340
ИМАНИ ГҮЛ
да тұрпайы көрінуде. Қоғамда заман талабына ілесудің
өлшемі
«жалаңаштану» сияқты көзқарас қалыптасты.
Ал орамал тағып, ұзын киім киіп жүрген жандар замана
көшіне ілесе алмай, қатардан қалып кеткен ескішіл адам-
дардай бағалануда.
Бүгінде әйел баласы бейне бір зат секілді әркімнің
ойына келген арам
пиғылдарына ойыншық болуы
өкінішті-ақ. Мысалы, әйелдің жалаңаш тәні өзгелердің
назарын тарту үшін кәсіпкерлердің тауарларын жарна-
малайтын жарнама құралына айналды. Әйтпесе,
газет
жарнамасында, көліктің дөңгелегінің жанында жалаңаш
тәнімен тұрған әйелдің оған қандай қатысы бар?
Алла Тағала әрбір жаратылысқа өзіндік ерекшеліктер
тарту еткен. Әйел адамның қоғамдағы, жанұядағы орны,
жалпы болмысы, тәні ер адамдарға қарағанда мүлдем
ерекше. Әйел адам осы ерекшеліктерін қорғай білген кезде
ғана, қоғамдағы биік мәртебесін сақтай алады. Әйел адам
өзінің аналық мейірімімен, күйеуіне
деген ізеттілігімен
қымбат. Ол осы қасиеттерімен әрдайым жоғары тұрады.
Осы тұрғыдан алғанда орамал тағу, ұзын киім кию – әйел
адамның нәзік болмысы мен әдемілігін бөтен адамдардың
арам пиғылынан, сұқ көзінен сақтайтын бірден бір қор-
ған. Әрі әйел затын мейірімділік, нәзіктік, ар-ұяттылық
сияқты тағы басқа әйелге тән асыл қасиеттерімен таны-
тар нышан. Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі –
Құранның тікелей бұйрығы.
«Нұр» сүресінде:
«Мүмін әйелдерге айт, өздеріне
Достарыңызбен бөлісу: