Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


берілгендерге қараңдар! Сонда ғана Алла Тағаланың



Pdf көрінісі
бет135/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

берілгендерге қараңдар! Сонда ғана Алла Тағаланың 
сендерге нәсіп еткен нығметтердің қадір-қасиетін 
ұғынасыңдар»
113
десе, басқа бір хадисінде: «Нағыз 
113
Муслим, Китабуз-зуһд. Бухари, әр-Риқақ. Бухаридегі риуаятта 
былай делінеді: «Сендерден де көп дүние берілгендер мен жа-
ратылыстары сендерден де артық болғандарды көрген уақытта 
өздеріңнен де төмен болғандарға қараңдар!». Және қараңыз: Әбу 
Зәкария Мухиддин Иахия Ән Нәуәуий, Нузһатул Муттақин, 1 том, 
353 бет. Муәссисәтур Рисәлә, Байрут 1991ж.


224
ИМАНИ ГҮЛ
байлық мал-мүліктің көптігінде емес, жүректің, 
жан дүниенің кеңдігінде»
114
деп шынайы байлықтың 
мән-маңызын дәлме-дәл ашып берген. 
Иә, қанағат – түгесілмейтін қазына. Қанағатсыз адам 
қанша бай болса да, дүниеге тойымсыз келеді. Өйткені, 
ондай адамның ішкі дүниесі кедей. Ал қанағатшыл адам 
қара нан жесе де, дүниесі түгел. Себебі, оның жан дүниесі 
бай.
Ыбырай Алтынсариннің «Сақып» атты мына бір 
қысқа әңгімесі осы айтқанымызды дөп басып суреттеген-
дей:
«Сақып деген бір жақсы кісі мал жинамай жүріп, 
ақырында әл кеткенде қатты кедейшілік тартып, бір 
күні етігі болмаған соң жалаңаяқ далада жүргенінде, 
аяқтарын тас жыртып ренжіңкірепті. Сөйтіп келе жа-
тып, екі аяғы жоқ ағаш балдақпен жүрген бір тіленшіге 
жолықты. Мұны көріп, Сақып аһ ұрып айтты дейді:
– Әй, Құдайым, ренжігеніме тоба қылдым, шүкір 
саған – менің жүруге аяғымды аман сақтағаныңа; мынау 
балдақты бишараға жаңадан аяқ табылса, жалаңаяқ та 
болса жүруді дүниенің бір қызығы деп білер еді-ау деді,-
дейді»
115

«Алла Тағала барлық құлдарын неліктен бірдей 
бай етіп жаратпаған?» деу де орынсыз. Өйткені жал-
пы жаратылыстың өзі позитив және негативтік жүйеден 
құралған. Токтағы минус- плюс, бұлттардағы негатив-
позитив ағымдары және қатты жұмсақ, суық ыстық
қараңғы жарық, әйел- еркек сияқты көптеген мысал 
келтіруге болады. Міне, осы кереғар заңдылықтар арқылы 
жалпы ғаламда тамаша үйлесімділік, керемет жүйе 
114
Хадисті Имам Муслим жеткізді.
115
Ыбырай Алтынсарин, Таңдамалы шығармалары, 125-бет. 
«Ғылым» баспасы, 1994 ж.


225


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет