Қорытынды
Біз Аллаһ Тағаладан Ислам үмметін қайтадан бұрынғы ұлықтығына келтіруін және дұрыс сенімнің негізінде ақиқатқа ұмтылатын мұсылмандарды біріктіруін тілейміз!
Біз «әл-ихуан әл-муслимин» жамағаты мен басқа да секталар сияқты: «Бізді біріктіретін бидғат бізді бөлетін Сүннеттен жақсы!» - деп жариялап, барлық ағымдармен бірігуге шақырмаймыз!
Мұндай сенімнен Аллаһ сақтасын!
Аллаһтың рақымымен біз ақиқатқа қайшы келетін сенімдердің негізінде құрылған бірлік Исламның мақсаты болып табылады деп есептемейміз! Жоқ! Ислам үмметіндегі жоғарыда аталған бүліктердің себептеріне көңіл бұрмайтын көптеген адамдар осыған қарама-қайшы сөйлеп, ақиқатқа шақыруды бүлік дейді!
Өз құмарлықтарының ізінен ілесушілер ақиқатқа жолыққан кезде, өздері құрған партияда не жамағатта орын алуы мүмкін болған бөліну мен келіспеушіліктен қорқып, ақиқатты фитна деп атап жатқанын жиі көріп жүрген жоқпыз ба?!
Имам әл-Ауза’и мына керемет сөздерді айтқан: ““Саләфтардың іздерінен ілес, тіпті адамдардың барлығы сенен бас тартса да. Және адамдардың пікірлерінен сақ бол, тіпті олар пікірлерін өз сөздерімен әдімі етіп көрсетсе де”. Қараңыз “әш-Шари’а” 1/193.
Және айналасындағылар оларға жаман қарым-қатынас жасай бастайды деп ақиқатқа ілесуден қорқып жүрген мұсылмандар қаншама!
Аллаһ бізді одан сақтасын!
Ал дұрыс манхаджға ілесушіге келер болсақ, ол осы жолға ілесушіні табатынына сенімдіміз. Имам әл-Фудайль ибн ‘Ийяд былай дейтін: «Жандар сарбаздар сияқты, олардың бірін-бірі танығандары бірігеді, ал олардың бірін-бірі танымағандары таралып кетеді». Және Сүннеттің жақтаушысының бидғаттың жақтаушысына көмектесуі мүмкін емес, бұл тек екіжүзділіктің көрісінісі болмаса ғана”. Қараңыз “Шарх усуль и’тикад” 1/138.
Шейх Ахмад ән-Наджми былай деді: “Кім мұсылмандарды сенімнің біртұтастығына емес, қатарларының біртұтастығына шақырса, ол жақсылыққа шақыруды және жамандықтан қайтаруды бұзғысы келеді! Мұсылманға басқа мұсылманның адасушылығына қатысуына рұқсат етілмейді... Әртүрлі сеніммен қатарларды біріктіруге Раббымыз ешқашан разы болмайды. (Адасқандармен) қатарларды біріктіруге болмайды, және бұл - шайтанның шақыруы!” Қараңыз “әл-Фатауа әл-джалия” 70.
Бірақ әртүрлі ағымдардың түрлі сенімдердің негізінде қатарларды біріктіруге деген шақырулары еш нәтиже бермей жатқанын көрудеміз. Ал барлық ағымдар бірікті делік, содан кейін не істемек?! Ешнәрсе де істей алмайды, уақыт өте бірімен-бірі соғыса бастайды, тарихта бұған мысалдар көп емес пе?!
Имам Әбу әл-Музаффар ас-Сам’ани былай дейтін: “Егер өз қалаулары мен бидғаттарға ергендерге қарасаң, оларды келіспеушілікте екенін немесе түрлі партияларға және топтарға бөлінгенін көресің. Сен олардың ішінен ақидада бір жолға ілесетін екеуін таппайсың. Олар бір- бірін бидғаттарда, тіпті күпірлікте айыптайды. Баласы әкесін, бауыры бауырын, көрші көршісін күпірлікте айыптайды. Олар біртұтас, бірақ олардың сөздері бір-біріне сәйкес келмейді. «...Сен олар біртұтас деп ойлайсың, бірақ олардың жүректері бөлінушілікте». (әл-Хашр 59: 14)”. Қараңыз “әл-Худжа” 2/224.
Біз тек мұсылмандардың назарын қасіреттердің шығар көзіне аударғымыз келеді, олар айтылған нәрселер туралы ойланулары үшін және бұл дүниедегі сынақтарды түсініп, олардан аман өтулері үшін. Бұл туралы шейх Ибн Баз, Аллаһ оған рахым етсін: «Аллаһтың жолында өмір сүріп өту Аллаһтың жолында өлуден қиындау!»
Ол ақиқатты айтты, өйткені ешкім қанша өмір сүретінін және қандай жағдайда өлетінін білмейді.
Өйткені қазір - көптеген мұсылмандар біреулері дүние игіліктері үшін, біреулері Исламда фитнадан өзге ақиқатты таппадым деп, біреулері басқа себептермен өз дінін тастап жатқан уақыт. Ал Аллаһқа бағынған күйінде, адамның емес Аллаһтың қалағанына сәйкес ұзақ және лайықты өмір сүрген адамға келер болсақ, ол - Аллаһтың алдындағы ең жақсы адамдардардан! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Адамдардың ең абзалы - ұзақ өмір сүріп, істері тек игі болғаны! Ал адамдардың ең нашары - ұзақ өмір сүріп, істері жаман болғандары!» Ахмад, әл-Хаким. Хадис сахих. Қараңыз "Сахих әл-джами' " 3297.
Айтылғандардың барлығын саләфтардың мол пайда алуға болатын керемет насихаттарымен аяқтағым келеді.
1200 жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген Юнус ибн ‘Убайд былай дейтін: “Біздің уақытымызда біреудің Сүннетке шақырып жатқаны таң қалуға лайық, бірақ одан да таңғаларлығы - біреулерідің сол шақыруға жауап беріп, Сүннетті қабылдап жатқандары!” Әбу Ну’айм “әл-Хилия” 3/21.
Сол сияқты 1200 жыл жыл бұрын өмір сүрген имам Әбу ‘Убайд әл-Қасим ибн Саләм да: “Сүннетке ілесуші қолында жанған шоқты ұстаған адам іспеттес. Және біздің уақытымызда осындайлар мен үшін Аллаһтың жолында қылыш бұлғайтыннан абзалырақ!” Қараңыз “Тарихуль-Бағдад” 12/410.
Суфьян ибн ‘Уяйна былай дейтін: “Жақсы мен жаман туралы білетіннің барлығы ақыл иесі болып табылмайды. Ақиқатында, ақыл иесі - ол жақсылықты көрсе, оған ілесуші, ал жамандықты көрсе, одан қашқақтайтын (адам)!” Қараңыз “әл-Хилия” 8/339.
Имам әл-Асбахани былай деп жазатын: “Ақиқатында, бидғатты жақтаушылардан болған әрбір топ өздерін «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) тұрған нәрседе тұрмыз» деп жариялайды, ал іс жүзінде олар дінге Аллаһ та, Оның Елшісі де (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) рұқсат етпеген нәрселерді енгізді. Алайда Аллаһ мұны қайтарады, өйткені Ол ақиқат пен дұрыс ақиданы хадистер мен саләфтар жолының білімпаздарынан өзге ешкіммен бірге болмайтындай етіп жасап қойды, өйткені олар өзінің дінін және ақидасын ғасырдан ғасырға саләфтардан алып келді. Ал олар оны табиғиндардан қабылдап алды, ал табиғиндар оны сахабалардан қабылдап алды, ал сахабалар оны Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілгі мен сәлемі болсын) қабылдады!” Қараңыз “әл-Худжа” 2/233.
Және соңында Әлемдердің Раббысы - Аллаһқа мадақ!
www.salaf-forum.ru
Достарыңызбен бөлісу: |