақжарма 1» шаруа қожалығының сервистік кешендері. Әрқайсысы жылына 3,0 мың адамға дейін туристік қызмет көрсетеді, 41 жана жұмыс орындары ашылады. Екеуінің жобалық құны 682,0 млн. теңгені құрайды.

Қоғалыкөл ауылдық округінде «Арал ет» ЖШС-нің «Ет және ет өнімдерін өңдеу» цехын ашу көзделуде. Жоба құны 56,0 млн.теңге. Қуаттылығын 3 жыл мерзім ішінде 33 тоннадан 77 тоннаға дейін жеткізу межесі бар.

Аталған 5 жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізілсе, 3 жоба облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасына эксперттік комиссияға қарау үшін ұсынылды:

1.Жылыжайда қияр және қызанақ өсіру. Жоба құны 22,4 млн.теңге. Қуаттылығы жылына 86 тонна қияр, 72 тонна қызанақтан өнім алу.

2.Тамшылатып су ару әдісімен картоп егу. Жоба құны 34,4 млн.теңге. Қуаттылығы 240 тонна өнім алу. Құны 34,4 млн.теңге.

3. Заманауи тамшылатып су ару жүйесін пайдаланып алма бағын өсіру. Қуаттылығы 66 тонна өнім алу. Құны 13,8 млн.теңге.

Аталған жобаларды «Қазқұрылыссервис» ЖШС-і Бесарық ауылдық округінде жүзеге асырады. Жобаларды іске асырған жағдайда 32 адам жұмыспен қамтылады.



Міндет: Отандық тауарлардың бәсекеге кабілеттілігін арттыру, өндірісті жаңарту мен әр тараптандыру

35

Кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және әкімшілік кедергілерді қысқарту мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

"ҚОКжӨБ" ММ ұсыныс

«САКӨжТБ» ММ

2011-2015

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан заңды тұлғаларға берілетін рұқсатнама құжаттарының тізбесіне сәйкес облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының сұратуына байланысты есеп берілуде. Есепте алынған рұқсатнама құжаттарының және қайтарылған құжаттардың саны көрсетіледі. Бүгінгі күні кәсіпкерлік тарапынан ұсынылған құжаттардың ішінде қайтарылғандар жоқ.

Міндет: Аудандағы инвестициялық жобалардың тауарлар мен қызметтерді сатып алуындағы қазақстандық және жергілікті мазмұнды ұлғайту

36

Өндіруші өнеркәсіпте жаңадан құрылған өндірістерге мониторинг жасау

"ҚОКжӨБ" ММ және аудан әкімдігіне ақпарат

«САКӨжТБ» ММ

2011-2015

2014 жылы Ақжарма ауылдық округінде «Күріш ақтау зауыты», Бесарық ауылдық округінде «Қыш шығару цехы» іске қосылып, жұмыс жасауда.

37

Ауданның тауар өндірушілеріне қазақстандық мазмұнды дамыту механизімі бойынша семинарлар өткізуді ұйымдастыру

"ҚОКжӨБ" ММ және аудан әкімдігіне ақпарат

«САКӨжТБ» ММ

2011-2015

2014 жылы семинар өткізу мақсатында аудандық бюджеттен 325,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді. Семинар барысында қазақстандық мазмұнды дамыту мәселесі бойынша ақпарат берілді.

Бағыт 2. Әлеуметтік даму

Білім

Мақсат: Білім сапасын, қол жетімділігін жақсарту және балалардың заңды мүдделерін қорғау және құқықтарын сақтау жүйесінінің тиімділігін арттыру

Міндет: Мектептегі білім беру қызметтерінің сапасын арттыру

Шаралар:

39

Балабақшадағы жаңадан ашылған жұмыс орындары есебінен мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру

Облыс әкімдігіне ақпарат

"САББ" ММ

2011-2015

Аманкелді елді мекеніндегі «Айгүл» балабақшасынан 25 орындық, Ақжарма ауылынан «Бүлдіршін» балабақшасынан 50 орындық қосымша топ ашылды.

42

Компьютерлік техникаларды сатып алу

аудан әкімдігіне ақпарат

"САББ" ММ

2011-2015

Барлық білім ұйымдары компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. 2014 жылға қаржы қаралмаған

43

Мектептердің кітапхана қорын шығармашылық және оқу-танымдық әдебиеттермен жаңарту

аудан әкімдігіне ақпарат

"САББ" ММ

2011-2015

Мектептердің кітапханалары 3797 дана шығармашылық, 5000 дана оқу – танымдық әдебиеттермен жаңартылды.

44

Мектептерді күрделі жөндеу

аудан әкімдігіне ақпарат

"САББ" ММ

2011-2015

2014 жылы Ақжарма а/о №130 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 30,0 млн. теңге, Аманкелді а/о №42 мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 43,1 млн. теңге және ішкі жылу жүйесін күрделі жөндеуге 12,6 млн. теңге , Жетікөл а/о №174 мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 33,3 млн. теңге және ішкі жылу жүйесін күрделі жөндеуге 4,9 млн. теңге, Тереңөзек кентіндегі №210 мектебінің жылу жүйесін күрделі жөндеуге және бу қазандығын ауыстыруға 7,3 млн. теңге, «Жалын» тынығу лагеріндегі үйлерді күрделі жөндеуге 63,0 млн. теңге, барлығы 198,9 млн. теңгеге жұмыстар жүргізіліп пайдалануға берілді.

45

Жаңадан пайдалануға берілген білім нысандарын күтіп ұстауға

аудан әкімдігіне ақпарат

"САББ" ММ

2011-2015

Аудан бойынша барлық мектепте нысандарды күтіп ұстау және тиімді пайдалану жұмыстары үнемі жасалуда.

47

Білім саласы қызметкерлерінің білімін жетілдіруді және қайта даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету

аудан әкімдігіне ақпарат

"САББ" ММ

2011-2015

2014 жылы Алматы қаласында 7 мұғалім, Қызылорда қаласында 85 мұғалім, барлығы 92 мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 437 мұғалім білім сатысы курсынан өтті. Деңгейлі бағдарлама бойынша 1 озық деңгейден 22 мұғалім, 2 негізгі деңгейден 15 мұғалім, 3 деңгейден 53 мұғалім білім жетілдіру курстарынан өтті. Барлығы 2014 жылы 274 мұғалім біліктілігін жетілдірді.

49

Білім ұйымдарын кең ауқымды Интернет желісімен қамтамасыз ету

аудан әкімдігіне ақпарат

"САББ" ММ

2011-2015

Аудан бойынша 17 мектептің 15 мектебі кең жолақты интернет желісімен, 2 мектеп сымсыз интернет желісімен қамтамасыз етілдген.

50

Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім берумен қамтуды арттыру

"ҚОББ" ММ, аудан әкімдігіне ақпарат

"САББ" ММ

2011-2015

2012-2013 оқу жылынан бастап мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға аудандағы №36 мектеп – лицейдің 7 және 9 сыныптарына 21 мұғалім сабақ береді. Эксперименталды түрде инклюзивті оқыту жұмыстары жүзеге асырылуда.

51

Мүгедек балаларға арнап білім ұйымдарында "кедергісіз аймақтар" құру

"ҚОББ" ММ, аудан әкімдігіне ақпарат

"САББ" ММ

2012-2013

Ауданда 17 мектептің барлығында пандус бар, оның ішінде 1 мектеп (№36 мектеп – лицей) – талапқа сай келеді. Қалған 6 мектепке (№37, №42, №132, №135, №137, №147, №210) 2015 жылға салу жоспарлануда.

52

Коррекциялық білім ұйымдарына арнайы құрал-жабдықтар сатып алу

"ҚОББ" ММ, аудан әкімдігіне ақпарат

"САББ" ММ

2011-2015

Коррекциялық білім ұйымдарына арнайы құрал – жабдық алынған жоқ.

53

Кәмілетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралар кешенінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету

"ҚОББ" ММ, аудан әкімдігіне ақпарат

"САББ" ММ

2011-2015

Құқық бұзушылық, қылмыстылық, басқа да келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында 2014 жылы 89 іс-шара өткізілді. Мектептерде әр аптаның жұма күні «Құқық» күні болып белгіленді. «Құқық» күні оқушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстын алдын алу шараларын күшейті, қайталануын болдырмау мақсатында дөңгелек үстелдер, кездесулер, тренингтер өткізіледі.

Ауданның 4 мектебінде (№35, №36, №37, №210) оқушыларды құқық бұзушылығының алдын алу бағытында мектеп инспекторлары жұмыс жасайды. Білім мекемелері аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, 2013-2014 оқу жылында 72 рет рейдке шықты. Мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, кәмелетке толмағандарға ішімдік, темекі өнімдерін сату, олардың түнгі мезгілде көңіл көтеру мекемелерінде жүруіне тиым салу бағытында, мектеп ұстаздары, ата – ана комитеті мүшелерінің қатысуымен педпатруль жұмысының іс – шара жоспары бекітіліп, кезекшілік кесте бойынша жауапты қызметкерлер өз уақытында рейдке шығып отырады.



54

"Жас өспірім", "Қайырымдылық" "Дозор" оперативтік-профилактикалық іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету

"ҚОББ" ММ, аудан әкімдігіне ақпарат

"САББ" ММ

2011-2015

Жас өспірім", "Қайырымдылық", "Түнгі қаладағы балалар" оперативтік-профилактикалық іс-шараларының жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.Аудандық ІІБ қызметкерлерімен, ҮЕҰ бірлескен рейдтік педпатрульдер ұйымдастырылуда. Сырдария аудандық жастар мәселелері мемлекеттік қазынашылық кәсіпорымен бірлесе отырып, ерікті жастар жасағы құрылды. Ерікті жастар жасағының негізгі жұмысы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізу, ІІБ қызметкерлерімен, мұғалімдермен бірігіп рейдтік патрульдер ұйымдастыру. Ерікті жастар жасағымен 12 рет рейдтік патрульдер жүргізілді.

Міндет: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдар желісін арттыру және мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын жақсарту

55

Коммуналдық меншіктегі бұрынғы балабақша ғимараттарын қайта қалпына келтіру есебінен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісін көбейту

"ҚОББ" ММ, аудан әкімдігіне ақпарат

"САББ" ММ

2011-2015

Қоғалыкөл ауылында 140 орындық балабақшаның ЖСҚ-на 2743,0 мың теңге, Шаған ауылындағы 90 орындық балабақшаның ЖСҚ-на 2744,0 мың теңге қаржы бөлінді.

56

Жеке меншіктегі бұрынғы балабақша ғимараттарын сатып алу және қалпына келтіру есебінен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісін көбейту

"ҚОББ" ММ, аудан әкімдігіне ақпарат

"САББ" ММ

2012-2015

2014 жымыстар жүргізілген жоқ.

Денсаулық сақтау

Мақсат: Медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін қалыптастыру

Міндет: Денсаулық сақтаудың біріңғай ұлттық жүйесінде медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін арттыру

Шаралар:

66

"В" и "С" гепатитін анық-таудағы ересек тұрғындардың мақсатты тобына скринингтік зерттеу жүргізу

"ҚОДСБ" ММ, аудан әкімдігіне ақпарат

ДС

(келісім бойынша)



2012-2015

ҚР ДСМ-нің № 145 бұйрығы бойынша жекелеген санаттарын жоспарлап 100 пайыз тексерумен қамтылды. (2014 жылы 12 айында "В" и "С" гепати-тін ересек анықтаудағы скринингтік саны-250, көрінгені-250)

67

Колоректальный рак ауруын анықтауға тұрғындарға скрининг жүргізу

"ҚОДСБ" ММ, аудан әкімдігіне ақпарат

ДС

(келісім бойынша)



2012-2015

ҚР ДСМ-нің № 145 бұйрығы бойынша жекелеген санаттарын жоспарлап, тексерумен қамтылды.

Қорытынды бойынша 1843 адам тексеріліп 37 науқас анықталып есепке алынды. (2014-жылы 12 айында колоректальный рак ауруын анықтауға тұрғындарға скрининг жүргізу саны- 1773 көрінгені-1843)



68

Ересек тұрғындарды артериалдық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабетіне тексеру

"ҚОДСБ" ММ, аудан әкімдігіне ақпарат

ДС

(келісім бойынша)



2011-2015

ҚР ДСМ-нің № 145 бұйрығы бойынша жекелеген санаттарын жоспарлап, тексерумен қамтылды

Қорытынды бойынша 4675 адам тексеріліп 51 науқас анықталып есепке алынды (2014-жылы 12 айында скрининг Артериалық гипертензия, жүректің ишемия-лық ауруы және қант диабетіне жоспары 4675, көрінгені-4675



69

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық стандартын енгізу бойынша жеке медициналық ұйымдарға оқыту-методикалық көмек көрсету

"ҚОДСБ" ММ, аудан әкімдігіне ақпарат

ДС

(келісім бойынша)



2011-2015

Аудан бойынша жеке медициналық ұйым жок.

70

Көрсетіліп жатырған медициналық қызметтердің ашықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу

"ҚОДСБ" ММ, аудан әкімдігіне ақпарат

ДС

(келісім бойынша)



2011-2015

Көрсетіліп жатырған медициналық қызметтердің ашықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары жүргізілді

71

Медициналық ұйымдар мамандарының біліктілігін көтеру

"ҚОДСБ" ММ, аудан әкімдігіне ақпарат

ДС

(келісім бойынша)



2011-2015

Медициналық ұйымдар мамандарының біліктілігін көтеру 100 % орыналды.

2014 жылы 22 дәрігер, 63 орта буын медициналық қызметкер біліктілігін арттырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет