Исмаил Раджи әл-Фаруки ислам өркениетінің Өнері мерзімді басылымдардың 24-топтамасы



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата17.09.2024
өлшемі4.76 Mb.
#503705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
RED-full-Kazakh-The-Arts-of-Islamic-Civilization

Құтлық-Ака кесенесі (Шахи-Зинда, Самарқанд)
Әдебиет тұрғысында көркем шығарма не оқу арқылы, не 
тыңдау арқылы қабылданса, ал музыка – спектакльге қатысу 
немесе тыңдау арқылы құлақтың құрышын қандырады, көз-
ге қуаныш сыйлайды. Музыкалық шығарманың партитурадан 
«оқылу» жағдайы өте сирек кездеседі.
Тилавет бөлмесіндегі
көне Кыршехир намаз кілемі, 
Мевлана кесенесі, Кония, Түркия. 
Кілемде өрнек мотивтері мен ком-
поненттерінің дәйекті комбинация-
лары көрініс береді. 
Екінші жағынан, бейнелеу 
өнері мен сәулет ескерткіштерінің 
барлығы кеңістікті пайдаланады. 
Олар физикалық кеңістікті алады 
және оларды жасау үшін кеңістік 
элементтерін 
(нүктелер, 
сы-


зықтар, пішіндер және көлемдер) пайдаланады. Және оларды
дұрыс түсіндіру керек болса, Боас атап өткендей, осы сипат-
тамаларды ұстана отырып ислам өнерінің жіктелімін одан әрі 
жалғастыру керек. Жоғарыда айтылған және жалпыға бірдей 
маңызды деп есептелуі мүмкін уақыттан тыс немесе кеңістіктік 
сипаттамаларға ие болумен қатар, ислам өнерінің әрбір туын-
дысы орнықтылыққа, бірегей уақыт бағыттылығына бейімде-
леді. Іс жүзінде ислам мәдениетінің бейнелеу өнері кеңістік 
элементтеріне бейімделсе де, ол уақыт өте келе ғана дұрыс 
түсінілуі мүмкін. 
Шексіз ислами өрнектер көптеген құрамдас бөліктерден 
тұратынын ескерсек, оларды бір қарағаннан түсіну мүмкін 
емес. Оларға біртіндеп, асықтай көз салып, салмақты зерделеу 
керек. Өрнектен өрнекке көз салып, суреттің ортасынан шеті-
не және шетінен ортасына дейін қайта қарап шығу керек. 
Сонда түйсінеріміз анық. Сәулет ескерткішімен оның бөлме-
лері, дәліздері, күмбездері немесе үй-жайлары арқылы өтіп ба-
рып танысамыз ғой. Ғимарат немесе ғимараттар кешенінің өзі
Тіллә қари медсесесі, Самарқанд, 1646-1660


алыстан қарағанда тұтас ансамбль ретінде қабылданбайды, 
бірақ келуші оның көптеген бөлмелері мен бөліктерін аралаған 
кезде ғана онымен біртіндеп таныса бастайды.
9
Миниатюралық бейнелеу өнері де әдеби туындыда, музы-
калық шығармада немесе би өнерінде уақытша аспект өнерін-
дегідей дәйекті және кезең-кезеңмен қабылдануы керек кейіп-
керлер немесе көріністер сериясын ұсынады. Кеңістіктік өнер 
немесе уақытша аспект өнері деп аталатынына қарамастан, 
исламдық өнер туындылары сериялық және тұтас жиынтықта 
түсіндіріледі. Қайталанып отырған әрбір өрнекті қиялымыз 
әрі қарай жалғастыруға итермелейді, қиялдың күшімен ол өр-
нек пластинаның шетінен, кітаптың бетінен, тіпті ғимараттың 
қасбетінен асып кетеді. Біртекті архитектуралық шексіз өрне-
кті толық түсініп, қабылдау мүмкін емес, оларды тек кеңістік 
пен уақыт тізбегі арқылы көзбен немесе қиялмен нақты зер-
делеп шығу ғана мүмкін.
Н. Ардалан мен Л. Бақтияр «музыкалық композиция ретін-
де оқылатын… қозғалатын архитектура» туралы айтады.
10
Тұтас композицияны бір сәтте түсіну мүмкін емес; әр құрамдас 
бөлшекпен жақын танысқан, олардан ләззат алған адам ғана
тұтастың мағынасын тұшына алады.
11
Демек, кейбір ғалымдар түсіндіргендей арабеска ешқашан 
статикалық композиция бола алмайды.
12
Керісінше, оны баға-
лау процесі оның әрбір мотивін, мо-
дулін және дәйекті комбинацияларын 
жүйелі түрде зерттейтін динамикалық 
процесті қамтуы керек. Оның алғы-
шарты мен құрылымын түсінетіндер 
үшін ол барлық өнер түрінің ішіндегі 
ең серпінді, эстетикалық тұрғыдан ең 
белсендісі болып табылады.
13
Джеймс Ф. Баллард 
XVI ғасырдың аяғында тоқылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет