Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


«Алланың саған берген бар мүмкіншілігімен ақырет



Pdf көрінісі
бет37/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

«Алланың саған берген бар мүмкіншілігімен ақырет 
жұртын іздеп, соған ұмтыл. Бірақ дүниедегі несібеңді 
де ұмытпа. Алла саған жақсылық еткендей, сен де 
өзгелерге жақсылық істе. Сондай-ақ, жер жүзінде 
бүлікке ілеспе. Күдіксіз Алла бүлікшілер мен содыр-
ларды жақсы көрмейді»
16
- дейді
17
.
• Ақыретте «бізге пайғамбар жіберіп, тура жолды 
көрсеткеніңде адаспайтын едік» деп сылтауға басқысы 
келетіндердің аузына құм құйылуы үшін, оларға хақ пен 
нахақты түсіндіріп, жеткізетін пайғамбарлар жіберілген. 
Осылайша сылтауларының алды алынған. Бір аят бұл 
мәселені былай баян етеді: «Елшілерден кейін Аллаға ай-
тар желеуі болмас үшін пайғамбарларды сүйіншілеуші 
әрі ескертуші етіп жібердік: Алла Азиз (аса үстем), Ха-
ким (хикмет иесі)»
18
.
Пайғамбар сипаттары
Адамзат пайғамбарларға қарап, жалпы істерінде 
бағыт түзеп, бағдар алады. Олар – адамға әрбір істе 
қайталанбас үлгі, ізгілікте қол жетпес биік шың, адасқанға 
жол сілтейтін жарық жұлдыз. Адамзат үшін осындай 
асыл міндеттермен жүктелген пайғамбарлардың бойында 
міндетті түрде табылуы тиіс сипаттар бар. Бұлар бесеу:
1. Исмәт. Барлық пайғамбарлар пайғамбарлық 
міндетпен жүктелмес бұрын да, кейін де барлық күнә 
атаулыдан пәк. Қысқасы, күнә пайғамбардың түсіне 
16 
Қасас сүресі 77-аят.
17
М. Фатхуллаһ, Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-
инсания, муассисатул-Рисәлә, 1-том, 69-77 бет. Бәйрут. ауд:
Ахмет Әшен.
18
Ниса сүресі 165-аят.


73
ИМАНИ ГҮЛ
де кірмейді. Егер адамзатқа тура жолды көрсетіп
әрбір істерінде шамшырақ, үлгі болу үшін жіберілген 
пайғамбарлар да күнә істейтін болса олардың артынан 
ешбір адам үмбет болып ермес еді. Міне, сондықтан 
барлық пайғамбарлар күнә атаулыдан Ұлы Жаратушы та-
рапынан арнайы қорғалған.
2. Сидқ. «Туралық» деген мағынаны білдіреді. Бар-
лық пайғамбарлар сөйлеген әрбір сөздері мен істеген әрбір 
ісінде туралықты ту етеді. Олар ешқашан болған жайды 
бұрмалап айтпайды. Қандай жағдай болса да, ешқашан 
жалған сөйлемейді. Раббысының баянын жеткізетін 
пайғамбардың жалған сөйлеп, халық алдындағы 
сенімділіктерін аяққа таптауы, осылайша өз міндеттеріне 
ақау келтіруі мүмкін емес.
3. Аманат. «Сенімділік» деген мағынаны білдіреді. 
Әрбір пайғамбар адамдар арасындағы ең сенімді тұлға. 
Ешкімді алдамайды, ешбір аманатқа иненің жасуындай да 
қиянат жасамайды. Қысқасы, пайғамбарларды жер бетіне 
сенімділікті орнату үшін жіберілген сенімділіктің жарқын 
үлгісі.
4. Фәтәнат. «Тек қана пайғамбарларға тән зеректік, 
ерекше зейінділік» деген мағынаны білдіреді. Алла 
Тағаланың дінін жеткізуші барлық елшілер пайғамбарға 
ғана тән ерекше зейінге, асқан зеректікке ие. Себебі, 
пайғамбарлық – өте ауыр міндет. Қоғамдағы өте зерек, әрі 
оқыған білгір ғалымдарға, түрлі қабілетке ие тұлғаларға 
Алланың баянын жеткізіп, сұрақтарына қанағаттанарлық 
жауап беру үшін еш күмәнсіз бұл міндетпен жүктелген 
пайғамбарлардың ерекше зейін, зерек қисынға ие болуы 
ләзім.
5. Тәблиғ. «Жеткізу» деген мағынаны білдіреді. 
Барлық пайғамбарлар Алладан алған уахиді еш өзгертіп-
бұрмаламастан қаз-қалпында жеткізуге міндетті. Құранда 


74


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет