Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет218/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

ИМАНИ ГҮЛ
зайыптылардың сперма, жұмыртқалары болғанымен
әйелдің жатыры жарамаған яки түгелдей жоқ жағдайда не-
месе бала көтеріп, тууды қаламаған жағдайда жүгініледі. 
Қазіргі таңда әлемде жоғарыда айтылған барлық 
тәсілдер кеңінен қолданылуда. Қолдан ұрықтандыруды
біреулер тек ақша табу мақсатында пайдаланса, енді 
біреулері үйленбей-ақ балалы болу үшін немесе ерлі-
зайыптылардың біреуіндегі яки екеуіндегі жүкті болуға 
бөгет келтіретін кей ақауларға байланысты кеңінен 
қолдануда. Бүгінгі таңда танымал яки белгісіз адамдар-
дың спермаларын сақтап, сосын оны қажетсінген 
адамдарға сататын арнайы әлемдік сперма банкалары 
көптеп құрылған. 
Ислам ғұламалары «Рабитатул-аламил-ислам» 
(Әлем мұсылмандарының өзара байланысы) ұйымы 
ұйымдастырған фиқһ (ислам құқығы) мәжілісінің 
VIII кезекті отырысында жоғарыда айтылған қолдан 
ұрықтандырудың барлық түрлері мен жолдарын зерттеп 
мынандай пәтуалар шығарған:
1. Ерлі-зайыптылардың спермасы мен жұмыртқа клет-
калары табиғи түрде ұрықтана алмаған жағдайда, оларды 
қолдан ұрықтандыруға шариғат рұқсат етеді. Яғни, жүкті 
болуға қажетті «сперма, әйелдің жұмыртқа клеткасы 
және жатыр» бәрі бірдей бір ерлі- зайыптылардікі болған 
жағдайда ғана қолдан ұрықтандыруға рұқсат. Ал бұған 
жоғарыда айтылған сырттай және іштей ұрықтандырудың 
бірінші жолдары ғана сай келеді.
Рұқсат етілген бұл жолдың өзінде де мынандай шарт-
тар орындалуы тиіс: 
• Әурет жерін көрсетуге тыйым салынғандықтан,
әйелдің жұмыртқасын алу немесе ұрықтанған зигота-
ны жатырына қайта салу істерін мүмкіндігінше сенімді 
мұсылман әйел дәрігер яки басқа әйел адам, әйтпесе, 


360
ИМАНИ ГҮЛ
мұсылман ер дәрігер, ол да мүмкін болмаған жағдайда 
басқа кез-келген сенімді ер дәрігер атқарады. Бірақ, жа-
нында басқа туысқандары бірге болуы керек. 
• Ұрықтардың ауысып, шатастырылмайтындығына 
нақты көз жеткізілуі керек. 
• Қолдан ұрықтандыру күйеуінің көзі тірісінде жаса-
луы керек. Өлгеннен кейін рұқсат жоқ.
• Ерлі-зайыптылардың бұл іске бірдей рұқсаты бо-
луы керек. 
2. Қолдан ұрықтандырудың қалған барлық түрі 
шариғат бойынша – харам. Бұл жолдардың кез-келгені 
зинаның бір түріне жатады
218
. Өйткені, бұл тәсілдерде 
сперма мен жұмыртқа бірдей ерлі-зайыптыға тиесілі емес 
яки тиесілі болған күннің өзінде жатыр оларға еш қатысы 
жоқ бөтен біреудікі. Мұндай жолдар ата-тектің шата-
суына, көптеген келеңсіз жайттардың етек алуына әкеп 
соғары сөзсіз. Аталмыш тәсілдердің ішіндегі кең тараған 
суррогаттық (құрсақ ана) тәсілмен балалы болуға оң көзбен 
қарайтын адамдар да кездесіп жатады. Алайда, оның да 
өзіндік қауіп-қатері мен кері нәтижелері болатындығын 
ескермей болмайды. Айталық, олардың кейбірі:
• Батыста туылған сәбиді құрсақ ананың зигота 
иелеріне қайтармау оқиғасы жиі кездеседі. Расында да, 
ұрық басқа біреудікі болғанмен өз қанымен қоректендіріп, 
тоғыз ай бойы қиналып көтерген, жан алып - жан берісіп 
барып толғатып дүниеге әкелген бауыр еті баласын кім 
басқа біреуге көзі қиып бере салсын? Қайтарған күннің 
өзінде бұл жағдайдың ананың ішкі жан дүниесіне, пси-
хологиясына қалай әсер ететінін дүниеге сәби әкелген 
аналар жақсы түсінер. Ана баласын табыстағаннан кейін 
218
әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-фәтәәуа, 281-бет. Даруш-
шуруқ, Каир, 2004 ж.


361


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет