208
ИМАНИ ГҮЛ
Біз, адам баласы, денсаулықтың,
әрбір он екі
мүшеміздің баға жетпес нығмет екенін ойлап, қадірін
түсіндік пе? Оларды бізге тегін берген Раббымызға
рақметіміз
бен алғысымызды білдіріп, Оған қарыздар
екенімізді сезіндік пе? Шындығында, бізге бұл сұраққа
жауап беру оңайға соқпаса керек.
Егер
біреу бізге көп ақша берсе, оған рахметімізді
жаудырып, алдында құрақ ұшамыз. Ал, енді бір қолымыз
шолақ болса, мейлі миллиардтаған жыл жұмыс істеп,
триллион ақша тапсақ та,
Алланың бізге тегін берген
сау қолын сатып ала аламыз ба? Сатып ала алмасақ, неге
біз триллион ақша жұмсап қол жеткізе алмайтын әрбір
мүшемізді бізге тегін сыйлаған Ұлы Жаратушымызға
алғыс-рақметімізді білдірмейміз? Неге
«Аллаһу әкбар»
деп сәждеге бас ұрмаймыз?
Иә, тіпті ішкен-жеген асымызды табиғи жол-
мен сыртқа шығарудың өзі де Ұлы Иеміздің үлкен
жақсылығы. Оның қадірін ұғу үшін ауруханалардағы
бұл нығметтен
мақрұм жандарды барып көріп, атал-
мыш нығметтің қадірін түсінейік! Түсініп, Раббымызға
қарыздар екенімізді шын жүректен сезінейік!
Осыншама
жақсылықтың,
ырыс-берекенің
алғысы
«шүкір» деген тіліміздің ұшымен айтылатын
үйреншікті сөзбен шектелмейді. Ұлы Иемізге деген шы-
найы алғысымыз бен махаббатымыздың белгісі – Оның
бұйырған әмірлерін
«ләббайк» деп, айна-қатесіз орындап,
міндеттеген ғибадаттарын қадари халімізше толық атқару
мен тыйымдарынан түгелдей тыйылу.
Көбіне біз рахметімізді, алғысымызды шынайы Ие-
сіне емес, жолдағы түкке тұрғысыз себептерге білдірумен
ғана шектеліп жатамыз. Қалайша дейсіз бе? Базардан бір
алма сатып алдық делік. Сатушыға рахметімізді айтып,
қолына ақшасын ұстатамыз. Бірақ сол алманы
«құлым
209
ИМАНИ ГҮЛ
жесін» деп көз
тартар сұлу пішінде жаратып, аузыңнан
сілекейіңді ағызар тамаша дәм мен мұрныңды жарар кере-
мет жұпар иіспен безендіріп бізге жіберген, яғни алманың
шынайы иесі – Алла Тағалаға шүкірімізді, рахметімізді
білдіріп, Оған деген қарыздығымызды сезінеміз бе?
Сатушының қолына ұстатқан азды-көпті тиын-
тебенді алманың құны деп ойламаңыз, ол тек сатушының
еңбегі ғана. Себебі, алманың өз құны өлшеусіз. Ол
бағамен өлшенбейді. Неге дейсіз бе? Егер алма жоқ болса,
оны өсіру үшін дәнегін қайдан алар едік? Миллиардтаған
қаржы жұмсап, жоғары деңгейдегі
зертханаларды құрсақ
та алманың бір түйір дәнін жасай алар ма едік? Тіпті дәні
бар болған күннің өзінде оның өсіп жетілуіне керекті
Күнді, ауаны, топырақты, ондағы әр түрлі минералдар-
ды қайдан табар едік Бүкіл әлем жиналса, алманың өсуі
үшін керекті суды, ауаны жасай алмайды. Енді осы алмаға
керекті күн, ауа, топырақ, су сияқты қажетті заттардың баға
жетпестігін
ескере отырып, алманы бағалап көрейікші...
Иә, біз көбіне жаратқанды ұмытып, ортадағы себеп-
терге ғана алғысымызды білдірумен шектеліп жатамыз.
Бұл ісіміздің қаншалықты әділетсіз екенін білу үшін мына
мысалға назар аударайық.
Патша қызметшісі арқылы біреуге бағалы сый
жіберді делік. Әлгі адам сыйлықты ала салысымен
рахметін үйіп-төгіп патшаның қызметшісіне айтып,
сыйды тарту еткен патшаның өзін елемесе, оның бұл ісі
қаншалықты жөнсіз болар еді.
Бұл тұста нағыз алғыс
айтуға лайық жан қызметші емес, патшаның өзі емес
пе?!