Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


«Уа, Расулаллаһ, өзіңді неге мұнша қинайсың?»



Pdf көрінісі
бет46/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

«Уа, Расулаллаһ, өзіңді неге мұнша қинайсың?» – де-
ген сұрағына: «Аллаға шүкір еткен құл болмайын ба?» 
– деп жауап қатқан Алла елшісінің намазынан қандай 
жалғандық көруге болады? «Зекет беріңдер!» деп ереже 
қойған Пайғамбарымыздың қолына тиген мал-мүліктің 
бірін де қалдырмай мұқтаждарға бөліп беруінен нен-
дей көзбояушылық байқауға болады?! «Харамдар-


86
ИМАНИ ГҮЛ
дан аулақ болыңдар!» – деп ескертіп түнде төсегінен 
тауып алған құрманы аш болғандықтан байқамай жеп 
қойып, садақадан
23
келген құрма болуы мүмкін деген 
күдікпен түні бойы дөңбекшіп, ұйықтай алмай шыққан 
Пайғамбарымыздың харамға деген іс-әрекетінен қандай 
жалғандық, нендей көз бояушылық көруге болады?!
Оның (с.а.у.) ерекше өмір салты –
шынайы елшілігіне дәлел
Пайғамбарымыз егер (хаша уә кәлла) жалған 
пайғамбар болған болса, мал-мүлікке ие болу, мансап-
билікке қол жеткізу, атақ-абыройға кенелу сияқты пенделік 
мақсат-мұраттары болатын еді. Жалған пайғамбар болуда 
егер дүниелік еш мақсат-мұрат жоқ болса, өз өмірін қауіп-
қатерге, қиыншылықтарға душар ететін мұндай ауыр да 
жауапты жүкті неліктен сау басына тілеп алсын? Ал егер 
дүниелік еш мақсаты жоқ болса, сөзсіз Ол адам – шынайы 
Алланың жіберген хақ пайғамбары болмақ.
Алла елшісінің (с.а.у.) нұрлы өмірін зерттеп көрсек, 
аталмыш мақсаттардың ешбірін кездестірмейміз. 
Иә, Ол егер жалған пайғамбар болу арқылы мал-
мүлікті, атақ-абыройды, билікті мұрат еткен болса, 
әу баста бұлардың бәрі Пайғамбарымызға ұсынылған 
еді. Күннен-күнге қанат жайып бара жатқан жаңа діннің 
алдында не істерлерін білмей абдыраған құрайыштар 
Пайғамбарымыздың немере ағасы Әбу Тәліпке келіп: 
«Біз оған қалаған байлығын берелік, қаласа Меккенің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет