Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


Ислам дінін ұстанған мұсылмандардың



Pdf көрінісі
бет180/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

Ислам дінін ұстанған мұсылмандардың
бүгінгі күні ғылым-білімде артта қалуы 
неліктен?
Ислам – адамзатты екі дүниенің бақытына жетелер 
Алла Тағаланың ақырғы діні. Оның дәлелі – Құранның 
нұрлы аяттарын өмірлерінің сан саласына шамшырақ 
ете білген мұсылмандар. Иә, Құран қағидаларын 
берік ұстанып, аяттардың қасиетіне бас иген алғашқы 
мұсылмандар мәдениетте, ғылымда күллі әлемге 
ұстаздық етіп, үлгі бола білді. Себебі, Құранның алғашқы 
аяты «иқра», яғни «оқы!» деп түскен. Бұл бұйрық тек 
Құранды жатқа оқу емес, жаратылыс сырларын оқу, адам-
ды оқу, жалпы ғаламды зерттеп-зерделеп оқу еді. Құран 
аяттары мен Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың хадистері 
мұсылмандарды әрдайым білімге, ғылымға үндеді. Тіпті, 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) «ғылым үйрену – әрбір мұсылман 
ер кісіге де, мұсылман әйелге де парыз» деп, ғылым 
үйренуді әйел-еркек деп бөліп жатпай, әрбір мұсылман 
баласына парыз етті. Ғылым іздеуді мектеп, университет 
сияқты білім ордаларымен, докторлық, профессорлық 
тәрізді ғылыми дәрежемен яки өмірдің белгілі бір 
кезеңімен ғана шектемей «ғылымды бесіктен көрге дейін 
ізде!» деп, үлкен талап қойып, бүкіл өмірді қамтитын 
нысананы меңзеді. Исламда әрбір ғылым саласы Алла 
Тағаланың құдіретін, ұлылығын, шеберлігін, шексіз білімін 
паш етіп, құлды Жаратушыға бір табан жақындататын 
болғандықтан, мұсылмандар ғылымға жай ғана ізденіс, 
өзінің атын шығаратын әуестік емес, ғибадат, құлшылық 
ретінде қараған. «...Білетіндер мен білмейтіндер тең 


297
ИМАНИ ГҮЛ
бе?...»
166
деп келетін Құран аяттары білетіндер мен 
білмейтіндердің, сауаттылар мен сауатсыздардың сөз 
сөйлеуде, өзгелермен қарым-қатынаста, ел басқаруда
бала тәрбиелеуде, жалпы қай қырынан болмасын тең 
еместігін, тіпті, Алла Тағаланың алдында да бір дәрежеде 
болмайтындығын ашық ұқтырды. Құран иман еткен жан-
дарды әрдайым «ақылға салмайсыңдар ма?», «ойлана-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет