Использование



бет2/13
Дата29.09.2023
өлшемі7.51 Mb.
#479159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Психофизические особенности и ооп7 КАЗ

Сипаттамасы

  • Жалпы білім беретін мектептерде аталған санаттың оқушыларын оқыту барысында олардың жұмыс жасау қарқыны қалыпты көретін балалардан артта қалады. Бұл олардың үлгермеуіне немесе өз мүмкіндігінен төмен үлгерімге әкеледі. Нашар көретін балалар мұндай жағдайда ашуланшақ, ұжымнан тысқары, негативизмін көрсетеді, бұл мектептегі бейімсіздігінің бір көрінісі болып табылады.

Оқытудағы ұсыныстар

  • Дамуында басқа бұзылуы жоқ зағип және нашар көретін балалар МЖМБС талаптарына сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жалпы білім беретін мектептерде білім алады. Көру қабілеті бұзылған балалар жалпы білім беретін мектептердің арнайы немесе жалпы сыныптарында оқи алады (психологиялық-педагогикалық мамандардың түзету қолдауымен және педагогикалық тәртіптемесінде).

Оқытудағы ұсыныстар

  • Нашар көретін оқушыларды оқыту түзету кешендері енгізілген арнайы Типтік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар жалпы білім беретін бағдарламалармен және түзету кезеңді бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін бағдарламаларға білім алушылардың даму ерекшелігіне байланысты өзгеріс енгізіледі (бейнелеу өнері, сызу, дене шынықтыру, еңбек).
  • Негізгі орта білім беру деңгейіндегі жалпы білім беретін бағдарламаның мазмұны оқудың 1 жылға ұзартылуына байланысты қайта бөлінеді, оқушылардың ерекшелігін ескере отырып өңделеді.

Оқытудағы ұсыныстар

  • Нашар көретін оқушыларға сыныптағы көру жұмыстарына анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, оптикалық және техникалық құралдар көмегімен қолайлы жағдай жасалу қажет:
  • - офтальмолог тағайындалған көруді түзету құралдары (көзілдірік, жанаспалы линза, лупа, телескоптық көзілдірік );
  • - табиғи жарықты реттейтін құрылғы (тетік);
  • - оқығанда, жазғанда, сурет салғанда, сурет көргенде дұрыс отыруын қамтамасыз ететін арнайы бір орынды парталар;
  • – лупа, линзалар, телескоптік құралдар – (офтальмологтің ұсынымдамасы);
  • - аудио-және бейнеқондырғылар;
  • - арнайы бағдарламалармен қамтамасыз ететін компьютерлер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет