It технологиялар дамыған сайын, тұтынушылардың сұраныстары артып келеді. Бұлттық технологиялардың өзінің заманауи сервистерінің қарқынды дамуының арқасында қолдану салалары анағұрлым ұлғая түсуде



бет2/3
Дата03.10.2023
өлшемі34.79 Kb.
#479609
1   2   3
Бұлттық технологиялардың қолдану салалары

Іскерлік салада. Бұлттық технологиялар – іскерлік саланы ұйымдастырудың оңтайлы тәсілі. Онлайн жұмыс орнының анағұрлым ұлғаюы мен жалпыға қолжетімді болуы – үлкен мүмкіндік. Іскерлік сала үшін тапсырыс беру мен тапсырыс алу арасындағы байланыс «жылдамдығы» маңызды.


Подробнее
sz.kz
Купить



Реклама
Сонымен қоса бірлескен орта, кездесулерді жоспарлау, онлайн-видеоконференцияларды ұйымдастыру, ортақ файлдарды өңдеу және т.б.әртүрлі қызмет түрлерін кез келген құрылғылар арқылы (ДК, планшет, смартфон және т.б.) басқаруға болады. Іскер адам қазіргі технологиялардың дамуының арқасында өз ісіне ыңғайлы бұлттық технологияларды таңдайды. Іскерлік салада қолданыста жүрген бұлттық технологиялар: SmartCloud, IT-Grad, Microsoft Hosted Exchange және т.б.
Медицинада. Бұлттық технологиялар медицина саласында да сұранысқа ие. Өйткені ауруханалар, емханалар, сақтандыру компаниялары мақсаттарын іске асыруға және медициналық қызмет түрлерінің сапасын жақсартуға өз септігін тигізуде. Дәрігерлер арасында ақпарат алмасудың жедел жүйесі есебінен науқастарға күтім жасау сапасы жақсарды. Негізгі ақпараттарды «бұлттық қоймаларда» орналастыра отырып, ауруханалар мен емханалар арасында нақты уақыт режимінде файлдарды
бірлесіп өңдеу арқылы жұмыс барысын анағұрлым жеңілдетті.
Көптеген сарапшылардың бағалау нәтижесі бойынша бұлттық технологиялар трансляциялық жылдамдығымен икемділік жағынан жоғары деңгейде бағаланды. Ауқымды қолданыста жүрген, көптеген компаниялар ұсынған бұлттық ресурстар: CareCloud, Oracle, Agfa Healthcare, Carestream Health, Merge Healthcare және Damumed т.с.с.
Қаржы индустриясында. Жоғары жылдамдық, жұмыс жасау икемділігі, өз-өзіне қызмет көрсету мен қашықтан басқару тиімділігі барлық банк қызметкерлері үшін маңызды. Осы мәселелерді шешуде бұлттық технологиялар сұранысқа ие болды және банк бөлімшелері бұлттық ортаның ең белсенді тұтынушыларының біріне айналды. Қарқынды дамудың арқасында қаржы индустриясы алдыңғы қатардан көріне бастады. Қазіргі уақытта белсенді қолданыста жүрген бұлттық технологиялар:
Microsoft Hosted SharePoint, oblako.kz, 1С Онлайн (Uchet.kz, ITSheff), 1С (Первый БИТ), SmartCloud, 1С бұлтта (1С-Рейтинг) және т.б.
Бұлттық технологиялардың қызмет түрлері нарықта жұмыс істеуі, қолдану салаларының ұлғаюы және оның толыққанды дамуы тиісті нормативтік құқықтық актілерді, ақпаратты қорғау стандарттары және т.б. қойылатын талап түрлеріне
қатаң бағынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет