Источник: ис параграф, 26. 08. 2013 11: 14: 07



бет6/9
Дата14.06.2016
өлшемі1.68 Mb.
#136004
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

Есеп беру кезеңінде ________ визалық жапсырмалар жойылды.

Жауапты орындаушы____________________________________

Берілген күні: «___»___20__ж.

 

Қазақстан Республикасының



визаларын беру, сондай-ақ олардың

қолданылу мерзімдерін ұзарту

және қысқарту қағидаларына

6-қосымша

 

 

Визаның қолдану мерзімі, мәртелігі және болу кезеңі

 



р/н

Визаның санаты

Виза алушылар

Визаның мәртелігі

Визаның қолдану мерзімі

Болу кезеңі

I. Визаның түрі

КӨШІП КЕЛУГЕ ЖАТПАЙТЫН ВИЗАЛАР

1.

А1

Дипломатиялық виза.

«А1» санатындағы виза:

1) шет мемлекеттердің, үкіметтердің басшыларына және олардың отбасы мүшелеріне;

2) дипломатиялық паспорттары бар - шет мемлекеттер үкіметтерінің, парламенттерінің мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ дипломатиялық паспорттары бар - ресми шетелдік делегациялардың мүшелеріне және оларды алып жүретін адамдарға беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күнге дейін

көп мәртелік

3 жылға дейін

әр келген кезде 90 күнге дейін

2.

А2

Дипломатиялық виза.

«А2» санатындағы виза:

1) дипломатиялық паспорттары бар, Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін адамдарға;

2) дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар, халықаралық ұйымдардың паспорттары бар адамдарға;

3) курьерлік парағы болған жағдайда дипломатиялық паспорттары бар - дипломатиялық поштаны тасымалдайтын курьерлерге;

4) Қазақстан Республикасының құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күнге дейін

көп мәртелік

3 жылға дейін

әр келген кезде 90 күнге дейін

3.

А3

Дипломатиялық виза.

«А3» санатындағы виза шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық агенттеріне, шетелдік консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдарына, Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жіберілетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.

көп мәртелік

180 күннің ішінде 90 күнге дейін

90 күнге дейін, одан әрі ҚР СІМ-де аккредиттеу

ҚР СІМ-нің аккредитациясы біткеннен кейін - Қазақстан Республикасынан шығу үшін қажетті 90 күнге дейін

4.

В1

Қызметтік виза.

«В1» санатындағы виза:

1) ресми шетелдік делегациялардың мүшелеріне және оларды алып жүретін адамдарға;

2) мемлекеттік органдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдарға беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күнге дейін

көп мәртелік

3 жылға дейін

әр келген кезде 90 күнге дейін

5.

В2

Қызметтік виза.

«В2» санатындағы виза:

1) дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі жоқ халықаралық ұйымдардың паспорттары бар адамдарға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін ұлттық паспорттары бар адамдарға;

2) Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін қызметтік паспорттары бар адамдарға;

3) егер дипломатиялық паспорты болмай, курьерлік парағы болған жағдайда дипломатиялық поштаны тасымалдайтын дипломатиялық курьерлерге;

4) Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін шетелдік мемлекеттердің әскери қызметшілеріне;

5) шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің шақыруымен Қазақстан Республикасына іссапармен жіберілетін адамдарға;

6) Қазақстан Республикасында аккредиттелген және ҚР СІМ басшылығының нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күнге дейін

көп мәртелік

3 жылға дейін

әр келген кезде 90 күнге дейін

6.

В3

Қызметтік виза.

«В3» санатындағы визалар дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық және қызмет көрсетуші персоналының мүшелеріне, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің қызметкерлеріне, консулдық қызметкерлерге, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсететін персоналдың жұмыскерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.

көп мәртелік

180 күннің ішінде 90 күнге дейін

90 күнге дейін, одан әрі ҚР СІМ-де аккредиттеу

ҚР СІМ-нің аккредитациясы біткеннен кейін - Қазақстан Республикасынан шығу үшін қажетті 90 күнге дейін

7.

С1

Инвесторлық виза.

«С1» санаттарындағы визалар Қазақстан Республикасының экономикасын инвестициялауға қатысушы шетелдік заңды тұлғалардың басқарушы буынының өкілдері мен басшыларына, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына (бұдан әрі - АӨҚО), сондай-ақ олардың жұбайлары мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларына беріледі.

көп мәртелік

3 жылға дейін

визаны қолданудың барлық кезеңінде

8.

С2

Инвесторлық виза.

«С2» санаттарындағы визалар Қазақстан Республикасының экономикасын инвестициялауға қатысушы шетелдік заңды тұлғалардың басқарушы буынының өкілдері мен басшыларына, АӨҚО қатысушыларына, сондай-ақ олардың жұбайлары мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларына беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күнге дейін

9.

D1

Іскерлік виза.

«D1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына:

1) конференцияға, симпозиумге, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу;

2) лекциялар оқу және жоғары оқу орындарында сабақ беру мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күнге дейін

екі мәртелікүш мәртелік

90 күнге

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек

10.

D2

Іскерлік виза.

«D2» санатындағы виза Қазақстан Республикасына

1) іссапар;

2) жабдықты монтаждау және техникалық жөндеу қызметін көрсету;

3) Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда, жастар, студенттік және мектепшілік алмасу бағдарламасына қатысу мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі.

көп мәртелік

1 жылға

180 күннің ішінде 60 күннен аспауы керек

11.

D3

Іскерлік виза.

«D3» санатындағы виза Қазақстан Республикасына

1) гуманитарлық көмекті алып жүру;

2) келіссөздер жүргізу,келісімшарттар жасау, консультациялық немесе аудиторлық қызметтер көрсету мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі.

көп мәртелік

3 жылға дейін

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек, бірақ 180 күнде 60 күннен аспауы керек

12.

D4

Іскерлік виза.

«D4» санатындағы визалар халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күннен аспауы керек

көп мәртелік

1 жылға

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек

13.

D5

Іскерлік виза.

«D5» санатындағы визалар пойыз бригадаларының құрамына енетін шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күннен аспауы керек

көп мәртелік

1 жылға

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек

14.

D6

Іскерлік виза.

«D6» санатындағы визалар Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ААХҰ) тиісті куәлігі жоқ, тұрақты әуе ұшақтарының және чартерлік авиарейс ұшақтарының экипаж мүшесі болып табылатын шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күннен аспауы керек

көп мәртелік

1 жылға

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек

15.

D7

Іскерлік виза.

«D7» санатындағы виза теңіз және өзен кемелерінің экипаж мүшелері болып табылатын шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күннен аспауы керек

көп мәртелік

1 жылға

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек

16.

D8

Іскерлік виза.

«D8» санатындағы виза Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әскери бөлімнің мүшесі болып табылатын шетелдіктерге беріледі.

көп мәртелік

1 жылға

әскери қызметінің мерзімі бойынша

17.

E1

Миссионерлік (діни) виза.

«Е1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына діни қызметпен келетін шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күннен аспауы керек

екі мәртелік

үш мәртелік

90 күнге

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек

көп мәртелік

180 күнге

30 күннен аспауы керек

18.

E2

Миссионерлік виза.

«Е2» санатындағы виза Қазақстан Республикасына миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін жіберілген шетелдіктерге беріледі.

көп мәртелік

180 күнге

180 күнге

19.

E3

Миссионерлік виза.

«Е3» санатындағы виза «Е2» санатындағы визасы бар адамдардың асырауында болатын отбасы мүшелеріне беріледі.

көп мәртелік

отбасы мүшесінің «Е2» санатындағы визасының мерзіміне сәйкес беріледі

отбасы мүшесінің «Е2» санатындағы визасының мерзіміне сәйкес беріледі

20.

F1

Туристік виза.

«F1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына турист ретінде жіберілетін шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күннен аспауы керек

екі мәртелік

үш мәртелік

90 күнге

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек

21.

G1

Жеке виза.

«G1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына жеке жұмыстарымен жіберілетін шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

екі мәртелік

үш мәртелік

90 күнге

1 жылда әр келген кезде 90 күннен аспауы керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет