Құқықтық құжаттар Құрметті оқытушылар және білімгерлер!



бет4/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.44 Mb.
#133740
1   2   3   4   5

Ол қиын да, ұзақ жол болды. Орта ғасырдың аяғына дейін балалық шақ бөлек санаттағы немесе адамзат өмірінде әлеуметтік феноммен бола алмады. Балалар «Кішкентай ересектер» болып есептеліп, ештеме істей алмайтын және бос орын болып есептелді.

Тарихи даму кезеңде балалардың құлдық жағдайы барлық елдерге тән болды. 6-7 жастағы балалар халық санағында есептелмеді, себебі олардың тірі қалу мүмкіншілігі өте аз болды. Ал кімде кім тірі қалса, олар бірден ересек болып есептелді.

Тарих мынаған куә, IV жүз жылдыққа дейін жаңа туған сәбилерді діни рәсім бойынша құрбандыққа шалды. XIX ғасырға дейін жас сәбилердің қиын жағдайда күн көруі, дұрыс күтімнің болмауы нәрестелердің көп өліміне әкеп соқты. Көптеген тарихшылар оны ауыр өмір сүру жағдайымен байланыстырып, балаға салғырт қараумен байланыстырады.

XVI ғасырда ғана балаға деген алғашқы қызушылықтар пайда бола бастады. Егер шындыққа келсек, балалар ересектерден бөлек болып келеді, сондықтан оны білім беруде және тәрбиелеуде ескерген жөн. Оқыған азаматтар пайда бола бастады.

Сол уақытта екі қарама-қайшы келетін тәрбие жүйесі болды.

Моральшылар – балаларды «жаман» деп есептеді, білім арқылы оларды «жақсы адам» жасауды көздеді.

Романисттер – балаларды «туғаннан жақсы» деп есептеп және еркін тәрбиелеу идеясын насихаттады.

Еркін тәрбиелеу өкілдері баланы дара тұлға ретінде есептеуді ұсынды, табиғатқа сәйкес оның еркін білім алу мен тәрбиелеу құқығын насихаттады. Олар балалық шаққа қызушылық танытып, оны адамзат өміріндегі ерекше кезең екендігін насихаттады.

Осылай бала және «балалық шақ» бөлек әлеуметтік феномен болып есептелді. Ол үрдіс оқыған, көзі ашық жандардың ұлдарға деген, одан кейін қыздарға деген қөзқарасынан басталды.

ХХ ғасырдың басында бала құқығы идеясы Еуропа педагогтарының орныққан нық орын алды. Жиырмасыншы жүзжылдықтың басын швед әйелдер қозғалысының өкілі Эллен Кейдің «Бала ғасыры» атты кітабы ашты. Кітап жаңа педагогиканың манифесті және символы болды. Эллен бала құқықтарының негізгі бірнеше түрін: құқықтың жетіспеушілігі, ішкі дүние қол сұқпау құқығы, ата-ананы таңдау құқығы, баланың өмірге келу құқығы, денісау және махаббатқа бөленіп туу құқығы.

«Әр әйел өз баласына деген міндетті сезіну керек, - деп жазды ол, - бұл табиғат заңы, онымен қоғам санасу қажет. Ол үшін қоғам аналық пен балалықты қорғайтын заңманама шығару қажет, әйел еңбегін реттейтін туралы, отбасы қызметін ұйымдастыратьын және жаңадан әйелді, еркекті тәрбиелеу керек».

Алғашқы халықаралық құжаттар, балаға қатысты, бала құқығын қамтамасыз етуді мәселесін ғана қарастырмай, бала еңбегін қанау және құлдықты, баланы сату және балалардың жезөкшелігін алдын алу шараларына назар аударды.

1902 жылы халықаралық Гаагская конференция «баланың мүмкіншіліктері» кішілерді қорғау бойынша конвенция белгілерінің маңызды бөлігі болды.

1919 жылы Халықаралық Еңбекті Ұйымдастыру Конвенциясында, жұмысшының ең кіші жасы анықталды.

1919 жылы балалардың амандығы Ұлттық Одақ Комитеті құрылды. Комитет назарында балалардың қаңғыбастық, құлдық, бала еңбегі, баланы сату және жасөспірімдердің жезөкшелік проблемасы болды.

Сол уақытта бала құқығын әлеуметтәік қорғау стандартын жасауда басты рольді үкіметтік емес ұйымдар атқарды.

1923 жылы осы ұйым аясында декларация жасалды, онда негізгі шарттар көрсетілді, қоғамның балаға қамқор көрсету мен оны қорғау қамтамасыз ету жолдары көрсетілді.

1924 жылы Женева да Ұлттық Одақ ұсынылған Декларацияны қабылдады. Ол Женевалық бала құқығы декларациясы деген атты алды және баланың қызығушылығын және құқығын қорғау саласындағы халықаралық-құқықтық сипаттағы ең алғашқы құжат болды.

1934 жылы Ұлттық Одақ Бас Ассамблеясы 1924 жылғы балалардың құқықтары Декларация принциптерін құптады, ал қатысушы-мемлекеттер оның принциптерін мемлекеттік заңнамаға енгізуді міндетіне алды.

1945 жылы адамзатқа қарсы фашизм қылмысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын қабылдаудың себебі болды. Жаңа Дүниежүзілік ұйымның басты мақсаты адам құқығын және барлық адамзатты ұлтына, жынысына, тіліне, дініне қарамастан негізгі бостандығы үшін құрметтеу болып табылды.

БҰҰ мақсаты:

    • Барлық әлемде бейбітшілікті сақтауға қолдау көрсету:

    • Барлық әлемдердің арасында достық қатынасты дамыту;

    • Адам өмірін жақсарту үшін бірлесе отырып шара қолдану, кедейшілікті, сауатсыздықты жою.

БҰҰ басты органы, бейбітшілікті қамтамасыз етуге жауапты, оның шешімі барлық мемлекеттер үшін міндетті – Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелері – Қауіпсіздік Кеңесі.

БҰҰ мүшелері 185 мемлекет болып табылады. Осы мемлекеттердің үкіметтері Бас Ассамблеясында кездеседі.

ХХ ғасырда адам құқығының жалпы және қатты бұзылуы БҰҰ Жарғысына жаңа және маңызды элементтердің енуіне себеп болды, оның ішінде адам құқығына қатысты.

Балалар, олардың тұрмыс жағдайы мен олардың құқықтары БҰҰ құрылуынан бастап назарында болды. БҰҰ алғашқы қадамдарының бірі 1946 жылы 11 желтоқсанда Біріккен Ұлттық Ұйымының Бас Ассамблеясының балалар қорын (ЮНИСЕФ) құру болды, ол қазіргі таңда да ең басты балаларға халықаралық құқықтық көмек көрсетудің тірегі болып тұр.

1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттық Ұйымының Бас Ассамблеясы жалпы адам құқықтары декларациясын қабылдады, онда баланың мүддесін мен құқықтарына қатысты мәселелерде көтерілді: балалардың тепе-теңдік принципі, ана мен нәрістелерді қорғау нормалары, балаларды қанаудан қорғау туралы, балалардың білім алу құқығы. Онда «балаға өмірге келер алдында және туғаннан кейін де құқықтық көмек керек, арнайы қамқорлық пен қорғауды қажет етеді» көрсетілді.

Бірінші сандарт, БҰҰ жасаған құралы және тікелей бала құқықтарына қатысты, балалардың құқықтары туралы Декларация 1958 жылы болды. Ол мынаны құптады «адамдар балаларға тек қана ең жақсысын ғана беруге міндеті», Декларация балалардың құқықтары моральдық құрлымын мықты негізін қалады, он принциптен тұратын. Декларацияның тарихи маңызды мәні, баланы құқықтық нысан ретінде қарау, баланы қорғаудан баланы құқықтық қорғауға көшу және әлеуметтік көмекке ұласудан тұрады.

70-ші жылдардың аяғында кейбір мемлекеттер бала құқықтары туралы келісімді қабылдау қажеттілігі туралы айта бастады, міндетті түрде халықаралық құқық нормаларына сәйкес келетін. Бұл көптеген елдердегі баланың тұрмыс жағдайының ауырлығы туралы хабарлардың шығуы, балалар өлімінің көбейіп кетуі, бала денсаулығы тиісті қорғалмай, олардың қарапайым білім алу мүмкіншілігінің жоқтығы болды. Сонын ішінде балаларды қауіпті еңбекке жегу пен жезөкшелік және еңбекпен қанауда пайдалану, түрмеде қамаудағы отырған немесе басқада қиын жағдайға душар болған балалар туралы, әскери жанжалдарда құрбан болған немесе қашқындар санатындағы балалар туралы ақпарат үрей тудырды.

1979 жылы балалардың құқықтары Декларациясының қабылданғанына 20 жыл толды – БҰҰ Бас Ассамблеясы ол жылды Халықаралық балалар күні деп жариялады. Сол жылы жаңа құжаттың жобасы талқылана бастады, Польша үкіметінің өкілдері ұсынған Бала құқықтары туралы Конвенция.

Конвенцияны жасау жұмыс тобы жұмыс істей бастады, адам құқықтары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Комиссиясы бастаған. Топ үкімет өкілдерінен болды, ал талқылауға БҰҰ арнай мекемелері мен органдардың өкілдері қатысты, оған босқындар ісі бойынша БҰҰ Жоғарғы басқарма комиссары (БЖБК), халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), сонымен қатар бірқатар үкіметтік емес ұйымдар кірді.

Конвенциямен жұмыс істеу ондаған жылдарға созылып кетті.

1989 жылы 20 қарашада, он жыл өткен соң Бүкіләлемдік Балалар жылынан кейін және 30 жыл балалар құқықтары Декларацияға қол қойылған соң, Бала құқықтары туралы Конвенция екі минут ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясы бір дауыстан қабылдады. Оның қажеттілігін мынадан байқауға болады:

Конвенцияға қол қою күні ашылғанда (1990 жылы 26 қаңтарда) оған 61 мемлекет қол қойды. 1990 жылы қыркүйекте Конвенцияны 20 мемлекет заңдық тұрғыдан мақұлданды, ол оның күшіне енуін көрсетті.

Сонымен қатар, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) бастамасымен және алты мемлекет (Египет, Канада, Мали, Мексика, Пәкістан и Швейцария) Нью-Йоркте балалардың мүддесін қарастырудың жоғарғы деңгейі бойынша дүниежүзілік кездесу болды. Кездесуге қатысушылар барлық мемлекеттерді Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялауға шақырды.

1990 жылдың аяғында 57 мемлекет ратификациялады.

1995 жылы 31 желтоқсанда 185 ел, ол дегеніміз адам құқықтары саласындағы нормативтік құжаттардың ішінде теңдесі жоқ болып шықты. Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялады.

Әлемдегі бірінші Балалар құқықтарын қорғау ұйымы 1919 жылы пайда болды, 1924 жылы Ұлттар Лигасының бала құқықтары жөніндегі Женева декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бала құқықтары декларациясы қабылданып, 1979 жыл халықаралық балалар жылы болып жарияланды, осыдан 10 жыл өткен соң Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 17 жыл толып отыр, қалыптасқан нарықтық экономика қоғам мен мемлекетіміздің алған бағыттарына көтермелеуші ықпал жасауға, адамдардың өмір сүрудегі іс-әрекеттерінің барлық саласына қатысты жауапкершілікті қалыптастыруға қабілетті екендігін көрсетті.

Экономика еркіндігі тұлғааралық қатынастардың да өз деңгейінде жауапты және еркін дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Жеке адамдардың құқығы мен еркіндігі қажеттілікке айналды. Өзіне жауапкершілік жүктеген мемлекетіміз де, адамдар да қазіргі кезде ең алдымен әлеуметтік қауқарсыз адамдардың, әсіресе балалардың қадір-қасиетіне қамқорлық жасауға, олардың құқықтарын жүйелі және тиімді түрде қорғауға дайын.

Балалардың ең басты мүдделерін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасы мақсаты бала құқықтарын қорғау болып табылатын маңызды конвенцияларға қосылды:

  • Бала құқықтары туралы Конвенция 1994 жылы;

  • Шет елден алимент өндіріп алу туралы Конвенция 1999 жылы;

  • Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас туралы Конвенция 2000 жылы;

  • Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасы;

  • Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына байланысты баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасы 2001 жылы;

  • ХЕҰ-ның балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы № 182 Конвенциясы 2002 жылы бекітілді;

  • 2004 жылдың қараша айында Қазақстан БҰҰ-ның адамдарды саудалауға және жезөкшелікті үшінші адамның пайдалануына қарсы күрес туралы конвенциясы мен оның қорытынды хаттамасына қол қойды.

Нормалары Қазақстан аумағында қолдануға келетін Балалар құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құжаттардың ішіндегі едәуір маңыздысы Бала құқықтары туралы Конвенция болып табылады. Оның бекітілуі мемлекеттің бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге қоғам алдында кепілді екендігін білдіреді.

Қазақстан тарапынан аталған Конвенцияның орындалуы жөніндегі алғашқы баяндама 2003 жылғы маусымда Женева қаласында өткен БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі Комитетінің 33 сессиясында тыңдалды, оның нәтижесі бойынша Комитет баяндамаға қатысты біраз ескертулер мен ұсыныстар пакетін дайындады. Сессия кезінде БҰҰ бала құқықтарын қорғау жөніндегі Комитетінің сарапшылары бала құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолға алған шараларына оң баға берді. Осындай оңды жетістіктердің бірі ретінде жаңа заңнамалық базаның жетілуі мен дамуы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықаралық ұйымдар және БҰҰ-ның түрлі ұйымдарымен балалық шақ мәселелері бойынша әріптестігі аталды.

Қазақстанға берілген ұсыныстардың ішінен негізгі деп айтуға тұратын мәселелердің бірі ретінде елдегі балалар жағдайын жақсартуға арналған іс-қимылдардың Ұлттық жоспарын әзірлеу және балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешуде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін уәкілетті арнайы орган құру қажет екендігін айтуға болады.

БҰҰ бала құқықтарын қорғау жөніндегі Комитетінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі 2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетін құрды. Еліміздің бірінші ханымы С.Назарбаеваның бастамасы және қолдауымен 1998 жылдан бері Республиканың барлық өңірлерінде осы кезеңге дейін әлеуметтік мекемелерден және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсетумен айналысқан Қоғамдық балалар қорлары өз жұмысын жүргізіп келді.

Бірақ, уақыт ағымы өзгерістерді талап етеді. С.Назарбаеваның ұсыныс енгізуімен өңірлердегі балалар қорларын жауып, оның қызметін кең көлемде жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар қамқорлығына беру ұйғарылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 ж. 28 тамыздағы №744 Қаулысымен барлық облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің аймақтық бөлімшелері – Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері құрылды.

Нормативтік құжаттар тізімі

(Мерзімді басылымдар беттерінен)


Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Бұйрығы.

Балалардың тағамы өнімдерін, тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды , сумен және тағам өнімдерімен байланыста болатын бояғыштарды, материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдердің стандарттарын бекіту.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі, 2008 жылғы 19 ақпан,

№ 83 // Заң газеті.- 2008.- №50.- Б.3.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы.

Қазақстан Республикасының балаларына арналған аллергологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы [Мәтін]:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, 2010 жылғы 23 шілде, №532 бұйрығы // Егемен Қазақстан.- 2010.- №366-367.-10 қыркүйек.- Б.9.



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы.

Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық ережесін бекіту туралы [Мәтін]: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, 2010 жылғы 30 шілде, №577 бұйрығы // Егемен Қазақстан.- 2010.- №382-385.-22 қыркүйек.- Б.10.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы.

"Жолаушы поезының вагон-мейрамханасына және ұйымдастырылған балалар ұжымдарын темір жол көлігімен тасымалдау жағдайларына қойылатын... [Мәтін]:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, 2010 жылғы 28 шілде, №550 бұйрығы // Егемен Қазақстан.- 2010.- №262-263.-7 қыркүйек.- Б.9.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бұйрығы.

Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесімен бекіту туралы// Заң газеті.- 2009.- №6.-15 қаңтар.- Б.7.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бұйрығы.

"Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скрингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, 2009 жылғы 24 шілде, N379 бұйрығы // Заң газеті.- 2009.- №131.-28 тамыз.- Б.8.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бұйрығы.

Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережені бекіту:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, 2008 жылғы 30 желтоқсан, №702 бұйрығы // Заң газеті.- 2009.- №49.-3сәуір.- Б.13.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бұйрығы.

"Мектеп- балабақша" кешені қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, 2009 жылғы 28 қаңтар, №27 бұйрығымен бекітілген // Заң газеті.- 2009.- №31.-27ақпан.- Б.15.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бұйрығы.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу және оларға инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, 2009 жылғы 28 қаңтар, №27 бұйрығымен бекітілген // Заң газеті.- 2009.- №31.-27ақпан.- Б.15.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бұйрығы.

Отбасылық балабақшалардың қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, 2009 жылғы 28 қаңтар, №27 бұйрығымен бекітілген // Заң газеті.- 2009.- №31.-27ақпан.- Б.15.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бұйрығы.

Отбасылық балабақшалардың, "мектеп- балабақша" кешендерінің, мектеп жасына дейінгі балалардың түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерінің, ата-аналарға арналған консультациялық пункттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережелерін бекіту туралы:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, 2009 жылғы 23 қаңтар, №27 бұйрығы // Заң газеті.- 2009.- №31.-27ақпан.- Б.15.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентін бекіту туралы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, 2008 жылғы мамырдың 4-i, №411, Астана, Үкімет Үйі // Егемен Қазақстан.- 2008.- №184-185.-21маусым.- Б.8.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентін бекіту туралы:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, 2008 жылғы ақпанның 27-i, №201, Астана, Үкімет Үйі // Егемен Қазақстан.- 2008.- №176-177.-14маусым.-Б.6-7; №180.-181.-18маусым.-Б.7-8.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметі, 2008 жылғы 31 желтоқсан №1354, Астана, Үкімет Үйі // Егемен Қазақстан.- 2009.- №72-73.-24 ақпан.- Б.7-8.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, 2007 жылғы 22 қазан №984, Астана, Үкімет Үйі // Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы.- 2007.- №40.- Б.55-72.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері"мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің "Өркен"білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту:

Қазақстан Республикасы Үкіметі, 2009 жылғы 14 наурыз, №317, Астана, Үкімет Үйі // Егемен Қазақстан.- 2009.- №160.-6 мамыр.- Б.7.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N71 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, 2007 жылғы 31 қазан №1018, Астана, Үкімет Үйі // Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.- 2007.- №41.- Б.85.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы №1092 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы [Мәтін]: Қазақстан Республикасы Үкіметі, 2009 жылғы 30 желтоқсан №2307, Астана, Үкімет Үйі // Егемен Қазақстан.- 2010.- №12-13.-16 қаңтар.- Б.6.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қыркүйектегі №840 қаулысының күші жойылды деп тану туралы [Мәтін]:

Қазақстан Республикасы Үкіметі, 2009 жылғы 30 желтоқсан №2268, Астана, Үкімет Үйі // Егемен Қазақстан.- 2010.- №12-13.- Б.6.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы [Мәтін]:

Қазақстан Республикасы Үкіметі, 2010 жылғы 10 маусым №140, Астана, Үкімет үйі // Егемен Қазақстан.- 2010.- №265-267.-1 шілде.- Б.9.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

ҚР-сы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы [Мәтін]: ҚР-сы Үкіметі, 2010 жылғы 21 маусым №631, Астана, Үкімет үйі // Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.- 2010.- №39.- Б.84-85.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасын бекіту туралы [Мәтін]: ҚР-сы Үкіметі, 2010 жылғы 22 желтоқсан №1395, Астана, Үкімет үйі // Егемен Қазақстан.- 2011.- №12-13.-18 қаңтар.- Б.7.
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау// Егемен Қазақстан.- 2009.- №78-80.-27 ақпан.- Б.7.
Қазақстан Республикасының Бұйрығы.

Қазақстан Республикасындағы ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының қызметі туралы:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N742 бұйрығы // Заң газеті.- 2008.- №32.-29ақпан.- Б.6.



Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы.

Балаларға гинекологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже [Мәтін]: ҚР-ның Денсаулық сақтау министрі, 2010 жылғы 12 тамыз, №631 бұйрығы // Егемен Қазақстан.- 2010.- №439-442.-26 қазан.- Б.13.
Қазақстан Республикасының Заңы.

Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы [Мәтін]: Қазақстан Республикасының Президенті, 2010 жылғы 12 наурыз №253-IV ҚРЗ, Астана, Ақорда // Егемен Қазақстан.- 2010.- №98-99.-17 наурыз.- Б.3.
Қазақстан Республикасының Заңы.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттаманы ратификациялау туралы:

Қазақстан Республикасының Президенті, 2008 жылғы маусымның 4-i, N37-IV ҚРЗ, Астана, Ақорда // Егемен Қазақстан.- 2008.- №168-169.-7 маусым.- Б.2.


Қазақстан Республикасының Заңы.

Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы [Мәтін]:

Қазақстан Республикасының Президенті, 2009 жылғы 8 желтоқсан №223-IV ҚРЗ, Астана, Ақорда // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы.- 2009.- №24.- Б.30-37.


Қазақстан Республикасының Заңы.

Кеден одағына кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы [Мәтін]: Қазақстан Республикасының Президенті, 2010 жылғы 30 маусым №303-IV ҚРЗ, Астана, Ақорда // Егемен Қазақстан.- 2010.- №281-282.-8 шілде.- Б.7.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет