218
ИМАНИ ГҮЛ
Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі
Өзіне құмар қылған оның әмірі.
Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды,
Оймен білген нәрсенің бәрі – дәһрі
108
-деп түйсе, тағы
бір өлең жолдарында:
«Ақылға сыймас Ол Алла,
Тағрифқа
109
тілім қысқа-ақ»
110
деп,
осы ақиқатқа
үлкен ой салады. Ал философ Декарт былай дейді:
«Адам
– тұтастай шектеулі жаратылыс. Ал осындай шектеулі
адам шексіздікті мүлдем түсіне алмайды».
Алланың мәңгілік сипатын қабылдағысы келмеген
өркөкірек материалистер сол сипатты жансыз материяға
телімек болады. Алайда, мәңгілік сипатын шынайы Иесі
Аллаға беру бір басқа да, оны қателесіп күнде өзгеріске
ұшырап, пәнилікке бас иіп жатқан жансыз материяға беру
бір басқа.
108
Абай, Қалың елім, қазағым, 153-бет. Атамұра баспасы,
Алматы 2002 ж.
Халиқ – Жаратушы, Махлұқ – жаратылыс, Дәһрі – арабша «уақыт,
заман» дегенді білдіреді. Алланы мойындамай, ақыретті жоққа
шығаратын дінсіздерге де «Дәһри» делінеді.
Бұл жерде хакім
Абай «Дәһрі» сөзін «уақытша, пәни, кейіннен жаратылған» де-
ген мағынада қолдануы ықтимал. Яғни, адам санасының «біліп,
түсіндім» деген нәрселері кейіннен жаратылған пәни дүниелерге
жатады. Ал Алла кейіннен жаратылмағандықтан, Оны толық
түсіну мүмкін емес дегенді меңзеп тұр. «Халиққа махлұқ ақылы
жете алмайды» дегені де сондықтан.
109
Тағриф – түсіндіру.
110
А.а.е, 189-бет.