77
ИМАНИ ГҮЛ
Американдық
ғалым Майкл Харт өзінің «Адам-
зат тарихындағы ұлы жүздік» атты кітабында адам
баласының тарихында өнегелі де ғибратты із қалдырған
ұлы тұлғалардың өмірбаяндарын жазған. Майкл Харт
еңбекте Аристотель, Платон, Евклид,
Архимед бастаған
топтың алдында ең бірінші болып Мұхаммед (с.а.у.)
пайғамбарды көрсеткен екен. Бұлтартпас ғылыми
тұжырым жасау үшін Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.)
өмірбаянын басқа тұлғалармен бірге компьютердегі ар-
найы бағдарламаға енгізген Майкл Харт таңданысын жа-
сыра алмаған. Себебі компьютерге түскен 100 адамның
ішінен Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
есімі бірнеше мәрте
бірінші болып шыққан.
Иә, Пайғамбарымыз бойындағы он төрт ғасыр өтсе
де еш ескіріп, тозбайтындай әрі қияметке дейін келіп-
кетер күллі адамзатты тәнті еткен осынау ұлы қасиеттер
мен көркем мінез-құлықты кімнен үйреніп, қайдан алды?
Оны (с.а.у.) осындай етіп кім тәрбиелеп жетілдірді?
Бұл сұрақтың жауабы ретінде әке-шешесі дейін де-
сек, Пайғамбарымыз әкесінен
анасының құрсағында
алты айлық кезінде, шешесінен алты жасында айырылып,
тұл жетім қалды. Демек, Алла елшісінің (с.а.у.) тәлім-
тәрбиені әке-шешесінен алуы еш мүмкін емес. Ал, оған
бұл көркем мінез, жалпы тәлім-тәрбиені өскен ортасы,
өмір сүрген қоғамы берді дейін десек, ол қоғамның тарих-
та
«надандық, қараңғылық дәуірі» деген қара таңбасымен
орын тепкені бәрімізге мәлім. Надандық пен қараңғылық,
зұлымдық пен қатігездік билік еткен бұл қоғамда қыз ба-
ласы тірідей көміліп, әйел атаулы қорланып, базарларда
бейне бір заттай саудаланып, зинақорлық ашықтан-ашық
жасалды. Тіпті, зина жасаушы осы ұятты ісімен халық ал-
дында мақтанып, атақ-абыройға кенелді. Ата-тек, шежіре
шатасып, көптеген балалар өз әкесінен бейхабар-ды. Ақ