ИМАНИ ГҮЛ
уақыты әлі келмегендігін, бұл үшін әлі мұсылмандардың
аз екендігін айтып алғашында рұқсат бермеген-ді, бірақ
Әбу Бәкірдің табандылық танытуынан кейін олардың
айтқандарына көнеді. Барлығы жұптарын жазбай Қағбаға
барады. Әбу Бәкір мүшріктерге қарап:
– Хақ һәм жалғыз Аллаға мадақ! Мәңгі бақыт –
Аллаға иман келтіруде. Оны мойындамай пұтқа табыну –
өте жаман әдет. Мағынасы жоқ жаһилия әдеттерін тастап,
Алла елшісінің шақыруына мойынсұныңыздар!– деді.
Мүшріктер алғашында толқыса да, тез арада естерін
жинап, мұсылмандарға қарсы шығады. Әбу Бәкірді жерге
жатқызып алып, қолдарына түскен нәрсемен ұрып-соға
бастады. Қаныпезер мүшрік Ұтба ибн Рәбиға табанында
шегесі бар аяқ киімімен тепкілеп оның нәзік бетін қан-
жоса қылады. Сол арада Әбу Бәкірдің туыстары көмекке
келіп оны өлім аузынан әзер алып қалды.
Өлімші халде есін жиған Әбу Бәкірдің ең алғашқы
сұрағы: «Алла елшісінен хабар бар ма?» болды. Ол есі
кіресілі-шығасылы жатқанын елемей, Пайғамбарымызды
(с.а.у.) уайымдап: «Оған не болды?» – деп сұраумен бол-
ды. Анасының: «Балам, бір нәрсе ішіп-жейсің бе?» – де-
ген сұрағына: «Алланың Елшісі қайда? Оның жағдайы
нешік?» – деп бәрібір көңілі жай таппады. Анасы еш нәрсе
білмейтінін айтқан кезде, ол: «Анашым, Хаттабтың
қызы Үммү Жамилге барып, Хақ елшісінің жағдайының
қандай екенін сұратыңызшы» – деді. Пайғамбарымыздың
жағдайының жақсы екендігін айтып келген хабарға да
көңілі толмай, Оның (с.а.у.) халін өз көзімен көргісі
келіп тағаты таусылды. Айнала біраз тынышталғаннан
кейін қасындағылар Әбу Бәкірді қолтықтап Әркәмнің
үйіне алып барады. Пайғамбарымызды (с.а.у.) өз көзімен
көрген кезде: «Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын,
ей, Расулаллаһ!» – деп жылай бастады. Пайғамбарымыз
|