әлеуметтік және ағартушы шараларын қабылдайды.
2. Мұндай қорғау шаралары, қажет болған жағдайда, балаға және оған қамқорлық жасаушы адамдарға қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік бағдарламаларды жасау үшін, сондай-ақ жоғарыда аталғандай балаға мейрімсіздік жасалуына байланысты жағдайлардың алдын алу және анықтау, олар туралы хабарлау, істі қарау, тергеу жүргізу, емдеу және кейін қолданылатын шаралардан басқа да нысандарын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, сот рәсімін қозғау үшін тиісті рәсімдерді қамтиды.
20-бап
1. Отбасы ортасынан уақытша немесе біржола айырылған немесе өзінің ең қажетті мүддесі үшін мұндай ортада қала алмаған бала, мемлекет тарапынан көрсетілетін ерекше қорғау мен көмекті пайдалануға құқылы.
2. Қатысушы мемлекеттер осындай баланың күтімін алмастыруды өздерінің ұлттық заңдарына сәйкес қамтамасыз етеді.
3. Бұл күтім, ішінара, баланы біреудің тәрбиесіне беруді, ислам заңы бойынша «кафала», асырап алуды, немесе қажет болған жағдайда, балаларға күтім көрсететін тиісті мекемелерге орналастыруды қамтуы мүмкін. Күтімді алмастыру түрлерін қарастырған кезде баланың тәлім-тәрбие сабақтастығын
қалауы және оның этникалық тегі, дінге, мәдениетке қатысы және ана тілі тиісті түрде ескерілуге тиіс.
АТА-АНАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Ата-ана бала тәрбиелеудің негізгі жауапкершілігін бірге тартады.
Ал мемлекет бұл істе оларды барынша қолдап-қуаттауы керек.
Сонымен қатар мемлекет Баланы тәрбиелеуде ата-анаға жеткілікті түрде көмек көрсетіп отыруы тиіс.
АСЫРА ПАЙДАЛАНУ ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ
ПЕН ЖАНЫ АШЫМАУШЫЛЫҚТАН САҚТАУ
Мемлекет баланы ата-анасының немесе қамқор болу жауапкершілігін мойнына алған басқа да тұлғалар тарапынан жасалған қысым көрсетушіліктің, зорлық-
зомбылықтың барлық түрінен қорғауға міндетті. Сонымен қатар мемлекет осындай асыра сілтеушілікті болдырмау және зардап шеккен балаларды емдеу жөніндегі тиісті элеуметтік бағдарламаларды жасауы керек.
ОТ БАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН БАЛАНЫ ҚОРҒАУ
Мемлекет жан ұялық ортадан айырылған балаға әлеуметтік қорғау көрсетуге міндетті.
Сондай-ақ мемлекет мұндай жағдайда балаға альтернативті, яғни «балама» жан ұялық қамқорлық көрсету, болмаса белгілі бір пәтерді балаларды күтіп қағу мекемесіне айналдыру шарасын қарастыруы тиіс. Мұндай әрекеттер баланың мәдени және ұлттық ортасын ескеруі қажет.
21-бап
Бала асырап алу жүйесі болуын мойындайтын және/немесе оған рұқсат беретін қатысушы мемлекеттер баланың ең қажетті мүдделері бәрінен бұрын ескеріліп отыруын қамтамасыз етеді және олар:
а) бала асырап алудың – қолданылатын заңдар мен рәсімдерге сәйкес және баланың ата-анасы мен заңды қамқоршыларына қатысты мәртебесіне, сондай-ақ, егер қажет болса, мүдделі адамдар қажет болуы мүмкін болатындай консультациялар өткізу негізінде бала асырап алуға өздерінің саналы түрдегі
келісімін беруіне байланысты барлық іске қатысты және сенімді ақпараттар негізінде бала асырап алу мүмкін болатынын анықтайтын құзыретті өкіметтің рұқсатымен ғана жүргізілуін қамтамасыз етеді;
ғ) егер баланы туған елінде біреудің тәрбиесіне беру немесе оны тәрбиелеуді немесе асырап алуды қамтамасыз ететін отбасына орналастыру және лайықты күтімді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, онда баланы басқа елге асырап алуға беруді-балаға күтім берудің баламалы тәсілі ретінде
қабылдауға болады деп таниды;
б) өз еліндегі асырап алуға қатысты қолданылатын кепілдіктер мен нормалардың бала басқа елге асырап алуға берілген жағдайда да дәл солай қолданылуын қамтамасыз етеді;
в) бала өзге бір елде асырап алынған күнде, орналастыруға байланысты адамдардың ақталмаған қаржылық пайда табуына әкеліп соқпауын қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар қолданылады;
г) қажетті жағдайларда, екі жақты және көп жақты уағдаластықтар мен келісімдер жасасу жолымен осы баптың мақсаттарына жетуге жәрдемдеседі және осының негізінде баланы басқа елге орналастыруды құзыретті өкіметтер немесе органдардың жүзеге асыруын қамтамасыз етуге ұмтылыс жасайды.
22-бап
1. Қатысушы мемлекеттер, босқын дәрежесіне ие болғысы келген немесе қолданылып жүрген халықаралық немесе ішкі құқық және рәсімдерге сәйкес босқын болып саналатын балаға, мейлі оны ата-анасы немесе кез келген басқа адам ертіп жүрсе де, немесе оларсыз жүрсе де, осы Конвенцияда және
адам құқығы жөніндегі халықаралық басқа да құжаттарда немесе гуманитарлық құжаттарда баян етілген құқықтарды пайдалануда осы құжаттарға қатысушы болып табылатын аталған мемлекеттер тиісті қорғау және гуманитарлық көмек
көрсетуді қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолданады.
2. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер, өздері қажет деп санаған жағдайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының және Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтас құзыретті үкіметаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, мұндай Баланы қорғау жөніндегі, оның және кез келген босқын баланың ата-анасын немесе отбасының басқа мүшелерін іздеп табуына, сөйтіп өз отбасымен табысуы үшін қажетті ақпараттарды алуына жәрдемдесу жөніндегі кез келген күш-жігеріне жәрдем көрсетеді. Ата-анасы немесе отбасының басқа да мүшелері табылмаған жағдайда, бұл балаға да осы Конвенцияда
қарастырылғандай, әлде бір себеппен өз отбасы ортасынан уақытша немесе біржола айырылған басқа балаларға көрсетілгендей қорғау көрсетіледі.
АСЫРАП АЛУ
Баланы асырап алуға рұқсат етілген мемлекеттерде асырап алу әрекеттері тек баланың мүддесі үшін ғана жасалуы тиіс. Ал бұл үшін тиісті биліктің рұқсатымен қатар баланың өмірі мен құқығының толық сақталуына кепілдік беріліуі керек.
БОСҚЫН БАЛАЛАР
Босқын балалар, немесе босқын мәртебесін алуға ұмтылған балалар ерекше қорғауға алынуы тиіс. Мемлекет балаларды осындай қорғаумен және көмекпен
қамтамасыз ететін арнайы ұжымдармен қарым-қатынас жасауға міндетті.
23-бап
1. Қатысушы мемлекеттер ақыл-есі немесе денсаулығына қатысты жарымжан бала оның қадір-қасиетін қамтамасыз етіп, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесетін жағдайларда толыққанды және лайықты өмір сүруі қажет екенін мойындайды.
2. Қатысушы мемлекеттер жарымжан баланың ерекше қамқорлыққа құқылы екенін мойындап, жәрдем сұрап өтініш берген жағдайда және де, егер баланың денсаулығы мен ата-анасы немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететін басқа
адамдардың жағдайы өтінішке сәйкес болған күнде бала мен оның қамқоршысына ресурс мүмкіндіктеріне қарай, жәрдем беруді қолдап, қамтамасыз етеді.
3. Жарымжан баланың ерекше мұқтаждығы танылып, осы баптың 2-ші тармағына сәйкес, көмек ата-анасының немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететін басқа адамдардың қаржылық ресурстары ескеріліп, мүмкін болғанынша, тегін беріледі және жарымжан баланың білім беру, кәсіби даярлық,
медициналық қызмет, денсаулығын қалпына келтіру, еңбек етуге дайындау салаларындағы қызмет көрсетулерге қолы жетуін және баланы мүмкіндігінше, толық, әлеуметтік өмірге тартуға, рухани және мәдени дамуын қамти отырып, тұлғалық іріленуіне септігін тигізетіндей демалу құралдарына қолын жеткізуді мақсат етеді.
4. Қатысушы мемлекеттер халықаралық ынтымақтастық рухында профилактикалық денсаулық сақтау және медицина саласында, жарымжан балаларды психологиялық және функционалды емдеу саласына қатысты ақпараттармен алмасуға, соның ішінде, қатысушы мемлекеттердің осы
саладағы мүмкіндіктері мен білімін жақсартып, тәжірибесін кеңейту үшін реабилитация, жалпы білім беру және кәсіби даярлық тәсілдері жөніндегі ақпараттарды таратуға және оған қол жеткізуіне ықпал етеді. Осыған байланысты дамушы елдердің сұранысына ерекше көңіл аударылуға тиіс.
24-бап
1. Қатысушы мемлекеттер баланың неғұрлым жетілдірілген денсаулық сақтау жүйелері қызметімен, науқастарынан емдеу мен денсаулығын қалпына келтіру құралдарымен пайдалану құқығын мойындайды. Қатысушы мемлекеттер бірде-бір бала медицина жүйесінің мұндай қызметіне қол жеткізу құқығынан
айырылып қалмауын қамтамасыз етуге ұмтылыс жасайды.
2. Қатысушы мемлекеттер осы құқықтың толық жүзеге асуына қол жеткізуге күш салады, соның ішінде:
а) нәрестелердің шетінеуі мен бала өлімінің деңгейін төмендету;
ғ) алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға баса көңіл аудара отырып, қажетті медициналық жәрдем көрсетуді және барлық балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
МҮГЕДЕК БАЛАЛАР
Мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы.
ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Бала нақты түрде қамтамасыз етілген, ең жоғарғы стандарттарға сай медициналық көмек алуға құқылы. Мемлекеттер, әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық көмек, санитарлық насихат және балалар өлімін азайту жұмыстарына баса назар аударуы керек. Олар бұл салада халықаралық ынтымақтастықты барынша қолдап-қуаттауы және ешқандай бала жоғары сапалы сауықтандыру қызметінен аластатылмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек.
б) дертке және ашқұрсақтыққа қарсы күрес, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек шеңберінде, қоршаған ортаның ластану қаупі мен қатерін ескере отырып, оңай қол жететін технологияны пайдалану жолымен барынша құнарлы тағамдарымен және таза ас суымен қамтамасыз ету;
в) бала туғанға және босанғаннан кейінгі кезеңдерде аналардың денсаулығын сақтау жөнінде тиісті қызмет көрсету;
г) қоғамның барлық топтары, соның ішінде ата-аналармен балалардың, баланың денсаулығы мен тамақтануы, баланы ана сүтімен емізіп асыраудың артықшылығы, баланы қоршаған ортаның гигиенасы мен тазалығы және
келеңсіз оқиғалардан сақтандыру жайлы хабардар болуын, сондай-ақ білім алуға қол жеткізуін және осындай білімді пайдалануына қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;
д) профилактикалық медициналық көмек және отбасы мөлшерін жоспарлау саласындағы ағарту жұмыстары мен қызмет көрсетулерді дамыту.
3. Қатысушы мемлекеттер баланың денсаулығына теріс ықпал ететін дәстүрлі ем тәжірибесін жою мақсатында кез келген тиімді және қажетті шараларды қабылдайды.
4. Қатысушы мемлекеттер осы бапта танылған құқықты толық жүзеге асыруға бірте-бірте қол жеткізу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты ынталандыруға және оны дамытуға міндеттенеді.
25-бап
Қатысушы мемлекеттер құзыретті органдар күтім жасау мақсатында біреудің қамқорлығына берген баланың құқығын мойындайды, оны қорғау немесе денсаулығы немесе психикалық емдеу, балаға берілетін кезендік емдеу бағасы, басқа да балаға қамқорлық жасауға байланысты шарттар туралы құқықты
мойындайды.
26-бап
1. Қатысушы мемлекеттер әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, әрбір баланың әлеуметтік қамтамасыз ету игіліктерін пайдалану құқығын таниды және бұл құқықты толық жүзеге асыруға қол жеткізу үшін ұлттық заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылдайды.
2. Бұл игіліктер қажеттігіне қарай баланың және баланы бағуға жауапты адамдардың қолда бар ресурстары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ баланың өзі немесе оның атынан игіліктерді алуға байланысты кез келген әрекеттің мүмкіндіктері ескеріліп беріледі.
ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ТЕКСЕРУ
Арнайы күтім, қорғау немесе емдеу көрсету мақсатында мемлекет арқылы қамқорлыққа берілген бала, мемлекет тарапынан сол қамқорлықтың тұрақты тексеріліп тұруына құқылы.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бала әлеуметтік сақтандырумен қоса әлеуметтік қамтамасыз етудің басқа да игіліктерін пайдалануға құқылы.
27-бап
1. Қатысушы мемлекеттер әр баланың дене бітімі, ақыл-есі, рухани, имандылық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір денгейіне құқығын мойындайды.
2. Баланы тәрбиелеуші ата-ана (лар) немесе басқа адамдар өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алады.
3. Қатысушы мемлекеттер ұлттық жағдайларға және өз мүмкіндік шегінде баланы тәрбиелеп отырған ата-ана мен басқа да адамдарға осы құқықты жүзеге асыруға жәрдем көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және қажет
болған жағдайда, материалдық жәрдем көрсетіп, түрлі ағдарламаларды, әсіресе тамақтандыру, киім және баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды қолдайды.
4. Қатысушы мемлекеттер – қатысушы мемлекеттің өз ішінде де, сондай-ақ шетелде де, бала үшін қаржылық жауапкершілігі бар ата-ана немесе басқа адамдардың баланы бағуды қалпына келтіруін қамтамасыз етуі үшін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Соның ішінде, егер бала үшін қаржылық
жауапкершілігі бар адам мен бала әр мемлекетте тұрып жатса, қатысушы мемлекеттер халықаралық келісімдерге қосылуға немесе осындай келісімдерді жасасуға, сондай-ақ тиісті басқа да уағдаластықтарға қол жеткізуге ықпал етеді.
28-бап
1. Қатысушы мемлекеттер баланың білім алу құқығын мойындап, бұл құқықты жүзеге асыруға тең мүмкіндік негізінде біртіндеп қол жеткізу мақсатында, атап айтқанда:
а) тегін және міндетті бастауыш білім беруді енгізу;
ғ) жалпы білім және кәсіби біліммен қатар орта білімнің барлық түрінің дамуын ынталандырып, оған барлық балалардың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді және тегін білім беруді енгізу мен қажет болған жағдайда, қаржылай көмек көрсету сияқты қажетті шараларды қабылдайды;
б) әркімнің қабілеті негізінде барлық қажетті құралдар арқылы жоғары білімге баршаның қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді;
в) білім беру және кәсіби даярлық салаларына қатысты ақпараттар мен материалдарға барлық баланың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді;
г) оқушылардың мектепке тұрақты баруы мен мектепті тастап кетуші оқушылар санын азайту жөнінде шаралар қабылдайды.
2. Қатысушы мемлекеттер мектептегі тәртіп баланың адамдық қадір-қасиетін құрметтеуге бағытталған тәсілдер арқылы және осы Конвенцияға сәйкес орнықтырылуын қамтамасыз ететін шаралардың бәрін қолданады.
3. Қатысушы мемлекеттер білімге, соның ішінде бүкіл әлемдегі надандық пен сауатсыздықты жоюға және ғылыми техникалық білімге және қазіргі заманғы оқыту тәсілдеріне қол жеткізуді жеңілдету мақсатындағы мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты қуаттайды және дамытады.
ӨМІР ДЕҢГЕЙІ
Әрбір бала өзінің денелік, ойлық, рухани, және сондай-ақ адамгершілік пен әлеуметтік дамуына лайықты өмір деңгейіне мүдделі және құқылы. Лайықты
өмір деңгейін қамтамасыз етудің негізгі жауапкершілігі ата-анаға жүктеледі. Ал мемлекеттің міндеті осы жауапкершілікті жүзеге асыруға жағдай жасау болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттің міндеті ата-ана мен балаға материалды көмек
көрсетуді де қамтиды.
БІЛІМ АЛУ
Бала білім алуға құқылы. Ал міндетті түрдегі алғашқы тегін білім алуды, кез-келген бала оқи алатын орта білімді қолдауды, және қабілетіне байланысты жоғарғы білім алуды қамтатамасыз ету – мемлекеттің міндеті болып табылады. Мектеп бағдарламасы баланың құқығын және ар-намысын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекет осы құқықты іске асыру үшін халықаралық ынтымақтастықты дамытуы керек.
29-бап
1. Қатысушы мемлекеттер білім беру баланың:
а) жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға;
ғ) адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарды құрметтеуге;
б) ата-анасын, төл мәдениетінің құндылықтарын, тілін және құндылықтарын, өзі тұрып жатқан мемлекеттің және өзі туған елінің ұлттық құндылықтарын, сондай-ақ басқа өркениеттерді құрмет тұтуға;
в) баланы еркін қоғамдағы саналы өмірге түсіністік, бейбітшілік, шыдамдылық, әйел мен ер-азаматтардың құқықтық теңдігі және барлық халықтар, этникалық,
ұлттық және діни топтар арасындағы достастық, сондай-ақ жергілікті халықтың өкілдерімен достықта болу рухында дайындауға;
г) қоршаған табиғатты аялауға бағыт беруге тиіс екендігімен келіседі.
2. Осы баптың немесе 28-ші баптың ешбір бөлімі, жеке адамдар мен органдардың, осы баптың 1-ші тармағында баян етілген қағидаттар тұрақты сақталған жағдайда, білім беру орындарын құру және басқару еркіндігін шектеу және мұндай оқу орындарында білім беру талаптары мемлекет тарапынан
белгіленуге тиісті ең төменгі нормалардың талаптарымен сәйкес болуын орындамау деп пайымдалуы тиіс емес.
30-бап
Этникалық, діни немесе тілі жөнінен немесе жергілікті халық адамдары жөнінен азшылық болған мемлекеттерде, сондай-ақ азшылық топқа немесе жергілікті халыққа жататын бала өз тобының басқа мүшелерімен бірге өз мәдениетін пайдалану, өз дінін тұтынып, оның салт-жораларын ұстану және ана тілінде
сөйлеу құқығынан айырылмауға тиіс.
31-бап
1. Қатысушы мемлекеттер баланың тынығуға және мәдени демалуға, өз жас мөлшеріне лайық түрлі ойындар мен көңіл көтеру шараларына қатысуға, мәдени өмірге еркін араласып, өнер мен айналысуға құқығы бар екенін мойындайды.
2. Қатысушы мемлекеттер әр баланың мәдени және шығармашылық өмірге жан-жақты қатысу құқығын құрметтеп қолдайды және оның мәдени шығармашылық қызметімен айналасуына, тынығуына, мәдени демалуына тиесілі және тең
дәрежелі мүмкіндік туғызуға жәрдемдеседі.
БІЛІМ АЛУДЫҢ МАҚСАТЫ
Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек. Білім, баланы азат қоғамдағы ересек әрі белсенді өмірге дайындауы керек. Сондай-ақ ол ата-ананы құрметтеуге, халқының мәдени ерекшелігін, тілін, құндылықтарын, және басқа ұлттардың мәдени салт-дәстүрі мен құндылығын құрметтеуге тәрбиелеуі керек.
АЗ ҰЛТТАР МЕН ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ БАЛАЛАРЫ
Аз ұлттың және жергілікті халықтың балалары өз мәдениетін, ана тілін және өз дінін қолдануға құқылы.
ДЕМАЛЫС, БОС УАҚЫТ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІР
Бала мәдени және творчествалық, яғни шығармашылық өмірге қатысуға, демалуға және бос уақытқа құқылы.
32-бап
1. Қатысушы мемлекеттер әр баланың экономикалық қанаудан, оның денсаулығына қауіп төндіретін немесе білім алуына кедергі келтіретін немесе денсаулығына зиян, дене бітімінің, ақыл-есінің жетілуіне, рухани және моральдық, әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіретін кез келген жұмыстардан қорғалуға құқығы бар екенін мойындайды.
2. Қатысушы мемлекеттер осы бапты жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін заң шығарушылық, әкімшілік және әлеуметтік шаралар, сондай-ақ білім беру саласында шаралар қолданады. Осы мақсатта басқа хаылқаралық құжаттардың
тиісті ережелеріне сүйене отырып, қатысушы мемлекеттер ішінара:
а) жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жас мөлшерін немесе ең төменгі жастары мөлшерін;
ғ) жұмыс уақытының ұзақтығы мен еңбек ету жағдайына қажетті талаптарды анықтайды;
б) осы баптың тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін жазаның тиісті түрін немесе басқа да санкцияларды қарастырады.
33-бап
Қатысушы мемлекеттер балаларды тиісті халықаралық шарттарда белгіленгендей есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз қабылдаудан қорғау, сондай-ақ осындай заңға қарсы заттарды өндіруге және олардың саудасына балаларды пайдалануға жол бермеу үшін тиісті заң шығарушылық, әкімшілік, әлеуметтік шараларды, сондай-ақ, білім беру саласындағы шараларды қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдайды.
34-бап
Қатысушы мемлекеттер баланы нәпсіқұмарлық қанаудың және нәпсіқұмарлық азғырудың барлық түрінен қорғауға міндеттенеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер, ішінара:
а) баланы кез келген нәпсіқұмарлық қатынастарға көндіруге немесе мәжбүр етуге;
ғ) бала еңбегін жезөкшелік немесе басқа да заңсыз нәпсіқұмарлық тәжірибесіне қанап пайдалану мақсатына;
б) бала еңбегін порнография мен порнографиялық басылымдарда қанап пайдалану мақсаттарына жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде барлық қажетті шараларды қабылдайды.
БАЛАЛАР ЕҢБЕГІ
Бала өзінің денсаулығына, білімі мен дамуына қауіп төндіретін жұмыс тапсырылған жағдайда қорғау құқығына ие. Мемлекет жұмысқа алуда бірінші кезекте адамның ең төменгі жас мөлшері мен еңбек жағдайына қатысты талаптарды белгілеуі керек.
ЕСІРТКІ ЗАТТАРДЫ ЗАҢСЫЗ ҚОЛДАНУ
Балалар есірткі және «психотропты» заттарды заңсыз қолданудан, сондай-ақ осындай заттарды өндіру мен сату жұмыстарына тартылудан қорғану құқығына ие.
СЕКСУАЛДЫ ҚАНАЛУ
Мемлекет баланы жезөкшеліктен, порнографиядан және сексуалды қанау мен зорлаудан қорғауы тиіс.
35-бап
Қатысушы мемлекеттер балаларды ұрлау, бала саудасына немесе балаларды кез келген мақсатпен және кез келген түрде контрабандалау әрекеттеріне жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде шаралар қолданады.
36-бап
Қатысшы мемлекеттер бала әл-ауқаты аспектісіне залал келтіретін қанаудың басқа да барлық нысандарынан қорғайды.
37-бап
Қатысушы мемлекеттер:
а) ешбір баланың азапталмауын, немесе оның қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленбеуін немесе жазаланбауын; 18 жасқа толмаған қылмыс жасаған адамдарға өлім жазасы да, түрмеге өмірлік қамауға алу да, босату мүмкіндігін қарастырмайтын жазалар
да тағайындалмауын қамтамасыз етеді;
ғ) ешбір баланың бас бостандығынан заңсыз немесе еріксіз айырмалуын қамтамасыз етеді. Қамауға алу, ұстау немесе түрмеге жабу заңға сәйкес жүргізіледі және соңғы шара ретінде ғана, неғұрлым тиісті қысқа мерзім ішінде қолданылуды қамтамасыз етеді;
б) бас бостандығынан айырылған әр бала өз жасындағылардан талап етулері ескеріле отырып, өз жеке басының ажырамас қадір-қасиеті ретінде адамгершілікті көзқарасты және құрметтеуді пайдаланады. Соның ішінде, бас бостандығынан айырылған бала ересектерден бөлек ұсталуға тиіс, алайда,
ішінара оның еңқажетті мүддесі ескеріліп, септігін тигізер деген ниетпен ғана ересектермен бірге ұсталуы мүмкін, сондай-ақ ерекше жағдай туындамаса өз отбасымен хат жазысу және жүздесу арқылы байланыс орнатуға құқығын
қамтамасыз етеді;
в) бас бостандығынан айырылған баланың еш кідіріссіз құқықтық және басқа да тиісті көмекке қол жеткізуге, сондай- ақ сот немесе басқа да құзыретті, тәуелсіз және әділетті органдар алдында өз бас бостандығынан айырылу заңдығына
дауласуға құқығын және де олар осындай кез келген іс жүргізу әрекеттерге қатысты шешімін кейінге қалдырмай қабылдауларын талап ету құқығын қамтамасыз етеді.
САТУ, КОНТРАБАНДА, ЖӘНЕ ҰРЛАУ
Мемлекеттің негізгі міндеті барлық күш-жігерді балаларды ұрлаудан, сатудан, және оларды контрабандалаудан сақтауға жұмсау болып табылады.
ҚАНАУДЫҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІ
Балалар өздерінің салауатты өміріне зардабын тигізетін және 32, 33, 34 және 35-ші баптарда қамтылмаған қанаулардың барлық түрінен қорғануға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |