354
ИМАНИ ГҮЛ
Егер
музыканы жалпылама харам десек, онда
мұсылмандардың мәдениеті, өнері артта қалары
сөзсіз. Мысалы, ғибратқа толы ұлан-асыр тарихымыз-
ды бейнелейтін киноларымызға
ешбір музыка аспа-
бы қосылып, керекті жерінде эффекті берілмесе, ол
киноны кім ерекше әсермен тамашалай алады? Онда
жастарымыздың өзгелердің өте тартымды, әсері күшті,
бірақ мағынасы улы киноларының соңына түсіп кетері
сөзсіз. Сол сияқты телеканалдарда
бір бағдарламадан
екінші бағдарламаға өту кезеңдерінде, басқа да
көрермендердің назарын аударар жағдайларда музыка
аспаптарының рөлінің маңыздылығын кім жоққа
шығара
алады?!
Сөз соңы, музыка белгілі бір мән-мағынаны жеткізу-
де қолданылатын
«сөз» іспетті. Сөзбен пайдалы нәрсені
насихаттауға да, зиянды теріс мағынаны жеткізуге бола-
тыны секілді музыканы да жақсы-жаман түрлі бағытта
қолдануға болады дей келе Әбу Насыр әл-Фарабидың ба-
сынан өткен мына бір оқиғаны бере кетуді жөн көрдім.
Әл-Фараби бабамыз ән-күй десе ішкен асын жерге
қоятын жан болған екен.
Бір күні өзінің бір ұстазынан ән-күй жайын сұрады.
Ұстазының айтуынша,
сырнай-керней, әуен – жын-
шайтанның ісі болып шықты. Адамды алаң қылып азды-
рады, ісінен қалдырып, күнәға кіріптар етеді екен.
Бұрын ән-күйді жақсы сүйетін Әбунасыр осыны
естігеннен кейін қолына күй аспабын алмайтын болды.
Ән-күйді сүйіп ойнайтын Әбудың бір қымбатты қимас
жолдасы жоғалып қалғандай күй
кешеді де мынандай
ойға батады. Әсем ән деген адамды жадырататын, көңілді
көтеріп, жүректің мейірімін оятатын бір қасиетті өнер ғой.
Ендеше, ол қалай сайтанның меншігі болады?