Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет206/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

ИМАНИ ГҮЛ
арнайы орамал түрін тағатын. Европадағы еврей әйелдері
сол жердің тұрақты мәдениетімен араласа бастаған ХІХ 
ғасырға дейін орамал тағып келген. ХІХ ғасырда ев-
ропа қоғамы басты ашып жүруге мәжбүр еткендіктен 
кейбір еврей әйелдері орамалдың орнына парик киіп 
жүруді шығарды. Ал бүгінде еврей әйелдері синагогада 
ғана орамал тағады. Еврей дінінің «Hassidism» бағытын
ұстанушылар орамалға балама ретінде әлі күнге дейін па-
рик тағуда. 
Ал христиан дінінде орамал тағу мәселесі қалай? Ка-
толик шіркеуіндегі монах әйелдердің 1000 жылдан бері 
орамал тағатындығы белгілі. Тертуллиян атты христиан 
ғалымы бойжеткендердің шашын жабуға байланысты 
баяндамасында былай дейді: «Бойжеткендер, көшеде 
жүргенде бастарыңа орамал тағыңдар, шіркеуде, бөгда 
адамдардың жанында және өз ер бауырларыңыздың жа-
нында бастарыңды ашық ұстамаңдар....». 
Бүгінгі Католик шіркеуінің ата заңдарында шіркеуде 
әйелдерді бастарына орамал тағуға міндеттейтін арнайы 
бабтар бар. Амиш және Меннонилер сияқты кейбір 
христиан ағымдары әлі күнге дейін әйелдердің орамал 
тағуын талап етуде
199
.
Алысқа бармай-ақ орыс халқының ұлттық киіміне, 
назар аударсақ, олар да орамал тағып, ұзын киім киген. 
Демек, орамал тағу ислам діні әкелген жаңалық емес. 
Жаһанданудың арқасында біз бүгінгі таңда ба-
тыс мәдениетінен барынша әсерлендік. Әсерленгеніміз 
соншалық, оған ес-түссіз беріліп, жақсы-жаманын ажыра-
тып жатпастан, залалы мен пайдасын сараламастан оларға 
қатты еліктедік. Сондықтан, біздің қоғамда әйел адамның 
етек-жеңін қымтап жүруі, жартылай жалаңаштанудан 
199
Шәріп Мұхаммед, Ислам ве дегер геленеклерде кадын. Иени үміт 
журналы, №14, 2002 ж.


340
ИМАНИ ГҮЛ
да тұрпайы көрінуде. Қоғамда заман талабына ілесудің 
өлшемі «жалаңаштану» сияқты көзқарас қалыптасты. 
Ал орамал тағып, ұзын киім киіп жүрген жандар замана 
көшіне ілесе алмай, қатардан қалып кеткен ескішіл адам-
дардай бағалануда. 
Бүгінде әйел баласы бейне бір зат секілді әркімнің 
ойына келген арам пиғылдарына ойыншық болуы 
өкінішті-ақ. Мысалы, әйелдің жалаңаш тәні өзгелердің 
назарын тарту үшін кәсіпкерлердің тауарларын жарна-
малайтын жарнама құралына айналды. Әйтпесе, газет 
жарнамасында, көліктің дөңгелегінің жанында жалаңаш 
тәнімен тұрған әйелдің оған қандай қатысы бар? 
Алла Тағала әрбір жаратылысқа өзіндік ерекшеліктер 
тарту еткен. Әйел адамның қоғамдағы, жанұядағы орны, 
жалпы болмысы, тәні ер адамдарға қарағанда мүлдем 
ерекше. Әйел адам осы ерекшеліктерін қорғай білген кезде 
ғана, қоғамдағы биік мәртебесін сақтай алады. Әйел адам 
өзінің аналық мейірімімен, күйеуіне деген ізеттілігімен 
қымбат. Ол осы қасиеттерімен әрдайым жоғары тұрады. 
Осы тұрғыдан алғанда орамал тағу, ұзын киім кию – әйел 
адамның нәзік болмысы мен әдемілігін бөтен адамдардың 
арам пиғылынан, сұқ көзінен сақтайтын бірден бір қор-
ған. Әрі әйел затын мейірімділік, нәзіктік, ар-ұяттылық 
сияқты тағы басқа әйелге тән асыл қасиеттерімен таны-
тар нышан. Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі – 
Құранның тікелей бұйрығы. 
«Нұр» сүресінде: «Мүмін әйелдерге айт, өздеріне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет