Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет130/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

жоқ»
106
, «Оған еш нәрсе ұқсамайды»
107
.
Ендеше, «Алланы кім жаратты?» деген сауал әу-
бастан қате. Себебі бұл Алланы мына дүниедегі заңдарға 
тәуелді жаратылыспен салыстыра ойлаудың нәтижесі. 
Ал Ұлы Жаратушы өзі жаратқан ешбір жаратылысқа 
ұқсамайды. Тіпті қарапайым жай суретшінің өзі
өзінің салған суретіне ұқсамайды ғой. Өйткені, сурет 
– әр түрлі бояудың қоспасы ғана. Онда суретшідегідей 
басыбүтін қасиеттер жоқ. Қысқасы, шебер мен оның 
қолынан шыққан туынды екі бөлек нәрсе. Ендеше, 
күллі кемшілік сипаттардан пәк Ұлы Жаратушы да өзі 
106
Ықылас сүресі/4.
107
Шура сүресі/11.


216
ИМАНИ ГҮЛ
салған мына жаратылыс суретіне, жаратқан туындысына 
мүлдем ұқсамайды. Сондықтан жаратылысқа арналған 
заңдарға да тәуелді емес. Мысалы, дүниеге келу үшін не 
нәрсенің болсын белгілі бір себепке тәуелді екендігі анық. 
Барлығымыз туылғанбыз, бізді туғандарды да біреулер 
дүниеге әкелген. Яғни, барлық нәрсенің бастауы бар. 
Біздің қателігіміз сол, дүниедегі осы туу, туылу және бар 
болу үшін белгілі бір себепке мұқтаждық заңын Ұлы Жа-
ратушымыз Алла Тағалаға да таңғымыз келеді. Ал Алла 
болса, барлық туу, туылу былай тұрсын, тіршілік заңдары 
жоқ кезде де бар еді. Тіпті, Алла Тағала осы аталмыш 
заңдарды да өзі жаратқан жоқ па!? Ендеше, өзі жаратқан 
бұл заңдарға Ұлы Жаратушының тәуелді болмасы анық. 
Сондықтан «Ықылас» сүресінде: «Ол еш нәрсеге мұқтаж 
емес, тумады да туылмады», - делінеді. Бейне бір «Ей,
құлдарым, туу, туылу, сыртқы бір түрткіге зәрулік сен-
дерге тән, мені ол заңдарға тәуелді етіп ойламаңдар» деп 
тұрғандай. Алла Тағаланы ешкім жаратпаған. Алла Тағала 
 «әзәли», яғни, Оның барлығының бастауы да, соңы да 
жоқ – Мәңгі. 
Алла жаратылмағандығы үшін Алла емес пе? Мы-
салы, әскерлер бұйрықты қолбасшыдан алады. Ал 
қолбасшы бұйрықты патшадан алады делік. Ал енді 
«патша бұйрықты кімнен алады?» деп сауал қоя алмай-
мыз. Өйткені, патша да бұйрықты біреуден алса, онда ол 
шынайы патша бола алмайды. Тағы бір мысал, мешіттегі 
жамағаттың бәрі намазда бір имамға ұйиды. Ал сол имам 
да басқа бір адамға ұйыса, ол имам емес, жамағаттың бірі 
болып қалады. Сол сияқты Алланы да басқа бір Алла жа-
ратса, онда жаратылған бірінші Алла, Алла бола алмай-
ды. Өйткені, біз «Алла» деп о баста еш жаратылмаған, 
ешкімге мұқтаж емес, жаратылғандарда жоқ мәңгілік 
сияқты сипаттардың шынайы иесін ғана айтамыз.


217


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет