№3(51), 2022 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ ISSN – 2617-6319
63
ҒТАХР 78.21.14
https://doi.org/10.56132/
2791-3368.2022.2-49-07
Д.Қ. Қабдолла
1
1
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Алматы, Қазақстан
E-mail: kabdolla2000@mail.ru
КОРЕЙ ТҮБЕГІ МӘСЕЛЕСІНІҢ ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ ЖӘНЕ
ОНЫ РЕТТЕУДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ
Корей түбегіндегі жанжал жағдайы ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Автор
осы аталған мәселенің жарты ғасырдан астам уақыт жалғасып келе жатқандығын және сол
себепті үнемі алаңдаушылық туғызатындығын жеткізеді. Бітімге негізделген жағдай
болғанымен толыққанды шешімін әлі таппай отырған мәселені шешуге талпыныс
жасайды.
Кез келген мемлекеттің саяси жүйесінің тұрақтылығының сақталуы мен
стратегиялық дамуында саяси мәдениеттің маңызы айырықша. Сонымен қатар саяси
мәдениет
пен
саяси
тұрақтылықтыңөзара
қатынасындағы негізгі
аспектілер
қарастырылып, әлемдік тәжірбиедегі саяси тұрақтылығы орнатудағы рөлі анықталады.
Аталған мәселенің тарихы мен қазіргі сипатын терең түсіну арқылы қажетті шешімге қол
жеткізуге қадамдар жасауға болатынын айқындайды.
Кілт сөздер: Корей түбегі, Корей соғысы, Корея Республикасы(Оңтүстік Корея),
Корей Халық Демократиялық Республикасы (Солтүстік Корея), ядролық қару, Америка
Құрама Штаттары, Қазақстан Республикасы.
Кіріспе
Корея – Корей түбегі мен оған іргелес аралдарда орналасқан аймақтың
географиялық атауы. VII ғасырдан бастап Корея біртұтас мемлекет ретінде
дамыды. Бірақ өткен ғасырдың ортасында орын алған бірқатар оқиғалар
елдің екі аумаққа, яғни Корей Халық Демократиялық Республикасы
(Солтүстік Корея) және Корея Республикасы (Оңтүстік Корея) болып
бөлінуіне себепкер болды. Бүгінгі таңда екі корей мемлекеті бір-бірін
өздерінің бастапқы территориясының жаулап алушылары ретінде санап,
әртүрлі саяси, экономикалық және мәдени жағдайда өмір сүруде [1].
Корей түбегіндегі қазіргі жағдайды түсіну үшін мәселенің тарихына
қысқаша тоқталған жөн, бұл қырғи-қабақ соғыстың мұрасы әлі де аймақтағы
саяси жағдайды айтарлықтай дәрежеде анықтайтындығымен байланысты.
Есімізге түсіретін болсақ, 1910 жылдан бері Корея Жапонияның қол
астында болған. 1945 жылы 15 тамызда, яғни екінші дүниежүзілік соғыс
аяқталғаннан кейін Корея мемлекеті өз тәуелсіздігін алды. 1945 жылғы Ялта
келісімінің нәтижесіне сәйкес және Вашингтон мен Мәскеудің өзара
келісімімен Корей түбегі екі оккупациялық аймаққа бөлінді. Осылайша, 38-
|