172
ИМАНИ ГҮЛ
бұл күні амалсыз артта қалып бара жатқан мал-мүлік,
дүниелеріне қараған бойда
«неліктен бұл күн келіп жет-
пес бұрын Алла жолында жұмсап, ізгілікке сарп етпедім?»
деп өкініштен бармақтарын шайнайды. Бірақ оларға осы
сағатта жасаған бұл өкініштерінен не пайда? Не қайыр?
Айқайлаған құлындағы дауыстар, түсініксіз сөздер.
Әшейінде тәкаппарланып Ұлы Жаратушысына қарсы шы-
ғып, бұл күнді ескертіп келген Құранға да, Пайғамбарға
да
жалған деп, намаз оқып, ораза ұстап дінге бас иіп,
осы күннен қорыққан құдайшыл жандарға мысқылдай
күле қарап, оларға «кері қалған, артта қалған байғұстар»
лақабын тағып, менсінбей қарайтын кәпірлер де бұл күнде
тілі келсе де келмесе де
«Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур-
расулуллаһ» деу үшін аузындағы қызыл етті алай да бұлай
да бұрап көріп, жанталасып, бір өліп, бір тіріліп қылғынып
жатыр. Бірақ, олардың
Құдіреті шексіздің осындай
дүниедегі сынақ уақыты біткен сәтте, әр нәрсенің Оны
ашықтан-ашық паш еткен мезгілде келтірген имандары-
нан не пайда?! Не үміт?!
Бірақ осы күн келмес бұрын Ұлы Жаратушысына
иман етіп, өмірлерін ізгі істермен
кестелеген адал жандар
бұл қорқынышты оқиғаны, үрейлі құбылысты көрместен,
Рахман Иелері тарапынан жіберілген ғажайып хош иісті
иіскеген бойда жан тапсырады. Иә, шынайы мұсылмандар
осы бір сұрапыл оқиғаны көрмек емес, хадисте бұл жай-
лы:
«Қиямет тек адамдардың жаманына болады»
Достарыңызбен бөлісу: