Функциялары:
мемлекеттік көші-қон саясатын іске асыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
мемлекеттік органдардың қызметін халық көші-қоны мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды жүзеге асырады;
көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;
көші-қон процестерін мониторингілеу нәтижелерін халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
шетелдік мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
азаматтарды қабылдауды, азаматтардың, лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша арыздарын, өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы және толық қарауды жүзеге асырады, олар бойынша шешімдер қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды әзірлейді;
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынымы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, шекараны бұзушыларды шекаралық іздеу, қаруланған шабуылды тойтару немесе іргелес мемлекет азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына жаппай өтулері кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекара маңы аймағында (жолағында) орналасқан жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе объектілерге қолжетімдігін шектейді немесе тыйым салады;
Министрліктің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік мекемесімен жеке басын куәландыратын құжаттарды дайындау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктерді жеке есепке алуды жүргізеді;
босқын деп танылған адамға өз құзыреті шегінде шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға көмек көрсетеді;
босқын мәртебесін беру, ұзарту, айыру және тоқтату рәсімін жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құрады, сондай-ақ оның ережесін әзірлейді және бекітеді;
пана іздеуші адамдар мен босқындардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;
пана іздеуші адамдар мен босқындардың тізімдерін қалыптастырады және ай сайын ұлттық қауіпсіздік органдарына жолдайды;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша арыздары бойынша материалдарды қарайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жолдайды;
өз құзыреті шегінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады.
Көші-қон қызметі бөлімшелерінің функцияларымен танысып, практика жетекшісінің басшылығымен оларды жүзеге асыруға қатыстым:
Шетелдіктерді тіркеу, есепке алу және олардың ҚР аумағында болу қағидаларын сақтауын бақылау; Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетелдiктердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды.
Шетелдіктерді ҚР тұрақты тұруға қалдыру туралы материалдарды қарау және оларға ҚР тұрақты тұру құқығына құжаттар беру.Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға визамен уақытша келетін не Қазақстан Республикасымен келу және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасаған мемлекеттерден келген не Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар шетелдіктер не азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ этникалық қазақтарға берілген визаның санатына қарамастан мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру туралы өтінішхатпен бекітілген қағидаларға, Мемлекеттік қызмет тізбесіне сәйкес құжаттар пакетін қоса аумақтық полиция органдарына не "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік копорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүгінеді;
ҚР-да уақытша болатын және тұрақты тұратын шетелдіктерді бақылау. Уақытша тұруға арналған рұқсат:
отбасын біріктіру мақсатында өздеріне көшіп келушілер келген жеке тұлғалардың;
көшіп келушімен заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалардың;
көшіп келушілерді күндізгі оқу бөліміне қабылдаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде білім алушыларды алмасудың және дайындық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша іске асыратын білім беру ұйымдарының;
көшіп келушілер стационарлық емделуде жатқан денсаулық сақтау ұйымдарының;
көшіп келушілер заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни ұйымдардың;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер (бизнес-көшіп келушілер) бойынша – жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде ресімделеді.
Шетелдіктердің ҚР-ға уақытша келуіне шақыруларды ресімдеу;
ҚР визаларын беру және ұзарту;
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға, одан шығуға, Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындауға, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуға байланысты мәселелерді қарау;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат беру және құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген не Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ этностық қазақтар өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін ішкі істер органдарына өтініш жасайды. Заңнамада белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға арналған рұқсатты алуға өтініш жасаған көшіп келушілерге өтінішхатты қарауға қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге уақытша тұруға арналған рұқсат ресімделеді.
Осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдардың құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
Халықты құжаттандыру және тіркеу. Жеке басты куәландыратын құжаттарды басып шығарудың тиісті сапасын және құжаттандырылатын адамның биометриялық деректері бойынша сәйкестендірілуін қамтамасыз ету үшін құжаттандыру үшін ұсынылатын фотосуреттер талаптарға сәйкес болуы қажет.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау ережелерге сәйкес тұрақты не уақытша тіркеуге оның келісімін ресімделуімен:
Қазақстан Республикасы азаматтары - Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» біріккен ақпараттық жүйесі арқылы;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдар үшін – Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушімен «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы; босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін - көрсетілетін қызметті берушімен жүргізіледі.
Толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдаудан бас тарту беріледі.
Алимент төлемейтіндер мен борышкерлерді іздестіру;
Заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Заңсыз көшіп келудің алдын алу және құқықтық мәртебесі реттелмеген көшіп келушілерді заңдастыру шараларымен таныстым:
Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағына келуі, олар келу, кету, болу және транзиттік жол жүру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарын орындаған жағдайда мүмкін болады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар көші-қон бақылауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдардың есебін жүргізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.Заңсыз көшіп келушілер Қазақстан Республикасының шегінен тыс өздерінің шыққан мемлекетіне (шетелдік азаматтығын алған немесе азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын елге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарып жіберілуге жатады.Шығарып жіберу туралы шешімді сот қабылдайды.Заңсыз көшіп келушілерді ұстап алуға және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен мұндай адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге оларды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауға жол беріледі.
Сонымен қатар Алматы облысы ПД көші - қон қызметі басқармасының құрылымымен таныстым: - ПД көші - қон қызметі басқармасының бастығы; - ПД көші - қон қызметі басқармасының бастығының екі орынбасары; - сыртқы көші-қон бөлімінің бастығы; - иммиграция және азаматтық бөлімінің бастығы; әр бөлімде бар:
- ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор
- аға инспектор
- инспектор.
Практикадан өту бароысында бастапқыда мен сыртқы көші-қон бөліміне жіберілдім, онда менаға инспекторлар мен инспекторлардың функционалдық міндеттері, бөлімнің жұмыс регламенті және шетел азаматтарын тіркеу және шақыру құжаттарымен таныстым және зерделедім.
Мен инспектордың бақылауындағы бөлімде шетел азаматтарының болуын тіркеуге және тіркеу мерзімін ұзартуға өтініш бланкілерін толтырдым.
Сондай-ақ, мен (инспектормен бірге) шетел азаматтарын шақыруға құжаттар қабылдадым.
Көші-қон карточкасын толтырдым және "Бүркіт"ақпараттық жүйесіне барлық деректерді енгізген инспектордыңжұмысымен таныстым.
Практикадан әрі қарай өту иммиграция және азаматтық бөлімінде өтті.
Бастапқыда мен инспекторлардың функционалдық міндеттерін, бөлімнің жұмыс Регламентін және жалпы бөлімге қатысты негізгі нормативтік актілерді зерттедім.
Көші-қон және азаматтық бөлімінің бас инспекторларымен бірлесіп шетел азаматтарын тұрақты тіркеу есебіне қою және тұруға ықтиярхат құжаттарын беру жөніндегі істерді қабылдауды жүзеге асырдым.
Заңды мекенжайды қайта тіркеу бойынша құжаттарды, сондай-ақ тұруға ықтиярхатты ұзарту бойынша құжаттарды қабылдауды жүргіздім.
Мен тұрғылықты тұруға ықтиярхат құжаттарын ресімдеу және азаматтығы жоқ адамның куәлігі бойынша қағаз формулярларды рәсімдедім.
Инспектордың қадағалауымен дайындалған құжаттарды - тұруға ықтиярхат куәлігін және азаматтығы жоқ адамның куәлігін беруді жүзеге асырдым.
Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасында практикадан өту қорытындысы тоқталсам, жалпы басқару қызметімен, ұйымның құрылымымен таныстым, мәліметтер базасымен жұмыс істеуді, компьютерде деректерді өңдеуді үйрендім және өндірістік тәжірибені бұрын зерттелген білімді қолданудың пайдалы және тиімді әдісі деп санаймын.
Сонымен қатар, өндірістік практика өту нәтижесінде келесі практикалық дағдыларға, іскерлікке, әмбебап және кәсіби құзырлықты игердім: Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау туралы нақты бағдарды меңгердім; аталған ұйым қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері туралы нақты бағдар алдым; Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасында іс жүргізуі дағдыларын меңгердім; құқықтық сипаттағы құжаттардың құрылымы мен мазмұнын білу (ұзарту) туралы қолдаухат,Адамға азаматтығы жоқ адамның мәртебесін беру туралы қорытынды, Тұрақты тұратын шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың істерін есепке алу журналы, Тұрақты тұруға арналған рұқсатты жою туралы қорытынды және басқа да іс жүргізушілік құжаттар), оларды құрастыру машықтарын қалыптастырдым; практика өту орнына байланысты кәсіби қызмет саласына сәйкес келетін құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін маңызды нормативтік және фактілік ақпаратты жинақтай білуді үйрендім; түрлі мәселелерді қарастыру барысында заңдық маңызды жағдаяттарды дұрыс анықтай білуді үйрендім; материалдық және іс жүргізушілік құқық нормаларын практикада қолдана білу; іскерлік қатынастың психологиялық ерекшеліктері мен өзгешелегін, кәсіби тілді меңгердім; практикада нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша дағдыларды иелендім; болашақ мамандығына қажет болатын, заңдық қызметтің минималды тәжірибесіне меңгердім.
Практикадан өтуші ____________________
«___»__2022 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |