ISSN 2305-9397. Ғылым және білім. 2022. № 3-3 (68)____ _
209
Кіріспе. Нарықтық экономикаға кӛшуге байланысты энергияны тҧтынуды басқарудың
тиімділігін арттыру қажеттілігі туындады, ӛйткені бҧл электр энергиясын жеткізушілер мен
тҧтынушылардың экономикалық мҥдделеріне сәйкес келеді. Бҧл мәселені шешудің ең негізгі
жолы – электр энергиясын нақты бақылау және есепке алу.
Энергияны тҧтынуды басқару саласындағы жаңа экономикалық қатынастар электр
энергиясының бірыңғай нарығын қалыптастыруға негізделген.
Электр энергиясы нарығының маңызды компоненттерінің бірі – бҧл энергияны тҧтыну
параметрлерін басқаруға және бақылауға арналған жҥйелер, аспаптар, қҧрылғылар, байланыс
арналары, алгоритмдер жиынтығынан тҧратын қҧралдармен қамтамасыз ету.[1], [2]
Қҧралдармен қамтамасыз етуді қалыптастыру және дамыту базасы ретінде, электр
энергиясын тҧтынуды бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жҥйелерін қарастыруға
болады.
Заманауи энергия ресурстарының саудасы мәліметтерді ӛлшеу, жинақтау және ӛңдеу
кезеңінде адамның қатысуын барынша азайтатын және энергия ресурстарын жеткізуші
тарапынан да, тҧтынушы тарапынан да әртҥрлі тарифтік жҥйеге тез бейімделетін, нақты, дәл,
жедел есепке алуды қамтамасыз ететін автоматтандырылған аспапты пайдалануға негізделген.
Осы мақсатта электр энергиясын жеткізушілер де, тҧтынушылар да ӛз объектілерінде энергия
ресурстарын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жҥйелері (ЭБЕАЖ) қҧрады. [3]
Заманауи ЭБЕАЖ болған жағдайда кез келген мекеме ӛзінің энергия тҧтыну процесін толық
бақылайды және энергия ресурстарын жеткізушілермен келісім бойынша ӛзінің энергия
шығындарын барынша азайта отырып, әртҥрлі тарифтік жҥйелерге ауысуына мҥмкіндік
береді [4].
Энергия есептеудің негізгі мақсаттары:
1.Энергия ресурстары ҥшін оларды жеткізудің/тҧтынудың нақты кӛлеміне сәйкес есеп
айырысуды қамтамасыз ету.
2.Энергия ресурстарына ӛндірістік және ӛндірістік емес шығындарды азайту.
Мақсатқа жетудің әртҥрлі әдістерінің арқасында энергия шығындарын азайту ақылды
тҥрде жҥзеге асырылуы мҥмкін және энергия ресурстарын тҧтыну кӛлемін азайту есебінен
жҥзеге асырылады. Бҧл мақсаттарға энергия ресурстарын есепке алу мен олардың
параметрлерін бақылаудың келесі міндеттерін шешу арқылы қол жеткізіледі.
Бақылау және есепке алу жҥйелерінің міндеттері [5].
-Энергия ресурстары ҥшін есептеулерді қамтамасыз ету мақсатында оларды
жеткізу/тҧтынудың нақты кӛлеміне сәйкес энергия ресурстарын жеткізу/тҧтыну параметрлерін
дәл ӛлшеу және энергия ресурстарына ӛндірістік емес шығындарды азайту, атап айтқанда
неғҧрлым дәл ӛлшеу қҧралдарын пайдалану немесе бастапқы мәліметерді жинау тиімділігін
арттыру есебінен пайдаланылған шығындарды кеміту.
- Энергия ресурстарын жеткізушілермен және кәсіпорынның субабоненттерімен
қаржылық есеп айырысу және басқарушылық шешімдер қабылдау ҥшін пайдаланылатын
мәліметтердің дҧрыстығын арттыру есебінен энергия ресурстары ҥшін тӛлемдерді олардың
нақты жеткізу/тҧтыну кӛлеміне сәйкес қамтамасыз ету мақсатында мәліметтердің толықтығын
диагностикалау.
- Энергия ресурстарын кешенді автоматтандырылған коммерциялық және техникалық
есепке алу және энергия ресурстарына ӛндірістік және ӛндірістік емес шығындарды азайту
мақсатында кәсіпорын, оның қолданыстағы тарифтік жҥйелер бойынша, инфрақҧрылымы
бойынша олардың параметрлерін бақылау.
-Энергия ресурстарына шығындарды барынша азайту және энергия ресурстарын
пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында қуаттың, шығыстың, қысымның және
температураның режимдік және технологиялық шектеулеріне, берілген лимиттерге қатысты
берілген уақыт аралықтарында (5, 30 минут, аймақтар, ауысымдар, тәулік, онкҥндіктер, айлар,
тоқсандар және жылдар) барлық энергия тасымалдаушылар, есепке алу тҥйіндері мен
объектілері бойынша энергия тҧтынуды бақылау; энергиямен жабдықтау қауіпсіздігін
қамтамасыз ету.
- Қол еңбегін ҥнемдеу және басқару сапасын қамтамасыз ету есебінен энергия
ресурстарына ӛндірістік шығындарды азайту мақсатында тҧтынушы - реттегіштерді
|