Использование интерактивной доски в процессе обучения русскому языку и литературе



бет2/3
Дата03.07.2016
өлшемі275 Kb.
#174338
түріСеминар
1   2   3

3. Сахналық көрініс.

Қатысушылар: Ата, бала.

Ата: - Балам, арман деген не?

Бала: - Ата, арман дегеніміз – ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Адасқан арманына жете алмайды. Ақылды жетеді, ақылсыз бұл өмірден түңіліп өтеді.

Ата: - Бақытты болу оңай ма?

Бала: - Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында.

Ата: - Жоқ балам. Ақыл басында болса, бақыт жанында болады. Ақыл – адамды азаптан құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, ақылды қызға үйлен.

Ата: - Дос табу оңай ма?

Бала: - Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

Ата: - Жоқ, балам. Өмірде дос табу ақылдыға да, ақымаққа да оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғаныменен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.

Ата: - Үйде кім, елде кім қадірлі?

Бала: - Ата-ана үйде, елде – бастық қадірлі.

Ата: -Жоқ балам. Үйде – қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі.

Ата: - Балам, елді кім, үйді кім бүлдіреді?

Бала: - Ата, елді өсекші, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.

Ата: - Жоқ балам. Елді өсекші бүлдіргенімен, ақылсыз бала бүлдірмейді. Есіңде болсын, ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдіреді.

Ата: - Үйдегі алтын қазық кім?

Бала: - Ата, үйдегі алтын қазық – бала.

Ата: - Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық ана. Ата тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана – ақылшың, Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.

Ата: Адамға ақыл беретін кімдер?

Бала: - Ата, ана тілі ақыл беретін.

Ата: - Жоқ балам. Ана тілі ақылды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, дос екенін ұмытпа.

Ата – Балам, енді ненің жақсы, ненің жаман екендігіне көңіл аударайық. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?

Бала: - Дүниеде ананың сүті тәтті, ананың қолы жұмсақ, әкенің жүрегі қатты.

Ата: -Дүниеде не қымбат?

Бала: - Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-береке – атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

Ата: - Дұрыс айтасың, балам. Тек үйдің баласы болмай, елдің баласы болу үшін кешірімшіл, қайырымды, ізгі таза ниетті болу керек. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу керек. Сен еліңнің ту ұстар ертеңгі азаматысың. Осыны есіңнен шығармағайсын!



4. Енді балалар, туыстық атауларға байланысты қандай мақал-мәтелдер білеміз?

(Оқушылар жауап береді).



5. Шағын тест орындап жіберейік.

1. Нәресте туғанда оның кіндігін кескен адамды кім дейді?

а) апа ә) тәте б) кіндік шеше в) өкіл ана

2. Апалы-сіңілі қыздың күйеулері бір-біріне кім болады?



а) бажа ә) балдыз б) жезде в) құда

3. Қыздан туған баланы кім дейді?



а) жиен ә) бөле б) нағашы в) іні
6. Балалар, сіздер білесіздер, туыстық атауларға байланысты өлеңдер өте көп. Мысалы, «Әке», «Ана», «Бауыр», «Қарындас», «Әже», т.б. секілді өлеңдер көптеп айтылып жүр. Қәнеки, кім бізге өзінің осы жөнінде білетін өлеңін айтып береді?

7. Енді сұрақтарға жауап береміз. «Туысқандарыңды білесің бе?» деген ойын жүргізбекшіміз.

1. Ұрпақ дегеніміз не? (Үрім-бұтақ, тұқым, адамның өсуі)

2. Нағашы дегенді қалай түсінесің?

3. Жиен дегенді қалай түсінесің?

4. Құда дегенді қалай түсінесің?

5. Жеңге дегенді қалай түсінесің?

6. Бажа дегенді қалай түсінесің?

7. Бөле дегенді қалай түсінесің?

8. Жезде дегенді қалай түсінесің?

9. Абысын дегенді қалай түсінесің?

10. Балдыз дегенді қалай түсінесің?

Сонымен қазақта туыстық және құдалық салттарға байланысты әртүрлі қарым-қатынас, алыс-беріс, өзара көмек сияқты шымшытырық әрекеттер жүреді.

Кішінің үлкенді, үлкеннің өз тарапынан кішінің кішілігін сыйлауы – халқымыздың қанына сіңген қасиетті дәстүрі.

Туыстар – бір ағаштың бұтақтары сияқты. Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған.

Бүгінгі біздің қозғаған тақырыбымыз – үлкенді сыйлау, әдептілікке, бауырмалдылыққа, имандылыққа және адамгершілікке тәрбиелейді.

Құрметті, оқушылар! Данышпан ата-бабаларымыздың ақыл сөздерін, көрнекті өсиеттерін қасерлей қабылдап, жадымызда сақтайық. Олардың жолын қуып, жоралғысын жасау – біз үшін үлкен парыз

8-сабақ. Диктант

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу, тексеру.

2. Сабақтың барысын айту.

Оқушыларды диктант жаздыра отырып, олардың жазу сауаттылығын және өтілген сабақтардан алған білімдерін тексеру.



ІІІ. Шығармашылық диктант

ІV. Мәнерлеп оқып шығу

V. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, оларды байланысу тәсілдері мен түрлеріне қарай ажырату.

VІ. Сабақты қорытындылау

5-сабақ

Сөз тіркесінің құрылысы. Матасу.
Күні, айы: 12.04.07.

Класы: 7 «А»

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, класты тексеру.

2. Сабақтың мақсатын айту.

3. Сөз тіркесінің құрылысы. Матасу.

Жаңа сабақты сызба арқылы түсіндіріп жібереміз.


1-сызба


Матаса байланысқан сөз тіркестері



Сөз тіркесінің құрылысы

Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері

Қабыса байланысқан сөз тіркестері



Матасу

Меңгеру

Қабысу


Ауылдың баласы

Ойымнан кетпейді

Көктем келді


Жанаса байланысқан сөз тіркестері

Жанасу


Ертең кетеді



М А Т А С У



Есімдік + І.с. + (т. )

Біздің мектебіміз –

біздің мектеп

+ І.с. + (т. ІІІжақ)

Қобыландының Тайбуырыл






Т Ү Р Л Е Н У І



+ (І.с) + т ІІІ жақ

Ел астанасы, қала тіршілігі


4. Жаттығулармен жұмыс. 261-жаттығу. Мәтіндегі матаса байланысқан сөз тіркесін тауып, талдау жасау.

Опера әншілерінің байқауында: бағыныңқы сыңары – опера әншілерінің, ілік септік жалғауында тұрған күрделі есім сөз, басыңқы сыңары – байқауында, ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы есім сөз;

Бір қара түсті жігіттің сұрағаны: бағыныңқы сыңары – бір қара түсті жігіттің, ілік септік жалғауында тұрған күрделі есім сөз, басыңқы сыңары – сұрағаны, ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы етістікті сөз;

Менің қай жерімнен экватордың шыжыған күнін: бағыныңқы сыңары – Менің қай жерімнен, *

Экватордың шыжыған күнін: бағыныңқы сыңары – Экватордың, ілік септік жалғауында тұр, басыңқы сыңары – шыжыған күнін, ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы есім сөз;

Қара нәсілділердің ұрпағы: бағыныңқы сыңары – Қара нәсілділердің, ілік септік жалғауында тұр, басыңқы сыңары – ұрпағы, ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы есім сөз;

Ата-баба жері: бағыныңқы сыңары – Ата-баба (ның) – ілік септігі жасырын тұр, басыңқы сыңары – жері, ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы есім сөз;

Африканың қай қиырында қалғанын: бағыныңқы сыңары – Африканың қай қиырында, ілік септік жалғауында тұрған күрделі есім сөз, басыңқы сыңары – қалғанын, ІІІ жақ тәуелдік жалғаулы етістікті сөз;

5. Бағалау.

6.Үй тапсырмасы: 258-жаттығу. Мәтіннен матаса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазып, қалай байланысып тұрғанын айту, әрбір сыңарына талау жасау.

КІРІСПЕ БӨЛІМІ

1-сабақ. Сөз тіркесі туралы түсінік.
Күні, айы: 10.03.07.

Класы: 7 «А»

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, класты тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Сөйлем сөз тіркесінен құралады» деген тақырыпта шағын баяндама жасау.

ІІІ. Модульге кіру, оның құрылымы мен мақсатын айту. Модуль құрылымы 5 сағаттан, кіріспе бөлімі – 1 сағат, сөйлесу бөлімі – 3 сағаттан, қорытынды бөлімі – 1 сағаттан құралады.

Оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру, сөз тіркесі мен күрделі сөздің айырмашылықтарын айырып көрсетіп, ұғындыру, сөз тіркесінің айрықша белгілерімен таныстыру, қолданыстағы сөз тіркесі мен тұрақты тіркес, күрделі сөздердің айырмашылықтарын ажырата білуге дағдыландыру.



ІV. Грамматикалық тақырыпты тірек-сызба арқылы түсіндіру (Жаңа тақырып). Оқушыларды өтілген материалдар бойынша сұрақ-жауап түрімен білімдерін тексере отырып, тірек-сызба тарқылы жаңа тақырыпты түсіндіреміз.

V. Бекіту. 244-жаттығу. Сөздердің байланысын тауып, басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қою арқылы байланысу тәсілдері мен түрлерін анықтау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: 245-жаттығу. Сөз тіркестерін тауып, қалай байланысып тұрғанын көрсетіп, байланысу түрлеріне қарай ажырату.




СӨЗ ТІРКЕСІ









Басыңқы сыңар



Бағыныңқы сыңар




Айрықша белгілері





Сөйлем ішінде танылады



Кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады

Белгілі синтаксистік қатынасты білдіреді.



Сөздер грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына байланысады.




ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

4 - сабақ.Тіл мәдениеті. Хат және мақала.
Күні, айы: 16.03.07.

Класы: 7 «А»

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу, тексеру.

2. Сабақтың мақсатын айту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІV. «Хаттар» оқыту ойыны

Ойынның барысы:

Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топ мүшелері кімнің атынан хат жазылатынын анықтау үшін тақырыптарға жеребе тартады. «Хат авторлары» тізімін «Санаға (ақыл-еске) шабуыл» әдісімен анықтауға болады. Оқушылар ұсынған варианттар ұсынады, ал мұғалім оларды тақтаға жазады.

Мұғалім бұл хаттардың бағытын, оларды әсемдеу шарттарын, көлемін айтып түсіндіреді. Топтың жұмыс уақытын белгілейді, бұған қоса, әр хаттың талдауының қалай өтетіндігін айтып шығады. Оқытудың бұл түрі оқушыны тек қызықтырып қана қоймайды, оның пайдалы жағы да көп.

Нәтижесінде өтіліп жатқан тақырып бойынша оқушылардың тек білімін байқау ғана емес, сонымен бірге олардың бойында бір нәрсеге сыни көзқараспен қарау, сараптау және материалды жалпылау дағдыларын қалыптастырып, дамытуға болады.


Уақыттың реттелуі:

Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут

«Саналық шабуыл» −3 минут

Жеребе – 2 минут

Топтық жұмыс – 10 минут

Хаттарды оқу – 15 минут (әрқайсысына 3 минуттан)

Жұмысқа анализ – 10 минут

Жұмыстың сараптау бөлімін мұғалім немесе арнайы дайындалған оқушылар тобы жүргізе алады (оларға сараптама кезінде жетекшілікке алуға тиісті критерийлер тізімі алдын ала беріледі).


Топтарға тапсырма

І-топ: «Елбасы Н.Назарбаевқа хат».



«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы туралының мазмұнымен таныс болғаннан кейінгі ойлар.

ІІ-топ: «Аяулы анама хат».

ІІІ-топ: «Ұлан» Республикалық жасөспірімдер мен балаларға арналған газетке хат жазу.

(Жеребе бойынша анықталады).

«Саналық шабуыл» барысында «хат авторлары» ретінде оқушы, студент, және т.б. аталуы мүмкін.



Үй тапсырмасы: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты мерекелік кештің өтілуі барысында мақала жазып келу.

СӨЙЛЕСУ БӨЛІМІ

2-сабақ. Сөз тіркесі және күрделі сөздер.
Күні, айы: 14.03.07.

Класы: 7 «А»

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, класты тексеру.

2. Сабақтың мақсатын айту.

3. Үй тапсырмасын тексеру. 245-жаттығу. Сөз тіркестерін тауып, қалай байланысып тұрғанын көрсетіп, байланысу түрлеріне қарай ажырату.

4. Жаттығулармен жұмыс. 246-жаттығу.
5. Бағалау.

Үй тапсырмасы: 5 сөз тіркесін және 5 күрделі сөзге мысал келтіріп, сөйлем құрап келу.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

6-сабақ. Матасуға жаттығулар.
Күні, айы: 13.04.07.

Класы: 7 «А»

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу, тексеру.

2. Сабақтың мақсатын айту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 258-жаттығу. Мәтіннен матаса байланысқан сөз тіркестерін теріп жазып, қалай байланысып тұрғанын айту, әрбір сыңарына талдау жасау.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

Жарыс ойыны арқылы оқулықтағы жаттығуларды сөз тіркесі, байланысу түрлері туралы білімдерін қамти отырып, тіл дамыту жұмысын жүргізу.



ІV. «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны (жарыс ойын).

Ойын барысы: 4-5 оқушыдан 3 топқа бөлінеді. Мұнда 3 немесе 4 ойыншы бір жүргізуші болады. Әр топтағы оқушыларға 1-ден 4-ке дейінгі нөмірлер үлестіріледі де, әр үстелдің үстіне 4-ке бөлінген дөңгелек тапсырма сектор қойылады. Осы секторлардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады:

Астында – І деңгей сұрақтары, оның үстінде – ІІ деңгейдің, ең үстінде ІІІ деңгей сұрақтары. Үш топтағы әр секторда 12 сұрақ қамтылады. Жүргізуші нөмірді араластырып, соған сәйкес нөмірлі оқушы сол нөмірдің сұрағына жауап береді. Сол үлгі бойынша жауаптар бағаланады. Егер толық жауап болса, ойыншының ІІІ-ші деңгейдегі тапсырманы орындаса – 1 балл. Ал жауап бере алмаса, онда басқа оқушы жауап беріп 0,5 балл алуына мүмкіндік туады. Ал ІІ деңгейдегі тапсырмаға толық жауап берсе, 2 балл, ал жауап бермесе , 1 балл қойылады. Егер жауап бере алмаған жағдайда бөтен оқушы жауап берсе 1 балл алады.

ІІ деңгейдегі тапсырмаға толық жауап берілсе 3 балл қойылып, толық ауап берілмесе 1,5 балл қойылады. Ал егер жауап бере алмаса, орнына топтағы басқа оқушы жауап беріп, 1,5 балл ала алады.

Әр топқа бірдей тапсырмалар дайындалады, жүргізушінің қолында әр сұрақтың жауап үлгісі болады.


І топ ІІ топ ІІІ топ



жүргізуші жүргізуші жүргізуші


Сұрақтар мен тапсырмалар:
ІІІ деңгей (ауызша)
1. Сөз тіркесі дегеніміз не?

2. Сөз тіркесі құрылысына қарай неше түрге бөлінеді? Қандай?

3. Матаса байланысқан сөз тіркесін не деп айтамыз? Оның жасалу жолдары қандай?

ІІ деңгей (жазбаша)

1. Оқулығыңды ашып, ондағы 259-жаттығудың бірінші абзацына қарап, ілік септігіндегі сөздерді тауып, матаса байланысқан сөз тіркестерін жасаңдар.

2. Оқулығыңдағы 259-жаттығудың екінші абзацына қарап, ілік септігіндегі сөздерді тауып, матаса байланысқан сөз тіркесін жасаңдар.

3. Оқулығыңдағы 259-жаттығудың үшінші абзацына қарап, ілік септігіндегі сөздерді ауып, матаса байланысқан сөз тіркесін жасаңдар.


І деңгей (шығармашылық)

1. Матаса байланысқан сөз тіркесінен 2 сөйлем құрап жаз.

2. Матаса байланысқан сөз тіркесінен 2 сөйлем құрап жаз.

3. Матаса байланысқан сөз тіркесінен 2 сөйлем құрап жаз.


Жауаптары:

ІІІ деңгей (ауызша):

1. Сөз тіркесі дегеніміз – сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса (бағына) байланысқан сөздер тізбегі.

2. Сөз тіркесі құрылысына қарай 4 түрге бөлінеді. Олар: матаса байланысқан сөз тіркесі – матасу, меңгеріле байланысқан сөз тіркесі – меңгеру, қабыса байланысқан сөз тіркесі – қабысу, жанаса байланысқан сөз тіркесі – жанасу деп аталады.

3. Матаса байланысқан сөз тіркесін матасу деп айтамыз. Матасу дегеніміз – біріншісі зат есім немесе заттанған сөз ілік септік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесі.


ІІ деңгей (жазбаша):

259-жаттығу. Бірінші абзацтағы ілік септігінде тұрып матаса байланысқан сөз тіркестері: жыңғыл шыршасының аз ғана селдіреген жерінен;

259-жаттығу. Екінші абзацтағы ілік септігінде тұрып матаса байланысқан сөз тіркестері: екі лақтың бірі, тағының сақтығы, лақтың сақтығын, біздің екі жігіт мылтықтарын алды;

259-жаттығу. Екінші абзацтағы ілік септігінде тұрып матаса байланысқан сөз тіркестері: әлем жұртшылығының жете тани бермейтініне.


І деңгей тапсырмалары (шығармашылық) Әр оқушы өзінің ойлау қабілеті мен ой салмақтау ерекшелігіне сүйеніп, мәтін құрастырады. Мәтін шағын үлгіде және негізгі айтар ой ашылуына қарай бағаланады.

Бағалау. Жүргізуші ойын аяқталғаннан кейін мұғалімге бағалау парағын әкеліп тапсырады. Сол бойынша мұғалім журналға баға түсіреді.

Үйге тапсырма: 260-жаттығу. Матаса байланысқан 5 мақал - мәтел теріп жазып келу.

СӨЙЛЕСУ БӨЛІМІ

4-сабақ. Сөз тіркесінің түрленуі
Уақыты: 11. 04. 07.

Класы :

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, класты тексеру.

2. Сабақтың максатын айту.

3. Үй тапсырмасын тексеру. 257-жаттығу. Газет-журналдардан ұнаған мәтінді көшіріп жазып, оны сөз тіркесінің түрлеріне қарай талдау.

4. «Жеке-топтық жұмыс формасы» ойыны.

Құрал-жабдығы:

  1. бағалау парағы.

  2. Үш күрделілік деңгейдегі тапсырмалары бар парағы

  3. Жауап үлгілері.


Ойынның жүру барысы:

Бұл сабақта оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмаларды таңдай алады. Әр оқушының алдында үстелде барлық үш күрделілік деңгейіндегі сұрақтары бар парақтар жатады. (Әр парақта 2 тапсырмадан).

Оқушылар деңгейді таңдайды:

ІІІ деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.

ІІ деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.

І деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтар шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақиқатты бағалап, ол туралы өз пікірлерін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.

Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес баллдық жүйемен бағаланады. Оқушылардың өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 7-5 минут уақыт беріледі. Оқушылар жұп-жұбымен отырады. ІІІ деңгей мен ІІ деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.

Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. І күрделілік деңгейінің тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды.

Бұдан әрі 2-3 сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.

Жұмыс аяқталған соң, ІІ және ІІІ деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптасына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге тапсырады.

І деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.

Б А Ғ А Л А У Е Р Е Ж Е С І :

«5» бағасы – жұмыс қатесіз орындалса;

«4» бағасы – елеусіз қателер жіберілсе;

«3» бағасы – жұмыстар 6, одан да көп қателер жіберілсе қойылады.
ІІІ деңгей тапсырмалары:

1. Конверттегі сөздерден тұрақты сөз тіркесін құрастырып мағынасын ашып айт.

2. Мына берілген сөз топтарының қайсысы сөз тіркесі, қайсысы күрделі сөз екенін айырып, дәптеріңе бағанға бөліп жаз:

Қара торы, қара торы қыз, кетіп қалды, үйде қалды, он сегіз, ақ сары, арғы шеткі.
ІІ деңгей тапсырмалары:

1. Оқулықтағы 250-жаттығуды оқып шығып, қарамен жазылған сөздердің сөз тіркесі, күрделі сөз және тұрақты тіркес екенін анықтап дәптеріңе топтап жаз.

2. 254-жаттығуды оқып шығып, қарамен жазылған сөз тіркестерін түріне қарай ажыратып (есімді ме, етістікті ме), бөліп жаз.
І деңгей тапсырмалары:

(шығармашылық тапсырмалар)

1. Синтаксистік тіркестерді (сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркес) пайдаланып, сыныптас бір оқушыға мінездеме бер.

2. Тұрақты сөз тіркесі – ойды көркемдеп, әсерлеп жеткізу құралы. Ендеше сен ойыңды әсерлі де көркем жеткізуде тұрақты сөз тіркесін қолданасың ба? Қанша тұрақты сөз тіркесін білесің? Дәптеріңе жазып мағынасын ашып келтір.


ЖАУАП ПАРАҒЫ. ІІІ деңгей, 1 сұрақ

Конверттегі тұрақты сөз тіркестері:



Сөздің майын тамызу әдемі сөйлеу

Шашпауын көтеру – жағымпаздану

Тонның ішкі бауындай − өте жақын, өз адамындай

Ағама жеңгем сай, апама жездем сай – мінез-қылығы үйлес.

ЖАУАП ПАРАҒЫ. ІІІ деңгей, 2 сұрақ

Сөз тіркесі: қара торы қыз, кетіп қалды, үйде қалды

Күрделі сөздер: қара торы, он сегіз, ақ сары, арғы шеткі

ЖАУАП ПАРАҒЫ. ІІ деңгей, 1 сұрақ

250 - жаттығу.

Сөз тіркесі

Күрделі сөз

Тұрақты тіркес


Өскелең мәдениеті
Үнді Қытай, Византия мемлекеттерімен

сауда-саттық жасап
Мақтанышпен айтамыз.
Әбу Насір әл-Фарабидің есімі


Көне түркілер
Тұран жерінде
Түркі қалаларында
Сауда-саттық
Қол өнер
Жібек жолының бойына
Бағдат обсерваториясы




Жол ашқан



ЖАУАП ПАРАҒЫ. ІІ деңгей, 2 сұрақ

254-жаттығу

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі


Шәкірттерінің бірі
Дос болған адам




Балалары еді
Қазақ балалары да болған
Орыс балалары еді
Ізерлей ізденіп
Құныға кітап оқып
Домбыра тартып,
ән салып,
жаза бастайды
өлеңдер болады

І деңгейдің оқушыларына жауап парағы дайындалмайды. Себебі оларға берілетін тапсырмалар шығармашылықпен жұмыс үлгісінде болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет