бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді белгіленген мерзім өткенге дейін табыс еткен әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.
Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті өнім берушілер берген өтінімдер мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық тіркеу журналында автоматты түрде тіркеледі.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс ету мерзімі аяқталған кезден кешіктірмей:
1) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) конкурсқа қатысуға өзі енгізген өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi табыс етудің не конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді табыс етудің соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге, сол сияқты оны керi қайтарып алуға жол берiлмейдi.
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдердің конкурстық құжаттамада белгіленген қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерден олардың қолданылу мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзартуды сұратуға құқылы. Әлеуетті өнім беруші:
1) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;
2) мұндай өтінімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, мұндай сауалды қабылдамауға құқылы.
5. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға өзінің қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның, сарапшының, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді мойнына алмайды.
23-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, өзінің:
1) конкурсқа қатысуға өтінімін мұндай өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтындығының не өзгертпейтіндігінің және (немесе) толықтырмайтындығының;
2) оны конкурстың қатысушысы деп таныған жағдайда, өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс ететіндігінің, ал кейіннен оны кері қайтарып алмайтындығының;
3) оны конкурстың жеңімпазы деп таныған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасатындығының және конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізетіндігінің кепілі ретінде енгізеді.
2. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ережелерінде айқындалған тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде енгізіледі.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әлеуетті өнім беруші, егер ол:
1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
4. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 6 және 7-тармақтарында аталған іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
2) конкурсқа қатысушы болып танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;
3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебіне жатқызылады.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай конкурстың қатысушылары деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенде қайтарады.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
23-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
1. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді:
1) өзін конкурсқа қатысушы деп таныған жағдайда, өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде беретінінің, ал кейіннен оны кері қайтарып алмайтынының;
2) өзін конкурстың жеңімпазы деп анықтаған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасатындығының;
3) конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасатындығының, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) оны енгізу мерзімдері туралы талаптарды уақтылы және тиісті түрде орындайтындығының кепілі ретінде енгізеді.
2. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
3. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім берушінің енгізілген кепілдікті ақшалай жарнасына тұтастай не оның бір бөлігіне талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын іс-қимылдар жасауына жол берілмейді.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 5 және 6-тармақтарында аталған іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
1) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде өзінің конкурстық баға ұсынысын бермеген не кері қайтарып алған;
2) конкурс жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда, конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде, конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебіне жатқызылады.
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге ол енгізген конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады:
1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған жағдайда;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайда.
24-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім салынған әрбір конвертті ашқан кезде конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылған құжаттар мен материалдар тізбесі туралы ақпаратты жариялайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімді табыс еткен әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі аудиожазба немесе бейнетүсірілім жүргізу құқығымен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатысуға құқылы.
Конкурстық комиссияның отырысына қатысушы адамның конкурстық комиссияның қызметіне араласуға құқығы жоқ.
2. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті хаттама жасайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына конкурстық комиссияның төрағасы және конверттерді ашу рәсіміне қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін ашу рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілерге не олардың уәкілетті өкілдеріне жіберуге не табыс етуге;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының қол қойылған мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында қамтылған және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін төлем алынбастан қолжетімді болуға тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде болмаған әлеуетті өнім берушілерге конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі олардың жазбаша сауалы бойынша не олардың уәкілетті өкілдерінің жазбаша сауалы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осындай сауалды алған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде табыс етіледі.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу күнін, уақытын және орнын өзгертуге осы өзгерістерді конкурстық құжаттамаға енгізбей тұрып жол берілмейді.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
24-1-бап. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтiнiмдерді ашу
1. Конкурстық комиссияның хатшысына конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді ашуға рұқсатты конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен өтінімдерді түпкілікті табыс етудің күні мен уақыты келген кезде мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде береді.
2. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімдерін ашу хаттамасын ашылған күні конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурстық комиссия мүшелеріне, осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушілерге конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын жариялау туралы хабарламаны автоматты түрде жібереді.
25-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру
1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында жүзеге асырады.
2. Қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкес келуіне қатысты сараптамалық қорытынды әзірлеуі үшін сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыда тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда, ол мемлекеттік қызметшілерді не сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мамандығы сәйкес келетін өзге мамандарды сарапшылар ретінде жұмысқа тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшылар ретінде өтемсіз негізде тартылады, ал өзге де мамандар тараптардың уағдаласуы бойынша ақылы да, өтемсіз де негізде тартылады.
Сарапшылардың конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
Ақылы негізде сарапшылар ретінде тартылатын тұлғаларды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Конкурсқа қатысуға өтінімді қарау кезінде конкурстық комиссия:
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді жазбаша нысанда, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізілген жағдайда жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында қажетті ақпаратты тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан жазбаша нысанда, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізілген жағдайда жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтырудан, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруден көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.
Конкурстық комиссия, егер конкурсқа қатысуға өтінімде оның мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетін өтінім ретінде қарайды.
4. Әлеуетті өнім беруші, егер:
2012.13.01. № 543-ІV ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |