Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет183/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

ИМАНИ ГҮЛ
жыл бойы көптеген елдерді, құрлықтарды тынбай аралап 
зерттеген саяхатшы Ибн Баттута (1304-1369), он екі ғасыр 
бұрын алғашқы қағаз фабрикасын құрған уәзір Ибн Фазыл 
(739-805), Wright, Wilbur және Orville атты ағайындылар 
европада тұңғыш рет 1903 жылы ұшақ жасап, ұшуға қол 
жеткізсе, бұдан шамамен 1000 жыл бұрын, яғни, 880 жылы 
ұшақ жасап, ұшуға қол жеткізген Ибн Фирнас (?-888), та-
рихты ғылыми негіздеп, жүйелеген алғашқы ғалым Ибн 
Халдун (1332-1406), туберкулез микробын R. Kochтан 150 
жыл бұрын ашқан атақты дәрігер Камбур Уәсим (?-1761), 
дүниенің диаметрін алғаш өлшеген үш ағайындының бірі 
Мухаммед ибн Муса, алгебрадағы «Бином» формула-
сын тапқан Омар Хайям (?-1123), 400 жыл бұрын қазіргі 
дүниежүзі картасына өте жақын кейіпте дүниежүзі карта-
сын сызған Пири Рейс (1465-1554), тұңғыш рет компасты 
ойлап тапқан Кабажаки (ХІІІ ғасыр), химия саласында 
Кантитаф тәсілін ашқан Әбул-Касым әл-Каши (?-1436), 
1000 жыл бұрын майда тамырларды тауып, алғаш рет рак 
ауруына операция жасаған ғалым Али ибн Аббас (?-994) 
секілді жүздеген ғалымдар мұсылман еді
169

Иман – адамда ең киелі де қастерлі нәрсе болса, ис-
лам дінінде сол иманның жартысы– тазалық. Ардақты 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «тазалық – иманның 
жартысы» деген. Тазалыққа мұнша көңіл бөлгендіктен
ибн Сина, әр-Рази, Абдулқаһир және Сахир Ибн Насруллаһ 
секілді ислам ғалымдары жуынудың адам денсаулығына 
пайдасын егжей-тегжейлі зерттеген. Емханаларда жуыну 
үшін арнайы орындар бөлінген. Көптеген үйлердің жанын-
да моншалар болған. Ал европада болса, монша ұғымы 
деген тіптен жоқ еді. Европалықтардың ІХ ғасырда жуына 
бастағаны белгілі. ХVІІ ғасырларда Испанияның инкви-
169
Шабан Дөген, Мүслүман илим Өнжүлери ансиклопедиси. Ста -
бул, 1984 ж.


301
ИМАНИ ГҮЛ
зиция сотында мұсылман испандықтар мен христиандар 
тазалығына қарап ажыратылатын болған.
Сабынды да алғаш қолданған мұсылмандар еді. 
Сондықтан мұсылман елдерінде базарларда сабынның 
хош иісі аңқып тұратын. Батыс тілдерінде сабынға «savon»
делінсе, ағылшын тілінде «soap» делінуде. Бұл батысқа 
сабынның мұсылмандардан өткендігінің белгісі болса ке-
рек. 
Ислам пайғамбары Мұхаммед (с.а.у.): «Ей, Алла 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет