Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет127/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

ИМАНИ ГҮЛ
Мінәжат
Ғұмырын осы уақытқа дейін
босқа өткізіп, жүрегі ақиқат шуағына
кейінен ғана оянған бір пенденің
Хақ алдындағы тәубасы.
Уа, Жаратушы Жаппар Ием – Хақ Тағала!
Құлың саған келді бас иіп, тәуба тілеп. Медет тілері 
бар ма оның Сенен басқа? Құлың адамдық тізгінін 
нәпсінің қолына ұстатып, әр бұрышта тұзақ құрып, айла 
ойлаған ібілістің құрығына шалынды. Дүниенің жылты-
рына алданып, пендешіліктің батпағына малынды. Енді 
міне, күнәларын арқалаған бойы бір қызарып, бір сазара 
ұялған күйі Саған келді. Өйткені Сен – мейірімділердің 
ең мейірімдісі, рақымдылардың ең рақымдысы, 
кешірімділердің кешірімдісісің.
Рахман Ием! Құлың қанша күнәға батса да, «бір күні 
келіп, Сенің ұлылығыңның алдында бас иемін» - деген 
көкірегіндегі үмітін жоғалтпады. Өйткені ол күнәсінің 
қанша үлкен екенін білсе де, Сенің кешіріміңнің одан да 
үлкен, шексіз екеніне бек сенді.
Алла Тағалам! «Раббым − тек Сенсің» дедім, сөйте 
тұра нәпсіме, дүниеге құлдық ұрдым.
Жаратушы Ием! Ақырет дедім, сөйте тұра дүниені 
таңдадым. Мәңгілік дедім, сөйте тұра пәниді артық 
көрдім.
Жаппар Ием! Сенің: «Уа, құлдарым, шайтан сендердің 
ашық дұшпандарың» деген рақымға толы ескертулеріңе 
құлақ аспай, Ібіліспен қоян-қолтық дос болдық, жо-жоқ, 
дос қана емес, тіпті, ажырамас сырлас болдық. Тіпті, кей 
тұста шайтан бізді емес, біз шайтанның өзін азғырдық.


211
ИМАНИ ГҮЛ
Раббым! Мен Сені басыма бір қиыншылық түскен 
сәтте немесе ауру-сырқауға ұшырап, тығырыққа 
тірелген мезетте ғана іздедім. Сол кезде ғана Саған деген 
мұқтаждығымды мойындап, құдіретіңе бас идім. «Раб-
бым, егер осыдан бір құтқарсаң, Сенің адал жолыңда 
жүрер едім», - деп Өзіңе сан рет уәде бердім. Сөйтіп, 
қиыншылықтан құтылған сәтте, Сені еске алмастан баяғы 
әдетімше кердеңдеп кете бардым.
Жаратқан Ием! Сен маған рақым етіп, ырыс-
берекеңді төккен сайын, Өзіңе қарыздар екенімді сезініп, 
маңдайымды сәждеге қоюдың орнына, тайраңдаған сай-
ын тайраңдай түстім. Сенен алыстаған сайын алыстап
күнәға белшеден баттым. Істеген әр күнәма өзімізше ақтау 
айтып, мың түрлі сылтау іздедім. Жүрегімнің қарайып, 
күнәға етімінің үйренгені соншалық ауыр күнәлардың 
өзін елемейтін болдық.
Күллі ғаламды мейіріміңмен тербеткен Рахман Раб-
бым! Сен не деген кешірімді, не деген мейірімдісің? 
Мен қанша күнә істеп, жүрегім қарайып, қараңғылыққа 
құлдиласам да, Сен мені дереу жазалап, тас төбеме 
азабыңды жаудырмай, тәубе етуім үшін ғұмыр сыйлап
адам болуым үшін мұрсат бердің.
Уа, Алла Тағалам! Ертең Сенің алдыңа барғанда: 
«Құлым! Мен үшін не істедің?» деген сұрағыңа не деп 
жауап беремін? Дүниедегі қай амалымды бір ғана Сенің 
разылығың үшін істедім дей аламын? Қу құлқынның 
қамын күйттеген істерімді ме? Әлде сол бір құлқынның 
қамы үшін айналамдағыларға жасаған қулық-айла, ұрыс-
жанжалымды ма? Жоқ әлде мына бес күндік дүние үшін 
құраған қилы-қилы жоспарларымды ма?
Раббым! Сенің алдыңда бір-бірлеп тұрып есепке тар-
тылар Махшар күні менің жағдайым не болмақ? Ол күні 
жан біткеннің жүрегі дүрсілдеп, ақ тер, көк терге түсіп, 


212


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет